Абсолютті координаталар жүйесі
Абсолютті координаталар жүйесінде нүкте (0,0) координата басына қатысты орналасады. Полярлы координаталар r (радиус-векторы)<А (сағат стрелкасына қарама қарсы бағытта градустық өлшеммен көрсетілген алдыңғы нүкте бұрышы).
Салыстырмалы координаталар жүйесі
Салыстырмалы координаталар енгізілген соңғы нүктеден жылжу арқылы беріледі.
Салыстырмалы декарттық координат @х,у. Мысалы: @10,10.
Салыстырмалы полярлық координат @ r<А. Мысалы: @70<30(кесінді ұзындығы 70 мм, х осі бойынша кесіндіден иілу бұрышы 300-қа тең.)
Полярлы координаталар жүйесі
Полярлы координатада жаңа нүкте енгізу үшін 2 нүкте арасындағы қашықтық және осы кесіндімен х осінің оң бағытының арасындағы бұрыш беріледі.
Полярлы координаталар жүйесінде бұрыш горизонталь осьпен өлшенеді. Егер, бұрыш мәні оң болса, онда ол сағат бағытына қарсы алынады, теріс бұрыш сағат бағыты бойынша алынады.
Салыстырмалы координаталар жүйесінде нүктелер координаталарын енгізу арқылы көпбұрыш салу.
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 1.3 Полисызықтармен жұмыс. Примитивтер тұрғызу
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Теориялық мәліметтермен танысу;
Өзіндік жұмыстарды орындау;
Лабораториялық жұмыс есебін тапсыру.
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Әдістемелік нұсқау
Примитивтер қарапайым және күрделі болып екі түрге бөлінеді. Қарапайым примитивтерге нүкте, кесінді, сәуле, түзу, доға, шеңбер, тіктөртбұрыш, сплайн және мәтін жатады. Күрделі примитивтерге полисызық, мультисызық, өлшем, штрихтеу, блок және сілтемелер жатады.
Команданы үш тәсілмен енгізуге болады:
негізгі меню арқылы;
құралдар сайманы арқылы;
командалық жол арқылы.
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 1.4 Объектілерді қию, көшіру, бұру және объектілер массивін құру командалары.
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Объектілерді редактрлеу командалары.
Объектілерді қию, көшіру, бұру және объектілер массивін құру.
Әдістемелік нұсқау
Сызбаны ұйымдастыру құралдары: координаталар жүйесі, өлшем бірлігі,
Қабаттар, графикалық примитивтер.
Редактрлеу командасы:
Move
ERASE кнопкасы – өшіру командасы.
COPY көшіру командасы
Объектіні көшіру үшін ерекшелеу.
Базалық нүктені көсету.
Екінші нүктені ығыстыру немесе бірінші нүктені ығыстыру деп есептеледі.
Нәтижесінде таңдалған объектінінің көшірмесін береді.
Егер екінші нүктенің орнына Enter пернесін баса, онда енгізілген бірінші нүкте ығыстыру координатасы болып табылады.
Stretch командасы алдыңғы командаларға ұқсас. Команданы тиімді қолдану үшін объекттерді қималық рамканы немесе қималық тікбұрышты пайдаланып, ерекшелеу керек. Бұл команда көмегімен кесінділер ұзындықтарын ұзартуға немесе қысқартуға болады.
Rotate, Scale, Array және Offset командалары объекттермен жұмыс жасаудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынады.
Rotate командасымен жұмыс жасау үшін келесі нұсқауларды орындау керек:
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 1.5 Бір жолды мәтін. Көп жолды мәтін.Мәтінді редактілеу.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бір жолды мәтін.
Көп жолды мәтін.
Мәтінді редактілеу
Әдістемелік нұсқау
MText параметрі өлшемдік текст теру және редактілеу үшін беріледі. Параметр енгізілгеннен кейін MultiLine Text Editor (көп жолды текстті редакторлеу) диалогтік терезесі шақырылады, ал терезеде текст шрифті, биіктігі және басқа параметрлер көрсетіледі. Өлшемдік текст <> символдарының арасында орналасады.
Angle параметрі өлшемдік тексттің түсу бұрышын өзгертеді.
Horizontal параметрі көлденең өлшемнің өлшемдік сызықтың көрсетілген орнынан тәуелсіз шығарылуын көрсетеді.
Vertical параметрі тік өлшемнің өлшемдік сызықтың көрсетілген орнынан тәуелсіз шығарылуын көрсетеді.
Rotated параметрі өлшемнің түсу бұрышын өзгертеді.
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 1.6 Штрихтеудің негізгі параметрлері.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Штрихтеудің негізгі параметрлері
Әдістемелік нұсқау
Команда Hatch – штрих сұқпат терезесін ашу, штрих түрлерін таңдау. Тип →Встроенный.
Достарыңызбен бөлісу: |