Биология және экология кафедрасы 050608 Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған


Қарастырылатын сұрақтар: ойпаттар, депрессиялар, қыраттар, шельф



жүктеу 1,12 Mb.
бет18/24
Дата09.11.2018
өлшемі1,12 Mb.
#18693
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

Қарастырылатын сұрақтар: ойпаттар, депрессиялар, қыраттар, шельф.

Мақсаты: Рельеф түрлері, классификациясы, Қазақстан рельефі туралы түсінік беру;

Дәріс мазмұны:


1. Жер қыртысы мен литосфераның құрылысы.

2. Рельеф туралы түсінік, сипаттамасы және түрлері.

3. Рельеф классификациясы.

4. Қазақстан Республикасының жер бедері.



Әдебиеттер: Геренчук, 45-52, Географиялық атлас, Неклюкова, 111-131;
Жердің қатты жоғары қабығы – литосфера. Литосфераның жоғары қабатында топырақ болады.

Құрлықтың теңіз деңгейінен төмен жататын бөлігін депрессиялар деп атайды. Олардың ауданы 0,8 млн. км2. Ең үлкені болып Каспий маңы ойпаты саналады (-28 м), Орталық Азияда Турфан аңғары 154 м төменде жатыр, Карагия ойысы (-132 м), ал Жер шарының ең терең ойысы Өлі теңіз аңғары (-392 м).

Биіктігі 0-200 м аралығында болатын рельеф формалары ойпаттар деп аталады. Жер бетінде алып жататын ауданы 48,2 млн.км2.

Биіктігі 200-500 м аралығында болатын рельеф формалары қыраттар мен үстірттер деп аталады. Бұл екі рельеф түрі тілімделу дәрежесі әр түрлі болады, үстірттер беті тегіс жазық болып келеді, ал қыраттар жыра сай жүйесімен әр түрлі дәрежеде тілімделген. Оларға сәйкес келетін аудан 33 млн км2.

Шартты түрде теңіз деңгейінен 500 м-ден жоғарыда жататын рельеф формаларын таулар деп атайды. Таулар биіктігіне қарай аласа, орташа, биік таулар болып бөлінеді. Аласа таулар биіктігі 1000 м-ден аспайды, Мысалы Қазақстың ұсақ шоқылы өлкесі мен Мұғаджар таулары. Аласа таулар Жер бетінің 27 млн.км2 ауданын алып жатады. Орташа таулар биіктігі 1000-2000 м аралығында өзгереді. Орташа тауларға Орал тауы, Саур және Тарбагатай таулары, Карпат таулары жатады. Жалпы ауданы 24 млн км2. Биіктігі 2000 (3000) м-ден жоғары таулар биік таулар деп аталады. Олар 16 млн км2 ауданды алып жатады. Таулар жотасын және таулы өлкелерді бөліп көрсетеді. Соның ішінде биіктігі 3000 м-ден жоғарыда ауданы 6 млн км2 болатын өте биік таулар таралады. Құрлықтың орташа биіктігі 840 м (кесте 4.1).

Құрлықта жазық рельеф формаларының басым болуы ендік зональдылықтың байқалуына әкеледі. Ал таулы аймақтарда вертикаль белдеулілік (белдем) байқалады. Мұхит табаны да вертикаль бағытта біркелкі емес. 0-200 м аралығында материктік қайраң – шельф орналасқан. Материктік қайраң тік төмендеп материктік беткейге ұласады. Одан кейін 2440 м-ге дейінгі тереңдікті материктік табан деп атайды. Осы 3 рельеф формасын біріктіріп материктердің су асты шеті деп атайды.

2440 м-ден 6000 м-гетөменде дүние жүзілік мұхит табаны орналасады. Дүние жүзілік мұхит табанында су астылық тау жоталары кездеседі. 6000 м-ден төменде терең мұхит шұңғымалары орналасады. Олардың ауданы 1 пайыз ғана. Ең терең су шұңғымасы Мариан шұңғымасы, тереңдігі 11024 м. Дүниежүзілік мұхиттың орташа тереңдігі 3600 м.

Қазақстан Республикасы Орталық Азияда Евразия материгінің центрінде 39°49´-55°49´с.е. және 46°28´-87°18´ ш.б. орналасқан.



Жоңғар Алатауы Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан, Қазақстан шекарасы бойымен батыс-оңтүстік-батыстан Қазақстан және Қытай шекарасы бойымен Іле өзені мен Алакөл көлінің аралығында шығыс-солтүстік-шығысқа қарай созылып жатады. Шығысында Жоңғар қақпасы орналасқан, оңтүстігінде Іле өзені аңғары өтеді. Жалпы ұзындығы 400 км.

Сібір пихтасы, арша, Тянь-шань шыршасы өседі. Таудың орташа биіктігі 3580 м. Қар сызығы 3200-3800 м орналасады (солтүстік беткейлерде төмен, оңтүстікте – биік). Мұз басу ауданы 1000 кв.км. 1369 мұздық бар.

Жоңғар аалтауының ландшафтары биіктік белдеуге, беткей экспозициясына байланысты, сондықтан солтүстік және оңтүстік экспозицияның биіктік спектрі әр түрлі болады.

Биіктік белдеу сұр, шөлейттің боз, таудың каштан, таудың қара топырақтарындағы шөл (оңтүстік беткей), шөлейт, дала аймақ өсімдіктерінен басталады. Солтүстік беткейлерде селеулі, ал оңтүстікте бетегелі өсімдіктер өседі. 1500-2400 м биіктікте солтүстік беткейлерде шалғынды орман зонасы басталады. Сирек өскен тянь-шань шыршасы мен сібір пихтасы кездеседі. Тау шалғынды қара топырақ тәріздес топырақтарда шалғынды өсімдіктер өседі, ал қара түсті орман топырақтарда ормандар өседі. Шырша ормандарынан төмен кейбір учаскелерде алма, көктерек, бұталар кездеседі. Оңтүстік беткейлерде шыршалар өте сирек орманды-дала өсімдіктерінің арасында кездеседі. Орта биік таудың орманды шалғынды дала аймақ белдеуін бөліп көрсетуге болады.

Беткейлердің жоғары бөлігінде кәдімгі және аздап шымтезекті топырақтарда (альпілік белдеу) тау шалғындары дамыған. Субальпілік белдеуде әртүрлі шөпті-астықты өсімдіктер мен арша кездеседі. Альпі шалғындарында астықты-әртүрлі шөпті және астықты қияқөлеңді шөптер таралған. Биік шыңдарында нивальды-гляциальды аймақ таралған.

Тянь-Шань тауы


Қазақстан территориясында Тянь-Шань тауының солтүстік және солтүстік және қиыр батыс бөліктері ғана кіреді. Тянь-Шань тауы ендік бағытта созылыңқы келеді. Қазақстан территориясында ең биік нүктесі Хан тәңірі – 6995 м. Терскей Алатау, Угам, Кетмень; Іле Алатауы, Талас Алатауы жоталары кездеседі. Іле Алатауында сел тасқындары көп мөлшерде байқалады. Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде селге қарсы плотина орнатылған. Биіктігі 40 және 150 м. Қар сызығы шамамен 4200-4450 м биіктікте орналасқан.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
23 дәріс

Тақырыбы: Литосфера.

Қарастырылатын сұрақтар: үгілу қабығы, топырақ, топырақ түзуші тау жыныстары, топырақ эрозиясы, ирригациялық эрозия.

Мақсаты: Топырақ құрамы, қасиеттері, үгілу қабығы туралы түсінік беру;

Дәріс мазмұны:


1. Топырақ – адамзатты тағам өнімдерімен және шикізатпен қамтамасыз ететін өндірістік маңызды құрал.

2. Топырақ құрамы және оның климаттық жағдайлар мен төселме бет сипатымен байланыстылығы.



Әдебиеттер: Степановских, Общая экология, 34-бет, 2.2-сурет; Степановских, 344-441; Асқаров, 193-207.
1. Топырақ – адамзатты тағам өнімдерімен және шикізатпен қамтамасыз ететін өндірістік маңызды құрал.

Топырақтың басты қасиеті болып оның құнарлығы саналады. Сөйтіп ауыл шаруашылығының құралына айналады. Топырақ құнарлығының деңгейі гумус мөлшерімен және қоректік заттар қорымен анықталады. Қара топырақтарда гумус мөлшері 4-9%, ал каштан топырақтарда 2-4%ғана болады. Гумус мөлшері мен сапалық құрамы оның ауа, су, жылулық режимі мен физикалық-химиялық қасиеттеріне әсер етеді. Гумус көп болса өнімділік те жоғары болады. Гумус өсімдік жануарлар қалдықтарының редуцент микроорганизмдер әсерінен өзгеріске ұшырауынан түзіледі. Топырақ өсімдіктер өсетін, тірі организмдер мекендейтін және адамзатты тағам өнімдерімен және шикізатпен қамтамасыз ететін орта, еңбек құралы. Игерілген жоғары құнарлы топырақтар адам еңбегінің жемісі болып саналады. Жер бетінде адам санының көбеюіне байланысты топырақ құнарлығының кемуі азық-түлік кризисіне әкеліп соғады.

Топырақтың негізгі функциялары: санитарлық, акпараттық, геохимиялық тосқауыл, тіршілік ету ортасы т.б.
2. Топырақ құрамы және оның климаттық жағдайлар мен төселме бет сипатымен байланыстылығы.

Топырақтың морфологиялық белгілері: түсі – ең маңызды және жеңіл анықталатын топырақтың сырт белгісі. Топырақ түсі а) құрамындағы органо-минералдық заттарға байланысты; б) темір және марганец тотығына байланысты; в) кремний, көмір қышқыл тұздары, сулы алюминий тотығына байланысты; г) темірдің шала тотығына байланысты. Осы заттар қоспасы мен біріншілік минералдар топыраққа сансых түс, рең береді.

Топырақ механикалық немесе гранулометриялық құрамы оның құрамындағы әртүрлі мөлшердегі құмды және сазды бөлшектердің ара қатынасымен анықталады. Құмды, құмдақты, саздақты, сазды болып келеді. Механикалық құрамына қарай физикалық құмды және ф.балшықты ажыратады. Мөлшері 0,01 мм-ден кем түйірлер жиынтығы физикалық балшық деп аталады. Сазды балшықты жыныстардың сіңіру қабілеті өте жоғары.

Топырақ құрылымы немесе структурасы топырақтың түрлі мөлшердегі және формадағы түйіртпектерге ыдырау қабілеті. Дәнді, призмалы, бағаналы, кесекті құрылым болады.

Түйіртпектілік коэффициенті, соның соның суға төзімді түйіртпектілік топырақ құнарлығының көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Топырақтың басқа да морфологиялық белгілеріне жаңа жарандылар, кірме заттар, келесі қабатқа өту сипаты т.б. жатады.

Топырақтың құрамында органикалық заттар мөлшері 7 пайызға дейін болады.


24 дәріс, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Литосфера.

Қарастырылатын сұрақтар: эрозия, эрозияға ұшыраған жерлер, топырақ түзілу жылдамдығы, топырақ тұздануы, сортаңданған топырақтар.

Мақсаты: топырақты қорғау проблемаларымен және оларды шешу тәсілдерімен танысу;

Дәріс мазмұны:


1. Топырақ - биосфера байланысының экологиялық күрме-түйін.

2. Топырақта жер қыртысы, гидросфера аралығында зат айналу процесінің тұйықталуы жүруі.

3. Топырақтың екінші рет немесе қайта тұздануы, батпақтануы, ауыр металдармен, пестицидтермен ластануы т.б. деградациялық құбылыстар.

Әдебиеттер: Степановских, 334-441; 361-362-бет; Радзевич, 85-92; Асқаров, 193-207
1. Топырақ - биосфера байланысының экологиялық күрме-түйіні.

Топырақ – биокосты зат. Топырақтың биосферадағы негізгі ролі - органикалық және минералдық заттардың айналымының байланыстырушы звеносы немесе биосфера байланысының экологиялық күрме-түйіні. Жер қыртысы, гидросфера аралығында зат айналу процесінің тұйықталуы топырақта жүреді.

.

Топырақтың ең басты қасиеті болып оның құнарлығы есептеледі. Топырақ құнарлығын анықтайтын негізгі компонент болып топырақтағы қарашірінді (гумус) мөлшері саналады.


3. Топырақтың екінші рет немесе қайта тұздануы, батпақтануы, ауыр металдармен, пестицидтермен ластануы т.б. деградациялық құбылыстар.

Топырақ ластануының көздері болып кез келген ластаушы көзінен бөлінген заттар саналады.


Топырақ құнарлығын төмендеп, жер қорының жойылуына және ауыл шаруашылық жарамды жерлер ауданының азаюына әкелетін деградациялық процесстер мен құбылыстарды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:

1) Топыраққа зиянды әсерінің алдын алуға болмайтын табиғи процестер: жер сілкіну, вулкан атқылау, топырақ көшкіні, тасқын су, селдер әсерінен топырақ жамылғысының бұзылуы т.б.;

2) Адам шартты түрде алдын ала алатын және зиянды әсерін төмендетуге болатын табиғи процесстер. Кей жағдайда адам бұл процесстердің белсенді өтуіне де ықпал етеді. Мысалы, бүйірлік су эрозиясы, жағалаудар бұзылуы, селдер, топырақтың тұздануы, эрозияға ұшырауы т.б.

3) Адамның шаруашылық әрекетінен интенсивті байқалатын табиғи құбылыстар мен процесстер. Мысалы, беткі эрозия, топырақ көмілуі, қайта тұздану, топырақ дефляциясы, қайта батпақтану т.б.

4) Тек қана адамның шаруашылық әрекеті әсерінен байқалатын процесстер. Мысалы, топырақтың ауыр металдармен, пестицидтермен ластануы, топырақ тығыздалуы, жайылымдар топырағының деградациясы, пайдалы қазбаларды өндіру кезінде топырақ жамылғысының бұзылуы, жерді дұрыс мақсатты қолданбау т.б.

Топырақ қорғау шаралары кешенді жүргізілуі қажет. Ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, лесомелиоративтік және гидротехникалық шараларды кешенді жүргізу мелиоративтік және экономикалық тұрғыдан тиімді болып саналады.

Топырақ қоршаған ортаның маңызды компоненттерінің бірі. Топырақтың негізгі экологиялық функциясы болып оның құнарлығы саналады. Адам шаруашылық әрекеті барысында топырақтың өзін өзі реттеуге қабілеттілігіне нұқсан келтіріп, құнарлығын төмендетеді. Тіпті гумустың аз ғана мөлшерде азаюыының өзі оның экологиялық функцияларын толық орындауына кедергі келтіреді, нәтижесінде топырақ құнарлығы төмендеп, деградацияға ұшырайды. Көп жағдайда деградация құбылыстары агроэкожүйе топырақтарында анық байқалады.

Топыраққа антропогендік әсер түрлері: 1. Су және жел эрозиясы; 2. Топырақтың ауыр металдармен, пестицидтермен ластануы; 3. Екіншілік тұздану және батпақтану; 4. Шөлге айналып тақырлар пайда болуы; 5. Өндірістік және тұрмыстық коммунальдық шаруашылық мақсатында жерді пайдалану.

5. Топырақ эрозиясы. БҰҰ ФАО баяндамасында «эрозия – ландшафтың ауруы болса, ал оның өлімі - шөлдену» деп саналған. БҰҰ деректері бойынша жылына 6 млн га топырақ шөлдену процесіне ұшырайды.

Топырақ эрозиясы дегеніміз топырақтың беткі құнарлы қабатының және аналық жыныстардың су және жел әсерінен бұзылуы. ҚР-дағы шөлденген жер ауданы 60 пайыздан жоғары.

Эрозияға ұшыраған топырақтар бұзылған (сумен шайылған және желмен ұшырылған) қабат тереңдігіне қарай аз бұзылған (А қабатының 1/3 бөлігі жоғалған), орташа бұзылған (2/3 бөлігі жоғалған) және күшті (А қабаты түгелдей жоғалған) бұзылған түрлерге бөлінеді. Топырақ эрозиясы әсерінен гумус жойылуы топырақтың су ұстағыштық, сіңіргіштік қасиеттерінің нашарлауына әкеледі. Гумус мөлшерінің азаю тіпті жойылу процесі дегумификация деп аталады.

Эрозия түрлері: су эрозиясы (құрлықтың 31 пайызы), жел эрозиясы (құрлықтың 34 пайызы) және ирригациялық немесе суару эрозиясы. Сонымен қатар өнеркәсіптік эрозия (құрылыс, карьер), соғыс әсерінен байқалатын эрозия (воронкалар, траншеялар) бөліп көрсетеді.

Мелиорация жұмыстарын дұрыс жүргізбеу салдарынан ирригациялық эрозияның туындайды. Дұрыс ұйымдастырылмаған суарулар нәтижесінде және ашық суару жұмыстарында каналдар-кәріздер жүйесін әсерінен ирригациялық эрозия пайда болады. Мысалы ірі тамшылы суару машиналарымен суарғанда топырақ түйіртпектері су тамшылары әсерінен бұзылады.

Су эрозиясы - уақытша су тасқындарының (еріген қар суы, жаңбыр суы) әсерінен топырақ түйірлерінің шайылып әкетілуі. Табиғи және антропогендік факторлар нәтижесінде пайда болады. Түрлері: жақықтық біркелкі, сызықтық, жыра, жағалау. Жыралар жыл сайын 100-200га егістік жерлерді жарамсыз етеді. Ірі орман массивтерін кескеннен кейін қоршаған ортада топырақ эрозиясының күшеюі тәрізді өзгерістер байқалады.

Топырақтың жел эрозиясы басқаша сөзбен дефляция деп аталады. Жел эрозиясының түрлеріне дефляция және шаңды дауыл жатады. Жел эрозиясы жел жылдамдығы, топырақ беріктігі, өсімдіктер жамылғысы болуы, рельеф ерекшеліктері, антропогендік факторларға т.б. байланысты. Егістік жерді көктемгі жырту жұмыстарынан кейін жыртылған жерлердің топырағын күшті жел ұшырып әкетіп қара құм борандар немесе шаңды дауылдар туғызады. Жел жылдамдығы 20-30 м/сек болады. Бірнеше сағатта 1 га егістік танаптан 500 т топырақты ұшырып әкете алады. Шаңды дауылдар ауаны және суды ластайды, адам денсаулығына да зиянды әсер етеді. Жел әрекетінен пайда болатын рельеф түрі дюналар мен бархандар.

Соңғы кездерде құрғаған Арал теңізінің түбіндегі тұздарды жүздеген км-ге дейін ұшырған шаң дауылдар ізі космостық суреттерде анық байқалады. Жалпы массасы 90 млн т/га. Малды ретсіз көп жаю әсерінен де топырақтың шым қабаты бұзылып эрозияға ұшырайды.

Топырақ табиғи жағдайда жылына 0,4 см жылдамдықпен ғана түзіледі немесе бір жылда түзілетін көлемі 12,5 т/га.

Топырақ түзу жылдамдығы жүз жылда 0,5-2 см аралығында болады, қалыңдығы 18 см болатын құнарлы топырақ қабаты 1400-ден 7000 жыл аралығында түзіледі. Ал осы топырақ қабатының беткі эрозия әсерінен 20-30 жылда, тіпті бір ғана нөсер жауын мен шаңды дауыл әсерінен жойылуы мүмкін.

Адамзат тарихында 2 млрд шамасында топырақтар эрозияға ұшыраған. Дүние жүзінің аридті құрғақ аймақтарында 60 пайыз жерлер эрозияға ұшыраған, оның 20 пайызында өте күшті эрозия байқалады.

Эрозияға қарсы шаралар: алдын алу және күресулік болып екі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа топырақ қорғайтын егіншілік жүйесі жатады, ол топырақты бұзылудан қорғайтын агротехникалық шаралар жүйесін қамтиды. Ең бастысы топырақты аудармай қопсытып жырту, егістік бетінде егіс аңызын сақтап қалу, топырақты су шаюдан және жел ұшыраудан сақтап, топырақтың органикалық заттар қорын толықтыру, қар тоқтату жұмыстарын жүргізу, топырақта флғал қорын сақтау. Топырақ қорғау егіншілік жүйесінің негізін салған ғалымдар: Т.Мальцев және А.Бараев. Екінші топқа жолақты егістік, ағаш отырғызу, көп жылдық шөптер егу т.б. шаралар жатады.
25 дәріс

Тақырыбы: Топырақты қорғау.


жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау