Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



жүктеу 417,4 Kb.
бет19/146
Дата21.06.2023
өлшемі417,4 Kb.
#43034
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   146
аллгоритмы на каз. яз2

Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.



  1. Кеуде қуысының шеңберін өлшеу

Кеуде қуысының шеңберін сантиметрлік лентаны алдынан ІV қабырғаның бойымен, ал сырт жағынан жауырынның ұшына сала отырып өлшейді. Сырқат қолдарын түсіріп, бірқалыпты дем шығарып тұруы тиіс. Өлшеу дем шығару және өте терең дем алу кезінде жүргізіледі.
Құрал-жабдықтар: сантиметрлік өлшегіш
Іс-әрекет алгоритмі

  1. Науқастың денесіне өлшегішті арқа жақта жауырынның төменгі бұрышының астынан, алдыңғы жақта IV қабырға деңгейінде (ер адамдарда емшек ұшының үстімен) өтетіндей салу керек.

  2. Сантиметр санын белгілеу.


  1. Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту



Мақсаты: аурухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерінен жою.
Көрсеткіштері: бит және сіркенің болуы.
Қарсы көрсеткіштері: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тыйым салынады.
Құрал-жабдықтар: биттеуге қарсы қолданылатын жиынтық: медициналық халат, орамалдар, (полиэтилен, ветош, сірке су қышқылының 6% ертіндісі, тістері жиі тарақ, педикулицидтердің біреуі («Ниттифор», «Антибит» лосьондары, «Педилин» сусабыны), дәке тампондар, лупа, қырыну кешені, киім-кешек, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қап, клеенка, резеңке қолғаптар, цинкпен қапталған шелек және астына қойғыш, стационарлық науқастың медициналық картасы, жұқпалы ауру туралы жедел хабар беретін форма (Ф-058/у), жұқпалы ауруды есепке алаты журнал (Ф-060/у).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқаспен жылы жүзді сенімді қарым қатынас жасаңыз.

  2. Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп,, қолғапты киіңіз.

  4. Үстіңізге қосымша халатты киіп, орамал тартыңыз.

  5. Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын сүлгімен жабыңыз.

  6. Педикулоцидтердің бірімен ылғалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз).

  7. Басын полиэтилен, орамалмен, оның үстінен орамалмен байлап қойыңыз, оны ұстайтын уақыт педикулициттердің түрімен байланысты.

  8. Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен немесе сабынмен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  9. Шашты жылы 6% сірке су қышқылы ертіндісімен өңдеңіз, қайтадан басын полиэтилен орамалмен, үстінен шүберек орамалмен 20 минутқа байлап қойыңыз.

  10. Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.

  11. Науқастың басын ақ қағаздың үстіне қисайтып, тістері араларынан сірке суымен мол ылғалдандырылған жіп өткізілген тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойына шашты тараңыз.

  12. Мақталарды, қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз.

  13. Науқастың және мейірбикенің киім-кешегін қапқа салып, зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  14. Стационарлық науқастың медициналық картасының алғашқы бетіне «Р» биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз (күні, тазарту уақыты және мейірбикенің қолы).

  15. Биттеген науқасты аурухананың қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.

  16. СЭС-қа телефон арқылы биттеу туралы жедел хабар беріңіз, соңынан Ф-058/у жолдамасын толтырыңыз.

  17. Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.


жүктеу 417,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау