Курсты оқытудың мақсаты мен міндеттері:
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың мақсаты – қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділігін көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгертуді түсіндіру;
коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру қажеттілігін ұғындыру;
оқу сапасымен (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу) және оқу түрлерімен (дауыстап оқу және іштей оқу) таныстыру;
ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;
ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын меңгерту;
талданып отырған мәтіннің тектік, жанрлық сипатын білдіру;
әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;
адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;
оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу, өзіндік ой қорытындысын жазу, т.б.) жүргізе алуға машықтандыру;
Курстың алдына қойған міндеттері оқу жұмысының төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асырылады: дәріс, студенттердің оқушылармен жүргізілетін жұмыстары, студенттердің өздік жұмыстары, тест сұрақтары.
«Сауат ашу әдістемесі» курсының ерекшеліктеріне сәйкес пәндік құзыреттіліктер:
әдеби-теориялық білім қалыптастыру, талдау дағдыларын дамыту;
балалар әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын талдау;
әдеби шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
әдебиет теориясынан алған білімдерін практикада қолдану.
– жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін үлгілеу және іске асыру қабілеті;
инновациялық технологияларды ғылыми-практикалық зерттеулерде пайдалану;
Мына дағдыларды меңгеруі тиіс: сабақта қосымша жұмыс түрлерін (дидактикалық материалдар, ойындар, ребустар, т.б.) жүргізу; сабақ үлгісін жазу; сабақ беру; белсендіру әдістерін меңгеру; оқулықтарды талдау және сызбамен көрсету; пікір айту, дәлелдеу; ауыз әдебиеті үлгілерін іріктеп алуға, тәрбиелік, білімдік мәнін ашу; балалар әдебиеті өкілдерінің шығармашылығымен таныс болуы; балаларға арналған шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін ажырату; әдебиет теориясынан алған білімдерін практикада қолдану; балаларға арналған көркем шығарманы іріктей алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |