|
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы
|
бет | 11/76 | Дата | 21.01.2022 | өлшемі | 1,79 Mb. | | #33987 |
| Білім беру туралы заң2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 48-3) тармақшамен толықтырылды
48-3) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы - балаларды және оқушы жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру, сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды
49-1) «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 49-2) тармақшамен толықтырылды
49-2) орта білім беру ұйымы - бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 49-3) тармақшамен толықтырылды
49-3) «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы - білім алушылардың үйлесімді зияткерлік және адамгершілік-рухани дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелеу және оқыту жүйесінің мақсатын, мазмұнын, сондай-ақ жұмыс істеуінің инновациялық тәсілдерін айқындайтын бағдарлама;
49-4) 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 49-5) тармақшамен толықтырылды
49-5) өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары - тұрақты немесе уақытша (күндіз) болуды ұсына отырып, сондай-ақ қызметі өмірлік қиын жағдайдың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жолымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 49-6) тармақшамен толықтырылды
49-6) өндірістік оқыту - білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;
50) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 50-1) тармақшамен толықтырылды
50-1) педагог - педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 50-2) тармақшамен толықтырылды
50-2) педагог қызметін курстан кейін қолдау - педагогтің кәсіптік құзыреттілігін оның курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 50-3) тармақшамен толықтырылды
50-3) резидент-дәрігер - резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 51) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51) резидентура - мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейі;
51-1) 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|