Білім беру бағдарламасы В086 «Жалпы медицина»


Академиялық адалдық саясаты



жүктеу 0,5 Mb.
бет2/19
Дата06.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#41159
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
N -казСиллабус-2ОМ-ОБЩАЯ ПФ-2022-23 (1)

3.2 Академиялық адалдық саясаты: Университеттің барлық білім алушылары академиялық адалдық саясатын қолдауға жауапты. Білім алушылар берілген жұмысты өз бетінше орындауға өз жауапкершілігін түсінуі керек, емтихан жазғанда және басқа да бағаланатын жұмыстарды орындағанда ережелер мен нұсқауларды сақтауы тиіс. Университеттің білім алушылары академиялық адалдық принциптерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Университет білім алушыларының жауапкершілігі Академиялық адалдық кодексі (2019 ж) бойынша анықталады.
Академиялық адалдық принциптері:
1. Адалдық – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмыстарының түрлерін адал, дұрыс орындауы.
2. Автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғау – біреудің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау.

  1. Ашықтық – айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат пен идеялармен ашық алмасу.

  2. Білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы.

  3. Теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

Академиялық адалдықты бұзу түрлері

  1. Алдау (белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға, фактілерге қатысты саналы түрде жаңылыстыру).

  2. Плагиат (басқа бір адамның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегін өз еңбегі деп көрсету, сондай-ақ біреудің туындысын өз атынан жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген авторлық құқықты бұзу.

  3. Көшіріп жазу (ағымдық, межелік және қорытынды бақылау, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау процесінде бағаланатын жұмыстарды орындағанда пайдалануға тыйым салынған материалдарды пайдалану).

  4. Фальсификация (ақпаратты, пікірлерді немесе деректерді әдейі бұрмалау/ауыстыру, жалған құжаттар, жалған медициналық анықтама ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасына рұқсатсыз қол жеткізу; жалған оқу құжаттарын, жалған деректер мен есеп нәтижелерін жасау, электрондық және қағаз транскриптіне жалған бағалар және жалған қол қою, барлық деңгейдегі жұмыстар мен құжаттардағы және т. б. құжаттардағы бағаларды түзету.

  5. Бағаланатын жұмыстарды орындағанда, тестілеу кезінде ақпаратты немесе техникалық құрылғыларды заңсыз пайдалану және тарату; бағаланатын жұмыстың кез келген жауаптарын заңсыз жолдармен алу; рұқсатсыз жасырын бейнежазба немесе аудиожазба.

  6. Жасыру (жұмыстың жосықсыз орындалуы туралы немесе осы Кодекстің нормаларын және Университеттің ішкі ережелерін білім беру процесіне қатысушылардың сақтамауы туралы ақпаратты хабарламау немесе дер кезінде жеткізбеу).

  7. Академиялық ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және оны тарату – емтихан немесе бақылау жұмыстарының жауаптарын беру; бағалау кезінде қойылатын сұрақтарды білім алушыларға жеткізу, тиісті рұқсатсыз бағаланатын жұмыстардың жартылай немесе толық материалын тарату; дайын баяндамаларды, эсселерді, тапсырмалар мен басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе таратудың өзге де әдістері, қазіргі заманғы құрылғылар мен гаджеттерді қолдана отырып, заңсыз жолдармен бағаланатын жұмыстың жауаптарын ұрлау.

  8. Сабақта және қорытынды бақылауда тыйым салынған материалдарды немесе электрондық гаджеттерді пайдалану.

  9. Пара беру немесе пара алумен байланысты әрекеттер жасау (сыйлық беру, кез келген түрде сыйақы беру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінде делдал болу).




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау