4. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
52. Докторанттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы бойына әрбір пән немесе оқу
жұмысының түрін игеретін кредиттермен өлшенеді.
53. ОПҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын кесте
бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының білім
алушылармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
54. Студиялық және зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық жұмыстың бір академиялық
сағаты 50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа және
зертханалық сабақтар үшін 100 минутқа тең.
Докторант практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу)
жұмысының және қорытынды аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.
55. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойындағы докторанттың аудиториялық жұмысының;
2) докторанттың кәсiптік практика кезіндегі жұмысының;
3) докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кезінде ғылыми
консультанттармен жұмысының;
4) докторанттың докторлық диссертацияны жазу мен қорғау бойынша жұмысының;
5) докторанттың кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша жұмысының 15
академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.
56. Білім алушылардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу
жұмыстарының әр түрлері үшін академиялық сағатпен жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50
минуттық байланыс сағаттары) айқындалады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін.
Білім алушылардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісінше ДӨЖ сағаттарымен
толығады, осылайша докторанттың семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы бір
кредит жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
Практиканың әр академиялық сағаты докторанттың қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен
(50 минуттан) толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін –
4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.
Докторлық диссертацияның орындалуын қоса алғанда, ДҒЗЖ/ДЭЗЖ-ның әрбір академиялық сағаты
7 сағаттық ДӨЖ-бен толықтырылады.
Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты докторлық диссертацияны жазу және қорғау
немесе кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша докторанттың оқытушымен байланыс
жұмысының бір сағаты болып табылады. Докторантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты
6 сағаттық ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
57. Кредиттік оқыту технологиясында докторанттардың өздігінен орындайтын жұмыстарының
көлемі артады, ол екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың
өзіндік жұмысы (ОДӨЖ) және докторанттың өзі орындайтын жұмысы (ДӨЖ).
58. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы докторанттың
оқытушымен байланыста орындалатын аудиториядан тыс жұмысының түрі болып табылады. ОДӨЖ оқу
сабақтарының жалпы кестесіне кірмейтін жеке график бойынша орындалады.
ӘАОО-да докторантураның дербес жұмысы оқытушының басшылығымен, оның ішінде аудиториялық
сабақтар түрінде жүргізіледі.
59. ДӨЖ бен ОДӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын жоғары оқу орны өзі
айқындайды.
60. Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі докторанттың оқытушымен байланыс
сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Студиялық және зертханалық сабақтар, докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу)
жұмысы, қорытынды аттестаттау сияқты оқу жұмыстарының түрлері үшін ОДӨЖ жоспарлау қажеттілігін
және оның көлемін жоғары оқу орны өзі белгілейді.
61. Докторантурадағы оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен,
практикалардан, тағылымдамалардан, демалыстардан, докторанттың ғылыми-зерттеу,
эксперименттік-зерттеу жұмысынан және соңғы курста қорытынды аттестаттаудан тұрады.
62. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден немесе ұзақтығы 10 апта болатын
триместрден немесе ұзақтығы 7-8 апта болатын тоқсаннан тұрады.
ӘАОО-да академиялық кезеңді академиялық күнтізбе және ЖОЖ айқындайды. ӘАОО академиялық
кезеңнің, оны ұйымдастырудың құрама түрін қосқанда оның нысанын дербес айқындайды.
63. Әр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың/қорытынды бақылаудың ұзақтығы
кемінде 1 аптаны құрайды.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі кемінде 60%, ал қорытынды
бақылау бағасының үлесі кемінде 30% болуы тиіс.
ӘАОО-да аралық аттестаттау кезеңінде зерделенген барлық пәндер бойынша қорытынды
аттестаттау жүргізіледі және ағымдағы және межелік бақылау нәтижелері бойынша ағымдағы үлгерім
бағаларын ескере отырып пәндер бойынша қорытынды баға шығарылады. Пән бойынша қорытынды бағада
ағымдағы үлгерімнің баға үлесі кемінде 60%, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 40%-дан артық
болмайды.
64. Оқу жылы кезеңіндегі каникул ұзақтығы соңғы курсты қоспағанда, кемінде 5 аптаны
құрауы тиіс.
ӘАОО-да каникул ұзақтығы оқу жылы кезеңінде бітіруші курсты қоспағанда, кемінде 6 аптаны
құрауы тиіс.
65. Докторанттардың кәсіби практикасы бекітілген академиялық күнтізбеге және жеке жұмыс
жоспарына сәйкес осы стандартпен және мамандық бойынша ҮОЖ-бен белгіленген көлемде жүргізіледі.
66. Практикалардың ұзақтығы докторанттың практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5
күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативтік жұмыс уақытын есепке ала отырып,
аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті
практика түрінің байланыс сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны
докторанттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50
минуттан), өндірістік практика, тағылымдама үшін 75 сағатты (50 минуттан), зерттеу практикасы
үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке сәйкес келетін практиканың ұзақтығы аптамен
есептегенде педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны, зерттеу
практикасы үшін 4 аптаны құрайды.
67. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау және ДҒЗЖ, ДЭЗЖ аптамен жоспарлау 54 сағатқа
тең докторанттардың апта бойғы жұмысының нормативтік уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде
ДӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып айқындалады.
68. ДҒЗЖ бір кредитіне докторант жұмысының 120 (15х8) сағаты, яғни 2,2 апта сәйкес келеді
.
Қорытынды аттестаттаудың бір кредитіне 105 (15х7) сағат, яғни 2 апта сәйкес келеді, оның
ішінде 15 байланыс сағаты докторанттың оқытушымен жұмысына, 90 сағаты ДӨЖ-ге бөлінеді.
Кешенді емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.
Докторлық диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 4 кредит, яғни 8 апта беріледі.
69. Докторлық диссертацияны орындау докторанттың ДҒЗЖ/ДЭЗЖ кезеңінде орындалады.
70. Бітіруші курсты қоспағанда докторанттардың қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін, оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін,
игерген кредиттерін өз ЖОО-да міндетті түрде қайта тапсыра отырып басқа ЖОО-да оқу пәндерін
оқып-үйрену үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы
семестр енгізілуі мүмкін.
Бұл ретте академиялық берешекті немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою және қосымша
оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.
71. Білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті докторанттың ғылыми-зерттеу/
эксперименттік-зерттеу жұмысынан, ғылыми жарияланымдарынан және докторлық диссертацияны жазуынан
тұрады.
72. Философия докторын (PhD) немесе бейіні бойынша доктор даярлау бойынша білім беру
процесінің аяқталуының негізгі өлшемі докторанттың кемінде 75 кредитті, оның ішінде теориялық
оқу бойынша кемінде 15 кредитті, сондай-ақ практиканың кемінде 5 кредитін, ДҒЗЖ/ДЭЗЖ докторлық
диссертацияны дайындауды қоса есептегенде кемінде 50 кредитін игеруі болып табылады.
Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, диссертацияны сәтті
қорғаған жағдайларда докторантқа оқу мерзіміне қарамастан PhD доктор немесе бейіні бойынша
доктор ғылыми дәрежесі беріледі.
73. Бейіндік докторантураны бітіруші педагогикалық мамандық пәндері циклін меңгерген және
педагогикалық практикадан өткен жағдайларда ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса
алады. Аталған цикл қосымша академиялық кезең ішінде меңгеріледі (егер оқу жоспарында
қарастырылмаған болса), оны аяқтаған соң негізгі дипломға тиісті куәлік беріледі.
74. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық курсын толық меңгерген, бірақ
ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған докторантқа ақылы негізде ғылыми-зерттеу компонентінің
кредиттерін қайта игеруге және диссертацияны келесі оқу жылында қорғауға мүмкіндік беріледі.
ӘАОО-да докторантураның білім беру бағдарламаларының теориялық оқудың толық курсын
меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған докторантқа зерттеу компоненті
кредиттерін қайта меңгеруге және келесі оқу жылы диссертацияны қорғауға мүмкіндік беріледі.
Ғылыми-зерттеу компоненттерінің кредиттерін қайта игеру және докторлық диссертацияны қорғау
тәртібін тиісті мемлекеттік органдар айқындайды.
75. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық курсын толық меңгерген, бірақ
белгіленген мерзімде докторлық диссертацияны қорғамаған докторанттың докторантурада оқу мерзімі
ақылы негізде ұзартылуы мүмкін.
ӘАОО-да докторантураның білім беру бағдарламаларының теориялық оқудың толық курсын
меңгерген, бірақ докторлық диссертацияны белгіленген мерзімде қорғамаған докторантқа келесі оқу
жылы диссертацияны қорғауға мүмкіндік беріледі. Диссертацияны қорғау тәртібін тиісті уәкілетті
мемлекеттік орган айқындайды.
76. Жоғары оқу орны докторантураның оқу процесін алынған лицензиясына сәйкес
ұйымдастырады және білім беру қызметіне лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын
сақтауы тиіс.
77. ЖОО білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті
профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет және басқа да ақпараттық
қорлармен, қаладан тыс жерлерден келген докторанттарды жатақханамен және докторанттарды басқа
да қолдау қызметімен қамтамасыз етеді.
78. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Докторантура бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орнында санитариялық-техникалық
нормаларға сәйкес келетін және оқу жоспарында көзделген теориялық және практикалық даярлықтың
барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ докторанттың ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу
жұмыстарын тиімді өткізуін қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базасы (аудиториялық қор,
компьютерлік сыныптар, зертханалар, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, қор материалдары) болуы тиіс
.
79. Ғылыми зерттеулерді қоса алғанда докторанттарды даярлаудың білім беру бағдарламаларын
әзірлеуге қойылатын талаптар.
Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор даярлау бағдарламаларын іске асыратын
жоғары оқу орындары қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды (оқу жұмыс жоспары, оқу пәндерінің және
практикалар бағдарламалары, ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары
және т.б.) әзірлейді және бекітеді.
Оқу пәндерінің бағдарламаларын докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыратын
жоғары оқу орны осы стандарттың және докторантураның мамандықтары бойынша ҮОЖ негізінде
әзірлейді.
Кәсіптік дайындық жағынан докторантураның білім беру бағдарламалары PhD доктор немесе
бейіні бойынша доктор даярлаудың аккредиттелген бағдарламаларын іске асыратын жоғары рейтингті
шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың тәжірибелерін зерделеу негізінде
әзірленуі тиіс.
80. Оқу әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Оқу процесін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету докторанттардың
докторантураның білім беру бағдарламасын сапалы меңгеруіне кепілдік беруі тиіс.
Білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, электронды деректер
қорларына, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми
әдебиеттерге еркін қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамсыздандырылу докторанттың өзіндік жұмысын біртіндеп
белсендіруге негізделген болуы керек.
81. Практикалар мен ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Практика ғылыми, кәсіби қызметтегі практикалық дағдыны қалыптастыру мақсатында жүргізіледі
.
Докторантураның білім беру бағдарламасында мыналар қамтылуы тиіс:
1) философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін педагогикалық және
зерттеу практикалары (көлемі кемінде 3+2 кредит);
2) бейіні бойынша докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін кәсіби-өндірістік
практика (көлемі кемінде 5 кредит).
Педагогикалық практика оқу процесінен қол үзбей теориялық оқу кезеңінде өткізілуі мүмкін,
осы ретте докторанттар бакалавриат пен магистратурада сабақ жүргізуге тартылуы мүмкін.
Докторанттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық,
әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін зерттеу, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің заманауи
әдістерін практикада қолдану, диссертациялық зерттеудегі эксперименттік деректерді өңдеу мен
интерпретациялау дағдыларын бекіту мақсатында жүргізіледі.
Докторанттың өндірістік практикасы оқу процесінде алынған теориялық білімді түйіндеу және
кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Зерттеу және өндірістік практикалардың мазмұны докторлық диссертацияның тақырыбымен
анықталады.
82. Ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін докторант әр академиялық
кезеңнің соңында қысқаша есеп түрінде ресімдейді.
ДҒЗЖ/ДЭЗЖ шеңберінде докторанттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және
өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін тиісті қызмет салалары бойынша ғылыми ұйымдарда және/
немесе ұйымдарда, сондай-ақ шетелде міндетті түрде ғылыми тағылымдамадан өту қарастырылады.
Шетелдік тағылымдамадан өту мерзімін жоғары оқу орны өзі айқындайды.
83. Докторанттың ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысының ең соңғы қорытындысы
докторлық диссертация болып табылады.
Докторлық диссертацияның тақырыбы оның өзектілігін есепке ала отырып докторантураға
қабылданғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей айқындайды. Диссертациялық зерттеудің бағыты,
әдетте, ұлттық басымдықтармен не мемлекеттік бағдарламалармен не іргелі немесе қолданбалы
зерттеу бағдарламаларымен байланысты болуы тиіс.
84. Докторлық диссертацияның негізгі нәтижелері осы стандарттың 21-тармағына сәйкес
жариялануы тиіс.
85. Докторлық диссертацияның мазмұны мен ресімделуіне, оларды даярлау мен қорғауға
қойылатын талаптар білім беру саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен
айқындалады.
86. Докторлық диссертация міндетті түрде Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы жүзеге
асыратын авторға және ақпарат көзіне сілтемесіз мәліметті пайдалану туралы (диссертацияда
плагиаттың бар-жоғына) тексеруден міндетті түрде өтуі тиіс.
87. ЖОО-ны кадрлармен қамтамасыз ету қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалған.
Жоғары оқу орнының оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын ұстанған
жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің тәсілдері мен нысандарын, оқытудың әдістерін
еркін таңдауға құқылы.
88. Оқытушы кадрлар оқытудың заманауи интерактивті әдістері мен технологияларын меңгеріп,
оларды оқу процесінде пайдалана білуі тиіс.
89. Докторантқа оқуға қабылданғаннан кейінгі екі айдың ішінде докторлық диссертацияға
жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.
Докторанттың ғылыми жетекшілігі мен зерттеу тақырыбы ғылыми кеңестің шешімі негізінде
жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі.
90. Докторанттарға ғылыми жетекшілікті ғылым докторлары мен кандидаттарының, философия (
PhD) докторларының ішінен сайланған құрамы кемінде 2 адамнан тұратын және олардың біреуі
шетелдік жоғары оқу орнының ғалымы болып табылатын консультациялық комиссия атқарады ("Әскери
іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобын қоспағанда).
ӘАОО-да докторанттарға ғылыми жетекшілікті Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге
асырады. Ғылымның аталған саласы бойынша ғылыми зерттеулермен белсенді айналысып жүрген (
мамандықтың саласы бойынша) және ғылыми басшылық тәжірибесі бар адамдар ғылыми консультант бола
алады.
Докторанттарға бейін немесе ДВА бойынша доктор дәрежесін ізденуге ғылыми жетекшілікті
тиісті салалар мен қызмет саласының жоғары білікті мамандардың бірі ретінде ғылым докторлары
мен кандидаттарының, философия (PhD) докторларының ішінен сайланған, құрамы кемінде 2 адамнан
тұратын консультанттар жүзеге асырады.
Аталған ғылым саласында (мамандық бейіні бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде
айналысатын және ғылыми жетекшілік жасау тәжірибесі бар тұлғалар ғылыми консультанттар бола
алады.
91. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған
білім деңгейі әртүрлі бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі.
92. Докторанттардың оқу жетістіктерін бақылау және олардың оқу пәндері немесе модульдер
бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу
жылы аяқталған кезде) тіркеу кеңсесі (бөлімі, секторы) жүргізеді және бақылау мен бағалау білім
берудің қорытынды нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
93. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын тіркеу кеңсесі есепке алып отырады және
докторанттардың белгіленген нысандағы транскриптінде көрінеді.
Транскрипт докторантқа білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде
беріледі.
94. Докторанттың білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды
аттестаттау кезінде жүргізіледі.
95. Докторантты қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу
жұмыс жоспарларында қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және докторлық диссертация
қорғау нысанында заңнамада белгіленген тәртіппен өткізіледі.
Докторлық диссертацияны қорғау диссертацияны дайындауды, ресімдеуді және қорғау рәсімін
қамтиды.
96. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың қалыптасқан арнайы және басқару
құзыреттіліктерінің ғылыми-теориялық және зерттеу-талдау деңгейін, кәсіби міндеттерді орындауға
дайындығын және оның дайындығының кәсіби стандарт пен білім беру бағдарламасының талаптарына
сәйкестігін бағалау болып табылады.
97. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті жүргізген сараптама қорытындысы бойынша оң шешім шығарған кезде
докторантураның білім беру бағдарламасын толық орындаған және докторлық диссертацияны сәтті
қорғаған тұлғаларға "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі
және мемлекеттік үлгідегі диплом мен дипломға қосымша (транскрипт) беріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |