Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет22/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85

51 
 
қарызды  жою  үшін,  игерген  кредиттері  өз  ЖОО-да  міндетті  түрде  қайта 
есепке  алынатын  жағдайда  басқа  ЖОО-да  оқу  пəндерін  оқып-үйрену  үшін, 
үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы 
семестр (бітіруші курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін. 
64.  Бакалаврды  даярлау  бойынша  білім  беру  процесінің  аяқталуының 
негізгі  өлшемі  студенттің  теориялық  оқу  бойынша  кемінде  129  кредитті, 
сондай-ақ  кəсіптік  практиканың  кемінде  6  кредитін,  дипломдық  жұмысты 
(жобаны)  дайындау,  жазу  жəне  қорғаудың  кемінде  екі  кредитін,  мамандық 
бойынша  мемлекеттік  емтиханға  дайындық  пен  тапсырудың  кемінде  1 
кредитін игеруі болып табылады. 
Жекелеген  мамандықтардың  ерекшеліктеріне  қарай  (жоғары  арнаулы 
білім 
беру 
бағдарламаларын 
қоса 
алғанда) 
оқыту 
процесінің 
аяқталғандығының негізгі өлшемі ретінде студенттің: 
игеруі талап етіледі: 
1) «Өнер» тобы бойынша - теориялық оқудың 160-180 кредитіне дейін; 
2) «Əскери іс жəне қауіпсіздік» тобы бойынша - теориялық оқудың 170-
190 кредитіне дейін; 
3)  «Ветеринария»  тобы  бойынша  -  теориялық  оқудың  160  кредитіне 
дейін; 
4) «Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» тобы 
бойынша - теориялық оқудың 190-224 кредитіне дейін. 
Сонымен  қатар,  ЖОО  іске  асырылатын  білім  беру  бағдарламаларының 
ерекшеліктеріне қарай игеруге қажетті кредиттер көлемін арттыра алады. 
Бакалавриаттың  білім  беру  бағдарламасын  мерзімінен  бұрын  меңгеріп, 
оған  қойылатын  талаптарды  орындаған  жағдайда  студентке  оқу  мерзіміне 
қарамастан «бакалавр» академиялық дəрежесі беріледі. 
65.  Семестр  түрінде  ұйымдастырылған  бір  академиялық  кезең  ішінде 
күндізгі оқыту нысанының студенті 18-22 кредит, сырттай оқыту нысанының 
студенті  9-12  кредит,  кешкі  оқыту  нысанының  студенті  12-15  кредит  игеруі 
тиіс.  Аталған  кредиттер  саны  студенттің  алдыңғы  білім  деңгейіне  қатыссыз 
белгіленеді. 
66.  «Білім»  мамандықтар  тобының  білім  беру  бағдарламаларын  жасау 
кезінде  жоғары  оқу  орындары  шағын  жинақталған  мектептердің  жұмыс 
істеуін ескереді. 
Педагогикалық  мамандықтардың  студенттеріне  аралас  мамандықтардың 
пəндерін қатар игеруге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда студенттер бір 
семестрде 27 кредитке дейін игере алады. 
67. ЖОО оқу процесін берілген лицензияға сəйкес ұйымдастырады жəне 
білім  беру  қызметін  лицензиялау  кезінде  қойылатын  біліктілік  талаптарын 
сақтауы тиіс. 
68.  ЖОО  білім  беру  қызметін  тиісті  материалдық-техникалық  базамен, 
білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет 
жəне  басқа  да  ақпараттық  ресурстармен,  қаладан  тыс  жерлерден  келген 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


52 
 
студенттерді  жатақханамен  жəне  студенттерді  қолдаудың  басқа  да 
қызметтерімен қамтамасыз етеді. 
69.  Материалдық-техникалық  жəне  оқу-зертханалық  базаға  қойылатын 
талаптар. 
Жоғары  оқу  орнының  материалдық-техникалық  жабдықталуы  оның 
техникалық 
жəне 
технологиялық 
мүмкіндіктер 
ауқымын 
кеңейтуге 
бағытталуы тиіс. 
Жоғары  оқу  орнында  санитарлық  талаптарға  сай  келетін,  оқытудың 
нысандары  бойынша  оқу  сабақтарын  екіден  артық  емес  ауысымда  өткізуге 
қажетті аудиториялық қордың негізгі көлемі жəне қосымша бөлмелер болуы 
керек. 
Меншік,  шаруашылық  жүргізу  жəне  жедел  басқару  құқығындағы 
ғимараттардың  оқу  ауданы  оқу  сабақтарының  ауысымдылығын  ескергенде 
келтірілген контингенттің бір студентіне 6 м2 кем болмауы тиіс. 
Тіл  жəне  тілдік  пəндер  бойынша  оқу  сабақтарын  өткізу  үшін,  сондай-ақ 
студенттердің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  үшін  жоғары  оқу  орнында 
лингафон кабинеттері мен оған ұқсас басқа да жабдықтар болуы керек. 
ЖОО 
оқу 
сабақтарын 
жəне 
СӨЖ-ді 
интерактивті 
нысанда 
ұйымдастыруға 
мүмкіндік 
беретін 
соңғы 
үлгідегі 
компьютерлік 
сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған болуы тиіс. 
Білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру  үшін  жоғары  оқу  орнында  оқу 
бағдарламаларының  тиісті  тапсырмаларын  орындауға  мүмкіндік  беретін 
түрлі тапсырмалармен (виртуальды зертханаларды қосқанда), бағдарламалық 
қамтыммен қамтамасыз етілген заманауи оқу-зертханалық жабдықтар болуы 
керек. 
Жоғары  оқу  орындарының  оқу  зертханаларына  қойылатын  талаптар 
қолданыстағы санитариялық ережелерге сəйкес қабылдануы тиіс. 
70.  ЖОО  əр  студентті  мамандығының  бейініне  сəйкес  кəсіптік 
практикалар базасымен қамтамасыз етеді. 
71.  Жоғары  оқу  орнының  кадрлық  құрамына  қойылатын  талаптар 
лицензиялау 
кезінде 
білім 
беру 
қызметіне 
қойылатын 
біліктілік 
талаптарымен анықталған. 
Жоғары  оқу  орнының  оқытушысы  оқу  жоспарлары  мен  оқу 
бағдарламаларының  талаптарын  сақтаған  жағдайда  оқу  сабақтарын 
ұйымдастыру  мен  өткізудің  түрін  жəне  оқытудың  əдіс-тəсілдерін  еркін 
таңдауға құқылы. 
72.  Ақпараттық  жəне  оқу-əдістемелік  қамтамасыз  етуге  қойылатын 
талаптар: 
Жоғары  білім  беру  бағдарламасын  іске  асыру  əрбір  студенттің 
ақпараттық  ресурстар  мен  кітапхана  қорына  еркін  қол  жеткізуі,  барлық 
модульдер, пəндер, оқу жұмысының барлық түрлері - практикумдар, курстық 
жəне  дипломдық  жобалау,  кəсіптік  практика,  студенттің  өзіндік  жұмысы 
бойынша  əдістемелік  құралдар  мен  ұсынымдардың,  сондай-ақ  көрнекі 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау