Биологиялық химия Кафедрасы



жүктеу 0,81 Mb.
бет227/233
Дата27.09.2023
өлшемі0,81 Mb.
#43557
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   233
Биологиялы химия Кафедрасы

7.Бақылау


Жаттығулар:
1. Қандай гормондар контринсулярлыға жатады және олар неге солай аталады?
2. Кортикостероидтар қандай топтарға бөлінеді?
3. Гормондар метаболизмді ферменттердің активтілігін өзгерте отырып реттейді деген дұрыс па? Дәлелдеңіз.
4.Қандай гормондар ыдырау процесін арттырады? Атаңыз.
5.Анаболикалық гормондарға қайсылары жатады және неге?
6.Адреналин, ГКС және глюкагон әсер етуінің қандай ортақ белгілері бар?
7.Аталған гормондардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз. .
8.Апаттан құтқару негізінде адреналин ағзада энергетикалық ресурстарды арттыра алады. Осы механизмді түсіндіріңіз.
9.Глюкокортикостероидтар эйказаноидтардың синтезін қалай ингибирлейді?


Жағдайлық есептер:
1. Зерттелетін зәрде глюкоза анықталды, кетон денелерін ашатын реакция оң болды. Ауыздан жеміс иісі шығады. Сіздің болжам диагнозыңыз.
2. Науқасқа инсулинді еңгізгенде есінен айырылды. Сіз не істейсіз? Неге инсулиннің үлкен дозасын еңгізгенде осындай эффект болады?
3. Қантты диабеттің негізгі симптомдарын есіңізге түсіріңіз. «Қантты диабет–бұл баршылықтағы аштық» деген мағынаны түсіндіріңіз.Үнемі және жиі «фаст фудпен» тамақтанатын адамдар артық дене салмағын жинауға және семіруге бейім.Мұндай тақтануда метаболизмнің қандай өзгерістері семіруге әкеледі? Семіру қандай гормонның әсерімен байланысты?
4. Қантты диабетпен немесе стероидты диабетпен ауырмайтын науқас тісін жұлдыруға дәрігерге келді, оның қанындағы глюкоза мөлшері 7,5 ммоль/л болды. Науқастың қанындағы глюкоза мөлшерінің өзгеру себебін түсіндіріңіз. Бұл жағдай қандай гормонның әсерімен байланысты?
5. Бұлшық етінің әлсіздігіне, жарасының жазылуының нашарлауына, остеопороз және пародонтозға шағымданған науқастың қанында глюкоза концентрациясы 8 ммоль/л, мочевина – 10 ммоль/л, кетон денелері – 2 мг/дл, инсулина мен С – пептид мөлшері нормада. Бұнымен қатар тәуліктік зәрінде мочевина мөлшері артқаны байқалды. Бұл кездегі гипергликемия және азотемия себептерін түсіндіріңіз.Неге науқаста жоғарыда көрсетілген симптомдар байқалады? Науқас шалдыққан ауруды атаңыз.
6. Бұлшық етінің салмағын өсірген спортсмен – культуристерге тренер ұзақ уақыт дене еңбегімен шұғылдануға тыйым салады. Мұндай ұсыныстың себебін түсіндіріңіз.
7. Аурухананың қабылдау бөліміне көшеде есінен танып құлап қалған қыз түсті.
Науқастың туысқандары оның анорексия екенін және 5 апта тамақ ішуден бас тартқанын айтты. Тексеру кезінде науқастың қанында глюкоза деңгейі 1,8ммоль/л, кетон денелері – 250 мкмоль/л, қан рН 7,1 болды. Науқасты есінен тануға әкелген қанының көрсеткіштерінің өзгеру себебін түсіндіріңіз.
8. Қантты диабетті ұзақ уақыт гликлазидпен (сульфомочевина туындысы) емдегеннен кейін науқаста гипогликемия байқалды.Дәрілік препараттар ­ сульфомочевина туындысы инсулин секрециясын арттырады. Гликозид ұйқы безінің ­жасушасының плазмалық мембранасының рецепторымен байланысқан кезде мембраналық К+ - каналы жабылады. Науқастың қанында глюкоза деңгейінің төмендеу механизмін түсіндіріңіз.
9. Кейбір дәрілік заттар (кофеин және теофиллин) цАМФ­ті жай АМФ­ке айналдыратын фосфодиэстераза ферментінің әсерін тежейді. Бұл препараттарды берген кезде қанда май қышқылдарының мөлшері қалай өзгереді? Май тініне адреналиннің және осы препараттардың әсерін схема түрінде көрсетіңіз.
10. 39­жастағы ер адамда май қарынында жиналып семірген,стрии, гипертензия. Чарльз соңғы екі жылда өзінің сыртқы келбеті мен денсаулығында біраз өзгерістер болғанын байқады. Салмағы 13,5 кг артты май беті мен қарынына жиналады.Ішінде қоңыр жолақтар , бетінде безеу, кеудесі мен арқасында дақтар пайда болды.Оның беті үнемі күн мен желде ұзақ болғандай қызарып тұрады. Бұлшық етінің күші азаяды. Микроавтобусқа кіріп шығуы қиындады, кейде орындықтан тұруға қолымен көмектесу керек болды.Бұл жағдай қандай гормонның әсерімен байланысты?

жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   233




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау