Білім беру саласындағы жаңашылдық



жүктеу 25,98 Kb.
бет2/2
Дата12.09.2020
өлшемі25,98 Kb.
#31370
1   2
макала турган Акнур

Түйінді сөздер: белсенді білім беру, білім беру жүйесін жетілдіру, дәстүрлі оқыту, цифрлық оқыту, дамыта оқыту.

Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады.

Елбасы республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады [Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Мәңгілік Ел» атты Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар »деген болатын.

Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңіне қадам басты. Білім берудегі басты мақсат – жан – жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой – толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

XXI ғасыр – білім ғасыры. Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп – өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алу сол мемлекеттің біліміне, білім сапасының жайына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтылуы да сондықтан [1].

Бірінші бағыт - оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту. Бұл бағыттың үдерістері біздегі білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Білім алушының таңдаған пәні бойынша, мамандығына қатысты сабақтарды меңгеруі - академиялық еркіндіктің басты қағидаты болып саналады.

 Екінші бағыт - білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін нығайту, инновациялық технологияларды, компьютер мүмкіндіктерді пайдалану, интерактивті білім беру, қашықтықтан оқыту, виртуальды педагогика,ғалым – оқытушылар,зерттеушілер,жалпы білім беретін ұстаздармен бірлесе отырып,білім алушының жеке интеллектуалдық қабілетін арттыру тағы басқалар жатады. Еліміздегі жоғары білім беру ордалары әлемдік білім беру жүйесіне көше бастады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетін білікті мамандарды дайындау үшін ЖОО-лары да түрлі инновациялық методикаларды пайдалана басталады. «Академиялық мобильділік» бағдарламасы еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарында жүзеге асуда. Жоғары білім саласына көп сатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу, қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, оқыту әдістемелерін жаңғырту, оқытудың онлайн жүйелерін дамыту

сынды жоғарыдағы бағыттың негізгі тетігі ретінде қарастыруда.

Үшінші бағыт – оқу сапасын арттыруда білім алушы үшін ең маңыздысы оқулық.Оқулық – білім нәрінің мөлдір бастауы.К.Д.Ушинский айтқандай: «Оқулық – жақсы сабақ берудің іргетасы». Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын орындау үшін білім алушылар қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Егемендігімізді алғаннан кейінгі басылып шыққан төл оқулықтарымыз бірнеше өңделіп басылғанымен, мазмұны, әдістемесі жағынан сабақтастықтың орындалмай, кейбір жерлерінде аздаған олқылықтар кездесетіндігін байқатты. Мұғалімнің айтқанын білім алушы оқулықты оқу арқылы толықтырады. Ұмытып қалса қайта қарап білімін толықтыруға көмегі бар оқулық қажет. Қазір баспалар көп, оқулықтар әр түрлі, оқу бағдарламалары мен кейбір оқулықтардың материалдары толық сәйкес келе бермейтін жайлар кездесіп жатады. Бұлда жүйелілікті қажет етеді [2].

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі– жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу білім алушының білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Білім алушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Қoғaм дaмығaн сaйын, бaрлық құрылым бiргe дaмиды [3].

Қазіргі таңда кәсіптік және технологиялық білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:

• проблемалық оқыту;

• дамыта оқыту;

• деңгейлеп оқыту;

• дәстүрлі оқыту;

• модульдік оқыту

• сұрақ-жауап ойындары;

• цифрлық білім беру ресурстары.

Проблемалық оқыту - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай,сонымен бірге нәтижелерге жету жолдарын, баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дамыта оқыту - мектеп жасына дейінгі балада білім, білік дағдының қалыптастыруын жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен тәрбиелеу баланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай болу керек. Дамыта оқыту технологиясы ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде балаларға тәрбиешінің қарапайым ізденгіштік, зерттеушілік іс әрекетін қалыптастыру тән.

Дәстүрлі оқыту - балалардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды. Оқыту барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі, балалар сол тақырып бойынша білім, білік дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді.

Цифрлық білім беру электрондық оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми-әдістемелік зерттеулер құрайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық — заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», деп атап көрсетті. Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда [4]. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі үшін жаңа модульдік оқыту бағдарламасын жасау халықаралық талаптарға сай және жұмыс берушінің талаптарын анықтайды. Мұндай бағдарлама біріншіден, халықаралық еңбек нарығында Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі белсенді ойыншы болуы, екіншіден білім беру шарттарының сапасына ұсынылатын қатаң талаптар негізінде дайындау сапасын арттыру.

Қорыта айтқанда, еліміздегі білім жүйесін дамыту – дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы айқындап берді.


ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

  2. Скакун В.А. Введение в профессию мастера производственного обучения:Методические пособие.-М.: Высш.шк.,2010г.

  3. ҚР білім беру жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасы.

  4. Н.Ә.Назарбаев., Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.

жүктеу 25,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау