|
Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулық. Алматы: АҮДҰИ, 2023. – 228б
|
бет | 23/227 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 5,34 Mb. | | #44846 | түрі | Сабақ |
| Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша басшылықБейнеролик көру және талқылау
Бейнероликті көргеннен кейін ата-аналарға талқылау үшін келесі сұрақтар ұсынылады:
1. Баланың өтінішіне әкесінің орнында болсаңыз қалай жауап берер едіңіз?
2. Ата-аналар әрқашан баласының өтініштеріне мұқият қарауы керек пе? Неліктен?
Түсіндірме. Баланың өтініштеріне назар аудару – отбасында қолайлы климат құрудың қажетті шарты.
Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет
Қазақ мәдениетінде адам өмірі кезеңдерінің мынадай атаулары айқындалған:
Жаңа ғана туылған бала нәресте деп аталады.
Бір жылдан жеті жылға дейін – сәби.
Бір жас пен екі жастың арасындағы қыз бала – бөпе.
Сол жастағы бала – бөбек.
Екі жастан үш жасқа дейінгі бала – бүлдіршін.
Үш жастан бес жасқа дейін – балдырған.
Алты жастан он екі жасқа дейін – ойын баласы.
Он екіден он бес жасқа дейін – сығыр.
Он бес жастан он алты жасқа дейін – ересек бала.
Он алтыдан он тоғыз жасқа дейін – бозбала.
Жиырмадан отызға дейін – жас жігіт.
Отыздан қырық жасқа дейінгі ер адам – құр жігіт.
Қырықтан елу жасқа дейін – ер түлегі.
Елуден алпыс жасқа дейін – жігіт ағасы.
Ойлануға берілетін сұрақтар:
1. Қазақ халқы адам өмірінің әрбір кезеңіне неліктен үлкен мән береді деп ойлайсыз? (тыңдаушылардың жауаптары)
2. Біздің балалар қазір өмірдің қай кезеңінде? (тыңдаушылардың жауаптары)
3. Балалар өмірінің осы кезеңінің атауында негізгі белгі не болып табылады? (тыңдаушылардың жауаптары)
Түсіндірме. Ойын баласы – бұл негізгі іс-әрекеті ойын болып табылатын ұлдар мен қыздар. Психологтер кіші мектеп жасындағы 6–10 (7–11 жас) ойын баласының ерекшеліктерін осылай сипаттайды.
1. Кіші мектеп жасындағы балалардың ФИЗИКАЛЫҚ ерекшеліктері
Осы жастағы балалар өте белсенді. Олар шытырман оқиғаларды, дене жаттығуларын, ойындарды жақсы көреді.
Олар өздерінің сыртқы келбетін елемеуі мүмкін.
Сұрақ:
– Осы жастағы балалардың ата-аналарына физикалық саламаттықты қамтамасыз ету бойынша қандай кеңестер берер едіңіз? (тыңдаушылардың жауаптары)
Психологтердің ұсыныстары слайдта көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|