|
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Коммунальное государственное предприятие на ПХВ «Жамбылский высший медицинский колледж» управления здравоохранения акимата Жамбылской области
|
Білім сапасы мониторингісін жүргізу материалдары/
Материалы для проведения мониторинга
качества знаний
|
ОЖ-СМЖ/УР-СМК
04-08-КТО/1-04
|
32 беттің беті
стр из 32
|
Келісілді Бекітемін
білім сапасы және мониторинг директордың оқу-тәрбие
бөлімінің меңгерушісі ісі жөніндегі орынбасары
Мураталиева Н.М.__________ Л.Т.Қуанышбекова __________
« »____________2022 ж. « »____________2022 ж.
«Қазақстан тарихы» (3 кредит) ЖГП 03
пәні бойынша
тест сұрақтарының бақылау данасы
курс І, ІІ (72/3 кредит, 72 сағат), семестр ІІ, ІҮ ,
мамандықтар: 09120100 «Емдеу ісі», біліктілік/квалификация 4S09120101 «Фельдшер»,
09130200 «Акушер ісі», біліктілік/квалификация 4S09130201 «Акушер»,
09140100 «Зертханалық диагностика», біліктілігі: 4S09140101 «Медициналық зертханашы».
Пән циклдік әдістемелік комиссиясының отырысында қаралды/ Рассмотрен и одобрен на заседании цикловой методической комиссии:
№ 1 әлеуметтік-экономикалық жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері
Хаттама/ Протокол № __1_ «__28__»_08___2021 ж.
ЦӘК төрайымы /Председатель ЦМК __Жантохова Г.Н.___ ______
І Бөлім. Ерте дәуірдегі Қазақстан.
№1.1. Тақырып . Кіріспе. Тарих ғылым және пән ретінде. Алғашқы қауымдық құрылыс және тас дәуіріндегі Қазақстан. Жаңа тас дәуіріндегі Қазақстан.
«Тарих» сөзінің мағынасы:
А) өткен оқиғалар туралы әңгіме В) болашақты болжау С) өткенді зерделеу
D) жер-су атаулары Е) ұлы тұлғаларды зерттеу
2. Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері қанша бөлімнен тұрады?
А) 4 В) 2 С) 3 D) 5 Е) 6
3. Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаты:
А) киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың, соның ішінде, әрқайсымыздың ата-бабамыздың саналы қызметі туралы
В) ертедегі адамдардың кімдер екенін тексеру С) қазба жұмыстарын жүргізу
D) жер-су атауларын зерттеу Е) болашаққа бағдарлама жасау
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды?
А) 1993 жылы 28 қаңтар В) 1999 жылы 7 тамыз С) 1995 жылы 30 тамыз
D) 1994 жылы 2 қазан Е) 1996 жылы 7 тамыз
5. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қай жылы қабылданды?
А) 1995 жылы 30 тамыз В) 1999 жылы 7 тамыз С) 1993 жылы 28 қаңтар
D) 1996 жылы 7 тамыз Е) 1997 жылы 10 қазан
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша биліктің қайнар көзі кім?
А) халық В) Президент С) Парламент D) Үкімет Е) Сенат
7. Тарихта «тарихтың атасы» деп кімді атайды?
А) Геродот В) Сыма Цянь С) Ленин D) Страбон Е) Анахарсис
8. Тарихи деректер деген не?
А) қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар
В) тарихты зерттеу ұстанымдары С) тарихтың әдістері D) жаңа деректер табу
Е) қазба жұмыстары кезінде табылған заттар туралы жазылған жазбалар
9. «Шығыс тарихының атасы» деп кімді атайды?
А) Сыма Цянь В) Геродот С) Чжан Цянь D) Мөде Е) Конфуций
10. Қазақстан тарихын зерттеуге қай елдің ғалымдары зор үлес қосты?
А) Ресей ғалымдары В) Қытай ғалымдары С) АҚШ ғалымдары
D) Түркия ғалымдары Е) Батыс ғалымдары
11 . Екі жағынан да өңделген палеолиттік шапқыш құрал:
А) бифас В) кескіш С) үшкіртас D) пышақ Е) таяқ
12 . Оңтүстік Қазақстаннан табылған палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіші:
А) Арыстанды В) Қозыбай С) Тегіскен D) Өніжек Е) Шақпақата
13. Кейінгі палеолит дәуірінің хронологиясы:
А) б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар В) б.з.б 5-3 мыңжылдықтар С) б.з.б. 10-5 мыңжылдықтар
D) б.з.б 140-40 мыңжылдықтар Е) б.з.б 100-30 мыңжылдықтар
14. Жебелі садақ пен бумеранг пайда болған дәуір:
А) мезолит В) палеолит С) неолит D) қола Е) энеолит
15. Кейінгі палеолит дәуірінде ежелгі адамның қайсысы қалыптасты:
А) кроманьондық В) австролопитек С) питекантроп D) синантроп Е) австралопитек
16. Ерте полеолит дәуірінде тас құралдарды жасау тәсілі:
А) тасты жару арқылы бөлшектеу В) нуклеустық С) ретушьтік
D) жылтырата тегістеу Е) бөлшектеу
17. Қай кезеңде шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру шықты?
А) неолит В) палеолит С) мезолит D) қола Е) энеолит
18. Рулық қауым кезіндегі меншіктің түрі:
А) ортақ меншік В) жеке меншік С) мемлекеттік меншік D) ақсүйектер меншігі
Е) меншік болған жоқ
19 . "Қытай адамы" қалай аталды?
А) синантроп В) неандертальдық С) автралопитек D) кроманьондық
Е) питекантроп
20 . Кейінгі палеолит дәуірінің ескерткіші Шульбинка тұрағы табылған аймақ:
А) Шығыс Қазақстан В) Оңтүстік Қазақстан С) Солтүстік Қазақстан
D) Орталық Қазақстан Е) Батыс Қазақстан
№1.2 Тақырып. Қола дәуіріндегі Қазақстан
1. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің хронологиялық ауқымы:
А) б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғасырлар В) б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғасырлар С) б.з.б ХҮ-ХІІ ғасырлар
D) б.з.б. ХҮІІІ-ХІІ ғасырлар Е) б.з.б. Х-Ү ғасырлар
2. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар:
А) Петровка, Боголюбов В) Дәндібай, Атасу С) Боголюбов D) Дәндібай, Беғазы
Е) Арқайым, Степняк
3. Қола дәуірі қоныстарының көбінесе орналасқан жері:
А) өзен жағалауларында В) тау аңғарларында С) жазық далаларда
D) орманды өңірлерде Е) далалы алқаптарда
4. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы:
А) еңбек құралдарын жасай білді В) өнім өндірді С) баспана жасай білді
D) ру болып өмір сүрді Е) аң аулады
5. Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері:
А) салт-дәстүрлердің орындалуын қадағалау В) әскери істерді басқару
С) жер бөлу ісімен айналысу D) ел басқару Е) мемлекетті басқару
6. Андрондықтардың бет-бейнесін сипаттаған ғалым:
А) М.Герасимов В) М.Массон С) К.Ақышев D) Қ.Алпысбаев Е) Ә.Марғұлан
7. Тас және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең:
А) қола дәуірі В) энеолит дәуірі С) темір дәуірі D) неолит дәуірі Е) мезолит дәуірі
8. Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым:
А) Ә.Марғұлан В) М.Массон С) Л.Гумилев D) К.Ақышев Е) Қ.Алпысбаев
9. Жерленген андроновтықтардың басы қаратылды:
А) батысқа, оңтүстік-батысқа В) батысқа, солтүстік-батысқа С) солтүстікке, шығысқа
D) шығысқа, оңтүстікке Е) оңтүстікке, шығысқа
10. Көкшетау жеріндегі қола шалғы табылған қоныс:
А) Шағалалы В) Атасу С) Беғазы D) Степняк Е) Алексеевка
11. Елімізде андрондықтардың тасқа салынған суреттері қай өңірлерден табылған?
А) Таңбалы, Жасыбай, Хантау В) Тараз, Ақтау С) Таңбалы, Атасу
D) Арқайым, Петровка Е) Қызылжар, Арқайым
12. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов андрон мәдениетінің ескерткішін кай жерден тапты?
А) Батыс Қазақстан В) Оңтүстік Қазақстан С) Солтүстк Қазақстан
D) Шығыс Қазақстан Е) Орталық Қазақстан
13. Қола дәуіріндегі адамдар қандай күштерге табынған?
А) табиғаттың дүлей күштеріне В) отқа С) тәңірге D) ата-баба әруағына Е) суға
14. Қола дәуіріне тән Орталық Қазақстан аймағынан табылған обалар саны қанша?
А) 150 В) 30 С) 360 D) 10-20 Е) 300
15. Андрондықтар түр-келбеті жағынан кімдерге ұқсаған?
А) еуропалық нәсілге В) моңғолдық нәсілге С) қытайлықтарға
D) негроидтықтарға Е) түріктерге
№1.3. Тақырып. Темір дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер. Б.з.б ІІІ-І ғасырлардағы ғұндар тайпалары.
1. Арал маңын мекендеген сақ тайпасы қалай аталды?
А) парадарайа сақтары В) тиграхауда сақтары С) хаумаварга сақтары
D) жүйрік атты турлар Е) құдіретті еркектер
2. Аралтөбе қорымы табылған аймақ:
А) Атырау облысы В) Алматы қаласының шығысы С) Ақтөбе облысы
D) Қызылорда қаласының оңтүстігі Е) Есік қорғаны
3. Сақ қоғамында ақ түсті киім киетіндер:
А) абыздар В) ақсүйектер С) патшалар D) жауынгерлер Е) егіншілер
4. Әйелдердің қабірінен қару-жарақ табылған тайпа:
А) сарматтар В) сақтар С) андрондар D) ғұндар Е) үйсіндер
5. Сақ қоғамының 3 тобы:
А) жауынгерлер, абыздар, қауым мүшелері В) көсемдер, бектер, қауым мүшелері
С) патшалар, жауынгерлер, қолөнершілер D) көсемдер, ақсақалдар, шаруалар
Е) малшылар, егіншілер, қолөнершілер
6. Сақ тайпаларындағы күн күркіреу құдайының бейнесі?
А) қабан В) жылқы С) бұқа D) түйе Е) қой
7. "Мұртты обалар" қай мәдениетке жатады?
А) Тасмола В) Беғазы-Дәндібай С) Пазырық D) Қауыншы Е) Атасу
8. "Аң стилі" пайда болды:
А) б.з.б ҮІІ ғ. В) б.з.б ІҮ ғ. С) б.з.б Ү ғ. D) б.з.б ҮІІІ ғ. Е) б.з.б ҮІ ғ.
9. Геродот еңбектеріндегі сақтардың аталуы:
А) массагеттер В) дала скифтері С) жүйрік атты турлар D) ержүрек сақтар Е) дайлар
10. Дарий әскерін шөл далаға апарып қырған сақ малшысы:
А) Шырақ В) Еділ С) Спаргапис D) Скунха Е) Спитамен
11. Қаңлылардың тайпалық бірлестігі орналасқан аймақ:
А) Оңтүстік Қазақстан В) Шығыс Қазақстан С) Батыс Қазақстан
D) Солтүстік Қазақстан Е) Орталық Қазақстан
12. Қаңлылар туралы алғаш рет жазылған деректер:
А) қытай деректері В) грек деректері С) рим деректері
D) парсы деректері Е) македон деректері
13. Құлата қонысы қандай кәсіптің ірі орталығы болды?
А) металлургия В) егіншілік С) зергерлік D) сауда Е) қолөнер
14. Үйсіндердің дипломатиялық – туыстық қатынаста болған мемлекеті:
А) Қытай В) Рим С) Мидия D) Парсы Е) Вавилон
15. Үйсін мәдениетінің хронологиясы:
А) біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасыр – біздің заманымыздың ІҮ ғасыры
В) біздің заманымызға дейінгі ІҮ ғасыр – біздің заманымыздың ІҮ ғасыры
С) біздің заманымызға дейінгі Ү ғасыр – біздің заманымыздың ІҮ ғасыры
D) біздің заманымызға дейінгі ҮІ ғасыр – біздің заманымыздың ІҮ ғасыры
Е) біздің заманымызға дейінгі Ү ғасыр – біздің заманымыздың Ү ғасыры
16. Үйсіндердің дипломатиялық-туыстық қатынаста болған мемлекеті:
А) Қытай В) Византия С) Рим D) Мидия Е) Египет
17. Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстігінде орналасқан Үйсін мемлекетінің астанасы:
А) Чигучен қаласы В) Бесбалық қаласы С) Битянь қаласы D) Күнгіт қаласы
Е) Мыңбұлақ қаласы
18. Қоладан құйылған белгі мен мөр кімге тапсырылды?
А) ақсақалдарға В) қала әкіміне С) қазыларға D) орыс әкімшілігіне Е) шаруаларға
19. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы:
А) гирканилер В) дайлар С) дахтар D) исседондар Е) аримаспылар
20. Аршакидтер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы:
А) дайлар В) гирканилер С) исседондар D) аримаспылар Е) аргиппейлер
21. Қаңлылардың ел басқару қызметін кім атқарған?
А) уәзір В) хан С) гуньмо D) бек Е) селиф
22. Қаңлылар туралы алғаш рет жазылған деректер:
А) қытай деректері В) рим деректері С) түркі деректері D) парсы деректері Е) үнді деректері
23. «Гурхан» ұғымы нені білдіреді?
А) билеуші В) әскер С) сот қызметкері D) құл Е) күң
24. Қаңлы мемлекетіндегі халық саны:
А) 600 мың В) 680 мың С) 120 мың D) 800 мың Е) 630 мың
25. Қаңлы мәдениетіне тән көне қала:
А) Көкмардан В) Аққыр С) Аралтөбе D) Аққыстау Е) Пұшық мардан
26. Солтүстік ғұндардың билеушісінің есімі:
А) Чжи-Чжи В) Аттила С) Үшлік D) Мөде Е) Скунха
27. Ғұн мемлекетінің негізін салған кім?
А) Мөде В) Аттила С) Чжи-Чжи D) Полиан Е) Спаргапис
28. Аттила жауынгерлері Галлиядағы Каталаун даласында римдіктердің, франктердің біріккен күштерімен қай жылы шайқасты?
А) 451 жылы В) 400 жылы С) 445 жылы D) 453 жылы Е) 455 жылы
29. Рим империясына шапқыншылық жасаған:
А) ғұндар В) қыпшақтар С) үйсіндер D) сақтар Е) қаңлылар
30. Ғұндар жөнінде маңызды дерек қалдырған:
А) Марцеллин В) Прийск С) Герадот D) Сыма Цзянь Е) Птолемей
31. Ғұндар бұйымының бетіне түрлі-түсті заттарды жапсыру стилі"
А) «полихромдық стиль» В) зерлеу С) «аң стилі» D) өрнектеу Е) жылтырата тегістеу
32. Аттила туралы алғаш рет ғылымға енгізген қазақ ғалымы:
А) Ш.Уәлиханов В) М.Қозыбаев С) Е.Бекмаханов D) С.Асфендияров Е) А.Байтұрсынов
33. Рим империясына шапқыншылық жасаған:
А) ғұндар В) қыпшақтар С) үйсіндер D) сақтар Е) қаңлы
34. Еділ жөнінде құнды дерек қалдырған?
А) Прийск В) Геродот С) Страбон D) Сыма Цзянь Е) Птолемей
35. Ғұн тұрмысындағы қасиетті орын:
А) ошақ В) төр С) шаңырақ D) бұлақ басы Е) босаға
ІІ Бөлім. Қазақстан аумағындағы VI-XV ғасырлардағы мемлекеттер.
№2.1. Тақырып. Көне түркілер. Түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ мемлекеттері.
1. 751 жылы қарлұқтар арабтармен бірігіп, соққы берді:
А) Қытайларға В) Хазарларға С) Еділ бұлғарларына D) Түргештерге Е) Қарлұқтарға
2. Батыс Түрік қағанатын қай тайпаның ақсүйектері биледі?
А) ашина тайпасы В) теле тайпасы С) яғма тайпасы D) қыпшақ тайпасы Е) елбөрі тайпасы
3. Түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы:
А) теле В) қыпшақ С) ұлыс D) түрік Е) далалық
4. Батыс Түрік қағанатының халқының көпшілігі:
А) қара бұдындар В) тұдындар С) бұйрықтар D) бектер Е) таттар
5.“Түрік” этнонимі алғаш рет деректерде қашан кездесті?
А) 542 ж. В) 556 ж. С) 548 ж. D) 603 ж. Е) 704 ж.
6. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы:
А) Мыңбұлақ В) Сығанақ С) Суяб D) Күнгіт Е) Сауран
7. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға “селиф” деген атақ берген қаған:
А) Тон В) Қапаған С) Шегу D) Тардуш Е) Сұлу
8. Батыс Түрік қағанатында яғбу, шад, елтебер атағы кімдерге берілген?
А) қаған руынан шыққандарға В) қағанатты басқарушыға С) салық жинаушыларға
D) сот ісін басқарушыларға Е) салық төлеушілерге
9. Қағанаттың Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып бөлінген уақыты:
А) 603 жыл В) 552 жыл С) 560 жыл D) 601 жыл Е) 704 жыл
10. Батыс Түрік қағанатының астанасы:
А) Суяб В) Тараз С) Баласағұн D) Мыңбұлақ Е) Ғұз
11. Батыстағы елдерді жаулап алуды ойлаған Батыс Түрік қағаны:
А) Тон Қаған В) Күлтегін С) Бумын D) Қапаған Е) Сұлу қаған
12. Батыс Түрік қағанатындағы қаған руынан шыққан ақсүйектерге берілген лауазымдар:
А) ябғу, шад, елтебер В) ябғу, селиф, тат С) селиф, тархан, бұрықтар
D) қара бұдұн, селиф Е) селиф, бұдұн, тат
13. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарды:
А) бұрықтар мен тархандар В) ябғу, селиф, тат С) селиф, тархан
D) қара бұдұн, селиф Е) бұдұн, тат
14. Батыс Түрік қағанатындағы «қара бұдундар»:
А) қарапайым халық В) құлдар С) қаған D) тұтқындар Е) билеушілер
15. Батыс Түрік қағанатындағы «тат» сөзінің мағынасы:
А) құл В) тұтқын С) селиф D) қарапайым халық Е) басқарушы
16.Түргеш қағанатының өмір сүрген уақыты:
А) 704-756 жылдар В) 552-603 жылдар С) 603-704 жылдар
D) 756-942 жылдар Е) 542-687 жылдар
17. Түргеш қағанатының негізін салды:
А) Үшлік қаған В) Тоныкөк С) Күлтегін D) Бумын Е) Елтеріс
18. Түргеш қағанатының Кіші ордасы Күнгіт қаласы қай өзен бойында орналасты?
А) Іле бойында В) Талас бойында С) Шу өзені D) Ертіс бойында Е) Орхон бойында
19. Арабтар ашық майданға түсуден, соғысудан сескенген Түргеш қағаны кім?
А) Сұлу В) Тоныкөк С) Бумын D) Мұқан Е) Күлтегін
20. Үнемі жеңіске жетуіне байланысты Сұлу қағанға арабтар қандай атау берген?
А) Сүзеген В) Салқам С) Батыр D) Бұқа Е) Жабайы
21. 751 жылы Атлах маңындағы түргештер мен қытайлар арасындағы шайқастың нәтижесі немен аяқталды?
А) қытайлар Жетісудан біржола кетті В) қытайлар Жетісуды басып алды
С) түркештер салық төлеуге мәжбүр болды D) қытайлар салық төлеуге мәжбүр болды
Е) екі ел арасында достық қатынас орнады
22. Қарлұқ қағанаты қай жылдары өмір сүрді?
А) 756-940 жылдар В) 603-704 жылдар С) 704-756 жылдар
D) 756-856 жылдар Е) 775-845 жылдар
23. VIІ ғасырдың басындағы қытайдың «Таньшу» хроникасында көрсетілетін қарлұқтардың құрамындағы тайпалар қалай аталады?
А) бұлақ, жікіл, ташлық В) қыпшақ, найман, керей С) дулат, қаңлы
D) яғма, шатлық Е) елбөрі, бұлақ, қапаған
24. Қарлұқтар еліндегі қалалардың саны:
А) 25 қала В) 45 қала С) 35 қала D) 15 қала Е) 50 қала
25. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты:
А) ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы В) Х ғасырдың соңы – ХІІ ғасырдың соңы
С) ХІІ ғасырдың соңы – ХІІІ ғасырдың басы D) ҮІІ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың соңы
Е) ҮІІІ ғасырдың соңы – Х ғасырдың соңы
26. Оғыз мемлекетінің астанасы қай қала болды?
А) Янгикент В) Тараз С) Баласағұн D) Барысхан Е) Сауран
27. 965 жылы (Х ғасыр) оғыздар Хазарларға қарсы кімдермен одақ құрды?
А) Киев Русі В) Қытаймен С) Қараханмен D) Египетпен Е) Үндістан
28. Оғыз мемлекеті қай қағанның тұсында қайтадан күшейді?
А) Шахмәліктің кезі В) Атрақ хан кезінде С) Үшлік қаған D) Сатұқ Боғрахан кезі
Е) Сұлу қаған
29. Қимақтардың ішіндегі ең атақты тайпасы қай тайпа болды?
А) қыпшақтар В) қарахандар С) оғыздар D) қарлұқтар Е) қимақтар
30. Х ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне кімдер шабуыл жасады?
А) Қарахан мемлекеті В) Қытай елі С) Қарақытай мемлекеті D) Оғыз мемлекеті
Е) Батыс Түрік қағанаты
№2.2. Тақырып. Қарахан мемлекеті. Қарақытайлар. Қыпшақ мемлекеті, найман, керейлер.
1. Қарахан мемлекеті қай жылдары өмір сүрді?
А) 942-1212 жылдар В) 940-1112 жылдар С) 945-1210 жылдар D) 944-1213 жылдар
Е) 955-1206 жылдар
2. Қарахан мемлекетінің негізін Сатұқ Боғра хан қалаған жыл:
А) 942 жыл В) 955 жыл С) 941жыл D) 960 жыл Е) 983 жыл
3. Қарахан мемлекеті біржолата құлады:
А) 1212 жылы В) 1089 жылы С) 1222 жылы D) 1002 жылы Е) 1010 жылы
4. Қарахан дәуірінің сәулет ескерткіштері:
А) Айша-бибі, Бабаджа-қатын кесенелері В) Дәуітбек кесенесі С) Тектұрмас кесенесі D) Бекет ата кесенесі Е) Жошы хан кесенесі
5. Қарахандықтарда ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдаған хан:
А) Мұса хан В) Сүлеймен хан С) Сатұқ Боғра хан D) Даян хан Е) Елюй Дашы
6. Елюй Дашы 1143 жылы қаза болған соң билікті қолына алған:
А) әйелі В) інісі С) атасы D) баласы Е) қызы
7. 1143 жылы Елюй Дашы қаза тапқан соң оның орнына таққа кім келді?
А) әйелі Табуян В) күйеу баласы С) баласы D) қызы Е) әкесі
8. Қарақытай мемлекеті қай өңірде құрылған?
А) Жетісу В) Қашғарияда С) Тұрфанда D) Таласта Е) Орталық Қазақстан
9. Қарақытайлар Ходжент жанында Қарахан әскеріне қай жылы ойсырата соққы берді?
А) 1137 жыл В) 1122 жыл С) 1212 жыл D) 1130 жыл Е) 1111 жыл
10. 1208 жылы қарақытайлар кімдерден жеңілді?
А) наймандардан В) керейлерден С) қыпшақтардан D) моңғолдардан Е) қимақтардан
11. Найман, керей, жалайырлардың негізгі мекендеген жерлері:
А) Монғолияның орта және Батыс аудандары В) Қытайдың солтүстігі С) Орталық Қазақстан
D) Батыс Қазақстан Е) Солтүстік Қазақстан
12. Найман мемлекетінің астанасы Балықты қай өзеннің бойында орналасқан?
А) Орхон В) Шу С) Іле D) Алакөл Е) Каспий
13. Керейіт мемлекетінің астанасы қай жерде орналасқан?
А) Битөбе В) Күлтөбе С) Аралтөбе D) Балықты Е) Мыңбұлақ
14. Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі қай хандардың тұсында болды?
А) Маркус, Құршақұз В) Елюй Дашы С) Сұлу қаған D) Наркес Е) Жамұқа
15. «Монғол жеріндегі ІХ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел. Олар тек Шыңғысхан ... әсерінен әлсіреді» деп айтқан кім?
А) Рашид ад-Дин В) Әбу-Райхан С) М.Қашғари D) Ж.Баласағұни Е) М.Х.Дулати
16. Керей, наймандардағы малдың басты түрі:
А) жылқы мен қой В) қой мен ешкі С) түйе мен жылқы D) жылқы мен сиыр Е) шошқа мен сиыр
17. ХІ ғасырда қыпшақтардың алып жатқан жері:
А) Шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Еділге дейінгі жер
В) Шығыста Алатаудан басталып, батысында Дунайға дейінгі жер
С) Шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Ресейге жер
D) Шығыста Есілден басталып, батысында Атырауға дейінгі жер
Е) Оңтүстік-шығыста Түркістаннан басталып, батыста Оралға дейінгі жер
18. «Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен» деп кім айтқан?
А) Плано Карпини В) Марко Поло С) Сыма Цянь D) Гильем Рубрук Е) Махмұт Қашғари
19. Қыпшақ хандығының сол қанатының орталығы.
А) Сығанақ В) Сайрам С) Тараз D) Күнгіт Е) Түркістан
20. Қыпшақ тіліндегі «яланкуг» сөзінің мағынасы:
А) құл В) билеуші С) тұтқын D) батыр Е) салық жинаушы
№2.3. Тақырып . Көшпелілердің рухани мәдениеті. Қазақ даласының даналары.
X-XII ғасырларда ірі және кіші қалалардың Сырдария, Шу, Талас өзендерін жағалай
орналасуы қай саланың дамығанын көрсетті:
А) егіншіліктің В) сауданың С) мал шаруашылығының D) қолөнердің Е) аңшылықтың
2. Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан аумағында көлемі жағынан ірі қалалар:
А) Испиджаб, Отырар В) Бурух, Хурлуг С) Баладж, Берукет
D) Тараз, Баласағұн Е) Түркістан, Отырар
3. Қазақстанда маңызды сауда орталығы болған “көпестер” қаласы атанған қала:
А) Тараз В) Суяб С) Испиджаб D) Сығанақ Е) Сайрам
4. Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болған. «Сәйгүліктер патшалығы» деп қай өңірді атады?
А) Түрік қағанаты В) Иран мен Византия С) Үндістан D) Қытай Е) Вавилон
5. «Түрік тілдерінің сөздігі» еңбегінің авторы:
А) Махмұд Қашғари В) Жүсіп Хамадани С) Жүсіп Баласағұни D) А.Яссауи Е) Ахмет Жүгенеки
6. Ежелгі түрік әліпбиіндегі әріп саны қанша?
А) 35 В) 40 С) 25 D) 42 Е) 38
7. Ортағасырлық қалар қанша бөліктен тұрды?
А) 3 В) 4 С) 5 D) 2 Е) 6
8. Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс пен Батысты байланыстырған жол:
А) Ұлы Жібек жолы
В) Варягтан Грецияға дейінгі жол С) Лазуриттік жол D) Дала жолы Е) Нефрит жолы
9. XI-XII ғ. жататын «қоржын үй» табылған қала:
А) Құйрықтөбе В) Ақбешім С) Тараз D) Отырар Е) Түркістан
10. Бабаджа-қатын мен Айша-бибі кесенелері жақын орналасқан қала:
А) Тараз В) Сығанақ С) Отырар D) Алмалық Е) Сайрам
11. Х-ХІ ғасырларда әйнек жасау кәсібі дамыған қалалар:
А) Отырар, Тараз В) Тараз, Испиджаб С) Испиджаб, Сығанақ D) Суяб, Испиджаб
Е) Сайрам, Сауран
12. Әл-Фараби шығармаларын қай тілде жазған?
А) араб В) қыпшақ С) иран D) түрік Е) латын
13. «Диуани лұғат ат-түрік» кітабының авторы:
А) М.Қашғари В) Әл-Бируни С) Ж.Баласағұн D) А.Яссауи Е) А.Жүгенеки
14. Ахмет Игунекидің кітабы:
А) «Ақиқат сыйы» В) «Даналық кітабы» С) «Жүсіп-Зылиқа»
D) «Диуани лұғат ат-түрік» Е) «Тарих-и-Рашиди»
15. Ахмет Яссауидің шәкірті:
А) С.Бақырғани В) Әли ақын С) Әл-Бируни D) М.Қашғари Е) М.Х.Дулати
№2.4. Тақырып. Қазақстан даласы Монғол шапқыншылығы дәуірінде.
Қазақстан Алтын Орда құрамында.
1. Монғол мемлекетінің негізін қалаған кім?
А) Шыңғысхан В) Есугей С) Жамұқа D) Торы Е) Батый
2. Шыңғысхан дүниеге келген жыл:
А) 1155 жыл В) 1111 жыл С) 1159 жыл D) 2116 жыл Е) 1229 жыл
3. «Отырар опаты» қай жылы болған?
А) 1218 жыл В) 1220 жыл С) 2108 жыл D) 1215 жыл Е) 1225 жыл
4. Монғол хандығы құрылды:
А) 1206 жыл В) 1155 жыл С) 1218 жыл D) 1208 жыл Е) 1227 жыл
5. 1211-1215 жылы Шыңғысхан қай жерді жаулап алды?
А) Қытай В) Тараз С) Үндістан D) Отырар Е) Сығанақ
6. Отырар қаласының әміршісі:
А) Қайыр хан В) Жәнібек хан С) Абылай хан D) Батый хан Е) бәрі дұрыс
7. Шыңғысхан қай тайпадан шыққан?
А) қият-бөржігін В) беріш С) барлас D) оғыз Е) найман
8. Монғолдарға үш ай бойы берілмеген қала:
А) Сығанақ В) Отырар С) Түркістан D) Ашнас Е) Ташкент
9. Отырар қаласы монғолдардан қанша уақыт қорғанды?
А) 6 ай В) 15 ай С) 1 ай D) 3 ай Е) 4,5 ай
10. Керей хандығы мен монғол тайпаларының арасындағы қарым-қатынас қай еңбекте айтылды?
А) «Монғолдың құпия шежіресі» В) «Шыңғыснама» С) «Монғол тарихы»
D) «Батый» Е) «Жаса»
11. 1218 жылы монғолдарға соғыссыз берілген қала:
А) Баласағұн В) Алмалық С) Жент D) Ашнас Е) Мыңбұлақ
12. Шыңғыс хан әулиетіне берілетін үлестік жер:
А) Інжу В) Вакф С) Икта D) Сойырғал Е) Мукта
13. 1207-1208 ж. Енисей қырғыздарын басып алған Шыңғысхан баласы:
А) Жошы В) Үгедей С) Төле D) Шағатай Е) Шайбани
14. Монғолдардың Жетісуға келген жылы:
А) 1218 жыл В) 1206 жыл С) 1207 жыл D) 1211 жыл Е) 1155 жыл
15. Шыңғысхан қай жылы қайтыс болды?
А) 1227 жыл В) 1226 жыл С) 1228 жыл D) 1229 жыл Е) 1230 жыл
16. Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды?
А) Жошы ұлысы В) Шағатай ұлысы С) Төле ұлысы D) Үгедей ұлысы Е) Батый ұлысы
17. 1235 жылы бүкіл моңғолдық құрылтайда қабылданған шешім:
А) Батысқа жорық жасау В) Оңтүстікке жорық жасау С) Шығыс елдерін басып алу
D) Қазақстанды басып алу Е) Таңғұттарды басып алу
18. Шығыс Еуропаға жорықты басқарған моңғол ханы кім?
А) Батый В) Жошы С) Шыңғыс D) Берке Е) Өзбек
19. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген:
А) Батый хан В) Берке хан С) Тохты хан D) Мөңке хан Е) Жәнібек хан
20. Тоқтамыстың Мамай ордасын басып алған уақыты:
А) 1380 жыл В) 1360 жыл С) 1290 жыл D) 1350 жыл Е) 1370 жыл
21. Алтын Орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыстың Мәскеуді өртеген жылы:
А) 1382 жыл В) 1383 жыл С) 1385 жыл D) 1386 жыл Е) 1387 жыл
22. Алтын Орданың билеушісі, барлық қарулы күштерінің бас қолбасшысы:
А) хан В) уәзір С) ақсүйек D) батыр Е) қолбасшы
23. Алтын Орданың гүлденген кезі:
А) Өзбек пен Жәнібек хандардың тұсы В) Жошы ханның тұсы С) Шыңғыс ханның тұсы
D) Әмір Темірдің тұсы Е) Ерзен ханның тұсы
24. Алтын Орданың негізін қалаған хан:
А) Батый В) Берке С) Өзбек D) Мөңке Е) Жошы
25. Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін – деп жариялаған хан:
А) Өзбек В) Берке С) Батый D) Тохты Е) Меңгу-Темір
№2.5. Тақырып. ХІV-XV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
1. Шығыс Дешті-Қыпшақ жерінде ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. басында өмір сүрген мемлекет:
А) Ақ Орда В) Алтын Орда С) Моғолстан D) Әбілхайыр хандығы Е) Ноғай Ордасы
2. Ақ Орда қай хан тұсында түпкілікті тәуелсіз хандық болып жарияланды:
А) Ұрұс хан В) Орда Ежен С) Барақ хан D) Уақ хан Е) Жошы хан
3. Орда Ежен мен Шайбани хандардың жерін қамтыған мемлекет:
А) Ақ Орда В) Ноғай Ордасы С) Әбілхайыр хандығы D) Моғолстан
Е) Алтын Орда мемлекеті
4. Барақ ханның билік еткен жылдары:
А) 1423-1428 жыл В) 1414-1428 жыл С) 1416-1428 жыл D) 1419-1428 жыл Е) 1440-1448 жыл
5. Әмір Темір қай тайпаның өкілі?
А) барлас В) меркіт С) дулат D) қоңырат Е) керей
6. Моғолстанның астанасы:
А) Алмалық В) Баласағұн С) Сауран D) Сайрам Е) Сығанақ
7. Әбілхайыр ханның Балқаш өңірін бағындырған жылы:
А) ХҮ ғасырдың 30-40-шы жылдары В) ХІІ ғасырдың 40-шы жылдары
С) ХІІ ғасырдың 50-ші жылдары D) ХІҮ ғасырдың 30-40-шы жылдары
Е) ХІІІ ғасырдың 40-50 жылдары
8. Моғолстанның өмір сүрген уақыты:
А) XIV ғасырдың ортасы – XVI ғасырдың басы
В) XVI ғасырдың ортасы-XVII ғасырдың басы
С) XVII ғасырдың аяғы-XVIII ғасырдың басы
D) ХШ-ХIV ғасырлардың басы
Е) XIІІ ғасырдың ортасы – XVI ғасырдың ортасы
9. Моғолстанның негізін қалаған кім?
А) Әмір Поладшы В) Маңлай-Сүбе С) Илияс-Қожа D) Тоғылық Темір Е) Ақсақ Темір
10. Ноғай Ордасының негізін қалаған тұлға:
А) Едіге В) Нұраддин С) Тайбұға D) Әбілқайыр Е) Жошы
11. Әбілқайыр хан болып сайланды:
А) 1428 жыл В) 1420 жыл С) 1425 жыл D) 1430 жыл Е) 1445 жыл
12. 92 ру-тайпадан құрылған хандық:
А) Әбілхайыр хандығы В) Ақ Орда мемлекеті С) Моғолстан
D) Ноғай Ордасы Е) Қазақ хандығы
13. 1456-1457 жылдары Әбілхайырдың ойраттардан жеңілген жері:
А) Сығанақ қаласы В) Шаш қаласы С) Испиджаб қаласы D) Жент қаласы
Е) Отырар қаласы
14. Өзбек ұлысында XV ғасырда «ең көбі және ер жүректері қазақтар» екенін жазған тарихшы:
А) Рузбихан В) В.В.Бартольд С) Рубрук D) Б.Е.Көмеков Е) Рашид ад-Дин
15. Моғолстан мемлекеті ыдырай бастады:
А) Абдар-Рашиддің кезінде В) Ахмед хан кезінде С) Есен-бұғы кезінде
D) Шағатай кезінде Е) Ілияс-Қожа
ІІІ Бөлім. Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы.
№3.1. Тақырып. Қазақ халқының қалыптасу тарихы.
1. IX-X ғсырларды «қазақ» атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер:
А) Шығыс Дешті-Қыпшақ В) Шығыс Түркістанда С) Түркістанда
D) Жетісуда Е) Алтын Орда жерінде
2. Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі әрі ер жүректері “қазақ” екені жайлы хабар айтқан:
А) Рузбихан В) В.Рубрук С) Ш.Уәлиханов D) М.Дулатов Е) М.Қашғари
3. “Алаш” сөзі шамамен қай ғасырда алғаш рет айтылды:
А) IX-X ғ.ғ В) X-XI ғ.ғ С) VIII-IX ғ.ғ D) XI-XII ғ.ғ Е) ІІ-ІІІ ғ.ғ
4. Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым:
А) Ш.Уалиханов В) С.Торайғыров С) А.Құнанбаев D) Левшин Е) И.Крафт
5. XIII ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданылып келген мағынасы:
А) еркін адамдар В) жауынгерлер С) бақташылар D) көшпелілер Е) кезбелер
6. Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас:
А) Таңбалы Нұра В) Ноғай Ордасы С) Алтын Орда D) Жетісу Е) Тарбағатай
7. «Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы:
А) «Алаша хан» В) «Қорқыт ата» С) «Оғызнама» D) «Ақсақ құлан» Е) «Ақсақ киік»
8. Қазақ халқының құрамына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт:
А) XV ғасырдың II жартысы В) XV ғасырдың I жартысы С) XV ғасырда
D) XIV ғасырда Е) ХІІІ ғасырдың ІІ жартысы
9. «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:
А) XIV ғасыр В) XVIII ғасыр С) XVII ғасыр D) XV ғасыр Е) ХІІІ ғасыр
10. Ежелгі Сібір тайпалары тілдеріндегі «қазақ» сөзінің мағынасы:
А) «мықты», «берік», «алып» В) «еркін, кезбе, тәуелсіз» С) «қазақ, алып, тәуелсіз»
D) «кезбе», «еркін» Е) «көшпелі», «кезбе»
11. Қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды:
А) XV ғасырдың екінші жартысында В) ХІҮ ғасырдың ІІ жартысында
С) ХҮІ ғасырдың басында D) ХҮ ғасырдың І жартысында
Е) ХІІІ ғасырдың ІІ жартысында
12. Қазақ халқының жүзге бөлінуі:
А) өз жерін қорғау қажеттілігінен туды
В) Алаш ұрпақтары арасындағы алауыздықтан туды
С) хандық құрылған кезде орналасуына байланысты
D) қазақтың 3 баласы келісіп, бөлінді
Е) би-сұлтандардың шешімі бойынша
13. XIII-XV ғасырларда дамыған ауызша поэзияның белгілі өкілдері:
А) Асан Қайғы, Кетбұға В) Ж.Баласағұни, М.Х.Дулати
С) Әл-Фараби, М.Х.Дулати D) Асан қайғы, Ж.Баласағұни
Е) Кетбұға, Малайсары
14. XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды. Оның ғылыми атауы қалай аталды?
А) фольклор В) ауыз әдебиеті С) шешендік өнер D) поэзия Е) өлең-жырлар
№3.2. Тақырып. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Қазақ хандары хронологиясы. Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрылымы
1. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарының бірі:
А) Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар
В) Керей мен Жәнібектің жеке билік жүргізуге талпынуы
С) Әбілхайыр хандығының әлсіреуі
D) Есенбұғаның қалауы
Е) ешқандай себеп болмаған
2. Керей, Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы:
А) Есен-Бұға В) Саид хан С) Баба сұлтан D) Абдар Рашид Е) Мұхаммед хан
3. Қазақ хандығы құрылды:
А) 1465-1466 жылдары В) 1454-1455 жылдары С) 1444-1445 жылдары
D) 1475-1476 жылдары Е) 1472-1473 жылдары
4. XV ғасырдың 50-70 жылдары Әбілқайыр хандығынан бөлініп Керей, Жәнібек сұлтандардың қоластына көшіп келген халықтың саны:
А) 200 мың В) 500 мың С) 800 мың D) 1 млн. Е) 2 млн.
5. Қазақ хандығының бастапқы кезде алып жатқан жері:
А) Шу мен Талас өзендерінің аумағы В) Жетісудың оңтүстік-шығысы С) Ұлытауда
D) Іле мен Шу өзендерінің аумағы Е) Сарыарқада
6. Моғолстан ханы Есен-Бұға қайтыс болды:
А) 1462 жылы В) 1457 жылы С) 1465 жылы D) 1466 жылы Е) 1463 жыл
7. Қазақ хандығының құрылуы жайындағы деректер:
А) Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди»
В) Жүсіп Баласағұни «Құтты білік»
С) Махмұт Қашғари «Түрік тілдерінің сөздігі»
D) Әл-Фараби «Даналық кітабы»
Е) Ахмет Жүгенеки «Ақиқат сыйы»
8. XV ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығының негізгі қарсыласы:
А) Шайбани хан В) Саид хан С) Баба сұлтан D) Шағатай Е) Шахмәлік
9. XV ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының тағына отырған Жәнібек ханның ұлы:
А) Қасым В) Бұрындық С) Бұйдаш D) Таһир Е) Хақназар
10. Қасым ханның таққа отырған (билікке келген) жылы:
А) 1511 жыл В) 1480 жыл С) 1523 жыл D) 1518 жыл Е) 1516 жыл
11. XV ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының кеңеюі мен нығаюына белсене араласып, өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға:
А) Қасым хан В) Бұрындық хан С) Бұйдаш хан D) Есім хан Е) Тәуке хан
12. Қасым ханның қол астындағы халықтың саны:
А) бір миллионға жуық В) 200 мың С) 500 мың D) 1,5 миллион Е) 3 миллион
13. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталығы:
А) Сығанақ қаласы В) Сауран қаласы С) Түркістан қаласы
D) Ташкент қаласы Е) Верный қаласы
14. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер еткен жағдай:
А) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары
В) Шайбани ұрпағының жиі шабуыл жасауы
С) Өзбек ханы Абдаллахтың күшеюі
D) Бұхар ханының наразылығы
Е) Жеке басының қамын ойлауы
15. Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды, оның туыстарын
өлтірген жыл:
А) 1580 жыл В) 1579 жыл С) 1578 жыл D) 1582 жыл Е) 1575 жыл
16. Хақназар хан өлгеннен кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі, сексенге келген сұлтан:
А) Шығай В) Тәуекел С) Есім D) Тәуке Е) Қасым
17. Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан қайтыс болған жыл:
А) 1582 жыл В) 1581 жыл С) 1583 жыл D) 1584 жыл Е) 1585 жыл
18. Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл:
А) 1598 жыл В) 1596 жыл С) 1588 жыл D) 1599 жыл Е) 1577 жыл
19. XVII ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан:
А) Есім, Тұрсын В) Тәуекел, Шығай С) Тәуке, Тұрсын
D) Жәңгір, Тәуке Е) Қасым, Хақназар
20. Батыс елдері Қазақ елі туралы алғаш рет білді:
А) Хақназар тұсында В) Есім тұсында С) Тәуекел тұсында
D) Тәуке хан тұсында Е) Шығай хан тұсында
21. Баба сұлтанның адамдары Хақназар ханды қай жылы өлтірді?
А) 1580 жылы В) 1582 жылы С) 1590 жылы D) 1570 жылы Е) 1584 жылы
22. Шығай хан қайтыс болды:
А) 1582 жылы В) 1583 жылы С) 1598 жылы D) 1518 жылы Е) 1586 жылы
23. Абдаллах өлген соң Тәуекел ханның Мауаранннахрға басып кірген жыл:
А) 1598 жыл В) 1595 жыл С) 1538 жыл D) 1589 жыл Е) 1600 жыл
24. 1603 жылы бірінші қазақ-бұхар соғысы өткен жер:
А) Айғыржар В) Аққыстау С) Жыланды D) Теректісай Е) Қоянды
25. Тұрсын ханның бүлігі тарихта аталды:
А) «Қатаған қырғыны» В) «Батпақ шайқасы» С) «Орбұлақ шайқасы»
D) «Текертісай шайқасы» Е) «Ақбұлақ шайқасы»
26. Қазақ хандығында он немесе он бес аймақтан құралған:
А) ру В) ауыл С) ұлыс D) арыс Е) топ
27. Қазақ хандығында ұлыстың билеушісі:
А) сұлтан В) би С) рубасы D) ақсақал Е) әскербасы
28. Орта жүзге жататын рулар:
А) арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ В) табын, тама, қаракесек, төртқара
С) жалайыр, албан, суан, дулат D) қоңырат, керей, албан, ысты
Е) ботбай, жаңабай, бестерек
29. Хан сайлаудың басты шарты:
А) Шыңғыстың ұрпағы болуы В) малының көп болуы
С) феодалдар тобынан шығуы D) бидің тұқымынан шығуы Е) бай болуы
30. Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі:
А) «ханталапай» В) «ханталас» С) «ханталау» D) «бөліп алу» Е) «хансайлау»
31. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:
А) көшіп-қонуға В) соғысты бастауға С) егінді жинауға D) салықты көбейтуге
Е) мал бағуға
32. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты:
А) атақты, сыйлы шонжарлар В) шаруалар С) дінбасылар D) егіншілер Е) қолөнершілер
33. Бүкіл қауым оның шешімін, билігін орындауға міндетті болды:
А) би В) сұлтан С) ақсақал D) ауылбасы Е) рубасы
34. Көпті көрген, мол тәжірибелі, өте білікті, білімгер адам .............болды:
А) рубасы В) би С) сұлтан D) ақсақал Е) ауылбасы
35. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру міндеті кімдерге тиді?
А) Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне В) Жошы ханға С) Қазақ деген батырға
D) Әбілхайыр ханға Е) Батый ханға
36. Қазақ хандығындағы таптық негіздегі 2 топ болды. Олар:
А) феодалдар мен қарапайым халық В) егіншілер мен кедейлер
С) егіншілер мен шаруалар D) кедейлер мен егіншілер
Е) қолөнершілер мен егіншілер
37. Қазақ халқының ұраны:
А) «Алаш» В) «Атой» С) «Абылай» D) «Аруақ» Е) «Ура»
38. Талас-тартыс болған жағдайда үш жүз өкілдері келіп, мәселелерін қай жерде шешті?
А) Таңбалы-Нұрада В) Қарақұмда С) Қозыбасыда D) Ордада Е) Хан сарайында
39. XIV-XV ғасырлардан бері келе жатқан тәрбиелік мәні зор ертегі:
А) «Жоямерген», «Жерден шыққан Желім» В) «Қобыланды батыр» С) «Алпамыс батыр»
D) «Күннің баяны», «Темірқазық пен Жетіқарақшы» Е) «Керғұла атты Кендебай», «Күннің баяны»
40. Қазақ хандығының құрылымы:
А) жеті саны В) бес саны С) үш саны D) жиырма бір саны Е) қырық саны
ІV Бөлім. Қазақстан Ресей империясының құрамында.
№4.1. Тақырып. ХVІІ-XVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы жеңісті ұйымдастырушылар
1. «Қазақ пен Қалмақ ханы» атанған хан:
А) Тәуекел В) Хақназар С) Есім D) Шығай Е) Қасым
2. Жоңғарларға қарсы күрестегі ерлігі үшін халықтың Жәңгірге берген атауы:
А) Салқам Жәңгір В) Батыр Жәңгір С) Алып Жәңгір D) Еңсегей ер Жәңгір
Е) Кербез Жәңгір
3. Жәңгір ханның кезінде жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне қай жылы басып кірді?
А) 1643 жыл В) 1644 жыл С) 1645 жыл D) 1646 жыл Е) 1647 жыл
4. Жәңгір ханның санаулы сарбаздары Жоңғардың 50 мың әскерімен шайқасқан жер:
А) Орбұлақ В) Батпақ шайқасы С) Теректіқұм шайқасы
D) Аңырақай шайқасы Е) Ордабұлақ шайқасы
5. Орбұлақ шайқасында Жәңгірге көмекке келіп, 20 мың қолмен Жоңғар әскерінің ту сыртынан шабуыл жасайды:
А) Алшын Жалаңтөс батыр В) Қабанбай батыр С) Бөгенбай батыр
D) Райымбек батыр Е) Жауғашар батыр
6. Тәуке ханның кезіндегі Қазақ хандығының астанасы:
А) Түркістан В) Сауран С) Ташкент D) Тараз Е) Сығанақ
7. 1710 жылы қазақ жүздерінің өкілдері бас қосып жау шабуылын тойтару мәселесін талқылау үшін жиналған жер:
А) Қарақұм маңы В) Қызылқұм маңы С) Көктөбе маңы D) Аққұм маңы Е) Қозыбасы маңы
8. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары:
А) 1723-1727 жылдар В) 1726-1730 жылдар С) 1711-1718 жылдар
D) 1718-1723 жылдар Е) 1741-1745 жылдар
9. Бұланты шайқасынан кейін қазақ жүздерінің өкілдері жауға қарсы күресті күшейту жөнінде шешім қабылдаған жер:
А) Ордабасы В) Қарақұм С) Орбұлақ D) Күлтөбе Е) Теректі
10. Қазақ жасағының Аңырақай маңында жоңғарларды жеңіліске ұшыратқан жылы:
А) 1729 жыл В) 1718 жыл С) 1726 жыл D) 1711 жыл Е) 1723 жыл
11. Үш жүз жасақтарының жоңғарларға қарсы біріккен қимылдары қашан басталды?
А) 1726 жыл В) 1723 жыл С) 1729 жыл D) 1731 жыл Е) 1719 жыл
12. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған қазақ өлкесі:
А) Жетісу В) Сырдария бойы С) Шығыс Түркістан
D) Ташкент Е) Орталық Қазақстан
13. Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, Орта жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен XVIII ғасырдың ІІ жартысындағы танымал ақын:
А) Тәтіқара В) Бұқар С) Үмбетей D) Ақтамдерді Е) Асан қайғы
14. ХVIII ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арнаған халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі:
А) Ақтамберді В) Бұқар С) Үмбетей D) Шалкиіз Е) Кетбұға
15. Қанжығалы Бөгенбай батыр қай жылдары өмір сүрген?
А) 1680-1778 жыл В) 1703-1781 жыл С) 1678-1775 жыл
D) 1711-1781 жыл Е) 1685-1779 жыл
16. Абылай ханның билік құрған уақыты:
А) 1771-1781 жыл В) 1743-1781 жыл С) 1678-1775 жыл
D) 1711-1781 жыл Е) 1741-1771 жыл
№4.2. Тақырып. Қазақ өлкесінің –XVІІІ ғасырлардағы саяси-экономикалық дамуы.
Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Реформалар
1. 1731 жылы Әбілхайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны қанша?
А) 29 В) 31 С) 25 D) 21 Е) 36
2. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігін кім басқарып келді?
А) А.Тевкелев В) М.Гагарин С) В.Татищев D) Т.Чебуков Е) Фон Штемпель
3. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс:
А) Ор В) Жәміш С) Железинск D) Өскемен Е) Коряков
4. Әбілхайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты:
А) Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті қалмақтарға жұмылдыру
В) Мал шаруашылығын дамыту С) Сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
D) Отырықшылықты дамыту Е) «Ұлы хан» болу
5. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы:
А) В.Татишев В) И.Кириллов С) В.Степанов D) А.Тевкелев Е) А.Аталықов
6. Әбілхайырды 1748 жылы өлтірген:
А) Барақ сұлтан В) Әбілпайыз С) Қайып D) Әбілмәмбет Е) Шахмәлік
7. Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланды:
А) 1735-1737 жылдар В) 1731-1734 жылдар С) 1737-1738 жылдар
D) 1739-1740 жылдар Е) 1742-145 жылдар
8. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:
А) 1731жылы В) 1730 жылы С) 1732 жылы D) 1735 жылы Е) 1740 жылы
9. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша:
А) Анна Иоановна В) ІІ Екатерина С) Анна Петровна D) І Екатерина Е) І Павел
10. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер:
А) Құндағұлұлы, Қоштайұлы В) Құндағұлұлы, Аталықов С) Қозыбайұлы, Қоштайұлы
D) Жантөреұлы, Қойбағарұлы Е) Айшуақұлы, Жантөреұлы
11. Ресей патшасының Жайық бойында мал жаюға тыйым салған жарлығы қашан шықты?
А) 1742 ж. 19 қазан В) 1740 ж. 5 қараша С) 1743 ж. 29 қыркүйек
D) 1745 ж. 19 ақпан Е) 1746 ж. 25 ақпан
12. Кіші жүз ханы Нұралыға Жайықтан мал айдап өтуге тыйым салынғандығы жөніндегі шешім қашан тапсырылды?
А) 1757 ж. 24 желтоқсан В) 1757 ж. 14 желтоқсан С) 1756 ж. 2 желтоқсан
D) 1760 ж. 21 қазан Е) 1758 ж. 15 ақпан
13. Ертіс пен Жайық жағаларына мал жаю үшін қазақ феодалдары кімдерге аманат тапсыруға міндетті болды?
А) орыс әкімшілігіне В) қазақ феодалдарына С) хан туыстарына
D) патшаға Е) сұлтандарға
14. Кіші жүздегі алауыздықты пайдаланған Ресей билеушілері Каспий мен Жайық бойындағы ең шұрайлы жерлерді кімдерге тартып әперді?
А) казактарға В) қарапайым халыққа С) орыстарға
D) феодалдарға Е) байларға
15. Ертіс өңіріне Ресейдің әр түкпірінен жерсіз шаруалар, қылмыскерлер, Дон казактарын әкеліп қоныстандыру қай жылдан басталды?
А) 1760 жыл В) 1761 жыл С) 1762 жыл D) 1763 жыл Е) 1764 жыл
16. Орынбор өлкесінде қазақтардың жүріп-тұруына қысым жасаған губернатор:
А) А.Г.Давыдов В) П.И.Рычков С) Л.И.Тевкелев D) В.Татишев Е) Г.Батеньков
17. Орта жүз қазақтарына Ертістің оң жағалауына мал жаюға, қайтадан қоныстануға І Павел қай жылдан бастап рұқсат берді?
А) 1799 ж. 21 қараша В) 1798 ж. 21 қараша С) 1797 ж. 21 қараша
D) 1796 ж. 21 қараша Е) 1795 ж. 21қараша
18.«Сібір қазақтарының Жарғысы» қашан қабылданды:
А) 1822 жылы В) 1824 жылы С) 1820 жылы D) 1818 жылы Е) 1819 жылы
19. 1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:
А) әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту В) суландыру жүйесін енгізу
С) ауылдардың санын көбейту D) мәдениетті көтеру Е) қазақ жерін шапқыншылықтан сақтау
20.1822 жылғы «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы:
А) Сперанский В) Эссен С) Батеньков D) Гирс Е) Павлов
21.1822 жылғы Ереже бойынша Орта жүз территориясы құрамына кірген генерал- губернаторлық: А) Батыс-Сібір В) Орынбор С) Түркістан D) Астрахань Е) Закаспий
22. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган:
А) округтік приказдар В) хандық кеңес С) билер соты D) қазылар соты Е) құрылтай
23. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:
А) 1845 жылға дейін В) 1822 жылға дейін С) 1824 жылға дейін
D) 1835 жылға дейін Е) 1855 жылға дейін
24. Кіші жүздің соңғы ханы:
А) Шерғазы В) Бөкей С) Нұралы D) Әбілхайыр Е) Батыр
25. «Орынбор қазақтарының Жарғысы» қашан шықты?
А) 1824 жылы В) 1822 жылы С) 1867 жылы D) 1868 жылы Е) 1869 жылы
№4.3. Тақырып. ХІХ ғасырдың ІІ жартысын-ғы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалар. Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы
1.1867-1868 ж.ж. патшаның әкімшілік реформалары бойынша Қазақ жері неше генерал-губернаторлыққа бөлінді?
А) 3 В) 2 С) 4 D) 5 Е) 6
2. Реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды:
А) облысты В) округті С) ауылды D) уезді Е) болысты
3. Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы:
А) Ташкент В) Верный С) Қапал D) Ақмешіт Е) Перовск
4. 1867-1868 жылдары құрылған генерал-губернаторлықтарды атаңыз:
А) Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан В) Орал, Сібір, Жетісу С) Тобыл, Сібір, Орал
D) Сырдария, Семей, Ақмола Е) Ферғана, Амудария, Сырдария
5. Түркістан генерал-губернаторлығына қандай облыстар кірді?
А) Жетісу, Сырдария облыстары В) Семей, Ақмола облыстары С) Орал, Торғай облыстары
D) Қырғызстан жері Е) Торғай, Ақмола
6. 1886 жылы 2 маусымдағы «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» бойынша Түркістан өлкесіне қай облыстар кірді?
А) Сырдария, Ферғана, Самарқан В) Ақмола, Семей С) Орал, Торғай
D) Павлодар, Семей Е) Петропавл, Қостанай
7. Дала генерал-губернаторлығы қай жылы құрылды?
А) 1891 жыл В) 1886 жыл С) 1889 жыл D) 1883 жыл Е) 1881 жыл
8. Дала генерал-губернаторлығының орталығын атаңыз:
А) Омбы В) Орынбор С) Семей D) Ақмола Е) Түркістан
9. «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы» ереже қай жылы қабылданды?
А) 1883 жыл В) 1861 жыл С) 1869 жыл D) 1886 жыл Е) 1889 жыл
10. Қоныс аударудың басты аймағын көрсетіңіз:
А) Жетісу В) Омбы С) Орынбор D) Орал Е) Түркістан
11. 1858 жылы салынған Ұлы жүз жеріндегі кәсіпорын:
А) сыра қайнататын зауыт В) су диірмені С) сабын жасау цехы
D) қант зауыты Е) шарап зауыты
12. Семейде қалалық жәрмеңке ашылған жыл:
А) 1855 жыл В) 1860 жыл С) 1892 жыл D) 1869 жыл Е) 1858 жыл
13. Көкшетау округі қашан құрылды?
А) 1824 жыл В) 1831 жыл С) 1833 жыл D) 1822 жыл Е) 1835 жыл
14. Қазақстанда тұңғыш ашылған мұражай:
А) 1831 ж. Орынборда В) 1830 ж. Ішкі Ордада С) 1826 ж. Семейде
D) 1834 ж. Оралда Е) 1836 ж. Қызылордада
15. «Азия комитеті» құрылды:
А) ХІХ ғ. 20-30 ж. В) ХІХ ғ. 40-50 ж. С) ХІХ ғ. 30-40 ж. D) ХІХ ғ. 10-20 ж. Е) ХІХ ғ. 20-40 ж.
16.Тентектөре бастаған көтерілісшілер саны:
А) 10 мың В) 20 мың С) 3 мың D) 5 мың Е) 3,5 мың
17. Ұлы жүздегі қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы:
А) 1851 жылы 7 шілде В) 1850 жылы 10 қаңтар С) 1851 жылы 18 мамыр
D) 1853 жылы 2 сәуір Е) 1855 жылы 3шілде
18. 1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі:
А) Ақмешіт В) Мерке С) Таушүбек D) Пішпек Е) Верный
19. Ұлы Жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл:
А) 1855 жыл В) 1856 жыл С) 1857 жыл D) 1858 жыл Е) 1859 жыл
20. Верный бекінісін қалаған отрядты кім басқарған?
А) М.Перемышельский В) А.Гейнс С) А.Безак D) А.Проценко Е) В.Татишев
21. Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды:
А) Воронеж облысы В) Саратов облысы С) Уфа облысы
D) Рязань облысы Е) Астрахань облысы
22. 1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы:
А) Бұхар хандығы В) Қоқан хандығы С) Хиуа хандығы
D) Самарқант жері Е) Түркістан жері
23. 1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер:
А) Ұзынағаш В) Әулиеата С) Шымкент D) Пішпек Е) Перовск
24. 1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды:
А) Түркістан В) Батыс Сібір С) Орынбор D) Дала Е) Закаспий
25. 1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп:
А) сыра зауыты В) су диірмені С) тұз зауыты D) май зауыты Е) сабын зауыты
V Бөлім. Қазақ халқының патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістері.
№5.1. Тақырып. XVІІІ ғасырдағы ұлт-азаттық көтеріліс.
1. Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі:
А) Пресногорьковск В) Троицк С) Верхнеозерный D) Гагарьевск Е) Перовск
2. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны:
А) Досалы В) Барақ С) Бөкей D) Жантөре Е) Айшуақ
3. 1774-1775 жылдары Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскердің саны:
А) 3500 адам В) 5000 адам С) 450 адам D) 900 адам Е) 1000 адам
4. С.Датұлы старшын болған ру:
А) байбақты В) беріш С) шекті D) адай Е) төртқара
5. С.Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші:
А) шаруалар В) билер С) батырлар D) жұмысшылар Е) старшындар
6. С.Датұлының казак әскерімен ашық қақтығысы болды:
А) 1783 жыл В) 1778 жыл С) 1776 жыл D) 1784 жыл Е) 1774 жыл
7. 1783-1797 жылдары С.Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағы:
А) Кіші жүз В) Орта жүз С) Ұлы жүз D) Сыр бойы Е) Түркістан аймағы
8. С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы:
А) Есім В) Нұралы С) Айшуақ D) Ералы Е) Досалы
9. 1785 жылы жазда Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған шешім:
А) Нұралыны тақтан тайдыру туралы В) салықты көбейту С) хандық Кенесті күшейту
D) көтерілісті қолдау туралы Е) орыстармен соғысу туралы
10. 1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер:
А) Хиуа хандығы В) Бұхар хандығы С) Қоқан хандығы D) Ресей жерінде Е) Бөкей Ордасында
№5.2. Тақырып. XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
1. 1827 ж. Бөкей хандығында құрылған хандық кенестің неше мүшесі болды?
А) 12 би В) 20 би С) 15 сұлтан D) 10 би Е) 29 би
2. Кіші жүздегі Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің жылдары:
А) 1836-1838 ж.ж В) 1837-1847 ж.ж С) 1836-1839 ж.ж
D) 1841-1844 ж.ж Е) 1773-1775 ж.ж
3. Бөкей Ордасындағы Жасқұс деген жерде салынған хан сарайы қай жылы салынды?
А) 1827 жыл В) 1828 жыл С) 1835 жыл D) 1841 жыл Е) 1855 жыл
4. Жәңгір өз бастамасы бойынша зайырлы мектепті алғаш ашқан жыл:
А) 1841 жыл В) 1833 жыл С) 1835 жыл D) 1827 жыл Е) 1815 жыл
5. 1836 жылы 17 наурызда Жәңгір хан көтеріліс басшыларын тұтқындауды кімге тапсырды?
А) Қарауылқожаға В) Жантөреге С) Баймағамбетке D) Жүніске Е) Айшуаққа
6. «Ақбұлақ шайқасы» қай уақытта болды?
А) 1838 ж. 12 шілде В) 1838 ж. 23 шілде С) 1837 ж. 15 қараша
D) 1837 ж. 26 қазан Е) 1836 ж. 12 шілде
7. Исатайдың 1000 адамдық қолы Жиделі түбінде кімнің әскерін шабуылдады?
А) Меркуловтың В) Нұралының С) Гекенің D) Баймағанбеттің Е) Лебедевтің
8. Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті ұстап, сотқа тартуды талап етті:
А) 1837 ж. 30 наурызда В) 1837 ж. 3 қазан С) 1837 ж. 24 қазан
D) 1837 ж. 26 қазан Е) 1837 ж. 25 қазан
9. Теректіқұм шайқасының маңызы неде?
А) сарбаздар қатары көбейді В) Исатай сарбаздары жеңілді С) көтеріліс басшылары ұсталды
D) Жәңгір хан жеңілгенін мойындады Е) көтерілісшілерге кешірім берді
10. Патша үкіметі Исатайды тірідей ұстағандарға қанша сыйақы тікті?
А) 1000 сом В) 500 сом С) 2000 сом D) 5000 сом Е) 10000 сом
№5.3. Тақырып. ХІХ ғасырдағы Саржан Қасымұлы және Кенесары Қасымұлы
бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар.
1. 1837-1847 ж. болған ұлт-азаттық көтерілісті кім басқарды?
А) Кенесары Қасымұлы В) Сырым Датұлы С) Исатай Тайманұлы
D) Махамбет Өтемісұлы Е) Жанқожа Нұрмұхамедұлы
2. 1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан қай ханның бұйрығымен өлтірілді?
А) Қоқан ханы В) Бұхар әмірі С) Хиуа ханы D) Ташкент билеушісі Е) Хорезм шахы
3. Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтандар саны?
А) 80-нен астам В) 70-тен астам С) 150-дей D) 100 шақты Е) 37 адам
4. Кенесарының патша өкіметіне ашық қарсылық білдірген уақыты:
А) 1837 ж. қараша В) 1836 ж. ақпан С) 1837 ж. желтоқсан D) 1838 ж. қаңтар Е) 1841 ж. шілде
5. Манаптар деген кімдер?
А) қырғыздың бай-феодалдары В) батырлар С) қожалар D) кедей шаруалар Е) казактар
6. Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары:
А) Тайшыбек, Саурық, Сұраншы В) Ағыбай, Бұхарбай, Аңғал С) Иман, Сұраншы, Бопай
D) Наурызбай, Жоламан, Бұғыбай Е) Жауғашар, Сыпатай, Көшек батыр
7. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды:
А) Бүкіл Қазақстан В) Орта жүзді С) Кіші жүз бен Орта жүзді
D) Орталық Қазақстанды Е) Сарыарқаны
8. 1838 жылы мамырда Кенесары сарбаздары:
А) Ақмола бекінісін өртеп жіберді В) патшадан кешірім сұрады С) кері шегінді
D) Лебедевтің әскерін қоршауға алды Е) патшамен келісімге келді
9. Жетісу қазақтарын Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға:
А) Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы В) Қоқан хандығының шапқыншылығы
С) Бұхар хандығының шапқыншылығы D) Хиуа хандығының шапқыншылығы
Е) аштықтың орын алуы
10. Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер:
А) 1847 жылы Майтөбеде В) 1847 жылы Меркіде С) 1847 жылы Ұлытауда
D) 1847 жылы Аққыстауда Е) 1847 жылы Ташкентте
№5.4. Тақырып. ХІХ ғасырдың соңындағы ұлт-азаттық қозғалыстар.
1. Сыр бойы қазақтарының XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған:
А) Ж.Нұрмұхамедұлы В) К.Қасымұлы С) Е.Көтібарұлы D) С.Қасымұлы Е) Есет батыр
2. Қазіргі Қазалы қаласы XIX ғасырда аталды:
А) Райым В) Перовск С) Гурьев D) Ақмешіт Е) Верный
3. 1856-1857 жылдары Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілістің тірегі болған қала:
А) Жаңақала В) Жаңақорған С) Қазалы D) Ақмешіт Е) Перовск
4. Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жылы:
А) 1843 жылы В) 1845 жылы С) 1848 жылы D) 1858 жылы Е) 1844 жылы
5.1858 жылы наурызда басталған Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі:
А) Әулиеата маңында болды В) Пішпек маңында болды С) Ташкент маңында болды
D) Ақмешіт маңында болды Е) Перовск маңында болды
6. Орал мен Торғай өңіріндегі көтеріліс қашан болды?
А) 1868 ж. желтоқсан-1869 ж. қазан В) 1867-1868 жылдары С) 1868 жылы шілде
D) 1870 жылы маусым Е) 1880 жылы мамыр
7. Орал, Торғай және Маңғыстау көтерілістерінің жеңілу себептері:
А) барлығы дұрыс В) саяси жоспардың болмауы С) ауызбіршіліктің болмауы
D) қару-жарақтың аздығы Е) сатқындық
8. Көтерілістің негізгі ерекшелігі?
А) еңбекші халық бұқарасының қатысуы, отаршылдық езгіге қарсы бағытталуы
В) қазақ шаруалары мен балықшылардың қатысуы С) қарапайым жұмысшылардың қатысуы
D) бай-сұлтандардың қатысуы Е) бәрі дұрыс
9. Маңғыстау қазақтарының көтерілісі қашан болды?
А) 1870 жылы В) 1869 жылы С) 1867 жылы D) 1868 жылы Е) 1866 жылы
10. Маңғыстау көтерілісінің жетекшілері:
А) Д.Тәжіұлы, И.Тіленбайұлы В) С.Түркібайұлы, Б.Оспанұлы С) Ж.Нұрмұхамедұлы
D) Есет батыр Е) Кенесары Қасымұлы
№5.5. Тақырып. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
1.”Тағы соғыс” мақаласының авторы:
А) Ә.Бөкейханов В) С.Сейфуллин С) Т.Рысқұлов D) А.Байтұрсынұлы Е) Ж.Аймауытов
2. 1916 жылғы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісші жазалау отрядын талқандап, қай жәрмеңкені басып алды?
А) Қарқара В) Тоқмақты С) Шу D) Ыстықкөл Е) Верный
3. А.Иманов бастаған қай ұрыс жеңіліспен аяқталған?
А) Доғал-Үрпек В) Торғай С) Күйік-қопа D) Татыр Е) Атырау
4. ”Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз” деген үнқағаз шығарған кім?
А) С.Ужгин В) Е.Е.Курев С) А.Куропткин D) Н.Кротов Е) А.Стаханов
5.1916 жылғы қыркүйектегі Торғай көтерілісшілерінің саны:
А) 20 мың В) 17 мың С) 15 мың D) 45 мың Е) 200 мың
6. 1916 жылғы көтеріліс туралы жазылған Ж.Аймауытовтың шығармасы:
А) «Қартқожа» В) «Өмір мектебі» С) «Өшпенділік»
D) «Батыр Баян» Е) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
7. 1916 жылы патша үкіметі қазақтардан қанша млн. десятина жерді тартып алды?
А) 40 млн. десятина В) 45 млн. десятина С) 25 млн. десятина
D) 38 млн. десятина Е) 17 млн. десятина
8. 1916 жылы ұлт-азаттық революцияның сипаты:
А) империализмге, отаршылыққа қарсылық В) феодализмге қарсылық
С) дүниежүзілік соғысқа қарсылық D) діни бөлінушілікке қарсылық Е) капитализмге қарсы
9. Патша жарлығына қарсы бағыттағы стихиялық бас көтерулер басталды:
А) 1916 ж. шілде В) 1916 ж. маусым С) 1916 ж. қыркүйек
D) 1916 ж. қараша Е) 1916 ж. қазан
10. Көтерілісшілерге соғыс ісін үйретіп жазалаушылар қолынан қаза тапқан:
А) Н.Кротов В) И.Долматов С) Е.Курев D) Д.Федосов Е) А.Стаханов
VІ Бөлім. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан.
№6.1. Тақырып . ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі саяси жағдайдың Қазақстанға әсері. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері.
1. 1910 жылғы Столыпин реформасының мақсаты:
А) революцияны тұншықтыру В) патша реформасын жүзеге асыру
С) қазақтардың жерін тартып алу D) салық жинау Е) қазақтарға жер бөліп беру
2. 1917 ж. Қазан төңерісі қарсаңындағы халықтан тартып алынған жер көлемі:
А) 45 млн. десятина В) 15 млн. десятина С) 50 млн. десятина
D) 4 млн. десятина Е) 17 млн. десятина
3. 1905 жылы Успен кенішінде құрылған, ереуілге басшылық еткен алғашқы жұмысшы ұйымының атауы:
А) «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» В) «Орыс-қырғыз одағы»
С) «Қоныстандыру қоры» D) «Атбасар мыс кендері» Е) «Талап»
4. ХХ ғасырдың басында “Қоныстандыру қоры” айналысты:
А) қазақтардың жерін тартып алумен В) патша реформасын жүзеге асырумен
С) қазақтарға жер бөліп берумен D) салық жинаумен Е) аграрлық саясатпен
5.1906 жылы Семей қаласындағы ереуілге шыққандардың талаптары:
А) күшпен қосымша еңбек етуге тыйым салу В) жалақыны көтеру С) әйелдер құқығын қорғау
D) жұмыс күнін 10 сағатқа қысқарту Е) қалыңмалға тыйым салу
6. ІV Мемлекеттік Думада патша үкіметінің отаршыл әкімшілігін сынаған:
А) А.Ф.Керенский В) А.М.Шоқай С) Т.Рысқұлов D) М.Корнилов Е) Ш.Құдайбердиев
7. Алаш партиясының төрағасы:
А) Ә.Бөкейханов В) М.Дулатов С) М.Шоқай D) М.Тынышбаев Е) І.Жансүгіров
8. «Алаш» партиясының мүшелері:
А) С.Торайғыров, Ш.Құдайбердиев В) С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов С) Б.Майлин, І.Жансүгіров
D) С.Сейфулин, М.Жұмабаев Е) С.Сейфуллин, Т.Рыскұлов
9. Түркістан автономиясының құрылғанын большевиктер қалай қарсы алды?
А) автономияны жоймақшы болды В) қуанышпен қарсы алды С) автономияны қорғады
D) автономия құрылғанын білмеді Е) барлығы дұрыс
10. Ә.Бөкейханов «Жаңарған Ресейдің азат азаматтары-қазақтарға» деген үндеуінде нені баса айтты?
А) қазақтарға ұйымдасу қажеттігін В) автономия құруды С) төңкерісті жалғастыруды
D) кеңестерге қарсы шығуды Е) тыныштық сақтауды
№6.2. Тақырып. 1917 жылғы төңкерістер Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Ұлттық автономиялардың құрылуы.
1. XX ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық санасын оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші, бұрын кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған :
А) Ә.Бөкейханов В) М.Шоқай С) М.Дулатов D) Т.Рысқұлов Е) А.Байтұрсынов
2.1917 жылы 21-26 желтоқсан аралығында жалпықазақ съезі өткен қала:
А) Орынбор В) Верный С) Семей D) Орал Е) Омбы
3. Верныйда «Қара жұмысшылар одағы» құрылған жыл:
А) 1917 жыл В) 1918 жыл С) 1920 жыл D) 1921 жыл Е) 1922 жыл
4. «Жас арбакештер одағы» құрылды:
А) Петропавлда В) Сергиопольде С) Верныйда
D) Орынборда Е) Ақмолада
5. 1917 жылы «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды:
А) Әулиеата мен Меркеде В) Петропавлда С) Сергиопольде
D) Верныйда Е) Торғайда
6. Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды:
А) «Қазақ» газетінде В) «Ұшқын» газетінде С) «Айқап»
D) «Дала алаяты»газетінде Е) «Егемен Қазақстан» газеті
7. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанның солтүстік-батыс облыстарында кадеттер ұйымы өз газетін шығарып тұрды:
А) «Свободная речь» В) «Туркестанский вестник» С) «Дала уалаяты» газеті
D) «Қазақ» газеті Е) «Егемен Қазақстан» газеті
8. Тыл жұмыстарына Петропавлдан алынғандар қайтып келген соң ќұрған ұйым:
А) «Жас арбакештер одағы» В) «Қара жұмысшылар одағы»
С) «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» D) «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын»
Е) «Талап»
9. 1917 жылы құрылған тұңғыш мұсылман партиясы:
А) «Алаш» партиясы В) кадеттер партиясы С) «Ақ жол» партиясы
D) большевиктер партиясы Е) коммунистер партиясы
10. Қоқан астанасы болған автономия:
А) Түркістан автономиясы В) Қазақ АКСР-і С) Қазақ КСР-і
D) Түркістан АКСР-і Е) Ферғана автономиясы
№ 6.3. Тақырып Азамат соғысы. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты. Қазақ АКСР-нің құрылуы. 1920-21 жылдардағы Қазақстандағы саяси-экономикалық жағдай.
1. 1926 жылғы санақ бойынша республика халқының саны қанша еді?
А) 5 млн. 230 мың В) 9 млн. 180 мың С) 9 млн. 230 мың
D) 10 млн. 200 мың Е) 6 млн. 235 мың
2. Атаман Дутов Орынборды қашан басып алды?
А) 1918 ж. маусымда В) 1917 ж. желтоқсанда С) 1918 ж. шілдеде
D) 1919 ж. мамырда Е) 1919 ж. қараша
3. Қазақ жеріне ерекше қатігездік көрсеткен атамандар:
А) Дутов пен Анненков В) Колчак пен Юденич С) Алексеев пен Дутов
D) Анненков пен Колчак Е) Дутов пен Колчак
4. 1918 жылы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына енгізілген облыстар:
А) Сырдария, Жетісу В) Астрахань, Бөкей ордасы С) Ақмола, Торғай
D) Орынбор облысы Е) Орал, Торғай
5. Алаш зиялыларын Кеңес өкіметі жағына шақырған ағартушы гуманист:
А) А.Байтұрсынов В) М.Жұмабаев С) Т.Рысқұлов D) Б.Майлин Е) С.Сейфуллин
6. Торғай облысының Уақытша үкіметінің комиссары:
А) Ә.Бөкейханов В) М.Шоқай С) Т.Рысқұлов D) С.Сейфуллин Е) А.Байтұрсынов
7. Алашорданың уақытша орталығы болған қала:
А) Семей В) Верный С) Қостанай D) Тараз Е) Торғай
8. Ә.Жангелдин Қазақстандағы қай майданға қару-жарақ әкелді?
А) Ақтөбе майданына В) Түркістан майданына С) Жетісу майданына
D) Орал майданына Е) Торғай майданына
9. 1918 жылы қарашада атаман Дутовтың «Әскери үкіметі» орнаған қала:
А) Орынбор В) Торғай С) Ақтөбе D) Орал Е) Жетісу
10. Солтүстік Жетісу майданы қашан жойылды?
А) 1920 ж. наурыз В) 1920 ж. қыркүйек С) 1920 ж. маусым
D) 1920 ж. қараша Е) 1920 ж. қазан
11. Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының 1920-1924 жылдардағы астанасы:
А) Орынбор В) Орал С) Ақмешіт D) Верный Е) Перовск
12. Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Орталық Атқару комитетінің төрағасы:
А) С.Меңдешов В) М.Сералин С) С.Пестковский D) М.Тұнғаншин Е) А.Бөкейханов
13. Қай жылы Жаңа эканомикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды?
А) 1921 жылы В) 1920 жылы С) 1922 жылы D) 1923 жылы Е) 1925 жылы
14. Жаңа эканомикалық саясаттың белгілері қандай болды?
А) берілген жауаптардың бәрі дұрыс В) ауыл шаруашылығына несие беру
С) сауда еркіндігі D) азық түлік салығы Е) ерікті еңбек ету
15. «Нақты ет салығы» туралы декретке байланысты қазақтар қашан ет салығынан босатылды?
А) 1921 ж. 14 маусым В) 1922 ж. 15 тамыз С) 1922 ж. 1 ақпан
D) 1920 ж. 19 қараша Е) 1924 ж. 24 қазан
16.1921 -22 жылдардағы аштықтың қазақ халқына тигізген басты зардабы қандай?
А) демографиялық жағдай ауырлады В) салық көбейтілді
С) қазақтар малынан айырылды D) шаруашылық тоқтады
Е) демографиялық жағдай жақсарды
17. Ақшалай салық қашан енгізілді?
А) 1924 ж. 1 қаңтар В) 1924 ж. 22 желтоқсан С) 1924 ж. 22 сәуір
D) 1924 ж. 2 шілде Е) 1924 ж. 1 қазан
18. Ақмола және Семей облыстары қашан Қазақ АКСР құрамына кірді?
А) 1924 жыл В) 1919 жыл С) 1923 жыл D) 1921 жыл Е) 1920 жыл
19. ЖЭС қаншасыншы жылға дейін созылды?
А) 1928 жыл В) 1941 жыл С) 1950 жыл D) 1936 жыл Е) 1937 жыл
20. А.Байтұрсынов пен М.Сералин қай аймақты республика құрамына қосу қажеттігін дәлелдеді?
А) Қостанай В) Ақмола С) Павлодар D) Орынбор Е) Астрахань
№ 6.4. Тақырып Индустрияландыру бағыты.
1. Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді:
А) 1931 жылы В) 1929 жылы С) 1928 жылы D) 1932 жылы Е) 1933 жылы
2. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады» деп айтқан қайраткер:
А) С.Садуақасов В) О.Қожанов С) Т.Рысқұлов D) О.Жандосов Е) С.Сейфуллин
3. Ф.И.Голощекин ұсынған идея:
А) «Кіші Қазан» В) «әскери коммунизм» С) азық-түлік салғырты
D) индустрияландыру Е) «Қайта құру»
4. И.М.Губкиннің «Бұл кен орны елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңір:
А) Орал-Ембі В) Маңғыстау С) Атырау D) Құмкөл Е) Қарашығанақ
5. Түрксіб темір жолы жалғастырды:
А) Орта Азия мен Сібірді В) Орта Азия мен Оралды С) Кавказ мен Орта Азияны
D) Жетісу мен Орынборды Е) Сібір мен Қытайды
6. Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі:
А) Н.С.Курнаков В) И.М.Губкин С) О.Жандосов D) Т.Жүргенов Е) Қ.Сәтбаев
7. Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті:
А) 3 жылда В) 1 жылда С) 2 жылда D) 4 жылда Е) 6 жылда
8. 1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны:
А) 375 мың В) 280 мың С) 300 мың D) 353 мың Е) 315 мың
9. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді:
А) шикізат көздерін игеру В) жеңіл өнеркәсіп С) машина жасау
D) энергетика кәсіпорны Е) трактор өндірісі
10. Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс:
А) әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару В) ғылыми негізде басқару
С) жергілікті жағдайға негізделе отырып басқару D) ұлттық негізде басқару
Е) демократиялық жүйеде басқару
№ 6.5. Тақырып. Ауыл шаруашылығын құрудың Сталиндік-Голощекиндік үлгісі. Ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптары. 1920-1930 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар
1. Аштық салдарынан 1932 жылы қанша адам қайтыс болды?
А) 769 мың В) 5 мың С) 10 мың D) 755 мың Е) 690 мың
2. Аштық жылдарында «Бесеудің хаты» кімге жолданды?
А) Ф.И.Голощекинге В) И.В.Сталинге С) В.И.Ленинге D) Н.И.Ежов Е) Т.Рысқұлов
3. «Асыра сілтеу боламасын, аша тұяқ қалмасын» ұранын көтерген облыс:
А) Торғай В) Семей С) Қарағанды D) Орал Е) Ақмола
4. «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» заң қашан шықты?
А) 27 тамыз, 1928 жыл В) 29 наурыз, 1927 жыл С) 12 желтоқсан, 1927 жыл
D) 12 қараша, 1926 жыл Е) 20 тамыз, 1920 жыл
5. Ашаршылық салдарынан Қазақстан қанша адамынан айрылды?
А) 2 млн. 100 мың В) 3 млн. 300 мың С) 1 млн. 200 мың
D) 1 млн. 500 мың Е) 2 млн. 400 мың
6. Қазақстанда «Мал шаруашылығын көтеру туралы» қаулы қашан қабылданды?
А) 1932 ж. 17 қыркүйек В) 1932 ж. 24 қаңтар С) 1932 ж. 9 тамыз
D) 1932 ж. 12 наурыз Е) 1932 ж. 20 қараша
1933 жылы наурызда кім Сталинге ашық хат жолдады?
А) Т.Рысқұлов В) А.Байтұрсынов С) Ғ.Мүсірепов D) С.Сәдуақасов Е) А.Бөкейханов
№ 6.6. Тақырып. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы мәдениеттің дамуы.
Қазақстан Коммунистік партиясы мен Комсомол тарихы.
1. Сауатсыздықты жою қоғамы ұйымдастырылды:
А) 1924 жылы В) 1936 жылы С) 1927 жылы D) 1937 жылы Е) 1925 жылы
2. Республиканың Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады:
А) 1926 жылы В) 1936 жылы С) 1937 жылы D) 1931 жылы Е) 1932 жылы
3. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды:
А) 1934 жылы В) 1927 жылы С) 1937 жылы D) 1928 жылы Е) 1933 жылы
4. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды:
А) 1932 жылы В) 1937 жылы С) 1934 жылы D) 1928 жылы Е) 1925 жылы
5. Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды:
А) 1926 жылы В) 1936 жылы С) 1934 жылы D) 1927 жылы Е) 1938 жылы
6. 1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды:
А) А.Жұбанов В) Н.Тілендиев С) А.Затаевич D) Е.Рахмадиев Е) Е.Серкебаев
7. «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтардың авторы:
А) А.Затаевич В) А.Жұбанов С) Ә.Қашаубаев D) Е.Рахмадиев Е) Н.Тілендиев
8. Қазақ Ғылым Академиясы ашылды:
А) 1946 жылы В) 1942 жылы С) 1938 жылы D) 1937 жылы Е) 1939 жылы
9. Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны педагогикалық институт 1928 ашылып, оған кейін есімі берілді:
А) Абайдың В) Жамбылдың С) А.Жұбановтың D) С.Асфендияровтың Е) А.Затаевич
10. 1930 жылдары өзге республикалардың жоғары оқу орындары мен техникумдарында білім алған қазақстандық жастар саны:
А) 20 мыңдай В) 15 мыңдай С) 30 мыңдай D) 25 мыңдай Е) 10 мыңдай
11. Ең алғаш Қазақстанда маркстік ұйым қашан және қай қалада құрылды?
А) 1902 жылы, Атбасарда В) 1905 жылы, Орынборда С) 1906 жылы, Перовскіде
D) 1917 жылы, Верныйда Е) 1905 жылы, Оралда
12. Мәскеу қаласында РКФСР түркі халықтары коммунистерінің І Бүкілресейлік кеңесі қашан болып өтті?
А) 1921 жылы 1-2 қаңтар В) 1922 жылы 5 наурыз С) 1923 жылы 15 қараша
D) 1924 жылы 7 қараша Е) 1925 жылы 7 қазан
13. Комсомол ұйымының жетекшісі, Түркістан жастарының аса көрнекті ұйымдастырушысы:
А) Ғ.Мұратбаев В) Ғ.Сұлтанов С) С.Асфеньдияров D) М.Шығаев Е) Х.Досмухамедов
14. Қазақстан өлкелік комсомол ұйымы Қазақстан лениншіл коммунистік жастар одағы болып қайта құрылған жыл:
А) 1937 жыл В) 1938 жыл С) 1939 жыл D) 1940 жыл Е) 1941 жыл
15. «Спартак» атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары-Ленин атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары болып құрылған жыл:
А) 1924 жыл В) 1925 жыл С) 1926 жыл D) 1927 жыл Е) 1928 жыл
VІІ Бөлім. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
№ 7.1. Тақырып. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси қуғын-сүргін.
ХХ ғасырдың ортасындағы зиялы қауым өкілдерін қудалау.
1. Лаңкестік жаппай сипат алды:
А) 1937-1938 жылдары В) 1931-1933 жылдары С) 1918-1920 жылдары
D) 1941-1945 жылдары Е) 1950-1960 жылдары
2. 1931 жылы Қарағанды облысының, Осакаров ауданында негізінен пайда болды:
А) 25 қоныс обсервация В) 35 қоныс обсервация С) 45 қоныс обсервация
D) 55 қоныс обсервация Е) 65 қоныс обсервация
3. 101 мың қазақстандық ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде атылғандары:
А) 27 мыңнан астамы В) 37 мыңнан астамы С) 47 мыңнан астамы D) 57 мыңнан астамы
Е) 67 мыңнан астамы
4. 1930 жылы Қазақ АКСР БМСБ атуға үкім шығарды:
А) Ж.Аймауытов В) С.Сәдуақасов С) Ғ.Мүсірепов D) А.Байтұрсынов Е) Ә.Бөкейханов
5. КСРО Конституциясы қабылданды:
А) 1936 жыл В) 1937 жыл С) 1938 жыл D) 1939 жыл Е) 1940 жыл
6. Қазақ КСР-інің Конституциясы қабылданды:
А) 1937 жыл В) 1938 жыл С) 1939 жыл D) 1940 жыл Е) 1941 жыл
7. 1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне сайланған депутат-қазақтардың саны:
А) 300 депутат В) 152 депутат С) 200 депутат D) 150 депутат Е) 350 депутат
8. 1938 жылы 15 шілдеде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын кім ашты?
А) Ж.Жабаев В) И.Сталин С) Ф.Голощекин D) С.Меңдешов Е) Д.Қонаев
9. Лаңкестіктің құрбаны болған, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы:
А) С.Асфендияров В) С.Сәдуақасов С) Қ.И.Сәтбаев D) А.Байтұрсынов Е) М.Жұмабаев
10. Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагерде (АЛЖИР) төмендегі қай мемлекет қайраткерінің әйелі мен қызы азап шекті:
А) Т.Рысқұловтың В) Ғ.Мүсірепов С) С.Сәдуақасов D) А.Байтұрсынов Е) Ә.Бөкейхановтың
№ 7.2. Тақырып. Қазақстанға халықтарды депортациялау
1.Этностың өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, соған байланысты сонда қалып қойған этникалық азшылық қалай аталады?
А) ирредента В) этнос С) диаспора D) ассоциация Е) ассамблея
2. Қазақтардың тарихи отанына оралу мәселесі үкімет деңгейінде шешіле бастаған кезең:
А) ХХ ғасырдың 90 жылдары В) ХХ ғасырдың 80 жылдары С) ХХ ғасырдың 70 жылдары
D) ХХ ғасырдың 60 жылдары Е) ХХ ғасырдың 50 жылдары
3. Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешіміне сәйкес республиканың Министрлер Кабинеті «Өзге республикалар мен шетелдерден Қазақстанға келіп, ауылшаруашылығында еңбек етуге тілек білдірген жергілікті ұлт өкілдерін көшіріп алу тәртібі мен жағдайлары туралы» қаулы қашан қабылданды?
А) 1991 жылы В) 1992 жылы С) 1993 жылы D) 1994 жылы Е) 1995 жылы
4. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы қашан, қай қалада өтті?
А) 1992 жылы, Алматыда В) 1993 жылы, Астанада С) 1994 жылы, Түркістанда
D) 1995 жылы, Қызылордада Е) 1996 жылы, Қарағандыда
5. Дүниежүзі қазақтарының екінші Құрылтайы қашан, қай қалада өтті?
А) 2002 жылы, Түркістанда В) 2003 жылы, Астанада С) 2004 жылы, Алматыда
D) 2006 жылы, Қызылордада Е) 2005 жылы, Ақтөбеде
VІІІ Бөлім. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.
№ 8.1. Тақырып. Қазақстан-майдан арсеналы. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында.
1. Ұлы отан соғысы басталды:
А) 1941 жыл В) 1937 жыл С) 1927 жыл D) 1924 жыл Е) 1917 жыл
2. Берлин операциясының басталған уақыты:
А) 1945 жыл 16 сәуір В) 1944 жыл 16 сәуір С) 1942 жыл 16 сәуір D) 1939 жыл 16 сәуір
Е) 1943 жыл 21 қаңтар
3. Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген, екі мәрте Кеңес одағының батыры:
А) С.Луганский В) Р.Қошқарбаев С) И.Кожедуб D) И.Павлов Е) Т.Бигельдинов
4. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақстандық халық Қаһарманы:
А) Р.Қошқарбаев В) С.Луганский С) И.Кожедуб D) И.Павлов Е) Т.Бигельдинов
5. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандық партизандардың жалпы саны:
А) 3,5 мың адам В) 4,5 мың адам С) 5 мың адам D) 3 мың адам Е) 2 мың адам
6. Днепр үшін ұрыста 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес одағының батыры атанды:
А) Ж.Елеусізов В) Қ.Қайсенов С) Р.Қошқарбаев D) Т.Бигелдинов Е) С.Луганский
7. Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған:
А) Т.Тоқтаров В) Б.Момышұлы С) Т.Бигелдинов D) Қ.Қайсенов Е) Р.Қошқарбаев
8. Н.Назарбаевтың үкімімен Б.Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді:
А) 1998 жылы В) 1997 жылы С) 1999 жылы D) 1990 жылы Е) 1988 жылы
9. Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді:
А) 1942 жылы В) 1941 жылы С) 1943 жылы D) 1945 жылы Е) 1941 жылы
10. Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес одағының Батыры атағы берілді:
А) Берлин шайқасында В) Мәскеу үшін шайқаста С) Ленинград үшін шайқаста
D) Сталинград үшін шайқаста Е) Днепр үшін шайқаста
11.Ұлы Отан соғысы жылдары әрбір нешінші Қазақстандық майданға аттанды?
А) бесінші В) екінші С) тоғызыншы D) бірінші Е) төртінші
12. Қазақтың батыр қызы, пулеметші:
А) Мәншүк В) Хиуаз С) Әлия D) Амина Е) Бибігүл
13. 1998 жылы Халық Қаhарманы атағы кімге берілді?
А) Б.Бейсекбаев В) Д.Шыныбеков С) Қ.Сыпатаев D) Г.Булатов Е) С.Луганский
14. Халық Қаhарманы атағы берілген партизан-жазушы:
А) Қ.Қасенов В) Қ.Сыпатаев С) Ж.Елеусізов D) А.Егоров Е) Қ.Сыпатаев
15. Қазақтың батыр қызы, мерген:
А) Әлия В) Мәншүк С) Хиуаз D) Ғалия Е) Бибігүл
16. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанға көшірілген поляктар саны:
А) 102 мың В) 100 мың С) 50-60 мың D) 10-90 мың Е) 1 млн.
17. Мемлекеттік еңбек резервтерінің жүйесі пайда болды:
А) 1940 жылы В) 1945 жылы С) 1942 жылы D) 1941 жылы Е) 1943 жылы
18. М.Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы:
А) 100-ші В) 50-ші С) 200-ші D) 15-ші Е) 38-ші
19. Ұлы Отан соғысы қарсаңында пайдалануға берілген темір жол желісі:
А) Атырау-Қаңдыағаш В) Тараз-Түркістан С) Ақмола-Қарталы
D) Жайық-Көшім Е) Шоқпар-Айнабұлақ
20. «Павлов үйін» қорғауда ерлік көрсеткен, Оңтүстік Қазақстандық жауынгер:
А) Толыбай Мырзаев В) Ғани Сафиуллин С) Нүркен Әбдіров
D) Қасым Аманжолов Е) Ғани Мұратбаев
ІХ Модуль. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан
№9.1. Тақырып. 1950 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан. ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы толқулар.
1. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді:
А) 1947 жыл В) 1946 жыл С) 1954 жыл D) 1953 жыл Е) 1952 жыл
2. Тың игерушілер барар жеріне дейін тегін көшірілді және әр отбасына көрсетілді:
А) 500-1000 сом көмек В) 500-600 сом көмек С) 150-200 сом көмек
D) 400-500 сом көмек Е) 1000-2000 сом көмек
3. Тың игеру жүргізілген облыстар:
А) Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Торғай
В) Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе
С) Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Орал
D) Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Атырау
Е) Павлодар, Семей, Қарағанды, Торғай, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл
4. Карточка жүйесі жойылды:
А) 1947 жыл В) 1943 жыл С) 1954 жыл D) 1953 жыл Е) 1955 жыл
5. Сталин қайтыс болды:
А) 1953 жыл В) 1946 жыл С) 1947 жыл D) 1954 жыл Е) 1955 жыл
6. Қазақстанда 1961 жылы шаңырақ көтерген институт:
А) Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі, әдебиет және өнер институты
В) Алматы педагогикалық институты
С) Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институты
D) Қазақ мемлекеттік қыздар институты
Е) Қарағанды мұғалімдер институты
7. «Қазақ КСР тарихының» екі томдығы жарияланды:
А) 1957-1959 жылдары В) 1965-1967 жылдары С) 1950-1955 жылдары
D) 1945-1947 жылдары Е) 1948-1949 жылдары
8. Соғыстан кейінгі жылдары көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген:
А) Ә.Марғұлан В) М.Әуезов С) Д.Қонаев D) Қ.Сәтбаев Е) А.Н.Самойлович
9. «КСРО-да социализм толық және түпкілікті жеңіске жетті» деген партиялық тұжырым қабылданды:
А) 1950 жылдардың соңында В) 1940 жылдардың соңында С) 1980 жылдардың соңында
D) 1930 жылдардың соңында Е) 1960 жылдардың соңында
10. «Шопан әні», «Сұхбат» атты суреттердің авторы:
А) М.Кенбаев В) А.Степанов С) Қ.Телжанов D) С.Мәмбеев Е) Н.Г.Хлудов
11. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған:
А) И.Худенко В) А.Қадыров С) Н.Ким D) Д.Қонаев Е) Ы.Жақаев
12. 1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісі:
А) Неміс автономиялық облысын құру туралы шешімнің қабылдануы
В) Қазақстанда ұлт мәселесінің толық шешілмеуі
С) орыс тілін оқытуды жақсартуға көңіл бөлінбеуі
D) О.Сүлейменовтың «АЗиЯ»атты кітабының жарық көруі
Е) әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі
13. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл:
А) 1978 жыл В) 1980 жыл С) 1979 жыл D) 1977 жыл Е) 1988 жыл
14. Әбу Насыр әл-Фараби туралы жазылған «Ұстаздың қайтып оралуы» романының авторы:
А) Әнуар Әлімжанов В) Ғабит Мүсірепов С) Ілияс Есенберлин
D) Жұбан Молдағалиев Е) Нұрпйіс Байғанин
15.1960-1970 жылдары катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтере білген ғалым:
А) Д.Сокольский В) Ә.Марғұлан С) Е.Бөкетов D) У.Ахметов Е) А.И.Бараев
16. 1960-1970 жылдары гидрогеология және гидрофизика ғыламдары саласында нәтижелі еңбек еткен ғалым:
А) У.Ахметсафин В) Ә.Марғұлан С) Д.Сокольский D) Е.Бөкетов Е) А.И.Бараев
17. 1960-1970 жылдары генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен ғалым:
А) М.Айтхожин В) Ә.Марғұлан С) Д.Сокольский D) Е.Бөкетов Е) А.И.Бараев
18. Тұңғыш ғарышкерге арналған «Адамға табын, Жер, енді» поэмасының авторы:
А) Олжас Сүлейменов В) Мұқағали Мақатаев С) Әбіш Кекілбаев
D) Бауыржан Момышұлы Е) Шерхан Мұртаза
19. 1970 жылдарда «болашағы жоқ» елді мекендердегі жабылған мектептердің көпшілігі:
А) шағын комплектілі мектептер В) лицей-мектептер С) орыс-қазақ мектептері
D) мектеп-гимназиялар Е) орта мектептер
20. Этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырған:
А) Н.Тілендиев В) К.Күмісбеков С) Н.Есқалиев D) Е.Рахмадиев Е) Ә.Қашаубаев
№ 9.2. Тақырып. Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде.
1. КСРО–да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіне қадам жасалды:
А) 1987 жылы В) 1981 жылы С) 1988 жылы D) 1991 жылы Е) 1984 жылы
2. 1986 жылы желтоқсанның 16 күні Қазақстан КОКП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады:
А) Г.Колбинді В) Д.Қонаевты С) Н.Назарбаевты
D) Ж.Шаяхметовты Е) М.Горбачевты
3. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы:
А) М.Шаханов В) Е.Асанбаев С) Қ.Рысқұлбеков
D) Н.Назарбаев Е) О.Сүлейменов
4. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны:
А) 8500-ге жуық В) 4500-ге жуық С) 3500-ге жуық
D) 1500-ге жуық Е) 500-ге жуық
5. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар:
А) «Бұрқасын-86» В) «Қайта құру-86» С) «Желтоқсан-86»
D) «Бұрқақ-86» Е) «Бүркіт-86»
6. «Қазақ КСР-індегі Тілдер туралы Қазақ КСР-нің Заңы» қабылданды:
А) 1989 жылдың 22 қыркүйегінде В) 1990 жылдың 22 қыркүйегінде
С) 1995 жылдың 22 қыркүйегінде D) 1991 жылдың 22 қыркүйегінде
Е) 1992 жылдың 22 қыркүйегінде
7. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған көрнекті ақын, философ:
А) Ш.Құдайбердиев В) М.Әуезов С) С.Сейфуллин D) М.Жұмабаев Е) Т.Рысқұлов
8. Кеңес Одағы Ауғанстандағы басқыншы әскерін алып кетуді аяқтады:
А) 1989 жылы В) 1991 жылы С) 1988 жылы D) 1985 жылы Е) 1979 жылы
9. Прагада Варшава шарты ұйымының жұмысы тоқтатылды:
А) 1991 жылы В) 1989 жылы С) 1988 жылы D) 1987 жылы Е) 1996 жылы
10. 1989 жылдың шілдесінде жұмысшылардың бас көтеруі өткен қала:
А) Қарағанды В) Шымкент С) Алматы D) Жаңатас Е) Ақмола
Х Бөлім. Тәуелсіз Қазақстан. 1991-2015 жылдар.
1. 1991 жылы желтоқсанның 8-і күні үш славян мемлекетінің басшылары бас қосқан қала:
А) Минск В) Киев С) Астана D) Алматы Е) Мәскеу
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қашан қабылданды?
А) 1991 жылы 16 желтоқсан В) 1991 жылы 1 желтоқсан С) 1991 жылы 10 желтоқсан
D) 1991 жылы 17 желтоқсан Е) 1990 жылы 25 қазан
3. Қазақстан Республикасы атауы қабылданды:
А) 1991 жылы 10 желтоқсанда В) 1991 жылы 8 желтоқсанда
С) 1991 жылы 19 желтоқсанда D) 1991 жылы 13 желтоқсанда
Е) 1991 жылы 1 желтоқсан
4. Н.Назарбаевтың 1984-1989 жылдары аралығында атқарған қызметі:
А) Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
В) Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы
С) Қазақ КСР-нің Президенті
D) Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы
Е) Теміртау қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы
5. 1992 жыл 2 наурыз –
А) Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды
В) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі жарияланды
С) Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып аталды
D) Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды
Е) Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы жарияланды
6. Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды:
А) 1992 жыл, 4 маусымында В) 1992 жыл, 4 желтоқсанында
С) 1992 жыл, 4 қарашасында D) 1995 жыл, 4 қарашасында
Е) 1993 жыл, 4 маусымында
7. 1993 жылдың 13 желтоқсанында Жоғарғы Кеңестің таратылғанын ресми түрде жариялаған:
А) С.Әбділдин В) Д.Қонаев С) З.Нұрқаділов D) Ұ.Қажыгелдин Е) Ә.Кекілбаев
8. Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа Парламент тұрақты жұмыс істей бастады:
А) 1996 жылдың 30 қаңтарынан В) 1995 жылдың 25 желтоқсанынан
С) 1991 жылдың 23 қарашасынан D) 1994 жылдың 30 тамызынан
Е) 1995 жылдың 1 қаңтарынан
9. Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары 1998 жылы бас қосқан қала:
А) Алматы В) Бішкек С) Киев D) Мәскеу Е) Пекин
10. Алғашында «Шанхай бестігі» (кейіннен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталды) басшыларының алғашқы кездесуі өтті:
А) 1996 жылы 26 сәуірде В) 1990 жылы 22 сәуірде С) 1998 жылы 6 сәуірде
D) 1994 жылы 16 сәуірде Е) 1997 жылы 25 қазанда
11. Қазақстанда жекешелендірудің II кезеңі басталды:
А) 1994 жылдың көктемінде В) 1991 жылдың қысында С) 1993 жылдың жазында
D) 1993 жылдың күзінде Е) 1996 жылдың аяғында
12. Тарихи ақтаңдақтарды әйгілеп, бұхаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1999 жыл жарияланды:
А) Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы В) Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы
С) Рухани келісім жылы D) Ұлт пен ұлыстар жылы Е) Рухани жаңғыру жылы
13. Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың диалогиясы:
А) «Дарабоз» В) «Соңғы парыз» С) «Қызыл жебе» D) «Дара тұлға» Е) «Данагөй»
14. 1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі:
А) Тарих толқынында В) «Қазақстан-2030» С) Өркениеттің адасуы
D) Сындарлы он жыл Е) Тәуелсіздік толғауы
15. 1998 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты шығара бастаған жаңа журнал:
А) «Отан тарихы» В) «Отан» С) «Қазақ елі» D) «Көшпенділер» Е) «Қазақтар»
16. Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың еңбегі:
А) Өркениеттің адасуы В) Соңғы парыз С) Көне түркілер D) АЗиЯ Е) Қазақтар
17. Халық жазушысы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі:
А) Жазу тілі В) АЗиЯ С) Көне түркілер D) Қызыл жебе Е) Қара маржан
18. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған ақын:
А) Ж.Жабаев В) С.Мұқанов С) Қ.Аманжолов D) А.Құнанбаев Е) М.Әуезов
19. 2005 жылы 5 томы жарық көрген Ұлттық энциклопедия:
А) Қазақстан В) Абай С) Абылай D) Көшпенділер Е) Отан
20. 1999 жылы Қаныш Сәтпаевтың 100 жылдығына орай жазылған (Сәтбаев әлемі) жинағының авторы:
А) М.Сәрсекен В) Қ.Телжанов С) О.Сүлейменов D) М.Шаханов Е) Ә.Әлімжанов
21. Қазақстан Республикасы 2015 жылға білім беруді дамыту тұжырымдамасы қабылданды:
А) 2004 жыл В) 2005 жыл С) 2006 жыл D) 2005 жыл Е) 2006 жыл
22. Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшқан жылы:
А) 1994 жыл В) 1992 жыл С) 1993 жыл D) 1998 жыл Е) 2000 жыл
23. Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылданған жыл:
А) 1994 ж. 6 шілде В) 1997 ж. 4 қазан С) 1998 ж. 12 маусым
D) 1996 ж. 1 желтоқсан Е) 1998 ж. 10 қазан
24. Тәуелсіз Қазақстанда экономикалық реформаларды дамыту жағдайында қанша коммерциялық банктер құрылды?
А) 30-дан астам В) 25 жуық С) 40 D) 14 Е) 400
25. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін мойындаған мемлекеттер саны:
А) 30 В) 18 С) 44 D) 79 Е) 80
26. Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы қашан өткізілді?
А) 1992 ж. 14 желтоқсан В) 1990 ж. 5 наурыз С) 1993 ж. 27 тамыз
D) 1994 ж. 3 сәуір Е) 1995 ж. 10 наурыз
27. Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні:
А) 15 қараша В) 1 қараша С) 16 желтоқсан D) 1 қаңтар Е) 10 қазан
28. Жамбыл қаласына Тараз атауы қашан берілді?
А) 1997 жылы 8 қаңтарда В) 1999 жылы 11 наурызда С) 2000 жылы 14 сәуірде
D) 1998 жылы 14 желтоқсанда Е) 1993 жылы 8 маусым
29. 1992 жылы қыркүйекте Алматыда өткен дүние жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайына әлемнің қанша елінен отандастарымыз келді?
А) 13 елден В) 10 елден С) 15 елден D) 19 елден Е) 130 елден
30. 1992 жылдың соңында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қанша мемлекет таныды?
А) 106 ел В) 150 ел С) 30 ел D) 61 ел Е) 18 ел
31. 1992 жылдың соңында Қазақстан қанша мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты?
А) 61 елмен В) 30 елмен С) 106 елмен D) 150 елмен Е) 160 елмен
32. Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты қай жылы болды?
А) 1993 жылы 17 желтоқсан В) 1992 жылы 27 кыркүйек С) 1992 жылы 4 қазан
D) 1995 жылы 12 желтоқсан Е) 1991 жылы 10 желтоқсан
33. Қазіргі таңда Қазақстанда қанша облыс бар?
А) 14 облыс В) 19 облыс С) 16 облыс D) 12 облыс Е) 15 облыс
34. 1993 жылдың соңында Қазақстанда ресми тіркелген партиялардың саны санша болды?
А) 4 партия В) 7 партия С) 17 партия D) 15 партия Е) 19 партия
35. Ел Президентінің Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарған уақыты:
А) 1998 жылы 6 мамыр В) 1997 жылы 10 желтоқсан С) 1998 жылы 7 мамыр
D) 1997 жылы 6 мамыр Е) 1995 жылы 6 маусым
36. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланған халықаралық келісім:
А) Лиссабон хаттамасы В) Беловеж келісімі С) Мәскеу хаттамасы
D) Ашхабад келісімі Е) Алматы келісімі
37. Қазақстан Республикасы және оның атқарушы өкіметінің басшысы:
А) Президент В) Үкімет С) Парламент D) Конституциялық Кеңес Е) Сенат
38. Конституция бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қанша мерзімге сайланады?
А) 7 жыл В) өмірлік С) 5 жыл D) белгісіз мерзімге Е) 6 жыл
39. Қазақстанда көппартиялық жүйе қашан қалыптасты?
А) 1993 жылы В) 1995 жылы С) 1992 жылы D) 1991 жылы Е) 1997 жылы
40. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы заң қай жылы күшіне енді?
А) 1998 жылы 1 қаңтар В) 1995 жылы 1 қаңтар С) 1995 жылы 1 қаңтар
D) 1997 жылы 1 қаңтар Е) 2007 жылы 1 қаңтар
41. Ақмола қаласы қай жылы ресми астана болып белгіленді?
А) 1997 жылы 10 желтоқсан В) 1998 жылы 6 мамыр С) 1998 жылы 10 маусым
D) 1997 жылы 6 шілде Е) 1994 жылы 25 қазан
42. Елбасының жаңа, дәстүрлі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы қашан жарияланды?
А) 2018 жыл, 5 қараша В) 2018 жыл, 5 қазан С) 2018 жыл, 10 қараша
D) 1999 жыл, наурыз Е) 1998 жыл, мамыр
43. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қашан жарияланды?
А) 2017 жыл, сәуір В) 1997 жыл, қазан С) 1997 жыл, қараша
D) 1999 жыл, наурыз Е) 1998 жыл, мамыр
44. Жолдаудағы стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудағы ең қажетті не?
А) алдағы мақсаттарды дұрыс анықтау В) жалпы қоғамдық келісім
С) қоғамдық келісім D) мақсатқа жету жолындағы күрес
Е) елді байыту
45. Президент айтуынша, өндірістің қай саласын дамыту жұмыссыздық пен кедейшілік мәселелерін шешеді?
А) берілген жауаптардың бәрі дұрыс В) жеңіл өнеркәсіп
С) туризм D) ауыл шаруашылығы Е) кәсіпкерлік
46. Қазақстандықтардың өзіне тән ерекше қасиеттері:
А) байсалдылығы мен төзімділігі В) еңбекқорлығы, энтузиазмі
С) қайырымдылығы мен төзімділігі D) білімге талпынуы
Е) кеңпейілділігі мен қонақжайлығы
47. «Қазақстан-2050» жолдауы қашан жарияланды?
А) 14.12.2012 В) 16.12.2012 С) 04.06.2012 D) 01.01.2013 Е) 13.04.2017
48. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы қашан қабылданды?
А) 2012 жылы В) 2011 жылы С) 2010 жылы D) 2013 жылы Е) 2014 жылы
49. Қазақстан Республикасының «Болашақ» атты халықаралық стипендиясы қай жылы белгіленді?
А) 1993 ж. 5 қараша В) 1991 ж. 5 қараша С) 1992 ж. 5 қараша
D) 1995 ж. 5 қараша Е) 1997 ж. 10 қазан
50. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдаған жолдауы қалай аталады?
А) «Жаңа жағдайдағыҚазақстан: іс-қимыл кезеңі»
В) «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»
С) «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»
D) «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!»
Е) «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты»
Барлық жауабы “А”
Достарыңызбен бөлісу: |