Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет22/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62

46
Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады. 
Бұл: Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап 
отырады; əр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы).
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсін-
беу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, əдіс-тəсілдерімен 
жете танысып, 5 жас пен 6 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке 
біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
-  салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
-  эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, əр түрлі көркемдік іс-əрекет түріне жағдай жасау;
-  талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
-  айналадағы əлем жайында білімін қалыптастыру;
Бастауыш мектептің міндеттері:
-  салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру жəне өзінің тəртібін осыған сай реттеу;
-  қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, 
коммуникативті жəне іскери) мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
-  əр түрлі əрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;
-  мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптас-
паған сапасына арнайы көмек көрсету.
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру: 
мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;
мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру; бала дамуының үдіксіз білім беру жүй-
есін құру [1, 39-б].
Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:
денсаулығын сақтау, нығайту; психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау) 
мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс).
Бастауыш мектептің мақсаты: денсаулығын сақтау нығайту; қабілеттерін, ойлауын дамыту; ерік, 
жігер сезімін дамыту.
Екі ұйым арасындағы əрекет: Мектепке дейінгі мекеме – танымдық əрекет – мағлұмат алады, тал-
дайды, ойнайды, білім алып, тəжірибе жасайды.
Бастауыш сынып оқу əрекеті – оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа 
түсініктер қалыптасады.
Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап 
айтуға болады: Бір маңыздылық: балалардың танымдық əрекетін басқару, білім жəне білікпен қарулан-
дыру бірмезетте жан-жақты тəрбиелеу. Оқыту мектепте де, мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама 
бойынша  өткізіледі.  Айқын  жəне  қатаң  ұйымдастыру:  əрқашан,  əр  уақытта  нақты  сабақ  кестесі,  əр 
баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі.
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері: Балаларды мектепке даярлау кезеңінде на-
зардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады: баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің да-
муы мен көру қабілеті іс-əрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі; құрбыларымен, үлкендермен қарым-қа-
тынасы; қоршаған ортасын қабылдау бейімі.
Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын – ала жан-жақты тал-
дап,  нақты  шешімдер  қабылдауды  қажет  ететін  талаптар  бар.  Олардың  ең  бастылары  арнайы  білім 
беру кеңістігін құратын орта: оқу, ойын, жатын бөлмелері; жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға 
арналған парталар; гигиеналық талапқа сай асхана; сынып бөлмесінде əр баланың оқу-ойын құралдары 
сақталатын арнайы орын; баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туын-
дайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тəрбиелену, білім беру жəне дамыту 
моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде 
білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі əдіс-тəсілдердің сабақта-
стығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшу-
дегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.
Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының əдіс-тəсілдерін, жұмыс түрлерін қол-
данғысы келмейді, ал даярлық тобы тəрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мəжбүр 
болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талап-
тарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай 


47
сабақтастықтың нəтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады жəне баланың 
даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобы-
ның мұғалімдері мен тəрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғы-
зып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.
Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, 
дамытушылық  ойындардың  көмегімен  білім  негізі  қалыптаса  бастайды.  Осылайша,  қазіргі  заманда 
сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мек-
тептегі əдіс-тəсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. 
Сондықтан да бұл мəселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мəселені 
шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады: Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық то-
бында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет 
деп ойлаймын. Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тəрбиелеу үрдісінде мектепал-
ды дайындық тобына сай ойын əдістерін тиімді қолдана білсе [2, 24-б].
Сонымен қатар, бұл шақта баланың көрнекі-əрекеттік жəне бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіру-
ді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген əріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада 
сөздік-логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік 
қалыптасуы нақ осы көрнекі-əрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логи-
калық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет. 
Көрнекі-əрекеттік ойлау – нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл 
түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-əрекетін саналы басқару жəне бақылау, бағыт-
тап, ойластырып əрекет ету қабілеті дамытылады.Сөздік-логикалық ойлау – сөз немесе белгі арқылы 
бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына əрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көз-
дейді. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты бастауыш білім беру мен мектепке дейінгі 
тəрбиелеу  кабинеті  екі  буын  арасындағы  сабақтастықтық  бойынша  жұмысты  ұйымдастыруда  келе-
сілерді белгілейді:
бала дамуының тиімді жақтарын қамтамасыз ететін үздіксіз білім беру жүйесін құру, білім беру ком-
поненттерінің келісімі мен байланысы негізінде баланың табысты білім алуы мен тəрбиеленуі (мақсат-
тары, міндеттері, мазмұны, əдістері, ұйымдастыру формалары); заман талабына сай мектепке дейінгі 
мекеме мен бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын құру;
мектепте оқуға бейімделуіне, əр баланың жеке тұлғалық дамуына оң жағдай туғызу; мектепке пси-
хологиялық жағынан дайындығын қамтамасыз ету;
жаңа шығармашылық шеберханалар мен жобалар құру.
Институт  тарапынан  да  бастауыш  жəне  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесінде  сабақтастықты 
қамтамасыз ету бағыты бойынша семинар, конференциялар, курс жұмыстары мен сайыстар ұйымда-
стырылып тұрады.
Бұл жұмыстардың негізгі мақсат-міндеттері төмендегідей:
Мақсаты:  Жаңа  білім  беруге  көшу  жағдайында  сабақтастық  түсінігінің  қалыптасуы.  Міндеттері: 
Сапалы білім беру қызметімен қамтамасыз етудегі нормативтік-құқықтық негіз жайында ақпарлау. Об-
лыстың бастауыш жəне мектепке дейінгі білім берудегі сабақтастық құрылымының негізгі бағыттарын 
анықтау. Облыстың бастауыш жəне мектепке дейінгі білім мекемелерінің сабақтастық мəселелерін ше-
шудегі тəжірибелерімен таныстыру. Сабақтастықты құрудағы заман талабына сай технологиялардың 
рөлін анықтау. 
Бастауыш жəне мектепке дейінгі білім беру сабақтастығының моделін құру. Осы өткізетін жұмы-
стар  барысында  педагогтар  облыс  мекемелеріндегі  бастауыш  жəне  мектепке  дейінгі  білім  беру  са-
бақтастығының мəселесін шешу тəжірибесі бойынша облысымыздағы тығыз байланыста жұмыс істеп 
жатқан  мектепке  дейінгі  мекеме  мен  бастауыш  мектеп  тəжірибесімен  танысып,  ой  бөлісіп,  тəжіри-
бе  алмасу  ұйымдастырылады:  мектеп  пен  балабақшадағы  оқу-тəрбие  жұмыстарының  бағыттарын, 
мазмұнын айқындау жетілдіру; екі буыннның оқу бағдарламаларын жəне жоспарларын зерттеп, оларды 
жетілдіру жолдарын қарастыру; педагогикалық ұжымдарға ғылыми-əдістемелік жағынан көмек көр-
сетуді ұйымдастыру; оқытудың жаңа технологияларын зерттеу жəне ұстаздар тəжірибесіне енгізу; екі 
буынның таңдаған бағыттары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, белгілі бір проблемалармен айналы-
суына, тəжірибе-сынақ жұмыстарын жасауға басшылық жасап, ғылыми – əдістемелік көмек көрсету 
[2, 39-б].
Сонымен қатар, биылғы өткізілген педагогтардың тамыз кеңесі «Бастауыш жəне мектепке дейінгі 
білім беру жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету білім сапасын арттырудың өзекті мəселесі» атты 
тақырыпта өткізілді. Секция жұмысы барысында педагогтар келесі сабақтастықтық ұсыныс жобасын 


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау