пернесін баспастан бұрын жасау керек.
Бұйрықты енгізудің басқа тәсілі ол экран менюі немесе құралдар тақтасы. Егер Бұйрық: (Command:) сұранысының жауабына пернесін басса, онда AutoCAD алдыңғы бұйрықты қайтадан шақырады. Кез келген басталған бұйрықтың жұмысын пернесін басу арқылы тоқтатуға болады.
3. Примитивтерді құру. Қарапайым примитивтер.
AutoCAD жүйесінде примитивтер деп аталатын кез келген сурет қарапайым бөлімдерге бөлінеді. Примитив қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Қарапайым примитивтерге кесінді, шеңбер, доға, эллипс, мәтін және т.б. объектілер, күрделілерге – полисызықтар, штрихтеу, өлшем жатады. Олар Сурет салу (Draw) құралдар тақтасында орналасқан.
Бекіту сұрақтары
1. Координат нүктесін енгізудің қандай тәсілдерін білесіз?
2. AutoCAD –та қандай координат жүйелерінің түрлері қолданылады?
3. Сурет салу бұйрықтары қай мәзірде орналасқан?
4. AutoCAD жүйесінде қарапайым болып не табылады?
5. Шеңбер тұрғызудың қандай тәсілдері бар?
6. Доға тұрғызудың қандай тәсілдері бар?
7. Доғаны тұрғызудың нұсқалары қандай?
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 1.3 Абсолютті, салыстырмалы және полярлы координаталар жүйесі.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Абсолютті, салыстырмалы және полярлы координаталар жүйесі
Дәріс тезисі*
Нүктені жазықтықта беру үшін өзара перпендикуляр координаталар осьтері енгізіледі. Горизонталь ось пен вертикаль осьтің қиылысу нүктесі координата басы деп аталады. AutoCAD-та келесі координаталар жүйесі қолданылады:
Абсолютті координаталар жүйесі;
Салыстырмалы координаталар жүйесі;
Полярлы координаталар жүйесі;
Өлшемдерді тікелей енгізу.
Сызбаны баптау
AutoCAD-та санды дәл бейнелейтін мерикалық баптау арқылы форматты анықтау мүмкіндігі бар.
Length өрісі берілген бірлікте форматты өзгертуге мүмкіндік береді (Decimal метриккалық жүйе үшін);
- Precision тізім өрісі үтірден киінгі санды анықтайды;
- Angle өрісі бұрыш өлшемін және форматты өзгертеді (градусы – Decimal Degrees).
Абсолютті координаталар жүйесі
Абсолютті координаталар жүйесінде нүкте (0,0) координата басына қатысты орналасады. Полярлы координаталар r (радиус-векторы)<А (сағат стрелкасына қарама қарсы бағытта градустық өлшеммен көрсетілген алдыңғы нүкте бұрышы).
Салыстырмалы координаталар жүйесі
Салыстырмалы координаталар енгізілген соңғы нүктеден жылжу арқылы беріледі.
Салыстырмалы декарттық координат @х,у. Мысалы: @10,10.
Салыстырмалы полярлық координат @ r<А. Мысалы: @70<30(кесінді ұзындығы 70 мм, х осі бойынша кесіндіден иілу бұрышы 300-қа тең.)
Полярлы координаталар жүйесі
Полярлы координатада жаңа нүкте енгізу үшін 2 нүкте арасындағы қашықтық және осы кесіндімен х осінің оң бағытының арасындағы бұрыш беріледі.
Полярлы координаталар жүйесінде бұрыш горизонталь осьпен өлшенеді. Егер, бұрыш мәні оң болса, онда ол сағат бағытына қарсы алынады, теріс бұрыш сағат бағыты бойынша алынады.
Бекіту сұрақтары
AutoCAD-та қандай координаталар жүйесі қолданылады?
Абсолютті координаталар жүйесінде нүкте қалай анықталады?
Полярлы координаталар жүйесі.
Өлшемдерді тікелей енгізу дегенді қалай түсінесіз?
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 1.4 Полисызықтармен жұмыс. Примитивтер тұрғызу
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
Примитивтерді құру.
Қарапайым примитивтер.
Дәріс тезисі
AutoCAD жүйесінде примитивтер деп аталатын кез келген сурет қарапайым бөлімдерге бөлінеді. Примитив қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Қарапайым примитивтерге кесінді, шеңбер, доға, эллипс, мәтін және т.б. объектілер, күрделілерге – полисызықтар, штрихтеу, өлшем жатады. Олар Сурет салу (Draw) құралдар тақтасында орналасқан.
Кесінді сызбаның негізгі объекттерінің бірі болып табылады. Кесінді координаталары Line командасы шақырылған кезде енгізілетін 2 нүкте арасында құрылады. Команды шақырылғаннан кейін келесі сұраулар пайда болады.
Specify first point: (Бірінші нүкте енгізіңіз)
Specify next point or [Undo]: (Келесі нүктені енгізіңіз)
(тіктөртбұрыш) бұйрығымен жүзеге асады: Rectang бұйрығы бірнеше параметрге ие. Қосымша редакциялау операцияларын қолданбай, фаскалы не дөңгелек бұрышты тіктөртбұрыш жасауға болады. Elevation және Thikness параметрлерін қолданып, Rectang бұйрығы көмегімен тіктөртбұрышты параллелепипед жасауға болады.
Шеңбер тұрғызудың 3 тәсілмен жүзеге асады:
Сурет салу (Draw) құралдар тақтасындағы сайманын таңдау;
Бұйрық қатарына CIRCLE бұйрығын енгізу;
Сурет салу менюінен Шеңбер бұйрығын таңдау.
Бекіту сұрақтары
1. Координат нүктесін енгізудің қандай тәсілдерін білесіз?
2. AutoCAD –та қандай координат жүйелерінің түрлері қолданылады?
3. Сурет салу бұйрықтары қай мәзірде орналасқан?
4. AutoCAD жүйесінде қарапайым болып не табылады?
5. Шеңбер тұрғызудың қандай тәсілдері бар?
6. Доға тұрғызудың қандай тәсілдері бар?
7. Доғаны тұрғызудың нұсқалары қандай?
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 1.5 Объектілерді қию, көшіру, бұру және объектілер массивін құру.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Түзету құрал-саймандары.
2. Түзету бұйрықтары.
Дәріс тезисі
Түзету (Modify) құрал-саймандар тақтасы Erase (Өшіру), Copy (Көшіру), Mirror (Айна), Offset (Ұқсас), Array (Массив) саймандарынан құрылады.
Аталған бөлімде қарастырылған, бұйрықтардың әрбіреуін перне тақта арқылы атын енгізуге, сонымен қатар Түзету (Modify) мәзірінің көмегімен шақыруға болады. Берілген бөлімдегі бұйрықтардың көпшілігі алдын-ала таңдалған нысандар жиынымен жұмыс жасайды немесе мұндай жиындар болмаса сұраныс беріледі. Нысанды таңдаңыз: (Select objects:). Қалған бұйрықтар осы уақытқа сәйкес жөнделетін нысандарда сұралады.
Бекіту сұрақтары
Түзету (Modify) саймандар тақтасы
Құрал-саймандар тақтасынан бұйрық таңдағаннан соң қандай сұраныс пайда болады?
Қандай бұйрық қию операциясын орындайды?
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 1.6 Мәтінді құру. Бір жолды мәтін. Көп жолды мәтін.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
Мәтін құру. Бір жолды және көп жолды мәтін.
Басқарушы кодтар. Мәтінді жазу бұйрықтары..
Дәріс тезисі
Мәтін сызбада әдетте қосымша мәліметтен тұратын ескертулерді құруда және сызбада көрсетілген объектілердің сипаттауында қолданылады. Сонымен архитектуралық сызбада бөлме және басқа да орындардың сипаттамалары материал мен құрылғыларға қатысты құрылысшыларға арнайы нұсқаулар мен талаптар көрсетіледі. Инженерлік сызбада өлшемдеріне қосымша техникалық талаптар, материал, графика, кесте т.б. түрлері болуы мүмкін.
Тексті құру Dtext және Mtext командаларының көмегімен сызылады. Dtext командасы (1 жолдық текст) текст жолын құрады, ал Mtext текст абзацын (көп жолды текст) құрады. Draw менюі және экрандық меню 2 текстілік Multiline text және single line text командаларға ену мүмкіндігін береді. Өлшеміне кіретін сандық мәндер текст болып есептелмейді. Өйткені өлшемдерді автоматты түрде құру командаларымен алынады. AutoCAD-тағы жол немесе текст абзацы түзу немесе шеңбер сияқты объектілер ретінде қолданылады. Текстік объектіні басқа графикалық объектілер ретінде өшіруге, жылжытуға, бұруға және редакторлеуге болады.
Бекіту сұрақтары
1. Мәтін суретін салудың қандай бұйрығын білесіз, олардың айрмашылығы қандай?
2. Мәтіннің стилі деген не?
3. Мәтінді қалай өзгертуге болады?
4. Multiline Text Editor сұқбаттасу терезесі неден тұрады?
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 1.7 Өлшем тұрғызу командалары.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
Өлшемдер.
AutoCAD жүйесінде кестелерді құру.
3. Кестені редакциялау және форматтау. Кестенің стилін құру.
Дәріс тезисі
Өлшемдер.
Өлшемдерді, ену рұқсаты және шығару сызықтарын орнату әрекеті Dimension (Өлшемдер) мәзірінің бұйрықтарымен және Dimension (Өлшемдер) құралдар тақтасының саймандарының көмегімен орындалады.
2. AutoCAD жүйесінде кестелерді құру
AutoCAD 2005-тен бастап жүйеге жаңа құрал енгізілді – ол кестелер. Кестелер сызба жасауда түсіндірме мәтін жазу үшін, ерекшеліктер, қосылған кестелер үшін қажет, бұларды әр сызба сызушы белгілі бір мақсатта пайдаланады. AutoCAD 2008-да кестелерді құру және редакциялау мүмкіндігі кеңейтілді. Қарастырылып отырған бағдарлама нұсқасындағы кестелер Microsoft Excel-дегі қарапайым электронды кестені еске түсіреді.
3. Кестені редакциялау және форматтау. Кестенің стилін құру.
Ұяшықтардың мазмұнын өзгертуге байланысты әрекеттер редакциялау деп аталады. Кез-келген бұрын құрылған кестені кейін редакциялауға болады. Кестенің әр ұяшығы жеке нысан болып есептеледі, сондықтан оларды редакциялауды да жеке-жеке жүргізу қажет. Кестені тұтас та редакциялауға болады.
Бекіту сұрақтары
1. Өлшемді қою бұйрығы қай мәзірде орналасқан?
2. Бұрыштық өлшемді салу қандай бұйрықпен қамтамасыз етіледі?
3. Диаметрлік өлшемді қалай қояды?
4. Кестені құрудың қандай тәсілдері бар?
5. Кестенің стилі дегеніміз не?
6. Кестенің стилін құру терезесі неше қосымша бетшеден тұрады?
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 1.8 BHatch командасы көмегімен штрихтеу. Штрихтеу әдістері.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Штрихтауды салу тәсілдері.
2. Штрихтау үшін градиентті қолдану. Штрихтауды редакциялау.
3. Блоктың бұйрықтарымен және оның белгілерімен танысу.
Дәріс тезисі
Штрихтау деп суреттің тұйықталған аймақтарын үлгімен толтыруды айтады. Әдетте штрихтау белгілі бір жаққа бұрышталған және өзіндік қисықтығы бар, бір-бірінен белгілі бір қашықта орналасқан сызықтар болып табылады. Алайда штрихтау бейнелер немесе түрлі-түсті тұтас құйылған бояу ретінде де берілуі мүмкін. Кеңістіктің ішкі аумағын толтыру кезінде штрихтау оны жөндеу кезінде өзгеруі мүмкін (мысалы, көлемінің өзгеруі). Мұндай штрихтауды орайластырған штрихтау деп атайды.
Бекіту сұрақтары
1. Аймақты штрихтау үшін қандай бұйрық қолданылады?
2. Штрихтаудың қалпын қалай таңдауға болады?
3. Штрихтау аймағын қалай таңдауға болады?
4. Штрихтаудың қандай түрін білесіз?
5. Блок дегеніміз не? Блокты калай құрамыз?
6. Блоктың қандай атрибуттарын білесіздер?
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 2.1 Үш өлшемді координаталар жүйесінде объектілерді тұрғызу.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
Көлемді пішіндерді жобалау.
Үш өлшемді үлгілерді редакциялау.
Дәріс тезисі
Көлемді пішіндерді жобалау.
Көлемді пішіндерді жобалау оларды тұрғызудан басталады. Көлемді пішіндерді тұрғызу кезінде BOX (жәшік), CYLINDER (Цилиндр), TORUS (Тор), WEDGE (клин), CONE (конус) қарапайымдары қолданылады, сондай-ақ арнайы тұрғызу әдістері де қолданылады.
2. Үш өлшемді үлгілерді редакциялау.
Нысандардың қиылысуы
Көлемнің қиылыспайтын бөліктері Modifi/Boolean/Intersectбұйрығымен жойылады.
Екіөлшемді кеңістіктегі редакциялау бұйрықтары (MOVE,COPY,ROTATE,MIRROR) үшөлшемді кеңістікте де қолданылуы мүмкін. Үшөлшемді кеңістікке ғана тән бұйрықтар да бар.
Бекіту сұрақтары
1. Көлемді пішін дегеніміз не?
2. 3D – үлгілерін қалай құрамыз?
3. 3D – үлгілерін қалай экранда көрсетеміз және қараймыз?
4. 3D – үлгілерінің қандай координаттар тәсілі бар?
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 2.2 Үш өлшемді кеңістікте объектілерді қарау.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Бұру командасы.
2. Айналық бейнесі.
Дәріс тезисі
1. Бұру командасы.
Бұру командасы үшөлшемді кеңістікте остьті айналдыра жүргізіледі. Ось келесі тәсілдермен анықталады: екі нүктені көрсету арқылы, координаталық остердің бірін (ХYZ) көрсету арқылы. Үшөлшемді кеңістікте бұру командасы ROTATE3D. Бұл команда келесі мәзірдің ішкі командалары арқылы жүргізіледі: Rotate 3D.
Айналық бейнесі.
Жазықтыққа қарағанда айналық бейнесі:MIRROR3D командасы объектінің көрсетілген жазықтыққа қарағандағы айналық бейнесін анықтайды.
Бекіту сұрақтары
Үш өлшемді кеңістікте объектілерді қарау саймандарына сипатама беріңіз.
Бұру құралын қалай кірістіруге болады?
Объектінің айналық бейнесін алудың тәсілдерін түсіндір.
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 2. 3 Каркас модельдеу, оны тұрғызу құралдары
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Каркас модельдеу түсінігі.
2. Каркасты редактрлеу құралдары.
Дәріс тезисі
Каркас модельдеу түсінігі.
AutoCAD редактрында 3 түрлі базалық типтегі моделдерді құруға болады:
1. каркасты модель
2. бет жақты модель
3. қатты денелі модель
Box, Wedge, Cone, Cylinder, Sphere, Torus командаларының көмегімен моделдерді тұрғызуға болады (меню Draw/Solids).
Әр тип модельдерінің редактрлеу және құрылу технологиясымен ерекшеленеді.
2. Каркасты редактрлеу құралдары.
Үш өлшемді сызбаларды компоновкалау – сызбаның нәтижесін қаратын маңызды этапы. AutoCAD редактрында үш команда бар, олар үш өлшемді моделдерге қолданылатын: SOLVIEW, SOLDRAW және SOLPROF. Бұл командалар меню жолында Draw → Solids → Setup және Solids панелі.
Бекіту сұрақтары
1. Каркасты модельдеу түсінігін беріңіз.
2. Каркас модельдеуде примитивтер қандай бұйрықтардың көмегімен тұрғызылады?
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 2.4 Беттерді модельдеу және оны тұрғызу.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Беттік модель түсінігін беру.
2. Беттерді модельдеу примитивтері
Дәріс тезисі
1. Беттік модель түсінігін беру.
Беттік модельде қырлары жақтары анықталады. Бірақ, ішкі жағы бос болады да, оның көлемі болғанмен салмағы (массасы) болмайды. Мәселен кубтың беттік моделіне бос жәшәкті елестетуге болмайды.
Беттік модельдеу күрделі формалы объектілердің нақты бейнесін көрсете алады. Каркасты модельден айырмашылығы беттік модельдер өзінің арғы жағында тұрған объектіні көрсетпейтін мүмкіндігі бар және көлеңкесін түсіре алады.
2. Беттерді модельдеу примитивтері.
Фасктарды алып тастау және қабырғаларды баланыстыруды редактрлеу командасы.
Орындаңыз:
Выполните Modify → Chamfer.
Modify → Fillet.
Бекіту сұрақтары
1. Беттік модельдеу түсінігін беріңіз.
2. Беттік модельді тұрғызу қандай команданың көмегімен жүзеге асырылады?
Әдебиет: [1], [2], [3], [6]
Тақырыбы: 2.5. Беттерді редактілеу құралдары Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Бұру командасы.
2. Айналық бейнесі.
3. Объектінің массивін құру.
4. Денелердіжазықтықпен қию
Дәріс тезисі
1. Бұру командасы.
Бұру командасы үшөлшемді кеңістікте остьті айналдыра жүргізіледі. Ось келесі тәсілдермен анықталады: екі нүктені көрсету арқылы, координаталық остердің бірін (ХYZ) көрсету арқылы. Үшөлшемді кеңістікте бұру командасы ROTATE3D. Бұл команда келесі мәзірдің ішкі командалары арқылы жүргізіледі: Rotate 3D.
Айналық бейнесі.
Жазықтыққа қарағанда айналық бейнесі:MIRROR3D командасы объектінің көрсетілген жазықтыққа қарағандағы айналық бейнесін анықтайды. Бұл команданың орындалу реті: Modify → 3D Operation → Mirror3d.
3. Объектінің массивін құру.