Білім берудіѕ тиісті деѕгейлерініѕ мемлекеттік жалпыєа міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Ғылыми және педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 2 жыл)



жүктеу 371 Kb.
бет3/5
Дата06.02.2020
өлшемі371 Kb.
#28322
1   2   3   4   5

Ғылыми және педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 2 жыл)





Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

МӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Теориялық оқыту (1:2)

42

45

1890

630

1260

52,0

2

Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың теоретикалық оқытудан алшақсыз ғылыми-зерттеу жұмысы (1:7)

3

-

360

45

315





Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (1:7)

4

9

480

60

420

54,5

3

Қорытынды аттестаттау (1:6)

4

8

420

60

360

52,5



БАРЛЫҒЫ

53

62

3150

795

2355



4

Теоретикалық оқытудан алшақсыз практика (педагогикалық) (1:1)

3

-

90

45

45

30,00

5

Практика (зерттеу) (1:7)

3

12

360

45

315

30,00

6

Демалыс



13









7

Емтихан сессиясы



9











Барлығы (52 апта х 2 ж. – 8 апта= 96 апта)

59

96

3600

885

2715


      Ескерту:


      1. «Магистр» академиялық дәрежесін алу үшін теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, практиканың кемінде 6 кредитін, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін меңгеруі керек (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
      2. Кешенді емтиханға 1 кредит, магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 3 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
      3. Магистратураның барлық мамандықтары үшін кемінде 3 кредит педагогикалық, кемінде 3 кредит зерттеу практикасы белгіленеді (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
      4. Бітіруші курсты есептемегенде оқу жылындағы демалыс ұзақтығы кемінде 7 аптаны құрауы тиіс. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
      5. Қызмет түрлеріне байланысты апта санын жоғары оқу орны өзгерте алады, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.
      6. Жазғы семестр, ОҚТ демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша жеке жоспарланады.
      7. МҒЗЖ үш кредиті оқыту процесінен қол үзбей теориялық оқытумен қатар жоспарланады (әрбір семестрге 1 кредиттен). Педагогикалық практика екінші және үшінші семестрде (барлық 3 кредит) оқыту процесінен қол үзбей теориялық оқытумен қатар жоспарланады. Қызметтің әр түрін қатар жоспарлаған жағдайда осы қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып, тиісінше олардың апта саны артуы тиіс, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы қажет.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына 2-қосымша      
Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 1 жыл)





Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

МӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Теориялық оқыту (1:2)

18

15

810

270

540

54,00

2

Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы (1:7)

4

9

480

60

420

54,55

3

Қорытынды аттестаттау (1:6)

4

8

420

60

360

52,5



БАРЛЫҒЫ

26

32

1740

390

1320



4

Практика (өндірістік) (1:4)

2

5

150

30

120

30,00

5

Демалыс



4









6

Емтихан сессиясы (2х2 апта)



3











БАРЛЫҒЫ (52 апта х 1 ж. - 8 апта = 44 апта)

28

44

1860

420

1440


      Ескерту:


      1. «Магистр» академиялық дәрежесін алу үшін теориялық оқытудың кемінде 24 кредитін, өндірістік практиканың кемінде 2 кредитін, магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысының кемінде 2 кредитін меңгеруі керек (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
      2. Кешенді емтиханға 1 кредит, магистрлік диссертацияны қорғауға 3 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
      3. Магистратураның барлық мамандықтары үшін жоғары оқу орнымен кемінде 2 кредит өндірістік практика белгіленеді (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
      4. Қызмет түрлеріне байланысты апта саны өзгеруі мүмкін, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.
      5. ОҚТ демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша жеке жоспарланады.
      6. МЭЗЖ оқытудың басынан бастап жоспарлаған дұрыс және теориялық оқытумен немесе өндірістік практикамен қатар өткізген дұрыс. Қызметтің әр түрін қатар жоспарлаған жағдайда осы қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып, тиісінше олардың апта саны артуы тиіс, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы қажет.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына 3-қосымша      
Бейіндік магистратураның білім бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 1,5 жыл)





Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

МӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Теориялық оқыту (1:2)

36

30

1620

540

1080

54,00

2

Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы (1:7)

4

9

480

60

420

54,55

3

Қорытынды аттестаттау (1:6)

4

8

420

60

360

52,5



БАРЛЫҒЫ

44

47

2520

660

1860



4

Практика (өндірістік) (1:4)

4

10

300

60

240

30,00

5

Демалыс



11









6

Емтихан сессиясы (3х2 апта)



6











БАРЛЫҒЫ (52 апта + 22 апта. = 74 апта)

48

74

2820

720

2100


      Ескерту:


      1. «Магистр» академиялық дәрежесін алу үшін теориялық оқытудың кемінде 36 кредитін, өндірістік практиканың кемінде 4 кредитін, магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін меңгеруі керек (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
      2. Кешенді емтиханға 1 кредит, магистрлік диссертацияны қорғауға 3 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан)
      3. Магистратураның барлық мамандықтары үшін жоғары оқу орнымен кемінде 4 кредит өндірістік практика белгіленеді (мамандықтың ҮОЖ-да жоспарланған кредиттер санына қарамастан).
      4. Қызмет түрлеріне байланысты апта саны өзгеруі мүмкін, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс.
      5. Жазғы семестр, ОҚТ демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша жеке жоспарланады.
      6. Оқу жылындағы демалыс ұзақтығы, бітіруші курсты есептемегенде, 7 аптадан кем болмауы қажет. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
      7. МЭЗЖ оқытудың басынан бастап жоспарлаған дұрыс және теориялық оқытумен немесе өндірістік практикамен қатар өткізген дұрыс. Қызметтің әр түрін қатар жоспарлаған жағдайда осы қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып тиісінше олардың апта саны артуы тиіс, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы қажет.
2-бөлім. Докторантура
1. Жалпы ережелер
      1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және PhD докторантураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына, докторанттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, докторанттардың дайындық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
      Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) докторантура – кемінде 3 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың кемінде 75 кредитін, сондай-ақ кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін және докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кемінде 28 кредитін еңгерту арқылы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін бере отырып, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
      2) докторант – докторантурада білім алушы тұлға;
      3) докторлық диссертация – теориялық қағидалар жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп тануға болатын немесе маңызды әлеуметтік-мәдени немесе экономикалық мәні бар ғылыми мәселе шешілген, не енгізілуі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер берілген, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс.
      2. Докторантураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, докторантураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның және аккредиттелген әріптес ғылыми ұйымдармен бірлескен ғылыми және білім беру бағдарламаларын орындау, зерттеу базаларын ұсыну бойынша ынтымақтастық туралы шарттардың негізінде жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлады:
      1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
      2) осы стандартқа және докторантура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
      3) академиялық күнтізбеге;
      4) докторанттардың жеке оқу жоспарларына;
      5) оқу жұмыс жоспарларына;
      6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;
      7) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
      4. Ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау докторантурада кемінде үш жыл оқу мерзімімен философия докторы (PhD) мен бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін бере отырып жүзеге асырылады.
      5. Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым салалары үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады.
      6. Бейін бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық экономиканың салаларына, әлеуметтік салаға: білім беру, медицина, құқық, мәдениет, қызмет көрсету, бизнес салалары және т.б. үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді тереңдетіп оқытуды қарастырады.
      Бизнес ортасы үшін мамандар даярлау мақсатында жоғары оқу орны DBA бағдарламасын іске асыра алады. DBA кәсіптік білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      7. Докторантурада білім алу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тек күндізгі оқыту нысанында жүзеге асырылады.
      8. Докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орнында докторантураның аккредиттелген білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет елдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер міндетті түрде болуы тиіс («Әскери іс және қауіпсіздік» тобы мамандықтары бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орнын қоспағанда).
      9. Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертациясын қорғаған тұлғаға білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру қағидаларына сәйкес PhD доктор немесе бейін бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріледі.
      10. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:
      1) докторанттардың дайындық деңгейiне және жоғары оқу орындарының бiлiм беру қызметiне міндетті талаптар қою есебінен бiлiм сапасына кепiлдікті қамтамасыз ету;
      2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу;
      3) докторанттардың дайындығын және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
      4) докторанттардың академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
      5) Қазақстанның біртұтас білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      6) PhD доктор немесе бейін бойынша доктор ғылыми атағының берілуі туралы Қазақстан Республикасы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.
      11. Докторантура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы стандарттың ережелеріне сәйкес келуі және білім беру бағдарламаларының құрылымына, көлемі мен мазмұнына, нормативті оқу мерзіміне және докторанттарды даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын анықтауы тиіс.
      ЖОО докторантура мамандықтарының тізбесі Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.
      12. Докторантура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары Ұлттық біліктілік шегіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шегімен келісілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
      Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
      13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің үшінші деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін докторанттардың алған білімінің, білігінің, дағдысы мен құзыретінің деңгейі мен көлемін сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
      14. Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы маңызы бірдей екі білім және ғылым компоненттерінен тұрады, олардың арақатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.
      15. Докторантураның білім беру бағдарламасында:
      1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқыту;
      2) докторанттардың практикалық даярлығы: практика, кәсіби тағылымдамалар түрлері;
      3) докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы;
      4) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.
      16. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің негізінде жүзеге асырылады. Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы өзі айқындайды.
      17. Жұмыстың барлық түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдың көлемі бойынша жүзеге асады және оқудың нақты нәтижелеріне жетуге қажетті докторант пен оқытушының еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді. Бұл ретте алдыңғы білім деңгейінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік жүйе қолданылады.
      Докторанттың докторантураға түсер алдында докторантураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны өзі айқындайды.
      Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда докторантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда докторантурада білім алу докторант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.
      18. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде оқу пәнінің көлемі кредиттердің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте әр пән, әдетте, 2 немесе 3 кредиттен кем болмайтын өлшеммен бағаланады.
      19. Докторантураның оқу жоспарларының барлық нысандарында пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
      Әрбiр пән қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс. Ол бiр академиялық мерзiмде меңгеріліп, аяқталған соң докторанттар емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар), докторанттардың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмыстары бойынша дифференциалды сынақ тапсырады.
      20. Докторантураның білім беру бағдарламалары пәнді оқудың модульді жүйесі негізінде жобаланады.
      21. Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті пәндерінен тұрады.
      22. Базалық пәндер (БП) циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50%-ын немесе 18 кредитті құрайды, оның ішінде 17%-ы міндетті компонент пәндеріне, ал 83%-ы таңдау компоненті пәндеріне бөлінеді.
      23. Бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50%-ын немесе 18 кредитті құрайды.
      Бейіндеуші пәндер циклінің пәндері таңдау компонентіне жатады және оларды жоғары оқу орны өзі айқындайды.
      24. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен анықталады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартуға жол берілмейді.
      25. Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жұмыс берушілердің талаптары мен еңбек нарығының сұранысына сәйкес жоғары оқу орны өзі айқындайды.
      26. Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны 1-кестеге сәйкес белгіленеді.
1 кесте





Пәндердің және қызмет түрлерінің атауы

Кредит бойынша көлемі

1

2

3

1

Базалық пәндер (БП):

18

1)

Міндетті компонент (МК)

3*

2)

Таңдау компоненті (ТК)

15

2

Бейіндеуші пәндер

18



Теориялық оқыту бойынша жалпы саны

36

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

кемінде 34

1)

Практика (педагогикалық, зерттеу немесе өндірістік) (ПЗӨП)

кемінде 6**

2)

Докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы, (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ)

28

3)

Докторлық диссертацияны орындау

15

4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

5

1)

Кешенді емтихан (КЕ)

1

2)

Докторлық диссертацияны ресімдеу және қорғау (ДҚ)

4



Барлығы

Кемінде 75

Ескерту:
* 2008-2010 жылдарда қабылданған білім алушылардың базалық пәндер циклінің міндетті компонентінің кредиттер саны 6 кредитті құрайды.
** Практикаға бөлінетін кредиттер санын жоғары оқу орны өзі айқындайды және жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді.

      27. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру қағидаларына сәйкес, докторанттың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері ғылыми, ғылыми-аналитикалық және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы тиіс.


      28. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін және білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, докторанттың өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау түрлерін таңдау арқылы жүзеге асады.
      29. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне және т.б. қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
      30. Доктор даярлаудың білім беру бағдарламасына оқу жоспары, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, практикалар (педагогикалық, зерттеу немесе өндірістік) бағдарламалары және ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары кіреді.
      31. Білім беру мазмұнын жоспарлауды, оқу процесін ұйымдастыру мен өткізу тәсілін кредиттік оқыту технологиясы негізінде жоғары оқу орны өз бетінше жүргізеді.
      32. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарлары негізінде жүзеге асады.
      Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
      33. ҮОЖ осы стандарт негізінде докторантураның нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және оны білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешендi емтихан, докторлық диссертацияны ресімдеу және қорғау) кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
      34. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орындары таңдау компоненті бойынша барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) жасайды.
      ЭПК-да әр оқу пәні бойынша пререквизиттер мен постреквизиттер көрсетіледі. ЭПК докторанттарға элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      35. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде докторант эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір докторанттың жеке бiлiм траекториясын айқындайды.
      ЖОЖ-ға міндетті компонент пәндері мен ҮОЖ-дан алынған оқу әрекеттерінің түрлері (практикалар, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешенді емтихан, докторлық диссертацияларды ресімдеу және қорғау) және ЭПК ішінен таңдап алынған пәндер компоненті енеді.
      36. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен докторанттың ЖОЖ-ы негізінде жасалады және оны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
      ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешенді емтихан, докторлық диссертацияларды ресімдеу және қорғау) анықталады.
      ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады.
      ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын жобалау, бекіту тәртібін жоғары оқу орындары өздері анықтайды.
      37. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары үлгілік, жұмыс және силлабус болып бөлінеді.
      Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Оқу жұмыс бағдарламалары мен силлабустар (докторанттарға арналған пән бағдарламалары) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте, олар міндетті компонент пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді, ал таңдау компоненті пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі әзірлейді. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустардың нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды.
      38. Докторант ғылыми консультанттардың жетекшілігімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.
      39. Докторанттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне арналып жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
      2) ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);
      3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
      4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген докторлық диссертация тақырыбы;
      5) докторлық диссертацияны орындау жоспары;
      6) ғылыми жарияланымдар және тағылымдамадан, оның ішінде шетелдік тағылымдамадан өту жоспары.
      40. Докторантурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
      41. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
жүктеу 371 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау