Когнитивтік саламаттық
Топ (атауы)
___________________
Топ(атауы)
___________________Топ(атауы)
___________________Топ(атауы)
Парақтан параққа ауыса отырып, топ баланың физикалық саламаттығы, когнитивтік саламаттығы, әлеуметтік саламаттығы, эмоционалдық саламаттығы қандай болатынын жазады.
Бұл ретте әр топ белгілі бір түсті фломастерді пайдаланады. Саламаттықтың әрбір түрі бойынша жұмысқа 4 минут беріледі.
Жазбалардың мазмұнына сарапшылар тобы, яғни 5–топ талдау жасайды. 5–топқа 4 мин беріледі.
Бейнероликтің сюжеті баланың ата-анасының көмегіне мұқтаж болғанда, бірақ олар күйбең тіршілікке байланысты уақыт бөле алмайтын отбасылық өмірлік жағдайлардың бірін көрсетеді.
Бала ата-анасының оның қажеттіліктеріне назар аудармауының салдарынан абайсызда ағат қылық жасайды.
Балаға немқұрайлы қарау қаншалықты зиян және отбасында қолайлы климат құру қаншалықты маңызды екендігі көрсетілген
9,11,13,15 – слайдтарда көрсетілген психологтардың ұсыныстары 8,10, 12,14 – слайдтарда берілген сұраққа жауаптарды тыңдағаннан кейін ғана көрсетіледі.
Жадынама жасауға барлық тыңдаушылар қатысады. Мақала үзіндісімен танысуға 2 минут беріледі. Тыңдаушылардың ұсыныстары тақтаға жазылады, онда «Бақытты баланы қалай өсіру керек» жадынамасы» деп аталатын бос орын бар.
Жұмыс аяқталғаннан кейін жазылғандарды педагог оқып береді
5 мин.
|
Адамның бақыты туралы ойлануға арналған оқиға
Қиыршық тас жолындағы бақытты сапар
Жетпіс жастан асқан сүйкімді де сымбатты ханым менімен Фейхтвангер және Құран аудармалары туралы әңгімелесті. Ол кемпір емес еді. Тіпті «егде жастағы әйел» де емес. Бет жүзі ерекше әдемі, қоңыр көздері жұлдыздар сияқты жарқырайды, оларда мейірім мен ақыл бар. Бұл ханым өмірде биік белестерге жеткен. Ол құқықтану корифейі, көптеген атақтары мен марапаттары бар. Және өзінің сыпайы және шынайы түрде айтуынша – өте ауқатты әйел.
Оның сөйлеу мәнері әдемі, тегіс, бейнелі. Ал тілі бай…
Ол мектепке баратын жолы туралы айттып берді. Тағдыр жолы туралы. Және Бірінші қыркүйек туралы.
Оның анасы төрт сыныптық білімі бар сауыншы еді. Олар шалғайдағы ауылда қатты кедейлікте өмір сүрді. Анасы көп ауыр жұмыс істейтін.
Мектепке баратын күн келгенде, анасы қызын ауылдың сыртына алып шықты. Ол жерден үш жол тарайтын: екеуі топырақ жол, біреуі қиыршық тас жол. Анасы қызына қиыршық тас жолды нұсқады: «Міне, осы жолмен орманнан, жырадан, жазық даладан өтіп ауылға жетсең, мектеп көрінеді. Оқы, жаным! Өйткені бұл кедейлік пен бақытсыздықтан құтылудың жалғыз ғана жолы».
Анасы осылай деді. Сөйтіп, қыз қиыршық тас жолмен дорбасын арқалап жолға шықты. Ауылға дейін тоғыз шақырым.
Осы жолмен күнде жүретін болды. «Мені қалайша қасқыр жеп қоймағанына таң қаламын» дейді өзі. Қасқырға жем болмай, аязға тоңбай, қараңғыда жолдан адаспай, жол торушылардың қастығына тап болмай осы жолмен ылғи жүретін болды.
Осылайша мектепке апаратын қиыршық тас жолы арқылы алысқа кетті. Өз бақытына жетті. Жақсы өмір мен басқа тағдырға жолықты.
Мектепті үздік медальмен бітіріп, шабаданын арқалап қалаға институтқа түсуге келді. Жалғыз өзі. Анасы қолынан келгенше картоп пен нан салып тұрды. Дұғасынан тастамады. Ол қызының сол бір қиыршық тас жолға түскен күнінен бастап оған алаңдайтын еді. Бірақ, басқа жолдың жоқтығын білетін. Сондықтан, тек алға жүру керек.
Кейде ата-ана балаға ештеңе бере алмауы мүмкін. Себебі, қолында ештеңесі, білімі, қаражаты, қанат бітіретін жалынды сөздері болмауы мүмкін. Тіпті, мектепке апарып салуға да мүмкіндігі болмайды – кім сені жұмыстан жібере береді? Алайда, ата-ана дұрыс жолды көрсетіп, тура жүруге нұсқай алады. Өзінің бар махаббаты мен батасын қоса береді.
Ең бастысы – тура жолға салу. Бұл ата-ананың балаға беретін басты игілігі. Тіпті ол жол баласын өзінен алшаққа, бақытты өмірге алып кетсе де. Тіпті ол жол басында қауіпті әрі қиын болса да. Бірақ бақытқа апарар басқа жол жоқ – тек осы мектепке апаратын қиыршық тас жол ғана. Және сол жол бақытты өмірге де жеткізді...
(Анна Кирьянова)
|
17 слайд
|
5 мин.
|
Құрметті ата-аналар! Кездесу соңында қазақстандық композитор Тимур Дорогойдың әнін фонограммамен орындауды ұсынамыз. Бұл ән біз бен біздің балаларымыз туралы.
Әннің фонограммасы қойылады, экранда сөздері бар слайдтар көрсетіледі.
Тілек білдірушілер әнге қосылып шырқай алады.
Ән аяқталғаннан кейін педагог ата-аналарға жылы лебізін білдіреді.
|
18–21 – слайдтар
|
Достарыңызбен бөлісу: |