2. Мектеп менджерінің қызметі.
Мектеп менеджері қызметі адамға бағытталған, және ол өз қызметін осы адамдар арқылы жүзеге асырады. Адамдармен жұмыс – адамзат қызметінің ең күрделі де қиын түрі. Педагогикалық ұжымды психологиялық-педагогикалық білімсіз басқару мүмкін емес: қарым-қатынас психологиясы, тұлға психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, педагогикалық психология, педагогика, білім философиясы. Менеджерге риторикадан, педагогикалық шеберліктен, аутотренингтен, конфликтологиядан; эстетикадан (бөлме эстетикасы, басқарушылық еңбек, тәрбиелеушілік еңбек эстетикасы, тұлға эстетикасы, ұжымның эстетикалық тәрбиесі); этикадан білімдер жүйесі қажет.
Қазіргі кезеңде заман, менеджерлерден білім берудегі инновациялық технологияларды болжау мен ұйымдастыру қызметіне, білімнің үнемі жаңалануына байлынысты нарық конъюктурасының, сұраныс пен ұсыныс динамикасының жағдайын зерттеу үшін маркетингтік қызметке енуін талап етіп отыр. Ол үшін білім беру менеджері маркетинг негіздерін білуі керек, мемлекеттік тіл мен шет тілдерін меңгеруі тиіс.
Жоғарыда айтылғандар бойынша, білім берудегі инновациялық технологияларды болжау мен ұйымдастыруды білетін, өз ісінің маманы болып табылатын мектеп менеджерлерін даярлау проблемасы еліміздегі білім беру реформаларының тиімділігін қамтамасыз етудің басты русурстарының бірі болуда деген қорытынды жасауға болады. Қазақстандық үздіксіз білім беру жүйесін біліктілігі жоғары басшылар, яғни менеджерлер басқаруы қажет, ал олар білім беру саласындағы келешек реформалардың табысты болуының негізгі іргелі факторы болуы әбден мүмкін.
Педагогикадық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіздікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиеттерде, ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Басқаруда ақпаратты тиімді қолданудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей жатады.
Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқау және әдістемелік материалдармен жұмыс жасауды жиі қолданылады. Техникалық құралдарды және компьютерді қолдану нәтижесінде материал жинау, оны өндеудің мерзімі едәуір қысқарады. Қазіргі мектеп басшысының міндеті - мектепішілік ақпараттық басқару технологиясын жасау және ендізу. Ол технологиияны басшымен бірге мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс.
Педагогикалық жүйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белігілеріне қарап басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша — күнделікті, айлық, тоқсандық,
Достарыңызбен бөлісу: |