Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
223
қанағаттандырады, оқытудың сапасы мен теңдей мүмкіндіктеріне
кедергі келтірмейді.
Жоғары білім беру провайдерлеріне бағдарламаны бекіту
үрдісінде
өлшемшарт ретінде инклюзивті білім беру мәселелерін
қосу ұсынылады.
Білім алушылардың барлығын өзіне тартатын (қызықтыра-
тын) білім беру бағдарламаларын басқарудың стратегиялары мен
рәсімдерін әзірлеуге – мысалы оқу орны мен мектептің академи-
ялық комитеттері мен мақсатты топтарында білім алушылардың
қорғалған сипаттамалары және әртүрлі әлеуметтік шығу тегі бар
өкілдігі қарастыратын рәсімдерге ерекше назар аудару керек (May
and Felsinger, 2010)
153
.
Ассистивті технологиялар мен инклюзивті тәжірибелер білім
беру бағдарламасын басқару жүйесінің барлық аспектілеріне ен-
гізілуі тиіс. Олар ассистивті технологияларды бағалауға, жаңа
бағдарламаны немесе курсты қарау кезінде студенттерге оқуға
арналған сабақ материалдарына және бағдарламалық қамсыздан-
дыруға қол жетімділіктен де ауқымды аспектілерді қамтиды. «Ди-
зайнға инклюзивті көзқараспен қарау,
инклюзивті білім берудің
қолжетімді болып қана қоймай, сонымен бірге бас тарта алмай-
тындай болуы үшін қажет» (Morgan and Houghton, 2011, 13-б.).
JISC коммерциялық емес ұйымы (2016)
154
инклюзивті білім беру
бағдарламаларын әзірлеу үшін технологияларды енгізудің стратеги-
ялық тәсілін қолдануды ұсынады. Олардың пайымдауынша:
• департаменттер деңгейінде де, университеттер деңгейін-
де де білім беру бағдарламалары мен академиялық нұсқа-
улықты бекіту жөніндегі комитеттер, технологияларды
неғұрлым кеңінен қолдануға ықпал етуі және цифрлық түр-
де жетілдірілген білім беру бағдарламаларына қолдау біл-
діретін орта құруға өз үлесін
қосуы қажет;
• бағдарламаны әзірлеуші топтар бағдарламалық жасақтама
мен технологияны қолдану өзекті болып табылатындығына
153
May, H. and Felsinger, A. (2010). Strategic Approaches to Disabled Student Engagement. London:
Equality Challenge Unit and Higher Education Academy.
https://www.advance-he.ac.uk/knowledge-hub/strategic-approaches-disabled-student-engagement
154
JISC (2016). Digital Student Skills Study.
http://repository.jisc.ac.uk/6523/1/DIGITAL_SKILLS_SECTOR_REPORT_NOV2016.pdf
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
224
және олардың педагогикалық бағыты ескерілгеніне кепіл-
дік беруі қажет;
• курстың дизайнына қойылатын талаптар ретінде оқу ма-
териалдарын икемді форматта (мысалы VLE, веб-сайттар
арқылы) ұсынуға, білім
алушылармен синхронды және
асинхронды қарым-қатынасты сақтауға, мүмкін болған
жағдайда
өнімділікті арттыратын көмекші технология-
лар мен құралдарды (экраннан оқу бағдарламалары, мәтін-
ді ауызша оқуға мүмкіндік беретін қызметі бар құралдар,
бейнежазбаларға арналған субтитрлер және т.б.) пайдала-
нуға кеңес беріледі.
Бағдарламалар мен курстарды әзірлеуші топтар инклюзивті
тәсілдеме мен білім беру бағдарламасының құрылымын біріктіру-
ге жәрдем беру үшін төменде берілген құрылымды қолдана алады
(21-кесте):
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
225
Білім
беру бағдарламасын
әзірлеу элементі
Сұрақтардың мысалы
Мақсаты мен білім беруге
арналған тапсырмалар
Студенттер мен басқа да қызығушылық білдірген тарап-
тарды бағдарлама мен курсты әзірлеуге және мақсат-мін-
деттерін қайта қарауға тарту үшін қандай мүмкіндіктер
бар?
Оқыту нәтижелері
Студенттер басқа білім беру
бағыттарын немесе жолда-
рын ұстануына жағдай туғызу үшін оқу нәтижелерін бей-
імдеуге бола ма?
Сіз оқыту нәтижелері теңбе-теңдік бойынша қандай да бір
топты кемсітпейтініне көз жеткіздіңіз бе?
Бағдарлама мазмұны
Оқыту жоспары
Ұсынылған әдебиеттер тізіміне халықаралық дереккөз-
дер мен қызығушылық тудырған салалар кең ауқымда
енгізілді ме?
Мазмұнында алдын-ала ойластырылмаған, байқамай ен-
ген кемсітушілік материал немесе стереотиптер (сурет-
тер, иллюстрациялар) бар ма?
Мәнмәтіндегі келтірілген мысалдар кемсітушілік жоқ
екендігінен хабардар болуға
және жеке тұлғаның айыр-
машылықтарына құрмет көрсетуге мүмкіндік бере ме?
Білім беру мен оқыту
тәсілдемелері
Алуан түрлі қолайлы оқу тәсілдері мен білім алушылар-
дың тәжірибесін ескеру үшін әртүрлі оқыту іс-әрекеттері
жоспарланған ба?
Жеке, ұжыммен, шағын топтармен, жұппен орындала-
тын сабақтардың арасында тепе-теңдік бар ма?
Барлық білім алушыларға
өздерінің оқуы туралы және
олар қабылдаған балама тәсілдердің құндылығы туралы
хабардар ететін оқу әрекеттері көзделген бе?
Бағалау және кері
байланыс
Бағдарламаның немесе курстың басынан бастап соңына
дейін әртүрлі бағалау мүмкіндіктері қолданыла ма?
Ерекше білім алу қажеттілігі бар білім алушылар үшін
бағалаудың өтемдік немесе балама әдістерін қолдануға
бола ма?
Білім алушыларға бағалауға дейін бағалаудың өлшем-
шарттары хабарлана ма?
Сабақ және
оқытушылардың
материалдары
Студенттерге өз тапсырмаларын орындау үшін
қажетті
ресурстар қолжетімді ме?
Курста пайдаланылатын ресурстар мен сілтемелер оның
алуантүрлілігі мен өзектілігін көрсететін мысалдарды
ұсына ма?
Достарыңызбен бөлісу: