9.2. Семинар/ практикалық сабақтар
Тақырыбы: AutoCad бaғдaрлaмacының интeрфeйci. Cызбa caлy.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
AutoCad бағдарламасын жұмысқа дайындау.
Cызбaны ұйымдacтырy құрaлдaры.Cызбa caлy.
.
Әдістемелік нұсқау
AutoCad бағдарламасын жұмысқа дайындау.
1. AutoCad бағдарламасы жүктеліп болғаннан кейін бағдарлама интерфейсі пайда болады:
2. Сурет салу операциясы команданы меню қатарынан таңдау арқылы, саймандар қатарынан қажетті сайман батырмасын таңдау немесе команда жолына қажетті команданы пернетақтамен енгізу арқылы орындалады.
3. Команданы енгізгеннен кейін, кейбір командалар командалық жол арқылы және сұқпат терезесі арқылы орындалады.
4. Сұқпат терезесін шығармау үшін команда алдына «–» (минус) белгісін жазу керек. LAYER(Слой) командасын терсек онда сұқпат терезесі шығады, егер –LAYER командасын терсек онда ENTER басқаннан кейін командалық жолда келесі қадамды орындауға команда сұранысы пайда болады. Жауап беріледі де, ENTER пернесін басамыз және т.с.с. орындала береді.
5. Командалық жолды тазалу үшін Esc пернесін басамыз.
Соңғы команданы қайталау үшін (команда орындалған және командалық жолда Command: командасы шақырылған болса) ENTER немесе бос орын пернесін басу керек.
Cызбaны ұйымдacтырy құрaлдaры.Cызбa caлy.
Сызба салу режимы: тор, қадам, ортагагальды. Сұхбат терезесін шақыру үшін: DDRMODES (Сурет салу режимі) немесе бас менюдан Tools(Сервис) / Drafting settings (Режимы рисования...) командасын таңдаймыз.
Тор қадамын және тіктөртбұрыштың торын байланыстыруға, объектілік байланыстыру, полярлық торды орнатуға болады.
Режимдерді бабтау үшін командалық жолда терілген жүйелік айнымалылар қолданылады, мәселен::
Fill – режимі бояу (OFF – ажыратылған, ON – қосылған);
Blipmode – маркерлерді шығару (OFF – ажыратылған, ON – қосылған);
Dragmode – объектіні ауыстыру (OFF – ажыратылған, ON – қосылған);
Ucsicon – координата жүйесін ің көрінуін басқару (OFF – ажыратылған, ON – қосылған).
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 1.2 Абсолютті, салыстырмалы және полярлы координаталар жүйесі. Сызба сызу.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Абсолютті координаталар жүйесі;
Салыстырмалы координаталар жүйесі;
Полярлы координаталар жүйесі;
Әдістемелік нұсқау
Достарыңызбен бөлісу: |