131. Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті КӨректі ортасы бар Петри табақшасына алу
Мақсаты: диагностикалық: жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.
Көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.
Құрал-жабдықтар: көректік ортасы бар Петри табақшасы, залалсыздандырылған пробиркадан залалды тік ішектік ілгек, нәжісті алуға арналған дәрет ыдысы (судно) немесе горшок, қолғап, маска, форма бойынша жазылған жолдама, стеклограф (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандаш), бикс, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.
Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.
Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.
Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).
Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.
Петри табақшысының көректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті көректі ортаның бетіне бір қалыпты жағып үйкеңіз (ептеп, көректі ортаны тырнамай) 1,5-2 см көлемді «тегістік жерге» жасап.
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» көректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бүрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.
Петри табақшасын өсіндімен бірге 370С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.
Биксті «кілтке» жабыңыз.
Қолғапты, масканы шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Бикстегі алынған материалды жолдамасы мен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.
Ескерту:
нәжісті жыйнау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;
өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;
материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t 4-60С сақтайды;
антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |