45
2)
Таңдау компоненті
1980
44
3
Бейіндеуші пəндер циклі (БПə)
1440
32
1)
Міндетті компонент
225
5
2)
Таңдау компоненті
1215
27
Теориялық оқыту бойынша барлығы
5805
129
4
Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)
1)
Міндетті компонент
Дене шынықтыру
240
8
Кəсіптік практика (КП) (түрлері бойынша)
Практиканың
түріне қарай
кемінде 6*
2)
Таңдау компоненті
5
Қорытынды аттестаттау
1)
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу жəне
қорғау
210
2
2)
Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан(дар)
(1 МЕ үшін)
105
1
ЕСКЕРТПЕ:
* «Білім» тобының мамандықтары бойынша 6 кредиттен 20 кредитке дейін;
«Техникалық ғылымдар мен технологиялар» тобының мамандықтары бойынша 6
кредиттен 15 кредитке дейін.
Жоғары білімнің кəсіптік оқу бағдарламасын іске асыру кезінде жоғары оқу орны:
1 кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеру логикасын бұзбай пəнді оқуды бір семестрден
басқа семестрге ауыстыруға;
2 оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пəндерінің көлемін
ұлғайтуға;
3 пререквизиттерді ескере отырып, практикаларды өткізу уақытын дербес бекітуге
құқылы.
31. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын
жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тəсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын,
олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы
жүзеге асырылады.
32. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш
құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне,
академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу
материалының көлеміне қойылатын талаптарға сəйкес анықталады.
33. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының
негізінде жүзеге асырылады.
Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) жəне жұмыстық (ОЖЖ)
болып бөлінеді.
34. ҮОЖ осы стандарт негізінде жоғары білімнің нақты мамандықтары
бойынша əзірленеді жəне оны білім беру саласындағы уəкілетті орган
бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттің əрбір оқу пəнінің еңбек сыйымдылығы
жəне əрбір оқу қызметінің түрі (практика, мемлекеттік емтихандар,
дипломдық жұмысты жазу жəне қорғау) кредитпен анықталады, ал оқу
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
46
пəндерінің əр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы
санымен көрсетіледі.
35. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау
компонентіндегі барлық пəндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі
болып табылатын элективті пəндер каталогын (ЭПК) əзірлейді.
ЭПК-де əр оқу пəнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі.
ЭПК студенттерге элективті оқу пəндерін баламалы таңдау мүмкіндігін
қамтамасыз етуі тиіс.
36. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде студент эдвайзердің
көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ əрбір студенттің жеке білім алу
траекториясын анықтайды.
ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пəндері мен оқу қызметінің
түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны)
жазу жəне қорғау) жəне ЭПК-дан таңдау компоненті пəндері кіреді.
Студенттердің элективті пəндерді ретсіз таңдауының алдын алу жəне
жоғары оқу орны əзірлеген білім беру бағдарламаларын іске асыру
мақсатында студенттердің таңдауына ЭПК шеңберінде бірнеше білім
траекториясын - еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысын есепке
ала отырып, жоғары білім мамандығы бойынша қызметтің нақты бір
саласына бағытталған білім беру бағдарламасын меңгеруге мүмкіндік беретін
элективті пəндер тізбесін жəне оларды меңгеру ретін ұсынуға болады.
37. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен студенттердің
ЖОЖ-ы негізінде əзірленеді жəне оны ғылыми кеңестің шешімі негізінде
білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пəндер тізбесі жəне олардың
кредитпен
санағандағы
еңбек
сыйымдылығы,
оқытылу
реті,
оқу
сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа
да түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты
(жобаны) жазу жəне қорғау) айқындалады.
ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға жəне оқытушының оқу
жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады.
38. ЭПК, ЖОЖ жəне ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, əзірлеу жəне
бекіту ретін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
39. Барлық оқу пəндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады.
Оқу бағдарламалары үлгілік, жұмыс, сондай-ақ силлабус болып бөлінеді.
40. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пəндері
бойынша əзірленеді жəне оларды білім беру саласындағы уəкілетті орган
бекітеді.
41. Оқу жұмыс бағдарламалары мен силлабустар (студенттерге арналған
пəн бағдарламалары) оқу жоспарының барлық пəндері бойынша əзірленеді
жəне оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте оларды əзірлеу міндетті
компонент пəндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге
асырылады, ал таңдау компонентінің пəндері бойынша жоғары оқу орны өзі
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |