«білім берудегі ақпараттық ЖӘне телекоммуникациялық технологиялар»



жүктеу 2,03 Mb.
бет5/8
Дата14.05.2018
өлшемі2,03 Mb.
#12798
1   2   3   4   5   6   7   8

Виртуалды шындық бұл дыбыстық, көзге көрнекті, тактильді және т.б. ақпарат түрлерін бейнелейтін және қолданушының көлемді виртуалды кеңістікке енуін, реалды уақытта бұл кеңістіктің нысандарына қатысты қолданушының жылжуына жағдай жасайтын мультимедиалық құралдар.

"Виртуалды шындық" жүйелері адамның ортамен тікелей қарым – қатынасын қамтамасыз етеді. Олардың ішінде қолданушы компьютердің жадысындағы ортадағы нысанды қолымен ұстай алады. Бұл әрекетті датчиктері бар қолбақ киіп іске асыруға болады. Басқа жағдайда экранда бейнеленген затты «аударуға» және оны басқа жағынан қарастыруға болады. Қолданушы «ақпараттық киім-кешекпен», «ақпараттық қолбақпен», «ақпараттық көзілдірікпен» (көзілдірік - мониторлары) немесе басқа аспаптармен қамтамасыз етіліп, виртуалды кеңістікке қадам баса алады (6-сурет).

Осындай тәрізді мультимедиалық құралдарды мектепте қолдану қабылданатын ақпаратты ойластыру және тану механизмін өзгертеді.

Тәуелсіз еліміздің рухани және экономикалық өрлеуі, білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі оқытушылардың өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану арқылы жаңа инновациялық әдістері ретінде қашықтықтан оқыту жүйесі жетекші рөл атқарады. Қашықтықтан білім беру дегеніміз – оқытушы мен оқушының қазіргі заманда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдалануды жүзеге асыруы. Компьютермен жұмыс істеу оқушының танымдық қабілетін арттыра отырып білім нәтижесіне көз жеткізеді. Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:


  • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашады;

  • оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындайды;

  • дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттырады;

  • ойлау қабілетін дамытады.

Жалпы қашықтықтан оқытуды сырттай конференция өткізуге мүмкіндік беретін спутниктік байланыс: кабельді теледидар, компьютерлік желілер мен CD-ROM дискілері, электронды пошта желілері, т.б аудио-видео құралдары арқылы ұйымдастыруға болады. Бүгін интернет немесе теле көрсетіліммен ешкімді таңдандыру мүмкін емес, себебі олар оқу-танымдық қызметінде үнемі қолданылып жүр.

«Ауыл мектептерін қашықтықтан оқыту» жобасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты мақсаты.

Қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың негізгі әдістері электронды оқулықтар мен «Қашықтықтан оқытудың жер серіктестігі» арнасы болып табылады. Ал қарама-қарсы байланыс интернет арқылы жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқытудың Жер серіктестігі арнасының басты мақсаты – ауыл мектептерін ашық білім кеңістігіне қосып, ауыл оқушыларының білім сапасын арттыру, ауыл мектептеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Қашықтықтан оқыту Жер серіктестігі арнасы барысында біз дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеміз, яғни бұл арнаның басты ерекшелігі және тиімділігі оқушы мен оқытушының арасындағы байланыс көзбен көру арқылы жүргізіледі. Мұнда бейнетаспаға түсіріліп алынған сабақтар мен телебағдарламалар басты рөл атқарады, яғни кез келген пәннен түсірілген белгілі бір тақырыптағы телевизиялық оқу сабақтары оқытушының сабақты жүргізу әдісін бейнетаспаға жазып алумен ерекшеленеді.

Компьютерлік телекоммуникациялы тиімді кері байланысты қамтамасыз етеді, ол әрі оқу материалын, әр оқушылармен қарым қатынасты (электрондық почта, телеконференция арқылы) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қашықтықтан мұндай оқыту қашықтан оқыту деген атауға ие болды.

Қашықтан білім беру жүйесі деп арнайы ақпараттық білім беру ортасының көмегімен ақпарат алмасу құраладарының қызметіне бағытталған кез келген қашықтықта халыққа ұсынылатын білім беру қызметін түсінеміз.

Оқытудың мұндай түрін құру идеясы компьютерлік технологиялар кеңінен таралғанға дейін пайда болды. Қашықтықтан оқытудын тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады.

Әрбір кезеңнің сипаттамасы оқушылар мен мұғалімді байланыстыратын коммуникациялық база болып есептеледі. Бірінші кезеңнің коммуникациялық базасын әдеттегі почта атқарды, ол корреспонденция алмасу арқылы жүзеге асты. Радио, теледидар, аудио және бейне техникалардың таралуымен дистанциялық оқытудың екінші кезеңі анықталады.

Қашықтан оқытудың бірінші және екінші кезеңдері оқытушымен оқушылардын арасындағы асинхронды байланыспен сипатталды.Интерактивті коммуникациялық технологияларды дамуы дистанциялық оқытудың үшінші буынының базасын қалыптастырады. Бұл кезеңде ақпарат алмасу негізінен синхронды болып табылады,яғни ақпарат алмасу шынайы уақыт режимінде жүзеге асты.

Қашықтан білім берудің педагогикалық – психологиялық негіздерін жеке мәселелері: ұйымдастырушылық, әдістемелік, технологиялық аспектілері ғалым, мамандардың зерттелуінде қарастырылады, олардын әр қайсысы өз кезегінде қашықтан оқытудың идеясын педагогикалық практикаға еңгізу, ғылыми зерттеулерді, ұйымдастырумен үгіттеуге өз үлестерің қосты: А.А.Андреев, Д.М.Джусубалиева, А.А.Дувонов, В.А.Каймин, В.Г.Кенелев, Г.К.Нурғалиева, Е.С.Полат, И.В.Роберт, В.П.Техомиров, А.В.Хуторской.

Уйлестірілген класс моделі әр жерде орналасқан бір класс, оқушылар тобынын есептелген курсті интерактивті телекоммуникациялық технологиялар кенейткен жағдайда пайдаланылады.

Өз бетімдік оқыту моделі,оқушыларды анықталған уақыт кестесі бойынша белгілі бір класс бөлмесінде отыру қажеттілігінең босатумен сипатталды.

Ашық оқыту моделі дистанциялық топтын ішінде оқушылардың қарым – қатынасын ұйымдастыру үшін оқушыға курсті интерактивті телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өзіне қолайлы жылдамдықпен оқуға мүмкіндік беретін курсті баспа түрінде беретін және басқада құралдары пайдалануын қамтиды.

Қашықтан оқытудың негізі – курстін оқу матералдарынын: әдебиеттермен аудио бейне кассеталардағы жазулар,компьютерлік программалар тақырыптар бойынша арнайы іріктелген оқушылардын өзіндік жұмысы.

Қашықтан білім берудің сипаттамалары:


  • қаланың шалғайта орналасқан орталық аудандары үшін теңдесі жоқ мүмкіндік;

  • курстын модулмен құрылуы;

  • аудиторияларда және оқытушалырдың қажеттілігін шамалылығына байланысты оқытуға жұмсалатын шығынның салыстырмалы түрдегі төмендігі;

  • жоғары жинақтылық;

  • оқушылардың бос уақытын барынша үнемдеуі.

Қашықтан оқыту әдістері. Қашықтан оқыту дәстүрлі оқыту тәрізді екенін зерттеулер көрсетті, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б зерттеушілердің жұмыстарына сүйене отырып, бес жалпы дидактикалық оқыту әдісін ерекшелеуге болады: ақпараттық рецептивті, репродуктивті, проблемалық, зерттеу және эвристикалық.

Қашықтан оқыту құралдары.Қазіргі және болашақ оқыту құралдары:

  • қағаз оқу басылымы;

  • желілік оқылу басылымы;

  • электрондық оқу басылымы;

  • аудио оқу ақпараттық материалдары;

  • зертханалық дистанциялық практикумдары;

  • вертуалдық шыңдық негіздеріндегі оқыту құралдары.

Қашықтан оқыту түрлері. Әлеуметтік гуманитарлық пәндерді практикалық оқытуда, білім беруді дәстүрлі формаларында да, регламентті оқыту формалары: лекция, семинарлар, зертханалық сабақтар, бақылау жұмыстары, курсттық жұмыстар, емтихандар, өз бетіндік жұмыс және т.б. кеңінен таралған.

Қашықтан оқыту – оқулық материалын жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен оқушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.

Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесін халықтың мынадай категориялары қажет етеді:



  • ЖОО студенттері;

  • Орта мектеп оқушылары;

  • Түрлі деңгей басқарушылары;

  • Аймақтық басқару органдары жетекшілері;

  • Жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар;

  • Екінші білім алуға немесе біліктілігін өзгертуге ниет білдірген тұлғалар;

  • Қандай да бір білім саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін тұлғалар.

Қашықтан оқытудың негізгі ақпараттық технологиялары:

  • оқу-әдістемелік материалдар жинақтарын құрамдастырып, оқушыларға өз бетімен оқып-үйрену үшін таратуға негізделген кейс-технологиялар;

  • эфирлік, кабельді және ғарыштық телевизия жүйелерін пайдалануға негізделген ТВ-технологиялар;

  • студенттерді оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін де, оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивті қарым-қатынас орнату үшін де Internet желісін пайдалануға негізделген желілік технологиялар;

Internet арқылы қашықтан оқыту жүйесін Internet желісіне қатынай алатын кез келген адам пайдалана алады.

2006 жылдың басында «Шалғайдағы және осал аймақтардың орта мектептері үшін АКТ пайдаланып қашықтан оқыту» ЮНЕСКО жобасы аясында Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы «Modular Object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE)» - http://moodle.rcie.kz/moodle/ - Қашықтан оқыту порталын ашты.

Порталда тіркелген пайдаланушылардың мектеп бағдарламасы бойынша білім беру материалдарына тегін қатынауға, біртұтас ұлттық тестілеуге әзірленуге, сынақ тестілеуден өтуге, әдістемелік көмек алу мүмкіндігі бар.

Форумда оқытушылар әрбір оқу курсы бойынша пікір алмасып, қандай да бір тақырып бойынша сабақ өткізу тәжірибесімен бөлісіп, жаңа тақырыптарға пікірталастар ұйымдастыра алады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Электронды оқыту дегеніміз не?

  2. Электрондық оқытудың маңызы?

  3. Виртуальды кітапхана?

  4. Қашықтан оқыту тиімділігі мен қиындықтары?

  5. Желілік технологиялар?


Дәріс 9.

Тақырыбы: Білім берудегі басқару қызметтерін автоматтандыру. Білім берудегі ақпараттық жүйелер. Білім мен икемділіктерді бағалау жүйелері олардың теориялық негіздері мен практика да іске асырылады.

Мақсаты: Білім берудегі басқару қызметтерін автоматтандыру. Білім берудегі ақпараттық жүйелер. Білім мен икемділіктерді бағалау жүйелері олардың теориялық негіздері мен практика да іске асырылуын байқау.


  • Білім беруді автоматтандыру

  • Компьютерлік оқыту бағдарламалары

  • Электронды оқулықты қолдану

  • Компьютерлік сауаттылық

Білім беруді автоматтандыру дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

-оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

-мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

-оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.

Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.

1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.

2. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.

Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпаратты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.

Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);

- әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

3. Моделдеу. Моделдеу идеясы оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланысын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді, компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі бір графикалық жүйеге келтіріп, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Бұл моделдеу әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып табылады.

Компьютер ақпаратпен жұмыс істейді, нысандық жағдайлар жөніндегі мәліметтер модел ретінде оның сөздік, сандық "сипаттамасы" қаралады. Сондықтан да ақпараттық моделді күрделі жүйе ақпаратының көзі ретінде қарауға болады.



  1. Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіппен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Білім беруді автоматтандыру?

  2. Компьютерлік оқыту бағдарламалары?

  3. Модельдеу?

  4. Электронды оқулықты қолдану?

  5. Компьютерлік сауаттылық?


Дәріс 10.

Тақырыбы: Тестілеу және ЕҰТ жүйелерінің электрондық нұсқалары.

Мақсаты: Тестілеу және ЕҰТ жүйелерінің электрондық нұсқалары. Білім беру нәтижелеріне мониторингі жасау жүйелері жайлы мағлұмат беру

  • Білім беру нәтижелеріне мониторингі жасау жүйелері

  • ҰБТ,МАБ, КТ жайлы түсінік

  • тесттік форманы тиімді, тиімсіз жақтары

  • Бағалау

Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу процесіне байланысты өзгеріс аралығындағы білім беру жүйесінің жағдайына талдаудан бастайық (1991-2001жж).

ҚР-ғы білім беру жүйесінің теориясы мен практикасының негізгі тенденцияларының дамуы жетекші ғалым-педагог Т.С.Садықов, А.Е.Абылқасымова Р.М.Жұмабековалардың жұмыстарында талқыланған.

Қалыптасып келе жатқан ұлттық білім беру жүйесін заңды түрде қамтамасыз ету үшін алғашқы заңдардың бірі болып Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды (1992ж). «Жоғары білім туралы» (1993 ж) қабылданды.

«Білім туралы» заңы (1992ж) бойынша жалпы орта білім беру білім беру жүйесіндегі негізгі буын болып табылады және жалпы білім беретін орта мектепте үш баспалдақта жүзеге асырылады: бастауыш, негізгі және аға. Көрсетілген баспалдақтың әрқайсысы өзінше басқарылады. Кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі болып қалды және ол жастарды жаппай мамандандыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

«Білім туралы» заңындағы келтірілген прогрессивті идеялар президенттің жарлығында әрі қарай дамиды, 30-тамыз 1995 ж. және 27-қаңтар 1996жылғы ҚР-дағы білі беру мәселелеріне байланысты кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңында күшіне енді.

Білім беру 1997 жылдың қазанында қабылданған «Қазақстан-2030:гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту» стратегиялық бағдарламасының басымдылықтарының бірі болды.

1999 жылдың 7-маусымында бірыңғай барлық деңгейде білім беруге арналған жаңа «Білім беру» жаңа заңы қабылданды. ҚР-ның «Білім туралы» жаңа заңының ерекшелігі білім берудің жаңа ұлттық моделін бекіту болды. Ол төмендегідей қағидаларды қамтиды:

-білім беруді басқаруға демократиялық сипат және білім беру мекемелерінің өкілеттілігін кеңейту;

-білімділікке ұмтылыс принципі мен дарындылықты дамыту;

-үш тілдікті енгізу принципі (қазақ, орыс және бір шетел тілі);

-ана тілін үйренудегі ұлттық топтардың құқығын орнату және оларға арналған оқу орындарын құру;

-мемлекеттік емес білім беру секторын біыңғай білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде анықтау.

Ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі, ең алдымен, жоғары сапалы білім беру мен тәрбиелеуді жаңаша ойлай білетін және аса жоғары деңгейдегі азаматтылығы бар жоғары кәсіптік маман кадрларды дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім беруді ұлттық моделі жалпы білім беру бағдарламалары негізінде оның жетістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды:

-мектепке дейіңгі тәрбиелеу және оқыту;

-орта білім беру;

-жоғары кәсіптік білім беру;

-жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.

Ұлттық білім берудің моделіне сәйкес орта білім: жалпы орта, бастауыш кәсіптік және орта үш баспалдақтан тұрады:бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар) және аға (10-11сыныптар). 9 сыныпты бітіргеннен кейін негізгі білім алғаннан кейін оқушылар өзінің оқуын не жалпы білім беретін мектепте, не кәсіптік немесе колледжде жалғастыруына болады.

Сонымен қатар, «Білім туралы» жаңа заңға оның басым міндеттері ретінде еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті жұмысшылар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жатқызылады.

Республикада 162 жоғарғы оқу орнын, 246 колледж, 303 кәсіптік мектептер, 15000 оқу өндірістік комбинаттары, оқу орталықтары мен әртүрлі курстарды қамтитын білім беруді ұйымдастырудың кеңейтілген желісі бар.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы 1997-2002 жылдарға есептелген, 5 кезеңді қамтиды. Оны қаржыландыру 154 млн долларды құрады. Аталған бағдараламаның 1-кезеңінде (1997-1998 оқу жылы) қалалардағы және аудан орталықтарындағы негізгі орта мектептер компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Білім беруді басқаруға байланысты ақпараттық жүйелер құру, білім берудегі жаңа технологиялардың аймақтық орталықтарын бекітіп, кеңейту жұмыстары жүзеге асырылды.

2-кезеңде (1998-1999 оқу жылы) орта мектептерді компьютерлендіру басталды.

3-кезеңде (1999-2000 оқу жылы) барлық негізгі мектептерді компьютерлендіру аяқталды.

4-кезеңде (2001-2002 оқу жылы) барлық қалған мектеп түрлері, негізінен бастауыш мектептер компьютерлендірілді. Астана, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының мектептері толықтай компьютерлендірілді. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жабыл облысының мектептері 40%-тен 90 %-ке дейін жабдықталды. Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының мектептері 40 %-ке дейін жабдықталды.

Білім басқарудың тест жүйесін енгізуге байланысты реформа жасалған жылдар:

-1993-Республикалық тестілеу орталығын құру, ол бірінші рет түрлендіруден кейін білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (БТМСҰО) деп аталады;

-1993-1997-тест технологияларын жетілдіру, оны білім берудің жеке ұйымдарына, «Болашақ» степендиаттарын конкурспен іріктеуде енгізу;

-1998-Қазақстанның кейбір аймақтарында жоғары оқу орындарына тестпен қабылдау;

-1999-2003-жоғары оқу орындарына қабылдауда талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізу, жоғары және бітіруші курс студенттерін мемлекеттік аттестациялауды тестпен өткізу;

-2003-2005-мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау мен қабылдау емтихандарын біріктіруді қарастыратын ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ), аралық мемлекеттік бақылау, аспирантураға қабылдау үшін тестілеу.



2002-2005 жылдары кәсіптік мектептер мен колледждерге оқу-есептеу техникаларының мультимедиялық кластарын қою жоспарланды.

1.7-сурет. Оқушылардың жетістіктерін сырттай бағалаудың деңгейлері мен мақсаттары.

Көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту, білім беру сапасын арттыру үшін ҚР-да білім беруді дамытудың 2010 жылға дейіңгі Мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Оған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» атты 2004 жылдың 19 наурызында жолданған ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы негіз болды.

Білім беру саласындағы, оның ішінде, білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу стратегиясын, жаңа бағыттарын, басымдылықтарын, міндеттері мен механизмдерін анықтайды:

-оқу процесін АКТ-ны енгізудің нормативті құқықтық базасын жетілдіру;

-компьютерлік техникамен қамтамасыз етудің әлемдік көрсеткіштеріне жету үшін орта білім беру ұйымдарын ары қарай компьютерлендіру (1 компьютерге келетін оқушы саны 10-15);

-техника мен кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін бір компьютерге 25 оқушы;

-орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу;

-білім берудің барлық деңгейі үшін дистанциялық оқыту технологиясын жасап, енгізу;

-Министрліктің аймақтық және білім беру порталында білім берудің ақпараттық ресурстық орталығын құру;

-білім беру бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдарын электрондық оқу басылымдарымен қамтамасыз ету;

-ҚР электрондық Үкіметтің бірыңғай ортасымен интеграциялау негізінде порталдар мен ресурстық орталықтарды біріктіру үшін бұрыннан бар арналар базасында корпоративті желіні дамыту;

-білім беру ұйымдарына мониторинг, талдау және басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу.

Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылады:

Бірінші кезең-2005-2007жж.

Екінші кезең-2008-2010жж.



Бағалау. Оқушы компьютермен жұмыс істеу барысында, оқылатын материалмен қалай жұмыс істеу керектігін білулері қажет. Ең маңызды мәселе "оқушы - мұғалім - оқушы" коммуникациясын ұйымдастыру болып табылады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін оқушыларға жобалар, пікірсайыстар немесе "ынтымақтастықта оқу" деген сияқты жұмыс ұйымдарын ұйымдастыру ұсынылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тест түсінігі?

  2. ҰБТ толық анықтама беріңіз?

  3. Оқушылардың үлгерімін тексеруде тесттік форманы тиімді, тиімсіз жақтарын жайлы не айтар едіңіз?

  4. Бағалауға анықтама беріңіз?


Дәріс 11.

жүктеу 2,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау