|
Білім беру бағдарламасына арналған қорытынды емтихан пәндерінің мазмұнытақырып. Активтердің құнсыздануы (36 ХҚЕС )739503843var 15647 тақырып. Активтердің құнсыздануы (36 ХҚЕС )
Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері. Орны толтырылатын құн. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн. Қолдану құндылығы. Басты (генерирующая) бірлік.
Құнсызданудан алынатын зиянды тану. Құнсызданудан алынатын зиянды қайта қалпына келтіру (реверсирование).
Активтердің құнсыздануының синтетикалық есебі.
8 тақырып. Ұйымның міндеттемелерінің есебі
Қаржылық міндеттемелерінің есебі: банктік және басқа да несиелер, дивидендтер мен қатысушылардың кірістері. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі.
Кредиторлық берешектер есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға; филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге; төленуге тиісті сыйақылар бойынша, Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 ХҚЕС). Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 ХҚЕС). Өзге де міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылатын топтың міндеттемелері, басқа да міндеттемелер.
9 тақырып. Түсім, кірістер мен шығыстарды тану
Түсімді тану критериі. (18 ХҚЕС) Мәмілені бірегейлендіру. Тауарларды сатудан; қызмет көрсетуден алынатын; пайыздар, лицензиялық төлемдер мен дивидендтер түріндегі түсімді тану. Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі. Қаржыландырудан алынатын кірістер. Өзге де кірістер есебі.
Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құндарының есебі. Кезең шығындарының есебі. Өзге де шығыстар есебі. Қорытынды пайданы немесе залалды тану; жабылушы өткізбелер; корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі.
10 тақырып. Капитал мен резервтер есебі
Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 ХҚЕС) Меншікті және қарызға алынған капиталға бөлу. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатып алынған мешікті үлестік құралдар. Эмиссиондық кіріс есебі.
Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал; активтерді қайта бағалау резервтері, шетел валютасын қайта есептеу резервтері және басқа резервтер.
Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған залалды есепте және қаржы есептілігінде бейнелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|