Білім беру бағдарламасы мамандық: 07160500 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету


ҚАРАСТЫРЫЛДЫ, КЕЛІСІЛДІ ЖӘНЕ ҰСЫНЫЛДЫ



жүктеу 488,19 Kb.
бет2/56
Дата07.09.2023
өлшемі488,19 Kb.
#43287
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Техник электромеханик

ҚАРАСТЫРЫЛДЫ, КЕЛІСІЛДІ ЖӘНЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Колледж әдістемелік кеңесі


№__ хаттама «___» __________ 20____жыл


Колледж Индустриалдық кеңесі

№__ хаттама «___» __________ 20____жыл




Мазмұны









бет

1

Білім беру бағдарламасына түсіндірме жазба


5

2

Қысқартулар мен белгілеулер тізімі

8

3

Функционалдық талдау

9

4

Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

10

5

Білім беру бағдарламасының құрылымы

12

6

Білім беру бағдарламасының (модульдердің) мазмұны

18

7

Оқу жоспары

69

8

Ұсынылатын жабдықтар тізімі

73

9

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

77


  1. Білім беру бағдарламасына түсіндірме жазба

Бейнеу политехникалық колледжінің оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспарлары келесі бұйрықтар негізінде әзірленді:


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", № 319-III "Білім туралы" Заңы (31.03.2021 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);
"Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (01.09.2020 ж. өзгеріспен) бұйрығына (техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 3-қосымша);
"Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығына (16.09.2019 ж. № 469 бұйрық өзгертілген);
07160500 «Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығының кәсіби қызметіне қажетті нысандар ретінде жылжымалы құрамның техникалық күйі, сервис менеджменті мен оны ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, теміржол кәсібіндегі нормалық құқықтар, заңдар топтамалары болып саналады.
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтардың және біліктіліктердің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №500 бұйрығы (өзгерту күні 21.01.2021ж.);
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қазанда № 8828 болып тіркелді (07.04.2020 ж. өзгерістермен және толықтырулармен);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 "Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (12.10.2018ж. өзгерістермен және толықтырулармен);
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 6 сәуірде №20317 тіркелді.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бекітілген кәсіптік стандарттарға сәйкес жасақталды.
Осы білім беру бағдарламасын дайындау кезінде модульдік-құзыреттілік тәсілдеме және жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау бойынша модульдік оқытуды енгізу қажеттілігі негізінде мынандай түйінді анықтамалар пайдаланылды:
модульдік оқыту бағдарламасы – бір мамандық аясында кәсіптік қызметтің белгілі бір түрлерін орындауға қажет білімдер, біліктер мен құзыреттерді игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының бір бөлігі;
модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, толыққанды және тұтас бөлімі;
жұмыс оқу бағдарламасы – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы типтік оқу бағдарламасы негізінде нақты пән, іс-тәжірибелер, оқу қызметінің өзге түрлері (модульдер) үшін дайындайтын құжат;
модульдік бірлік – бұл бөлінуі мүмкін еңбектің басы мен аяғы болатын, белгілі бір кәсіпте еңбектің қисынды қолайлы бөлінісі, бұдан әрі мұның нәтижесі өнім, қызмет немесе жұмыстың бір бөлігі (жұмысшы операция) болады – ХЕҰ (халықаралық еңбек ұйымы) анықтамасы;
оқу модулі (модульдік оқу бірлігі) – болашақ біліктіліктің нақты дағдыларын білуді және орындалуын қамтамасыз ететін бір оқу модулі (пәні) аясындағы оқыту мазмұны бөлімдерінің (тақырыптарының) жиынтығы;
біліктілік – алынған мамандық бойынша белгілі бір қызмет түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;
оқу процесінің жоспары (оқу жоспары) – сәйкес білім деңгейі мен бақылау нысанындағы білім алушылардың оқу пәндерінің (модульдерінің), іс-тәжірибелердің және оқу әрекетінің өзге түрлері тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбек сыйымдылығын) реттемелейтін құжат;
Білім беру бағдарламасы келесі мамандарды дайындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік шеңберінің (бұдан әрі - ҰБШ) 3 біліктілік деңгейіндегі құзыреттілік талаптарын ескере отырып дайындалған: 3W07160501 Локомотив машинисының көмекшісі, 3W07160502 Локомотивті жөндеу жөніндегі слесарі, 4S07160503 Техник-электромеханик (ҰБШ 3 деңгейі);
Білім беру бағдарламасы жұмысшы мамандығы бойынша мамандарды дайындау мен білікті жұмысшы сертификатын беру, сонымен қатар, колледж аяқтағаны туралы диплом беріп жұмысшы мамандарын дайындап, диплом беруді қарастырады.
Білім алушы ҰБШ 3 деңгейіне 4S07160503 Техник-электромеханик деңгейіне жеткеннен кейін жұмысқа орналаса алады.
Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы циклдар бойынша модульдер тізімін қамтиды: жалпы модульдер; базалық жалпы кәсіптік модульдер; кәсіптік модульдер; білім беру ұйымы анықтайтын модульдер және кәсіби тәжірибе модулі.
Құзыреттіліктерге негізделген білім беру бағдарламасы өмір бойы білім алу тұжырымдамасын ескере отырып әзірленген, себебі, білім беру бағдарламаларының мазмұны біліктілігі жоғары, бір жағынан құбылмалы еңбек жағдайларына бейімделуге және екінші жағынан кәсібі өсу мен білім алуды жалғастыруға қабілетті мамандар дайындауға бағытталған.
Оқытуды ұйымдастыруға модульдік тұрғыдан келу оқу орындарының білім алушылардың оқу процесін ұйымдастыру барысында қажет біліктілік алуына қажет кәсіптік модульдерді таңдауына жағдай жасауға мүмкіндік береді, оның аясында білім алушы өзінің оқуын өзі басқара алады және басқаруға тиіс. Бұл оны оқуы үшін, ал болашақта кәсіби өсуі мен мансап жолы үшін жауапкершілік алуға үйретеді. Осылайша, білім алушы тұтынушы ретінде білім беруге қанағаттанады, ол еңбек нарығындағы өзгерістерге жауап қата отырып, өмір бойы білімін жетілдіре алады.



жүктеу 488,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау