Этиологиясы. Безгек қоздырғышы Protozoa типіне, Sporozoa класына, Plasmodiidae тұқымдастығына, Plasmodium туыстастығына жатады. Қоздырғыштың 4 типі белгілі: Pl.vivax, Pl.ovale (бұл екеуі де 3 күндік безгек қоздырғышы болып табылады), Pl.malaria - 4 күндік безгек қоздырғышы, Pl.falciparum – тропикалық безгек қоздырғышы. Безгек қоздырғышының дамуының екі түрін ажыратады: жынысты түрі (спорогония) бұл Anopheles масасының аналық түрінің организмінде өтеді және жыныссыз түрі (шизогония) – бұл аралық ие адамның организмінде өтеді. Спорогония климаттық географиялық ортаға байланысты. Сыртқы орта жоғары температурасы спорогония ұзақтығын қысқартады, ал оптимальдыі температурада (t°25) спорогония 2 аптаға дейін созылады, температура 16°С төмен болғанда ол тоқтайды.
Anopheles масасының ұрғашысы ауру адамның немесе паразиттасымалдаушының қанымен қоректенгенде плазмодийлердің жынысты формаларын жұтады. Маса асқазанында аналық гаметоцит макрогаметаға айналады, ал аталық гаметоцит 4-8 талшық микрогаметаны шығарады, олар үзіліп макрогаметаға енеді, ол ұрықтану нәтижесінде зиготаға айналады. Асқазанның бетінде оокинета бірнеше ооцистаға айналады, олардың әрқайсысы 10000-ға дейін ұршық тәрізді спорозоидтардан тұрады.
Ооциста жетілгеннен кейін жарылады да босанған спорозоидтар гемолимфаға түсіп, масаның бүткіл организміне тарайды. Олар әсіресе сілекей бездеріне көп жиналады. Осындай маса жұқпалығын 1 – 2 ай бойы сақтайды. Ооцисталардың саны 500-600 жетуі мүмкін, олардың саны науқастың шеткі қанындағы гаметоциттердің қарқындылығына байланысты (1мм3 қанда 1-2 гаметоцит болғанда масалар жұқтырылмайды). Әрбір ооцистада спорозоиттардың саны – жүздеген, ал сілекей безінде мыңдаған болады. Масалардың сілекей бездерінде спорозоидтар жұқтыру қауіпін 40-50 күн сақтайды, бірақта 30 күннен кейін масаның шағуы ауруды тудырмайды.
Шизогония. Адам организмінде паразиттің жынысыз дамуының 2 фазасы өтеді: бауырда – тіндік (экзоэритроцитарлық) шизогония (1948 ж. Shot және т.б.) және эритроцитарлық шизогония (1885ж. Goldgi). Маса шаққаннан кейін перифериялық қанда спорозоиттар 30 мин. болып содан кейін бауырға енеді де гепатоциттерде оның преэритроцитарлық шизогониясы өтеді. Олар көптеген мерозоиттар түзеді. Оның ұзақтығы плазмодийдің әр түріне байланысты әр түрлі болады:
P.vivax – 8 тәулік (10000 мерозоит)
P.falciparum – 6 тәулік (50000) P.ovale – 9 тәулік (15000)
P.malaria – 16 тәулік (7500)
Тіндік шизогония сипмтомсыз өтеді. (С.Ә.Әміреев, А.Жаханов, Қ.Құдайбергенұлы «Медициналық паразитология, 2005 ж.»)
P.vivax және P.ovale спорозоиттардың бауырдағы жартысы «гипнозоит» немесе «брадиспорозоит» ( А.Я. Лысенко,1976 ж.) түрлеріне бастау береді, сондықтан қысқа (9 – 13 күн) және ұзақ (9-13 ай) өтетін жасырын кезең тән.
«Бради-» және «тахи-» спорозоидтармен инвазияланғанда, преэритроцитарлық шизогония (А.Я. Лысенко, 1959, 1967ж.ж.) немесе параэритроцитарлық шизогония сатыларына сәйкес келетін, гепатоциттердегі қалған брадиспорозоиттар белсенділігі салдарынан кеіннен пайда болатын қайталанулар болады.
Безгектің барлық түрлерінің преэритроцитарлық шизогониясы бір генерациямен бітеді. Тіндік шизогония аяқталысымен мерозоиттар шеткі қанға шығады, олардың жартысы 30 сек. ішінде эритроцитерге енеді.
Мерозоиттардың эритроцит құрамына енуі бетінде арнайы рецепторлардың болуы арқылы жүзеге асады. P.vivax үшін ондай рецептор Даффи (Fyα немесе Fyδ) изоантигені болып табылады, ол рецепторлар болмаған жағдайда эритроцитарлық шизогония дамымайды. Даффи - Батыс Африка негрлері және Солтүстік Америка олардың ұрпақтарының теріс генотипі (Fy, Fy) салдарынан олар үшкүндік безгекке қабылдағыштығы жоқ. Әр түрлі гемаглобинопатиялармен ауыратын адамдар безгекпен ауырмайды.
Тропикалық безгектен басқа барлық паразит түрлерінде аралық даму сатысы шеткі қан эритроциттерінде өтеді. Тропикалық безгекте эритроцитарлық шизогония вицеральды мүшелердің капиллярларында өтеді. P.falciparum-мен зақымдалған эритроциттер плазмолема өсінділерін береді, осы безгек қоздырғышының ішкі мүшелер эндотелийінің антигендік ұқсастағы салдарынан, олар ішкі мүшелердің капиллярлар эндотелийлеріне жабысады.
Эритроциттердің құрамындағы мерозоиттардың бір бөлігінен аналық және аталық жыныс гаметалар түзіледі. P.vivax, P.ovale, P.malaria гаметалары домалақ пішінді, ал P.falciparum-ның – бірнеше жыныссыз эритроцитарлы циклден 10 – 12 тәуліктен кейін «жарты ай» пішінді болады. Қалған түрлердің гаметоцидтері қанда жыныссыз түрлерімен бірге түзіледі де қанда тез өледі. P.falciparum гаметоциттері перифериялық қанда ұзақ сақталады.
Эритроцитарлы шизогония кезінде тіндік мерозоит жас жетілмеген трофозоиттан (өсіп келе жатқан түрі) ересек шизонтқа (даму үстіндегі форма) кейін эритроцитарлық мерозоит жетілген шизонтқа (морулалар) дейін дамуы өтеді. Ол қоздырғыш түріне байланысты P.Vivax, P.ovale, P.falciparum 48 сағат, ал P.malaria 72 сағат аралығында өтеді. (2-ші кесте).
Эпидемиологиясы. Безгек – антропоноз. Инфекция көзі – ауру адам, көбінесе эндемиялық ошақтағы балалар және паразиттасымалдаушылар.
Гиперэндемиялық аймақтарда аурудың көзі науқас балалар болады, себебі жоғары гаметоцитемиялық иммунитеті бар адамға қарағанда, балалар өмірінің алғашқы жылдарында жүре пайда болған иммунитеті пайда болмайды және паразитемияның аз деңгейінің өзінде де ауруды жеңіл жұқтырылады. Қайталанатын реинфекцияда ересек адамдарда антиденелер түзіледі, масаның организмінде антиденелермен зақымдалған гаметоциттер спорогонияға қабілетті болмайды.
Аурудың табиғи берілу жолы – трансмиссивті (спорозоитты инфекция). Безгектің тасымалдаушысы Anopheles тұқымының ұрғашы масасы.
Безгектің қарқынды таралуы климатты-географиялық және тасымалдаушылықтың түріне байланысты. Плазмодияның барлық түрімен A.gambias, A.atroparvus тез жұқтырылады. Бірқатар отандық және шетелдік авторлар (А.А.Бибикова, Shute, Margon, 1947, 1945) A.atroparvus түрінің тропикалық безгектің қоздырғышына резистенттілігін көрсетеді.
Безгек сатылары (Е.П. Шувалова, 1990 ж.)
0 – спорозиоттардың инокуляциясы, 1 – преэритроцитарлық шизогония, 2 – біріншілік көріністер фазасы, 3 – қысқа ұстамааралық кезең, 4 – эритроцитарлық қайталану, 5 – ұстамааралық кезең, 6 – экзоэритроцитарлық қайталану.
Тропикалық безгектің жоғары берілу деңгейіне әсер ететін факторлар:
• жоғары температурадағы жеделденген спорогония;
• қысқартылған гонотрофиялық цикл (масаның қан соруынан жұмыртқа салуға дейінгі кезеңі t - 30°С-да 2 күн, t - 15°С-да 7 күн);
• қысқартылған маса генерациясы (жұмыртқа салғаннан қанаттануға дейінгі – имаго кезеңі t - 16°С-да 30 күн, t - 22°С-да 18 күн, t - 24°С-да 15 күн);
• тропикалық климат жағдайда таралуы жыл бойы жүреді, орташа климатта 3 – 5 ай.
Табиғи климатты жағдайға байланысты безгектің берілу жолының әр түрлі деңгейлік жиілігіндегі ошақтары түзіледі, олар көкбауырлық және паразитарлық индексі арқылы анықталады (жалпы тексерілгендердің санының пайызына қатынасы).
Эндемиялық ошақтың 4 түрін ажыратады (БДҰ, 1964).
Гипоэндемиялық – көкбауырлық индекс 2 – 9 жасқа дейінгі балаларда 10%-ке жетеді.
Мезоэндемиялық – көкбауырлық индекс 10-50%.
Гиперэндемиялық – көкбауырлық индекс 50%-тен жоғары болады.
Голоэндемиялық – көкбауырлық индекс 70%-тен жоғары.
Соңғы 2 ошақта жұғу қауіпі өте жоғары, әсіресе тропикалық елдердеі: Африка, оңтүстік-шығыс Азияда.
Аурудың басқа берілу жолдары:
- парентеральды (шизонтты инфекция) - қанында ұзақ паразиттасымалдаушылығы субмикроскопиялық деңгейдегі безгек реконвалесцентінен қан құйғанда жұғады. 4 күндік безгектің реконвалесцентінің паразит тасымалдаушылығы 10 жылға дейін жетеді. Консервіленген қандағы паразиттің бірнеше күнге дейін тіршілігін сақтайтынын ескеру керек. Нашақорлардың піспектері және инелерімен де берілуі мүмкін.
- эпидошақта зақымдалған плацента арқылы немесе босану кезіндегі жұғу қаупі де қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |