72. Ұзақсалдары.
73.Алдын алу қоршаған ортаның және дәрілік өсімдік шикізатының пестицидтермен ластануы.
Топырақта пестицидтердің жиналуын болдырмау үшін:
- оларды енгізу мен жинау арасындағы уақыт аралығын арттыру
- өңдеудің көптігін азайту
- өңдеу аймағынан тыс жерде бұзуға жол бермейтін салмақ агенттерін қосу арқылы препараттардың құнын төмендету, пестицидтерді сақтау мен тасымалдауды оңтайландыру.
74. Тәуекелді бағалау әдістемесі.
Тәуекелді басқару – тәуекелді анықтау, талдау және тәуекел орын алған жағдайда оның теріс салдарын төмендету немесе оң нәтижелерін жоғарылату туралы шешім қабылдаумен байланысты үдерістер.Тәуекелдің пайда болу аймақтарын анықтау кезеңінде тәуекел факторларын ескере отырып, компания қызметіндегі кауіп-қатерлерді айқындау үшін қажетті ақпараттарды жинау және әлеуетті қауіп көздерін анықтау керек. Нарықтық зерттеу нәтижелері, рейтингтік агенттіктер мен консалтингтік фирмалар тарапынан берілетін алғашқы аналитикалық ақпарат, сыртқы және ішкі аудит қорытындылары ақпараттарды жинау әдістері ретінде қарастырылады.Тәуекелді талдау және бағалау кезеңінде тәуекел факторларын анықтау және идентификациялау, көрсеткіштерді таңдау және тәуекел деңгейін бағалау жүргізіледі.
Кәсіптік тәуекелді бағалау – бұл жұмыс орнындағы адамның денсаулығына немесе өміріне зиян келтіруі мүмкін факторларды анықтауға бағытталған шаралар жүйесі. Өндірістік тәуекелдер – өнімді (қызметтерді) өндіру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ), өткізу және сатудан кейінгі қызмет көрсету барысында туындайтын тәуекелдердің бір түрі.
Экологиялық тәуекелдерді бағалау жалпы Қазақстан Республикасының субъектілері үшін де, жекелеген елді мекендер үшін де экологиялық, санитарлық-гигиеналық жағдайды және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын кешенді бағалау тәсілдерінің бірі болып табылады.
Халық денсаулығына қауіп-қатерлерді бағалау санитарлық-қорғау аймағы жобасының және жобалық құжаттаманың бөлімдерінің шеңберінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, 1 және 2 қауіптілік кластарын жобалау/қайта құру бойынша кәсіпорындар үшін жүргізіледі.
Халық денсаулығы үшін тәуекелді бағалау кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағын негіздеу жобасының бөлігі ретінде де, өндірістік объектінің әсерін жеке кешенді экологиялық-гигиеналық зерттеу ретінде де жүргізілуі мүмкін.
Оның ішінде биологиялық бағалау әдістемесін қарастырсак болады.
биологиялық тәуекелдерді бағалау – биологиялық тәуекелдерді басқару элементі және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызметтің әртүрлі салаларында қауіпті биологиялық факторлардың, құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің әсерінен теріс салдарлар туындауының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық, аналитикалық және практикалық іс-шаралар жиынтығын білдіред
Биологиялық тәуекелдерді бағалау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Биологиялық тәуекелдерді ішкі бағалауды патогенділігі І және ІІ ПБА-мен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер жүргізеді. Ішкі бағалау шеңберінде тәуекел деңгейі және оны жоюға немесе ең төменгі деңгейге дейін төмендетудің ықтимал шаралары бағаланады. Ішкі бағалау нәтижелері бойынша Объектінің биологиялық қауіпсіздігі туралы қорытынды еркін нысанда жасалады.
Биологиялық қатерлерді сыртқы бағалау мүдделі мемлекеттік органдардан, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан және патогендігі І және ІІ ПБА пайдаланатын ұйымдардан, сондай-ақ азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша ақпарат жинау арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |