Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
Негізгі әдебиеттер:
1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006. –136-156 б.
2. Уатқан С., Өмірзақова К.К. «Заттар алмасуы», - Алматы, 2004 ж. –265-278 б.
3. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.
4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Қосымша әдебиеттер:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
№ 9 ОСӨЖ
1. Тақырыбы: Гормондар. Гормондардың құрылысы, құрылысы бойынша жіктелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясының биохимиялық негіздері.
2.Мақсаты:
Студенттердің гормондар, олардың жалпы қасиеттері және әсер ету механизмдері туралы алған білімдерін бекіту.
Студенттердің тиреоидты гормондардың әсер ету механизмдері және физиологиялық маңызы туралы алған білімдерін бекіту.
«Гипертиреоз» және «Гипотиреоз» рольдік ойындары барысында студенттердің коммуникативті дағдыларын дамыту
Студенттердің қосымша әдебиеттерден және Интернеттен білім алу арқылы өзін-өзі дамытуға ұмтылыстарын қалыптастыру.
3.Оқыту міндеттері:
1.Студенттердің гормондардың әсер ету механизмдері туралы алған білімін гормондардың физиологиялық әсерін түсіндіруге пайдалана білуге үйрету.
2.Тиреоидты гормондардың физиологиялық әсерін және қалқанша безінің гипо-және гиперфункциясының биохимиялық негіздерін қарастыру.
3. Студенттерді кәсіптік әдебиетті оқып-білуге және Ғаламтордан ақпарат іздеуге баулу.
4. Жаңа түсініктер енгізу және циклді нуклеотидтер, аденилатциклаза, гуанилатциклаза, G-белок, кальмодулин, белок-аквапорин, тирозинкиназды-фосфатазды жүйе, фосфолипаза С, инозитолтрифосфат, диацилглицерин терминдеріне анықтама беру.
Достарыңызбен бөлісу: |