Биологиялық химия Кафедрасы



жүктеу 0,81 Mb.
бет224/233
Дата27.09.2023
өлшемі0,81 Mb.
#43557
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   233
Биологиялы химия Кафедрасы

8.Бақылау:
Сұрақтар:
1. Нейроэндокриндік реттелудің схемасы.
2. Гормондар, түсінік. Гормондардың түзілетін орындары.
3. Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.
4. Гормондардың жалпы қасиеттері.
5. Гормондардың рецепторлары, нысана жасушалары.
6. Гормондардың әсер ету механизмдері:
а) біріншілік механизм – жасуша ішілік ферменттердің активтілігінің олардың модификациялану жолымен өзгеруі: аденилатциклазды, гуанилатциклазды, Са-кальмодулинді жүйелер және инозитолтрифосфат пен диацилглицерин арқылы.
б) екіншілік механизм – белоктардың синтезделу жылдамдығының өзгеруі;
в) үшіншілік механизм – ферменттердің активтілігінің және жасуша мембраналарының өткізгіштігінің өзгеруі арқылы әсер етуі.
7. Кальций мен фосфор алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Әсер ету механизмдері. Нысана органдарына әсері. Секрециясының реттелуі.
8. Тиреоидты гормондар,олардың синтезі. Әсер ету механизмдері. Физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
9. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипофункциясының биохимиялық негіздері
10. Эндемиялық зоб.

Жаттығулар:



    1. Жасушаның гормон әсеріне сезімталдығы неге тәуелді?

    2. Гормон рецепторлары жасушаның қай бөлігінде орналасуы мүмкін?

    3. Біріншілік механизм бойынша әсер ететін гормондар неліктен қысқа уақыт әсер етеді?

    4. Аденилатциклаза катализдейтін реакцияны жазыңыз.

    5. Активсіз протеинкиназа А-ның құрылысы. Бұл фермент қалай активтенеді?

    6. Протеинкиназаның қандай түрлері болады?

    7. Активсіз протеинкиназа G-дің құрылысы. Бұл фермент қалай активтенеді?

    8. Гуанилатциклазды жүйенің түрлері. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер.

    9. Мембранамен байланысқан гуанилатциклаза қандай лигандтар арқылы активтенеді? Олар қандай органдарда кездеседі?

    10. Гуанилатциклазаның ерітіндідегі формасын қандай заттар активтендіреді?

    11. Бұлшық ет тінінің қандай белогы кальмодулиннің аналогы болып табылады?

    12. Инозитолтрифосфат пен диацилглицериннің түзілу реакциясын жазыңыз.

    13. II механизм бойынша әсер ететін гормондарды атап шығыңыз.

    14. III механизм бойынша әсер ететін гормондарды атап шығыңыз.

    15. Инсулин рецепторының құрылысы.

    16. ІII механизм бойынша әсер ететін гормондардың әсерінен қандай ферменттік жүйе активтенеді?

    17. Кейбір дәрілік препараттар (кофеин және теофиллин) фосфодиэстераза ферментінің (цАМФ-ті жай АМФ-ке айналдыратын реакцияны катализдейтін фермент) әсерін тежейді. Осы препараттарды енгізгенде қандағы май қышқылдарының мөлшері қалай өзгереді?

Тесттер:

1.Гормондар химиялық табиғаты бойынша:
А) жай белок
В) күрделі белок
С) холестерин туындысы
D) амин қышқылдарының туындысы
Е) көмірсулардың туындысы
2.Қандай гормон құрылысы бойынша гликопротеин болып табылады:
А) тиреотропты гормон
В) вазопрессин
С) глюкагон
D) окситоцин
Е) инсулин
3.Гормондар өз әсерін тигізеді:
А) лизосомалар арқылы
В) натрий каналдары арқылы
С) АТФ-азаның көмегімен
D) рецепторлар арқылы
Е) тасымалдаушы РНҚ-ң көмегімен
4.Гормондар қанда төмендегі қосылыстармен байланысқан күйде кезедеседі:
А) май қышқылдарымен
В) фибриногенмен
С) липопротеидтермен
D) альбуминдермен
Е) коллагенмен
5.Гормонның активті формасы болып табылады:
А) белокпен байланысқан
В) липидпен байланысқан
С) гидроксилденген
D) бос
Е) гликозилденген
6. Гормондардың жасушаішілік делдалдары болып табылады:
А) ДАГ пен инозитолтрифосфат
В) Са2+
С) ацетил-КоА
D) убихинон
Е) циклді нуклеотидтер
7. цАМФ тәуелді протеинкиназа тездетеді:
А) белоктардың гидролизін
В) мембрана белоктарының фосфорлануын
С) рибосома белоктарының фосфорлануын
D) фосфорилаза мен липазаның активтенуін
Е) пируваттың фосфорлануын
8. Мембранамен байланысқан гуанилатциклаза кездеседі:
А) бүйрек каналдарының жасушаларында
В) май тінінің жасушаларында
С) қан тамырларының тегіс салалы бұлшық етінің жасушаларында
D)ішектің эпителий жасушаларында
Е) сүйек тінінің жасушаларында
9. Паратгормон бүйректе стимулдейді:
А) натрий мен калийдің экскрециясын
В) натрий реабсорбциясын, калий экскрециясын
С) Са реабсорбциясын, фосфаттардың экскрециясын
D) фосфаттардың реабсорбциясын, Са экскрециясын
Е) Са мен фосфаттардың реабсорбциясын
10. Трийодтиронин оксидоредуктазалардың синтезін арттырады, сондықтан:
А) БТ жылдамдайды, энергия көп бөлінеді
В) БТ жылдамдайды, энергия аз бөлінеді
С) көмірсулардың, липидтердің, белоктардың ыдырауы артады
D) көмірсулардың, липидтердің, белоктардың ыдырауы баяулайды
Е) БТ баяулайды, энергия аз бөлінеді

11 Сабақ.


  1. жүктеу 0,81 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   233




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау