Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет30/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62

60
сақтайтын; рухы бай, еңбек сүйгіш, денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғайтын; қазақ жəне шет ел 
тілдерін меңгерген, сапалы білім алған, адамгершілігі мол, патриоттық қасиеті жоғары ұрпақ тəрбие-
леу қажет деп есептейміз. 
Бұл идея барлық стандарттар, оқу бағдарламалары мен оқу əдебиеттерінде іске асырылуы керек.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын көтеру. Жалпы орта білім сапасын көтеру үшін мақ-
сатқа лайық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет, себебі білім беру жүйесінің даму деңгейі мен 
сапасы елдегі педагогика ғылымы жетістігіне байланысты. Елімізде білім беру саласындағы проблема-
ларды зерттеу үшін іргелі жəне қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бірақ осы пробле-
маларды зерттеуге қаражат, соңғы жылдары, қалдық принципі бойынша бөлініп келеді. 
12 жылдық мектепке өту жəне оның білім сапасын көтеру, басым біліктілік көзқарасты жеке басқа 
бағдарланған  парадигмаға  ауысуды  жүзеге  асыратын  жалпы  орта  білім  беру  стандарттары  мен  оқу 
бағдарламаларын дайындау, инновациялық оқу-əдістемелік кешен əзірлеудің ғылыми-практикалық не-
гіздері, білім беру сапасын бағалау жүйесін жасау проблемалары мүлде зерттелмеген деп айтуға болады.
Жалпы күн тəртібінде тұрған проблемаларды зерттеу негізінде оларды шешу жəне енгізу бойынша 
ғылыми негізделген ұсыныстар дайындалуы тиіс. Барлық ғылыми-зерттеу жəне эксперименттік жұмы-
стар, олардың нəтижелері нақты практикалық қызметте дер кезінде пайдаланылуы үшін, олар озыңқы 
режимде жүргізілуі тиіс. 
Басқару жүйесінің сапасын көтеру.12 жылдық мектепке өту барысында білім сапасын көтеру үшін 
басқару жүйесінің бар институттары бірлесе отырып іс-қимыл жасауы керек. Білім сапасы құраушыла-
рының сапасын арттыру үшін ғалымдар мен мұғалімдердің үлкен ұжымы, ғылыми-зерттеу ұйымдары 
мен  білім  беру  мекемелері,  оқулық  авторлары  мен  баспалар,  педагогикалық  ұжымдар  мен  қоғамда-
стықтардың бар күш-қуатын жұмылдырып, олардың нəтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ету қажет. 
Білім сапасын көтеруге бағытталған жұмыстар негізінен мектепте анықталады. Ал ол жұмыстардың 
сапалы атқарылуы мектеп директорының біліктілігіне тікелей байланысты болады. Мектеп директоры 
осы істі бүге-шегесіне дейін жете меңгерген, үлкен ұстаздар қауымына білім сапасын көтеру мақсатын-
да ақыл-кеңес айтып, нақты жол көрсете алатын жан болуы керек. Дамыған елдерде бұл мəселе жақсы 
шешілген.
Еліміздің орта білім сапасын көтеру үшін осындай жұмыстар жүйелі атқарылуы керек.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. Асқарбек Құсайынов. Əлемдегі жəне Қазақстандағы білім беру сапасы //Алматы, 2013. – 196 бет.
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДІ КƏСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ 
КЕЙБІР ƏДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Маусымбаев С.С.
п.ғ.д., профессор, физика кафедрасының меңгерушісі
Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті 
Қазіргі кезеңде болашақ мұғалімді кəсіби даярлауды жетілдіруге арналған зерттеулер қажет, оның 
құрамында маманның кəсіптік құзіреттілігін анықтауға негіз болатын əдіснамалық мəдениеттің фило-
софиялық деңгейлерін анықтау керек. Алайда маман даярлаудағы əдіснамалық аспектілерді айтпастан 
бұрын, жалпы түрде қазіргі замандағы нақты процестерді ескеретін «əдіснама» категориясының гносе-
ологиялық функциясын жəне оның мазмұнын анықтау керек.
Философиялық энциклопедиялық сөздік бұл ұғымды былай анықтайды: «Теориялық жəне практи-
калық іс-əрекетті ұйымдастырудың жəне құрудың принциптері мен тəсілдерінің жүйесі, сонымен қатар 
осы жүйе туралы ілім». 
Біз əдіснаманы кең мағынада мына түрде түсінеміз: əдіснама деген – дерексіз – қисындылық, кате-
гориялы – ұғымдық аппаратты қалыптастыру принциптері мен əдістерінің жүйесі, таным объектісі мен 
субъектісінің өзара əрекеттестігін, сонымен қатар осы жүйе туралы ілімді ашып мазмұндайтын талда-
удың ең жоғары формасы. Яғни əдіснама – «тікелей түйсінуден дерексіз ойлауға» қозғалыс механизмін 
түсіндіретін принциптер жүйесі: əлемді сезімді – көрнекілі қабылдаудан ол туралы түсініктің дерексіз – 
қисындылық (абстрактілі – логикалық) қалыптасуына дейін [1].
Қазіргі заманғы əдіснамалық зерттеулердің белгілі шектелуі əдіснама проблемаларын біртұтас қа-


61
растырмайтындығына байланысты: тек педагогика əдіснамасының деңгейінде. Проблеманы біртұтас 
қарамайынша,  педагогикалық  зерттеулерде  философия  əдістерін  қолдану,  не  болмаса  педагогиканы 
философиямен ауыстыру əрекеттері болады. Біз білім беру проблемаларын əдіснаманың əр түрлі дең-
гейлерінде қарастыру қажет деп санаймыз.
Философтар бірнеше əдіснамалық білім деңгейлерін анықтайды:
- бірінші деңгей (ең жоғары) – философиялық;
- екінші деңгей – жалпы ғылыми; 
- үшінші деңгей – нақтылы – ғылыми.
Ойша  жасалған  философиялық  құрулар  емес,  нақты  іс  жүзіндегі  практика  əдіснамалық  білімнің 
философиялық  негізінде  əмбебап  категориялар  жəне  философиялық  заңдар  жататынын  көрсетеді, 
олар өзінің объективті сипатын көрсетті жəне марксизмнен көп бұрын ашылды. Оларға қарама-қар-
сылықтардың бірлігі мен күрес, терістеуді терістеу, санның сапаға ауысуы заңдары жатады.
Қарама-қарсылықтардың  бірлігі  мен  күрес  заңы  даму  процесін  объективті  түрде  болатын  қай-
шылықтардың болуымен түсіндіреді. Білім беру саласына қатысты дамудың басты түрткі күші жөнінде 
келісу қажет, философиялық ұғымда ол «негізгі қайшылық» болып анықталады. Көптеген педагогика-
лық зерттеулердің басты қателігі объективті жəне субъективті қайшылықтарды бір-бірімен теңестіруде 
болады. Мысалы, оқыту процесінің негізгі объективті қайшылығы ретінде кейбір зерттеушілер төмен-
дегі қайшылықты бөліп алуы таласты пікір тудырады. Ол қайшылық оқушыға ұсынылатын жаңа жоға-
рырақ талаптар мен оқушылардың бар білім қорының, іскерліктерін, дағдыларын жəне дамытуын қа-
лыптастыру деңгейінің арасында болады.
«Дидактикалық зерттеудің əдіснамасы жəне əдістемесі» атты еңбегінде Ресей ғалымы В.И. Загвя-
зинский «үйретілетіннің оқу барысында əрбір кезеңде жеткен білім жəне даму деңгейі мен міндетті 
шешуге қажетті деңгей, оның пəндік маңызы мен тəрбие мағынасы арасындағы» қайшылықты бөліп 
алады. Бұл, автордың ойынша, негізгі, үнемі алынып тасталатын жəне қайта пайда болып отыратын 
қайшылық, оқу процесін қозғаушы күштерінің ядросы. Сонымен, зерттеушінің бұл ұстанымында ав-
тордың түсінігіндегі негізгі қайшылығының қырлары байқалады.
Негізгі қайшылықтың бірнеше қырлары бар, сондықтан қазіргі заманғы кезеңде білім саласына қа-
тысты объективті қайшылықтарға (дамудың қайнар көзі мағынасында) мына қайшылықтарды жатқы-
зуға болады: 
а) маман даярлауға қоғамның қоятын талаптары (мемлекеттік тапсырыс түрінде) мен оның сол кез-
дегі деңгейі арасындағы;
б) мемлекеттік стандарттың табиғи кертартпалылығы мен білімді тұрақты байытудың жəне нақты-
лаудың объективті қажеттілігі арасындағы;
в) мұғалімді терең əдіснамалық жəне жалпы теориялық тұрғыда даярлау қажеттілігі мен осы даяр-
лаудың практикалы – қолданбалық бағыттылығын күшейту керектілігі арасындағы.
Осы  қайшылықтарды  оқшауланған  топтарға  бөлу  бізге  əдіснаманың  философиялық  деңгейінде 
білім беру кеңістігін реформалаудың стратегиясын жəне кезеңдерін анықтауға мүмкіншілік тудырады, 
оның мақсаты негізгі қайшылықты шешудің механизмін жасау жəне кемшіліктерді жою. 
Терістеуді терістеу заңы білім беру саласына қатысты білімді күшейтуге, қозғалысты алға бастыруға 
бөгет жасайтын формаларды табуда жəне жоюда іске асады. Соған сəйкес, өмірдің өзі керек ететін оқу 
процесін ұйымдастырудың инновациялық формалары ұйымдастырудың ескі қатып қалған формаларын 
«теріске шығарады». Терістеуді терістеу заңы алдағы тəжірибені «тектен-тек» терістеуді ұйғармайды, 
танымның  жаңа  айналымында  ескі  білімнің  позитивті  тəжірибесі  құрамында  бар  жаңа  сапа  қалып-
тасады.
Санның сапаға ауысуы заңы «үздіксіздікті үзу» механизмін көрсетеді, ол білім беруде жəне үйре-
нушілерді дамытуда білімнің нақты деңгейінің тұрақты, жан-жақты жəне жүйелі толтырылуын көрсе-
теді, соның нəтижесінде жеке тұлғаның зиятты дамуында «секіріс» болады. Бұл заң білім саласындағы 
дəстүрлер  мен  жаңашылдықтың  əрекеттесу  механизмін  түсіндіреді.  Инновациялар  біртіндеп  келеді, 
олар дəстүрлі əдістерден, оқу процесін ұйымдастыру формаларынан білімдік бос кеңістікті «жаулап 
алады» жəне белгілі бір кезеңде білім беру жүйесінің жаңа сапалық күйі пайда болады, ол студент-
терді білім, іскерліктер жəне дағдылар жүйесі түрінде «жинақталған» адам тəжірибесін, сонымен қа-
тар  тұлғаның  шығармашылықты  потенциалын  ашуға  мүмкіндік  туғызатын  білімді  табу  құралдарын 
бұрынғыдан табысты меңгеруді қамтамасыз етеді.
Əдіснамалық білімнің жоғары деңгейін игерудің маңыздылығы сонда, ол зерттеушілерді білім беру 
жүйесін реформалаудың болатын стратегияларын жасауға бағыттайды, бұл өз кезегінде тұлғаның өзін-
өзі  көрсетуіне,  оның  шығармашылықты  потенциалын  ашуына  барынша  жағдай  жасайды.  Сонымен, 


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау