Модульге кіріспе
Осы модуль білім алушыларға Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері темір жолдардың және темір жол көлігі қызметкерлерінің жұмыс тәртібінің аса маңызды құрылыстарының, құрылғыларының және жыл-жымалы құрамының негізгі ережелерін, негізгі өлшемдерін және оларға қойылатын талаптарды, поездар қозғалысын ұйымдастыру жүйесін және сигнал беру принциптері туралы түсінік береді.
Білім алушылар монтаждық жұмыстар үшін техникалық құжаттама құрамын және мазмұнын, сыртқы біріктірулер сұлбаларын, монтаждық-коммуникациялық сұлбаларды орындау ережелерін, вагон құрылғылардың типтік монтаждық сызбаларының мақсатын білуі тиіс.
Темір жолдарды, құрылыстарды, құрылғыларды және жылжымалы құрамды техникалық пайдалануға жобалауға және салуға жататын барлық нұсқаулықтар және нұсқаулар осы Ережелердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
ҚР темір жол техникалық құралдарына техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша қойылатын талаптар, дабыл бойынша нұсқаулық темір жолындағы маневрлік жұмыс және поезд қозғалысы нұсқаулығы.
Өндірістік оқыту кезінде студенттер жабдықпен, саймандармен және монтаждау бұйымдарымен жұмыс істеу дағдысына ие болады.
Орталықтандыру, бұғаттау және байланыстың бұзылуымен поезд қозғалысын ұйымдастыру жұмыстарын орындау қарастырылады.
Осы оқу жұмыс бағдарламасында вагон атаулары мен классификациясын, вагонның негізгі бөлшектерін,вагонның техникалық-экономикалық параметрлерін, арбалар атаулары мен классификациясын, 18-100, 18-101, 18-102 арбаларын, жолаушылар вагондарының арбаларын, КВЗ-ЦНИИ, КВЗ-ЦНИИ-2, доңғалақ жұбын, букстық тораптардын, букс құрылысын, буксты жинауды, кассеталы букстарды, серіппелі қаптамасын, соққыны жұту аппаратын, автотіркегіштерді, тежегіш жабдықтарын, пневматикалық тежегіштердің жұмыс принциптерін, вагон рамасын , шанағын, ақаулық түрлерін, жүк вагонының арбаларындағы кездесетін ақаулықтарды, рамада кездесетін ақаулықтарды, шанақта кездесетін ақаулықтарды, букстық тораптардағы ақаулықтарды, доңғалақ жұбында кездесетін ақаулықтарды, өстегі ақаулықтарды, доңғалақтағы ақаулықтарды, тежегіш жабдықтарында кездесетін ақаулықтарды, автотіркегіште кездесетін ақаулықтарды, жөндеу түрлерін, шаблондарды, вагондағы белгілер мен жазбаларды, вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін, жүк вагондарының рамасын жөндеуді, жүк вагондарының шанағын жөндеуді, арбаны бөлшектеуді, фрикционды сыналарды жөндеуді, дәнекерлеу және құю жұмыстарын, тежегіштік жабдықтарды жөндеуді, арбаларды бояуды, арбаларды жөндеуден шыққаннан кейін тексеруді, дефектаскопиялауды, автотіркегішті жөндеуді, тежегіш цилиндрін, реттегіштің жұмысын, ауа үлестіргіштің басты бөлігін, жабық жүк вагондарын жөндеуді, жартылай хоппер вагондарды, рефрижераторлы вагондар және оларда кездесетін ақаулықтарды оқып зерделеуді қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |