ІІ-сурет. Қозғалу хронограммасы: а) секірудің сызықтық хронограммасы; б) жүгірудің шеңберлі хронограммасы.
2. Қозғалыс материалының уақыттық құрылымын талдау үшін және уақыттың есептеле басталуын тауып, нөльдік жағдайын қарау қажет.
3. Қозғалыстағы фазаларды жекелеп алу /зерттеу мақсатына байланысты/. Сол фазаларды есептеу үшін хаттаманы келесі түрде әзірлеу /мысал ретінде жиілігі f = 200 кадр/сек/керек;
4. Таспаны қарап, оның бастапқы қозғалу кадрын белгілеу қажет.
5. Кадрларды ретімен есептеп, фазалардың соңғыларына сәйкес кадрлардың нөмірлерін кестеге енгізу керек. Келесі фазаның бастапқы кадры алдыңғы кадрдың соңғысы болып белгіленеді.
6. Формула бойынша уақытты есептеу:
tорт. = tсоңғ. – tбаст. = п /сек/.
7. Алынған нәтижелердің сенімді деңгейін есептей тұрып, бір кадрлік қателіктің фазадағы кадрлардың санына қатысы қателіктердің процентін көрсетеді. Мысалы, бір фазада 200 кадр. Бір кадрлік қателік 1 : 200 = 0,005 = 0,5% тең.
8. Кесте бойынша қозғалыстың сызықтық немесе шеңберлік хронограммасын сызу /ІІ кесте/.
11 – кесте.
Фазалар
|
Уақыт сәттері
|
Фазалар уақыты /сек/
|
Нәтижелердің қателіктері /%/
|
Фаза басы
|
Фаза аяғы
|
1. Екпін
|
0
|
420
|
420 : 200 = 2,1
|
0,2
|
2. Итерілу
|
420:200
|
440:200
|
20:200 = 0,1
|
5
|
3. Самғау
|
440:200
|
620:200
|
180:200=0,9
|
0,6
|
4. Жерге қону
|
620:200
|
680:200
|
60:200=0,3
|
1
|
Барлық қозғалыс
|
0
|
680
|
680:200=3,4
|
0,1
|
Ескерту. Егер бөлшектердің қозғалыс фазалары зерттелетін болса /мысалы, оң және сол аяқтар, оң және сол қолдар/, онда әрбір бөлшек үшін бөлек кестелер құрылады, ал қозғалысты қарау нөлінші кадрден басталады, себебі барлық бөлшектер үшін есептеу уақыты бірдей болған жөн.
9. Қайталанбалы /циклдік/ қозғалыстардың уақыт бірлігіндегі қайталану жиілігін анықтау – ырғағын: N =
10. Қозғалыс фазаларының уақыттық арақатысын табу: t1 : t2 : t3 : t4 .... мысалы, кестенің деректері бойынша фазалардың уақыттық қатысын табу : 2,1 : 0,1 : 0,9 : 0,3.
11. Атақты спортшылардың қозғалыстарының жоғары дәрежедегі алынған уақыттық көрсеткіштерін салыстыру негізінде қорытынды жасау. Қозғалыс хронограммаларын миллиметрлік қағазға қолайлы масштабпен сызылу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |