Көрсеткіштері: бүйрек аурулары.
Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 500 мл кең мойынды 8 таза құрғақ шыны банкілер, жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапыстырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:
зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;
бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;
зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.
Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.
Жеке нөмірленген банкілерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.
№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін
№2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін
№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін
№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін
№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін
№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін
№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін
№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін
24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.
Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз.
Ескерту:
дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»;
порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос банкі жіберіледі.
Зимницкий байқауы – бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік ішінде аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.
Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.
Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды.
Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:
Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.
Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.
Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.
Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.
Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |