2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды
19-3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) - денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;
20) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-1) тармақша жаңа редакцияда
21-1) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі - білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-2) тармақша жаңа редакцияда
21-2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы (бұдан әрі - кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы) - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарын сыныптау мен кодтауды белгілейтін және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылатын құжат;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-3) тармақша жаңа редакцияда
21-3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-4) тармақшамен толықтырылды; 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-4) тармақша жаңа редакцияда
21-4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры - қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры, одан түсетін инвестициялық кіріс ғылыми қызметті және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталады;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 21-5) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 21-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-5) жоғары колледж - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 21-6) тармақшамен толықтырылды
21-6) зерттеу университеті - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет;
Достарыңызбен бөлісу: |