Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


-сурет. Оқу нәтижелерін түйіндеудің басты компоненттері



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет42/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

4-сурет. Оқу нәтижелерін түйіндеудің басты компоненттері


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
82
Бағдарламаны әзірлейтін топтар бағдарламаны оқытқан кез-
де түлектің бойында сәйкесінше кәсіби қасиет қалыптастыруға 
бағытталған оқыту нәтижелерін толық қамтуға кепілдік беру үшін 
өздерінің іс-әрекеттерін үйлестірулері тиіс. 
Бұл кезеңде аталған білім беру бағдарламасын аккредиттеу та-
лаптарын анықтау және бағдарламаның осы талаптарға сәйкесті-
гін қамтамасыз ету маңызды. Кейбір аккредиттеу агенттіктері 
(мысалы ABET
65
Инженерлік технологияларды аккредиттеу кеңесі) 
бағдарлама бойынша оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтайды.
Жоғары білім беру ұйымдары білім беру бағдарламалары 
құрылымындағы бірізділікті айқындайтын ережелерді әзірлей ала-
ды. Мысалы пәннің ауқымдылығы мен қаншалықты жан-жақты 
тереңнен қамтылғандығы арасындағы тепе-теңдікті есепке алу, 
сондай-ақ интернационалдандыру, этика және адалдық сияқты 
институционалдық басымдықтарды қосуға болады.
65
https://www.abet.org/accreditation/accreditation-criteria/criteria-for-accrediting-engineering-
programs-2019-2020/
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Бағдарлама деңгейінде оқыту нәтижелерін жете зерттеу кезінде тек 
білім мен түсінікті ғана емес, сонымен қатар бітіруші маманның дағды-
лары мен кәсіби қасиеттерін (немесе көзқарастарын / құндылықтарын) 
ескеріңіз. 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
83
Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын
әзірлеуге арналған НУ ережесі
(«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының бакалавриат 
курстары мен бағдарламаларын әзірлеу тұжырымдамасы)
Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің біліктілік ережесі НУ-дың бар-
лық академиялық дәрежелеріне қажетті оқыту көлемі мен деңгейін анықтау 
үшін бағдар ретінде пайдаланылады. Бұл университетке біліктілік дәреже-
сін берудің ашық және адал жүргізілетінін танытуға ықпал ете отырып, ха-
лықаралық салыстырмалы дәрежелер беруге мүмкіндік туғызады. Бакалав-
риат бағдарламаларының ережесі университеттің бакалавриаттағы барлық 
бағдарламасының принциптері мен құрылымдарына жалпы көзқарасын ай-
қындау үшін әзірленді, бұл оқытудың тиісті негізін және білім деңгейлерінің 
жүйелілігін қамтамасыз етеді.
Барлық студенттер үшін жалпы білім беру тәжірибесін қамтамасыз ету 
мақсатында Ереже негізгі элемент ретінде 72 ECTS - тен тұратын базалық 
оқу бағдарламасын (Core Curriculum-жалпы білім беру пәндерінің циклы) 
қамтитын білім беру бағдарламасын әзірлеуді қадағалайды. Ереже барлық 
студенттерге оқытудың релеванттығы мен қолжетімділігін арттырудың оңай 
жолдарын ұсынады. Университеттің міндеттеріне сәйкес ғылыми-зерттеу 
курстары мен білім беру барысындағы ғылыми-зерттеу элементтерін бірік-
тіру оқу бағдарламасының соңына дейін студенттердің зерттеу жүргізу дағ-
дысын дамытуға мүмкіндік береді. НУ-дің бакалавриат бағдарламалары үшін 
несиелердің стандартты көлемі 240 ECTS құрайды, дегенмен бакалавриат 
бағдарламаларына 10 ECTS-ке дейінгі қосымша несие қосылуы мүмкін. Бұл 
үлгерімі жоғары білім алушылар үшін оқу мүмкіндіктерін кеңейту және негіз-
гі оқу бағдарламасына жалпы талаптарды қосу немесе аккредиттеу бойынша 
белгілі бір талаптарды орындау үшін қажет. 
Бакалавр дәрежесіне оқыту ұзақтығы төрт жылды құрайды. НУ-дың бар-
лық курсында сағат саны көрсетіледі, мұндай кезде студенттердің аудитори-
ядағы және өздік жұмыстарындағы академиялық сағаттары қоса алынады. 
Студенттің жұмыс жүктемесі бір ECTS несиесі үшін 25-30 сағатты құрауы ке-
рек, демек әдеттегі оқу курсы 150-180 сағаттық жұмыс жүктемесінен тұрады.
Әр факультет өз студенттеріне элективті және жалпы білім беретін кур-
стардың жеткілікті жиынтығын ұсынады деп күтіледі. Бұл тәсіл студенттің оқу 
барысындағы іс-әрекетінің ауқымды және жан-жақты болуын ескеруге мүм-
кіндік береді. Бағдарламаның ерекшелігіне ол аяқталған кезде ескерілетін 
негізгі және элективті курстардың тізімі бар оқу жоспарларының картасы 
(curriculum maps) кіреді.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
84
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейіндегі осыған ұқсас 
ережелер магистрлік және докторлық бағдарламалардың сипаттама-
лары мен құрылымын анықтай алады. Мысалы қажетті курстар (ар-
найы пәндер және/немесе кең ауқымды дағдылар) мен студенттердің 
ғылыми-зерттеу жұмыстары арасындағы тепе-теңдік тұрғысында.

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау