«білім берудегі ақпараттық ЖӘне телекоммуникациялық технологиялар»



жүктеу 214,76 Kb.
Дата27.01.2018
өлшемі214,76 Kb.
#7963



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


3 деңгейдегі СМК құжаты


ПОӘК


ПОӘК


042.39.1.24/01-2014

ПОӘК

Оқытушыға арналған«Білім берудегі ақпараттық және телекоммуникациялық

технологиялар» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы


02.09.2014 ж

№1басылым


5В011100 «ИНФОРМАТИКА» МАМАНДЫҒЫНЫҢ

СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2014

АЛҒЫ СӨЗ
1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған:_______________

Информатика және АТ кафедрасының аға оқытушысы Абишова А.А.

«2» қыркүйек 2014 ж.


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Информатика және АТ кафедрасының отырысында талқыланды

Хаттама№ 1 “11” қыркүйек 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к._________________ Г.Е.Берікханова


2.2. Физика-математика факультетінің әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды

Хаттама № 1 «12» қыркүйек 2014 ж.

Әдістемелік кеңестің төрағасы __________ К.А.Батырова
3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқыту-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып, баспаға ұсынылды.

Хаттама №1 «18» қыркүйек 2014 ж.


Оқыту әдістемелік кеңестің төрайымы _____________Г.К.Искакова

БІРІНШІІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ


МАЗМҰНЫ


  1. Қолданылу облысы




  1. Нормативті сілтемелер




  1. Жалпы жағдайлар




  1. Оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны




  1. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары




  1. Пән бойынша оқу-әдістемелік карта




  1. Оқу-әдістемелік әдебиеттердің жабдықталу картасы




  1. Әдебиеттер



1.Қолданылу облысы


«Білім берудегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» пәні бойынша Оқыту-әдістемелік кешен «5В011100» - «информатика» мамандығының студенттеріне арналған. Кешен студенттерді пәннің мазмұнымен, пәннің көкейкестілігі мен қажеттілігімен, курс саясатымен, оқу барысында үйренетін машықтармен таныстырады. Оқыту-әдістемелік кешен пәнді оқыту үшін негізгі бағдар болып табылады.


  1. Нормативті сілтемелер

Бұл «Білім берудегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» пәні бойынша Оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы оқыту процесін келесі құжаттарда келтірілген талаптар мен ұсыныстарға сәйкес жүргізу үшін құрастырылған және реттейді:

    • Сәйкес білім деңгейінің жалпыға бірдей мемлекеттік білім стандарты;

    • 5В011100-информатика мамандығының типтік оқу жоспары.

    • СТУ 042–ГУ–4-2013 Университет стандарты «Пәннің оқыту әдістемелік комплексін дайындауға жалпы талаптар»;

    • ДП-042-1.01–2013 Құжатталған процедура «Пәннің оқыту әдістемелік комплексінің құрылымы мен мазмұны»




  1. Жалпы жағдайлар


3. 1. Пәннің қысқаша мазмұны

Атауы: «Білім берудегі ақпараттық және телекоммуникациялық

технологиялар»

Кредит саны – 3

Оқу сабағының өткізілетін орны: №3 оқу ғимараты, аудиториялар сабақ кестесіне сәйкес.

Оқытушы туралы мәлімет:

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы

Абишова А.А.

E-mail: AAASemey@mail.ru
Жұмысқа келу уақыты: 8.00-17.00
Оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семестр

Кредит

Дәріс сағаты

Зерт.сабақ саны

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау формасы

4

7

3

15

30

45

45

135

емтихан


Пререквизит: Педагогика, психология, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі,

мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер


Постреквизит: Кәсіптік практика
Қысқаша сипаттама:

Курстың мақсаты- студенттердің ақпараттық коммуникациялық технологиясы саласында қалыптастырылған базалық мағлұматтарды және икемділіктерді өзінің кәсіптік қызметінде пайдалануға дайындау.
Пәнді оқытудың міндеттері:

  • білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттары туралы мағлұматтарды, оларды мектеп есептеу техника кабинетінің жұмысын ұйымдастыруда қолдануды қалыптастыру;

  • информатиканы оқытуды және мектепті ақпараттандыру бойынша қызметте АКТ-ны пайдалану икемділіктерін қалыптастыру;

  • информатика және басқа пән мұғалімдерінің қызметінде АКТ-ны пайдалану мүмкіндіктері туралы түсініктер қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже (білім, қабілеті, дағдылары және компетенциясы):

  • Оқу орындарында АКТ қолдану арқылы сабақтар жүргізе және әдістемелік сауатты ұйымдастыра білуі;

  • әртүрлі сабақтар мен сабақтан тыс іс шараларды өткізу барсында АКТ қолданудың пайдалы жолдарын таңдай білуі;

  • ақпараттық коммуникациялық технологиялардың даму заманында оларды тиімді, жан-жақты пайдалана білуі;

  • болашақ оқытушының өзіндік дамуын, сауаттылығын қалыптастыруы тиіс

Курс стандарт бойынша қалыптастырылған. Бұған қарамастан оның білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануды ұйымдастыру - әдістемелік бірлігі ретінде мектеп есептеу техника кабинетінде назар аударуға тұратын ерекшелігі бар. Бұған екі модульден тұратын мәселелердің бірінші блогы арналған. Екінші блок ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың дидактикалық негіздері мен бағыттарына байланысты.



Зертханалық практикум жекеленген мектеп пәндері немесе бөлімдері шеңберінде дербес өзіндік жобаларға негізделген. Осындай жобалар шеңберінде қандай да бір мектеп пәнінде немесе тақырыпта ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға арналған виртуальды кітапхана құру ұсынылады. Мұндай кітапхананың бөлімдері ретінде білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізгі бағыттары ерекшеленеді.
Курстың тақырыптық жоспары



Дәріс сабақтарының тақырыптары

Сағ саны

АКТ-ы құралдарын жасау мен пайдаланудың дидактикалық негіздері.






Мектепте АКТ құралдарының даму тарихы. Бихевиоризма сатысы. Бағдарламалық оқыту және оны АКТ дамуының жаңа сатыларына көшу.АКТ дамуының конгнитивтік сатысы.

1



Инструментальды орталар. Оқыту орталары. Оқытудың компьютерлік құралдарын жасаудың параллельді-циклдық негізі.

1



Оқытудағы АКТ дамуының кезеңдері. Олардың заңдылықтары. АКТ құралдары мен оқытудың жандандыру.

1



Білім беруде АКТ-ы пайдаланудың әдістемелік қорлары. АКТ-ны жаңаны үйрету, икемділікті қалыптастыру, жалпылау мен жүйелеу, білім мен икемділікті бақылап, есепке алу сатыларында пайдалану.

2



АКТ-ны пайдаланудың негізгі бағыттары:моделдеу, есепке алу және бақылау, оқу үрдісін қолдану.

1



Білім берудегі АКТ құралдарының сапасын бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер. АКТ құралдарының сапасына қойылатын эргономикалық және психологиялық талаптар.

1

7

Әртүрлі тәсілдер негізінде бақылау мен есепке алудың, компьютерлік оқытудың әдістері мен жолдарының, мазмұнының құрылымдары сапасын бағалау.

1

Білім беруде АКТ-ны пайдаланудың бағыттары мен болашағы.

8

Электрондық және виртуалдық кітапханалар және каталогтар. Электрондық оқулықтар мен қашықтық курстар. Виртуалдық мектептер.

1

9

Білім берудегі басқару қызметтерін автоматтандыру. Білім берудегі ақпараттық жүйелер.Білім мен икемділіктерді бағалау жүйелері олардың теориялық негіздері мен практика да іске асырылады.

1

10

Тестілеу және ЕҰТ жүйелерінің электрондық нұсқалары. Білім беру нәтижелеріне мониторингі жасау жүйелері.

1

11

Интернетте объектіге бағдарланған тәсілдің болашағы. Ауқымды желіде білім беру жүйесін тарату.

1

12

Оқытудағы ақпараттық-іздеу және ақпараттық-анықтамалық жүйелер.

1

13

АКТ-ы дамуының перспективалық бағыттары. Бағдарламалау: ақылды заттар, интеллектуалды ғимарат және үй, интеллектуалды киім, жинақылы (тұтас) оқыту жүйелері және т.б.

2




Барлығы

15

Зертханалық жұмыс тақырыптары




Тақырыптардың атауы

Сағат саны



Мектеп пәндері бойынша виртуалдық кітапханалар.

3



Ақпараттық-іздеу және ақпараттық-анықтамалық оқыту жүйелері.

3



Электрондық оқулықтар және қашықтық курстары. Виртуалды мектептер.

4



Интернеттегі білім бақылау жүйелері.

4



Оқу орталары және жаттықтырушылар.

4



АКТ-ы негізінде білім жалпылау және жүйелеу.

4



Білім берудегі басқару жүйелері

4



Компьютерлік практикум

4




Барлығы

30


СОӨЖ-ДІҢ ОРЫНДАУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ КЕСТЕСІ.



Тақырып

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсыныла-тын әдебиеттер Негізгі/қосымша

Балл

Жұмыс-тардың көрсетілу мерзімі

Бақылау формасы



Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандырудың дамуына әсері.

Жұмыстың мақсаты: қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандыру орны мен рөлін анықтау


[1,2]/[2,4,7]

5

2 апта

Ауызша қорғау



Ақпараттандыру және коммуникациялау құралдарын білім беруге еңгізудің мақсаттары мен бағыттары.

Жұмыстың мақсаты: ақпараттандыру және коммуникациялау құралдарын білім беруге еңгізудің мақсаттары мен бағыттарын қарастыру

[1,2,3]/

[1,2,3]


5

4 апта

Ауызша қорғау



Оқу мақсатындағы бағдарламалық құралдарды, оның ішінде Мультимедиа технологиясы негізінде жүзеге асырылғандарды жасау мен пайдалануға қойылатын педагогикалық-эргономикалық талаптар.

Жұмыстың мақсаты: оқу мақсатындағы бағдарламалық құралдарды жасау мен пайдалануға қойылатын педагогикалық-эргономикалық талаптарды қарастыру


[2,3]/[2,6,8]

5

5 апта

Баяндама



Оқыту технологияларының элементтері бар ақпараттық-пәндік орта теориясының негізгі ережелері

Жұмыстың мақсаты: оқыту технологияларының элементтері бар ақпараттық-пәндік орта теориясының негізгі ережелерін қарастыру

[1,2]/

[1,3,5,7]



5

6 апта

конспект



Жалпы білім беретін мектептегі информатика кабинетінде есептеуіш техника, ақпараттық және коммуникациялық технологиялары құралдарын тиімді және қауіпсіз пайдаланудың педагогикалық-эргономикалық шарттары.

Жұмыстың мақсаты: есептеуіш техника, ақпараттық және коммуникациялық технологиялары құралдарын тиімді және қауіпсіз пайдаланудың педагогикалық-эргономикалық шарттарын анықтау


[2,3]/[2,6,8]

5

7 апта

Баяндама



Ақпараттық технологиялары құралдары негізіндегі оқу-әдістемелік кешен.

Жұмыстың мақсаты: ақпараттық технологиялары құралдары негізіндегі оқу-әдістемелік кешенінің компоненттерін қарастыру

[1,2,3,4]/

[2,4,5,7]



5

9 апта

ДК-де тапсырмалар орындау



Мультимедиа технологиялары негізінде жүзеге асырылған оқу мақсатындағы жүйелерді пайдаланудың перспективасы.

Жұмыстың мақсаты: жүзеге асырылған оқу мақсатындағы жүйелерді пайдаланудың перспективаларын қарастыру

[2,3]/[7,8]

5

11 апта

Конспект



Оқу бағдарламалық құралдар мен жүйелерді жасау барысында жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктерін іске асыру.

Жұмыстың мақсаты: жасанды интеллект жүйелерінің негізгі жұмыс принциптерін және мүмкіндіктерін қарастыру

[2,4]/[2,5,8]

5

12 апта

Ауызша қорғау



Оқу мақсатында сараптық жүйелердің мүмкіндіктерін іске асыру

Жұмыстың мақсаты: оқу мақсатында сараптық жүйелердің мүмкіндіктерін іске асыру жолдарын қарастыру



[3,4,5]/

[2,5,8]


5

13 апта

ДК-де модель тұрғызу



Білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың шетел тәжірибесі

Жұмыстың мақсаты: Білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың шетел тәжірибесінің мысалдарын қарастыру


[3,4,]/[5,8]

5

14 апта

Ауызша қорғау

СӨЖ-ДІҢ ОРЫНДАУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ КЕСТЕСІ.



Тақырып

Жұмыстардың көрсетілу мерзімі

Балл

Бақылау формасы



Интернеттің білім беру ресурстарын талдау негізінде биылғы оқу жылында жүзеге асырылатын берілген бағыт(мектеп пәні) бойынша оқу телекоммуникациялық жобалардың тізімін құрастыру.

2 апта


20

А4 формат



Интернетте келтірілген оқу-әдістемелік материалдарды талдау негізінде шетел білім беру мекемелері оқу жоспарларының сипаттамасын құрастыру.

4 апта


20

А4 формат



Интернетте келтірілген ақпарат нәтижелері бойынша әртүрлі аумақтар, елдер оқушыларының қабілеттіктерін диагностикалау үшін пайдаланылатын тесттік тапсырмалар жүйесінің салыстырмалы сипаттамасын беру.


6 апта


20

Есеп



Интернетте келтірілген ақпарат негізінде белгілі бір аумақта (елде) информатика мен ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланылатын бағдарламалық құралдар жүйесінің тізімін жасап, оған сипаттама беру.

7 апта


20

Ауызша қорғау



Мультимедиа технологиясының құралы негізінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыратын оқу жобасын жасау.

8 апта


20

Электрондық нұсқада жоба дайындау



АКТ құралдарын пайдалану арқылы жеке тұлғаға бағдарланған оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік материалдарға қойылатын талаптарды құрастыру.

9 апта


20

конспект



Оқу орынын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету құрамын (мектеп директорының, белгілі бір оқу пәнін оқыту саласында әдістемелік жұмысты ұйымдастырушысының, жергілікті білім беру ұйымы жетекшісінің ақпараттандырылған жұмыс орнын) аннотациялау.

10 апта


20

конспект



Жалпы орта білім беру жүйесінің оқу мекемесінде дербес электрондық есептеу машинасының берілген саны бар информатика кабинетінің жарақтандыру мен құрал-жабдықтарына қойылатын талаптарды жасау.

12 апта


20

конспект



Жас, категориясы толық емес орта мектеп үшін жалпы орта білім беру жүйесіндегі оқу мекемесінің информатика кабинетін жабдықтау мен пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар құрастыру.

14 апта


20

конспект



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер

  1. Беркимбаева Ш.К., Есполов Т.Е., Кунанбаева С.С., Сулеев Д.К. Момынбаев Б.К., Нургалиева Г.К., Тажигулова А.И. Педагогические технологии информатизации образования.- Алматы: Каз.нац.аграрный университет, 2003-148с

  2. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Создание и использование образовательных электронных изданий и ресурсов. Алматы, «Білім», 2006. – 134с.

  3. Халықова К.З., Абдулкаримова Г.А. Педагоическая информатика Информатизации образования: Учебник.- Алматы: КазНПУ им.Абая , 2007.-274с

  4. Абдраимов Д.И., Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Камалова Г.Б. Теоретико-методологические основы разработки, мониторинга качества и экспериментальной апробации компьютерных учебно-методических комплексов нового поколения. Алматы: КазНПУ им. Абая, 2005. – 146с.

  5. Х юбилейная конференция-выставка «Информационные технологии в образовании». Официальный каталог. – М.: МИФИ, 2000.

  6. Теория и практика дистанционного обучения: Учебное пособие для студентов высших педагогических заведений / Под ред. Е.С. Полат. – М.: Изд. Центр «Академия», 2004.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Огородников Е.В. Информационные технологии активизации обучения школьников: Монография. – М.: ИОСО РАО, 2001.

  2. Роберт И.В. О понятийном аппарате информатизации образование, «информатика и образование». N 12,2002.

  3. Шолохович В.Ф. информационные технологии обучения. Журнал «Информатика и образование». N 2, 1998

  4. Концепция информатизации образования в РК. Республикансий издательский кабинет Казахской академи образования им. Ы.Алтынсарина. алматы, 2000г., 39 стр.

  5. Полат Е.С. Новые педагогические и ифнормационные технологии в системе образования: учебное пособие для студ.пед.вузов и системы повыш.квалиф.пед.кадров/Под ред. Полат Е.С. , М: «Академия», 1999.-224 с.

  6. Нургалиева Г.К., Информационная система управления образованием.Алматы: Алем , 2001

  7. Нургалиева Г.К., Набиев Е.А., Артыкбаев Е.В., Педагогика профессионального образования в системе профессиональной подготовки специалистов. Учебное пособие. Алматы: Алем , 2001.

  8. Сборник научных статей Международного форума Информатизация образования Республики Казахстан и стран СНГ. Алматы, 2006


Білімді бағалау туралы анықтама

«Білім берудегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» курсы практикалық курс болып есептеледі, сондықтан негізгі бақылау түрін құрайтын барлық зертханалық жұмыстарды, жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып табылады.

Пән бойынша дербес компьютердегі практикалық жұмыс істеу біліктілігі жеке тапсырманы дұрыс орындалуымен бағаланады. Сабаққа қатысу міндетті, және де сабақты босатудағы ешқандай жағымды себептердің өзі студентті жеке тапсырмалар мен практикалық жұмыстар жиынтығын орындаудан босатылмайды.

Студенттердің білімін бақылауға ағымды, аралық және қорытынды бақылау формалары жатады.

Курсты аяқтағаннан кейінгі қорытынды бақылау формасы – емтихан.

Студенттің өздік жұмысы. СӨЖ қабылдау мерзімі кестеде көрсетілген.

Тәртіпті бұзу немесе жұмысты тапсыру уақытынан ауытқуға қосымша шаралар қолданылады:


  • кешігу – 0,5 балл шегеру

  • дәріс сабағын босату – 1 балл шегеру

  • зертханалық сабақты босату – 2 балл шегеру

  • жұмысты уақытында тапсырмау – көрсетілген балдан 50% шегеру

Бірінші аралық бақылау қорытындысы студенттің 7 апта оқудағы жинаған баллдарының саны саналады.

Екінші аралық бақылау қорытындысы студенттің 8-14 апта оқудағы жинаған баллдарының саны саналады.

Қорытынды аралық бақылау 15 аптада қойылады.

Емтиханға рұқсат рейтингісі (мысал)



    1. А1 12 + А2 13 = 25 (15-29-ға дейінгі балл емтиханға жіберілмейді)

    2. А1 16 + А2 18 = 34 (30-60-ға дейінгі балл емтиханға жіберіледі)

Емтихан бағасының көрсеткіші (0-40 балл) Емтихан – 40 балл (40%)


Балл

0-19

20-29

30-36

37-40

Баға

қанағаттанарлықсыз

қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы

Қорытынды бағаға енетіндер:

Аралық бақылау - 60%

Емтихан - 40%




Баға

Әріптік эквиваленті

% көрсеткішпен

Баллдар

Өте жақсы

А

А-


95-100

90-94


4,00

3,67


Жақсы

В+

В

В-



85-89

80-84


75-79

3,33

3,00


2,67

Қанағаттанарлық

С+

С

С-



D+

D


70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

2,33

2,00


1,67

1,33


1,00

Қанағаттанарлықсыз

F

0-49

0,00

Осы курс бойынша студенттің қорытынды рейтингі келесі компоненттерден құралады:

Тапсырманы орындағаны үшін қойылатын баға: тапсырмаларды «5» орындалса, 3 балл, «4» орындалса, 2 балл, «3» орындалса 1 балл, «2» орындалса 0 балл



ЖКИ = (15 дәр+60 зерт+15 СОӨЖ+180СӨЖ) = 270 балл

Курстың тәртібі (процедура рәсім) мен саясаты пәнді оқудағы үрдісте студенттерге қойылатын келесі әкімшілік талаптарды анықтайды:

  1. Курс компоненттеріне және оны оқудағы негізгі талаптар:

  • студент сабаққа қатысуы тиіс, зертханалық жұмыстарда және СОӨЖ тапсырмаларын орындауда белсенділік көрсету керек;

  • дәріс сабақтарында конспект жазу, мұқият тыңдау және тәртіпті бұзбау;

  • зертханалық сабақтарына тек ақ халатпен кіруге рұқсат етіледі.

  1. Сабақтағы тәртіп ережесі:

  • сабаққа кешікпеу, аудиторияға қоңыраудан бұрын кіру;

  • сырт киімді гардеробқа тапсыру;

  • сабақ үстінде мобильді телефондарды өшіріп қою;

  • зертханалық сабақтарында ақ халаттың болуы;

  • таратпа материалдарды ұқыпты ұстау (мыжымау, жыртпау, кірлетпеу);

  • оқытушыдан қандайда бір кеңес керек болғанда қолды көтеру;

  • сабақ үстінде сұралуға және аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.


жүктеу 214,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау