39
Белсенді оқыту әдістерінің айрықша ерекшеліктері:
–
ойлаудың мақсатты жандануы, оқушы өз қалауына қарамастан
белсенді болуға мәжбүр болады;
–
оқушылардың оқу үдерісіне жеткілікті шамада ұзақ уақыт қатысуы,
өйткені, олардың белсенділігі қысқа мерзімді не эпизодтық емес, айтарлықтай
дәрежеде тұрақты және ұзақ болуы тиіс (яғни бүкіл сабақ бойы);
–
үйренушілердің дербес шығармашылық шешімдерді әзірлеуі, жоғары
ынта мен эмоция деңгейі;
–
оқуға ынталандыру.
Белсенді оқыту әдісінің нақты түрін таңдай отырып, оның
мүмкіндіктерімен қатар оны әзірлеу және қолдану барысында туындайтын
ұйымдастырушылық және мазмұндық қиындықтарды, сонымен қатар оқу
үдерісінің жүзеге асырылу шарттарын да ескеру қажет.
Ең көп таралған белсенді оқыту әдістерін қарастырайық.
Проблемалық лекция оқушылардың дербес шығармашылық жұмысы,
бақылау сұрақтары, қарастырылатын материалды талқылау және басқа да
тәсілдер шынымен қамтылған жағдайда пайдалы болады. Оқушыларды әртүрлі
деңгейде қатыстыра отырып, оқу проблемаларын қалыптастыру және шешу
проблемалық лекцияның айқындаушы нышаны болып табылады.
Проблемалық ситуация оқушының ақыл-ой әрекетін қалыптастыруда
маңызды рөл атқарады, онда салыстыру, іздестіру тәсілдерін пайдалануды
қажет етеді. Математика сабағын өтуде салыстыру тәсілдерін қолдану бірінші
жолға қойылады.
Интерактивті оқыту əдісі. Интерактивті («inter» –өзара, «act» – әрекет
жасау) біреумен өзара әрекеттесу, әңгіме, диалог режимінде болу дегенді
білдіреді. Басқаша айтсақ, белсенді әдістерге қарағанда интерактивті әдістер
оқушылардың мұғаліммен ғана емес, бір-бірімен кеңінен өзара әрекеттесуіне
және оқыту үдерісінде оқушылардың белсенділігінің басымдылығына
бағытталады.
Интерактивті сабақтардағы мұғалімнің орны оқушылардың іс-әрекетін
сабақ мақсаттарына жету үшін бағыттаумен шектеледі.
Сонымен қатар мұғалім сабақ жоспарын (әдетте бұл – интерактивті
жаттығулар мен тапсырмалар, оларды орындау барысында оқушы материалды
зерделейді) құрып, орындауды ұйымдастырушы ғана.
Тиісінше оқушылар орындайтын интерактивті жаттығулар мен
тапсырмалар интерактивті сабақтардың негізгі құрамдас бөліктері болып
табылады. Интерактивті жаттығулардың маңызды ерекшелігі –
оларды орындай
отырып, оқушылар бұрын оқылған материалды бекітіп қана қоймайды, жаңа
материалды меңгереді.
Интерактивті оқыту әдісі 2.3-сызбасымен көрсетілген.