Беттер Кесте Сурет Әдебиеттер



жүктеу 7,89 Mb.
бет6/9
Дата16.05.2018
өлшемі7,89 Mb.
#14132
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8 сурет - Нан ашытқысын өндірудің технологиялық процесінің жалпы сызба-нұсқасы
2.5 Негізгі және көмекші құрал - жабдықты таңдау
Сепараторлар ашытқы өсірілетін аппараттан өсірілен ашытқыларды бөліп алуға арналған аппараттар. Сұйықтық орталық сепараторлар орталық күш алаңында сұйық суспензияларды бөліп алуға арналған ашытқы өндірісінің аппараты. Сепараторлардың жұмыс органы (тарелкалы барабан) – ротор, оған 0,4-1,5 мм жұқа қабаттарда сұйық потокты бөліп алу үшін конусты тарелкалы пакет кигізілген. Сепарилдеудің мақсаты оның дисперсиялық бөліктерінің құралатын тарелкалар мен потокпен айнала қозғалып, оларды потокты пакеттен шығарғанша бетіне шығып үлгеруі керек. Сепараторлар құрылысы жағынан ашық, жартылай жабық, герметикалық болып бөлінеді.

Ашық сепараторларда барабанға сұйық қоспаны берумен және сұйық бөлек фракцияларды қайтару кету ашық потокпен іске асырылады. Бұл кезде ашу мен ашытқы сүті сепаратордан шығар кезде ауамен қосылысады.

Жартылай жабық сепараторларда сепарирленетін сұйықтық жабық потокпен келіп түседі де, ал ашытқы сүті ашық потокпен келіп түседі. Ашу жабық трубалармен қысым астында жүреді.

Герметикалық сепараторларда сұйық қоспасы мен ашытқы сүтін қайтару және ашу оттегісіз, қысым астында, жабық өткізгішпен өтеді.

Қоюланған ашытқы суспензияларын қабылдауға арналған сепараторларға СОС-501К-01, СОС-501Т-2 және СОС-501К-3 маркалы сепараторлар жатады. Бұл өздері арасынан ротордың диаметрімен, орындалу материалымен ерекшеленеді. Сонымен қатар оларға ДСГ-35, ДСГ-50 және ВСЖ-2 маркалы сепараторлар жатады.

ДСГ-35 маркалы сепараторлар құрылымы компакты және ашық типті сепараторларға жатады. Ол фундаментальды плитадан, алып келу механизмінен, барабаннан, сепарирленетін өнімдердің келуі мен қайтарылуының жиынтықтарынан, майлы картерлерден тазалық счетчигінен тұрады.

Сепараторлар 20 кВт жеке индивидуалды күшпен жұмыс істейді. Сепараторлардың өндірушілігі 35 м3/сағ, ашытқы суспензиясына келіп түсетін ашытқы концентрациясы 3-4%.

ДСГ-35 сепараторына концентрациясы бойынша жақыны ДСГ-50 маркалы сепараторы. ДСГ-50 және ДСГ-35 маркалы сепараторлар электрожүргізушілермен және вертикальды айналу валымен айрықшаланады.

Өніммен қосылатын сепаратор валдары коррозияға ұшырамайтын Х15Н9Ю және Х18Н10Т бөлшектерден тұрады. Сепаратордың электрожүргізушілерінің күштілігі 30 кВт.
2.6 Дайын өнім нан ашытқысына сипаттама
Ашытқы саңырауқұлақтары-бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен алғанда он еседей ірі микроорганизмдер. Табиғатта бұлар кең тараған. Клетка пішіні әр түрлі: дөңгелек, сопақша және таяқша тәрізді болады. Ашытқы саңырауқұлақтары клеткасының мөлшері 8-10 микронға тең. Оларда қозғалу органеллалары болмайды. Клетка сыртында қабығы бар. Цитоплазмада ядро, вакуоля және басқа да ( май, гликоген, валютин) заттар кездеседі. Ашытқы саңырауқұлақтарын адам баласы қолдан өсіріп, өз шаруашылығында пайдаланады. Ал, табиғатта жабайы ашытқы саңырауқұлақтар да болады. Олар ауыл шаруашылық өнімдерін зақымдап едәуір зиянын тигізеді. Ашытқы саңырауқұлақтарының адам баласына пайда келтіретін түрлерін біз мәдени ашытқы саңырауқұлақтар деп атаймыз. Ашытқы саңырауқұлақтар өнеркәсіпте кең қолоданылады. Олар қантты ашытып, көмір қышқыл газы мен спирт түзеді. Олардың бұл қасиеті нан өндірісінде және спирт өндіруде, түрлі шараптарды, сыраларды, сүт тағамдарын даярлауда қолданылады.

Ашытқы саңрауқұлақтарын адам баласы қолдан өсіріп, өз шаруашылығында пайдаланады. Негізінен олар нан үшін қамыр ашытуда, кондитер және консерві өндірісінде қолданылады. Одан басқа оларды шикізат ретінде витамин өндірісінде D және B2 витаминдерін алуда, медицинада –бір қатар емдік препараттарды, нуклейн қышқылдарын және түрлі ферменттерді алуда, микробиологияда қоректік орталарды дайындау үшін, және де ауылшаруашылығында ірі қара мал семіртуде, құс және балық шаруашылығында қолданылады.

Ашытқы саңырауқұлақтары көбінесе бүршіктену арқылы көбейеді. Бұлар спора түзу және бөліну арқылы сирек көбейеді. Олардың кейбір түрі жыныстық жолмен көбейеді.

Бүршіктеніп көбейгенде, алдымен аналық клеткадан төмпешік пайда болады да, кейіннен ол үлкейіп бүршікке айналады. Бұдан кейін жас клетка аналық организмнен мүлдем бөлініп кетеді. Қолайлы жағдайда бүршіктену екі сағатқа созылады. Углевод пен азотты қоректік затқа бай ортада ашытқы саңырау құлағының бүршіктенуін жай биологиялық микроскоппен де көруге болады.

Спорамен көбею оларды жынысты және жыныссыз жолдармен жүреді. Ашытқы саңырауқұлақтары клеткасындағы споралардың саны екіден он екіге дейін барады. Жыныссыз жолмен спора пайда боланда вегетативтік клеткалар ұсақ бөлшектерге бөлінеді де олардың әр қайсысының сыртында қабық пайда болады. Ал жыныстық жолмен спора пайда болғанда екі клетка қосылады да сыртында қабық пайда олады. Споралардың пішіні дөңгелек немесе сопақша болып келеді.

Ашытқы саңырауқұлақтардың систематикасы көбею тәсілдері мен физиологиялық қасиеттеріне негізделген. Олар екі тұқымдасқа бөлінеді: сахаромицеттер және сахаромицет еместер.

Сахаромицеттер. Бұларға мәдени ашытқы саңырауқұлақтары жатады. Олар бүршіктену жјәе споралар түзу арқылы көбейеді. Сондықтан бұларды нағыз ашытқы саңырауқұлақтар деп атайды. Мәдени ашытқы саңырауқұлақтарға нан, шарап, сыра ашытқы саңырауқұлақтары жатады.

Өндірісте, әсіресе олардың сахаромицес церевидзе және сахаромицес эллипсойдеус деген түрлерінің маңызы зор.

Сахаромицес церевидзе клеткасы шар немесе жұмыртқа тәрізді. Олар шарап спиртін алу үшін, сыра қайнатуда және нан ашытуда қолданылады. Бұлардың белгілі бір температурада және жағдайларды тіршілік ететін жеке топтары – рассалары бар.

Ал сахаромицес эллипсойдеустің клеткасы эллипс тәрізді, шарап өнеркәсібінде қолданады, олардың кебір рассалары шараптағы хош иісті түзуге тікелей қатысады.

Сахаромицет емес ашытқы саңырауқұлақтар негізінен жалған ашытқы саңырауқұлақтар. Олай аталатын себебі: ашытқы саңырауқұлақтарының спора түзуге қабілеті болмайды бүршіктену арқылы ғана көбейе алады. Бұлардың көпшілігі әртүрлі өндірістегі өнімдерді зақымдайды. Дегенмен олардың ішіндегі шаруашылық үшін маңызды туыстары бар. Олар: торула және микодерма. Торула туысына жататын ашытқы саңырауқұлақтар шар тәрізді келеді және ашыту процесі барысында азғана мөлшерде спирт түзеді. Торула кефир деп аталатын өкілі қымыз және кефир сияқты сүт тағамдарын даярлауда пайдаланылады., ал торула утилис-тағамдық және мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды өндіруде үлкен маңызы бар. Микодерма туысына жататын ашытқы саңырауқұлақтардың клеткасы ұзынша. Олар спирт түзе алмайды. Бірақ ортадағы бар спиртті және органикалық қышқылдарды су мен көмір қышқыл газына дейін тотықтыра алады.

Құрамында спирті бар ішімдіктердің бетіне қонса, микодерма қатпарланған пленка түзеді де оның иісі мен дәмін бұза бастайды. Сонымен қатар микодерма сүт тағамдардың тұздалған овощтарды бүлдіріп, сірке және нан ашытқы саңырауқұлақтарын жасайтын өндірістерге өте зиянын тигізеді.


2.7 Өндірісті микробиологиялық және санитарлық бақылау
Шикізатқа бақылау. Мелассаның микрофлорасы қант қызылшасы өндірісі технологиясы ерекшеліктеріне, мелассаны тасымалдау тәсілдеріне және оны сақтау шарттарына байланысты болады. Мелассада қант қызылшасынан түсетін топырақ бактериялары және қант өндірісінің әр түрлі сатыларында дамитын зиянды микроорганизмдер табылады. Концентрленген мелассада микроорганизмдер плазмолизденген жағдайда болады және көбеймейді. Ұзақ сақтағанда әлсіз осмофильді түрлерінің өлу нәтижесінде қалыпты мелассадағы микроорганизмдердің саны азаяды. Сумен араластырғанда меласса микробты жасушалардың көбеюіне қолайлы орта болады және олардың саны 10 және 100 000 есе көбейеді. Микроорганизмдердің активті тірішілік етуінің нәтижесінде мелассаның химиялық құрамы өзгереді, олар дефектілерге өтеді. Дефектті мелассалар төмен тығыздықты, жалпы азот құрамымен, инвертті қанттың өсіп кеткен мөлшерімен, қышқылды реакциямен, жоғары түстілігімен және инфицирлігімен сипатталады. Мелассаның спора түзуші жасушалары көбінесе мына түрімен келтіріледі: Bac.subtilus, Bac. megaterium, Bac. cereus, Bac. micoides және типті анаэробты бациллалармен Clostr. Boturisum. Спора түзуші Pseudomonas түрінің бактерияларының ішінде мелассада көбінесе мыналар кездеседі: Р.putida,P. Studgersi, P. аureofacienc. Аталған түрлер араласқан мелассалар ұзақ уақыт қайта өңдеуге жіберілмесе, активті көбеюімен ерекшеленеді. Олардың зиянды жері-өзіндік алмасу процестеріне қанттың тікелей шығындарымен және мелассадағы нитраттың нитриттерге тотықсыздануымен байланысты болады. Нитриттер аса улы заттар болып табылады. 0,005% концентрациясында нитриттер – ашытқы жасушасының қалыпты топтасуы тоқтайды; 0,04%-жасушалардың өсуі мен көбеюі толығымен төмендейді және олардың бөлшектік өлуі кездеседі. Нитритотүзілу процесі анаэробты жағдайларды активтендіреді. Өндіріске үлкен зиянды қышқыл түзуші бактериялар алып келеді. Олардың ішінде жиі лейконостоктар кездеседі. L. mesenteroides және L. dextraricum. Мелассалы суслода рН 5,0-ден жоғары болғанда лейконостоктар декстриннен құрылған капсуланы оңай түзеді. Капсула лейконосток жасушасының жылулық әсерлесуге және антисептиктерге тұрақтылықты жоғарылатады. Жасушалар капсуласыз 650С-ге дейін қыздыруға төзімді болады, ал капсула болғанда-900С-ге дейін және 110-1140С дейінгі құрғақ жағдайындағы ұзақ емес қыздыруға төзімді болады. Лейконостоктарға ашытқы жасушасына жабысу және олардың ашыту аппараттарының түбіне тез батып кететін түйіндерге жабысу тән болады. Бұл ашытқы жасушаларының қоректену процесін бұзады және олардың топтасуын ұстайды. Спирт өндірісіне гомоферментативті және гетероферментативті сүтқышқылды таяқшалар белгілі бір дәрежеде қауіпті: Lactobacillus plantarum, L. helveticus, L. brevis, бұлар араласқан мелассаның қышқылдығын активті жоғарылатады. Мелассада үнемі кездесетін кокты микрофлора тек мелассаның араласуы кезінде көбейеді және спирттік ашуға ерекше әсер етпейді. Ашытқылар араласқан мелассада инвертті қанттың құрамын көбейтеді, сонымен қатар спирттің түзілуімен сахарозаны ашытады. Ашытқыларға жиі сірке қышқылды бактериялар ілесе жүреді. Мелассаларда мицелиалды саңырауқұлақтардың ішінде кейбір түрлері кездеседі: Penicillium, Aspergillus, Mucor.

Өндірістің жүйелі микробиологиялық бақлауы уақытылы инфекцияны білуге және одан қорғану шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Технологиялық бақылаумен қатар зауыттарына инфекцияның түсу жолдарын табуға мүмкіндік береді. Микробиологиялық және санитарлы бақылау өндірістің барлық сатыларында жүзеге асады, қайта өңдеуге түсетін шикізатты бақылаудан бастап ары қарай ашытқылардың биохимиялық әрекетімен байланысқан өндірістік процестің барлық сатылары арқылы. Бақылауға шикізат және қосымша материалдар да түседі: бидай, кортоп, уыт, уытты сүт, меласса және тағы басқа.

Меласса қант қызылшалы өндірістің қалдығы болып табылады. Ол спирт алу үшін ең тиімді шикізат түрі. Мелассаны өңдейтін спирт зауыттарында бидай-кортопты шикізаттан өңдейтін заттарға қарағанда еңбек өнімділігі жоғары, өзіндік құны төмен және жанармай шығыны төмен, пайдасы жоғары болады.

Су. Суды зерттеуді тек қана төмендегідей жағдайлар жүргізеді:

1 зауыт өздерінің скважиналарының артезианды суларын пайдаланғанда ;

2 зауыт тазаланбаған ашық су қоймаларын пайдаланса.

Суды зерттеген кезде келесідей анализдер жүргізіледі:


  1. бір мл-лік судағы микроорганизмдердің жалпы мөлшеріне анализ. Бұл судың белгілі бір мөлшерін Петри табақшасындағы агарлы қоректік ортада болатын ЕПА және ашытқы агарына егу. Таза судың құрамында 100 микрооргнизм болуы керек.

  2. судың ашытқыларының тіршілік етуіне әсерін бағалау. Бұл ашыту кезінде ортаның қышқылдығын тудыратын бактериялардың судағы мөлшерін табу үшін қажет.

  3. өндіріске судың жарамдылық дәрежесін (Вихман бойынша ) анықтау. Судың сапасы кем дегенде қанағаттандыратындай болу керек.

  4. ішек таяқшаларының титрын судың фикалды көрсеткіші ластану ретінде анықтау.

Айналымды су. Оны артезианды скважинасының және суқоймасының суының сапасын бағалаған кезде қолданылатын көрсеткіштері бойынша зерттейді.

Ауа. Ашытқыштарға берілетін және цехтардың ауасын микроорганизмдердің жалпы мөлшеріне және олардың сапалы құрамын зерттейді.

Ашытқыштағы және ашытқы генераторындаәы ашытқылар.

Ашытқыларды ашыту аппараттарына беру алдында ашытқылардың үлгісін аппараттан микроскопирлейді. Бақылау кезінде төмендегілерді анықтайды:

1.инфекциялардың мөлшері. Микроскоптың астында бактериялардың жылжымалы формалары және бөтен ашытқы саңырауқұлақтары болмау керек, ал жылжымайтын қышқыл түзуші бактериялар саны 4-6-дан аспауы керек.

2.ұрықтанатын жасушалардың мөлшері.

3.өлген жасушалар мөлшері.

4. гликоген құрамды жасушалардың қатынасы.

5.1 мл ортадағы ашытқы жасушаларының жалпы мөлшері.

6.ашытқылардың ашу энергиясы, яғни олардың белгілі бір уақытта өндіріс заттарының қанттарын ашытуға қабілеті.

Санитарлы бақылау.

Тамақ өнеркәсібінің жұмысшылары үшін өзіндік гигиена ережелері және инструкциялары бар. Сонымен бірге, бұл ережелерде зауыт бөлмелерін және өндіріс цехтарын тазалықта сақтау қарастырылған. Бөлмелердің тазалығын бақылауды визиуалды жолмен қатар, микробиологиялық анализдің көмегімен жүргізеді. Қабырға бетінен сосноб алады немесе белгілі бір бөлігі зарарсыз суға батырылған зарарсыз тампонмен жуып тастайды. Тампонды зарарсыз судың белгілі бір мөлшері бар пробиркаға орналастырады, шайқайды және осы сұйықтық тамшысын микроскоптың астында қарайды.

1.визуалды анализ-қадағалау кезінде мицелий саңырауқұлақтар және түйіндер болмауы керек.

2.микробиологиялық анализ кезінде жуындыда саңырауқұлақтардың споралары, ашытқы саңырауқұлақтары және бактериялар болмауы керек. Егер бұл микроорганизмдер 2-5 және одан да көп мөлшерінде болса, онда қабырғаларды, еденін және төбесін жуады және дезинфицирлейтін ерітінділермен де жуады, себеді бақытсыз жағдайлардың болуы мүмкін.


2.8 Құрал-жабдықты коррозиядан қорғау
Қазіргі деңгейде техниканың дамуында өнеркәсіпте қолданылатын конструкциялық материалдардың маңызы зор, бұл материалдарды таңдағанда олардың коррозиялық қасиеттерін және нақты жағдайда пайдалану шарттарын білмей таңдау жүргізу мүмкін емес. Әсіресе коррозияға құрал-жабдықтардың ұшырауы. Әр уақытта агрессивті орта жоғарғы температурада, қысымда, механикалық күштер және жарылу, қажалу әсері болатын қатаң жағдайда пайдаланылатын химиялық өнеркәсіптерде болады. Материалды таңдаған кезде материалдық коррозияға төзімділігін немесе коррозиядан қорғау әдісін, материалдың табиғатын, қасиетін, агрессивті ортаның сипаттамасын, оның пайдалану шарттарын немесе жағдайын білу керек. Материалды таңдағанда мынаны ескеру қажет:

  1. материалдың табиғатын (металл, ағаш және т.б.).

  2. химиялық құрылысы.

  3. термодинамикалық сипаттамасы (металлдың электродтық потенциалы, химиялық байланысы).

  4. материалдардың қасиеті. Химиялық (нақты агрессивті орта әсерне құрақтылығы), механикалық және термиялық, олардың өзара әсері, материалды практикада қолданғанда технологиялық анықтайтын мүмкіндіктері, олардың бұйымдарын қайта өңдеу, коррозиядан қорғау әдісін таңдау.

  5. таңдап алынған материалдың немесе коррозиядан қорғау жүйесінің экономикалық тиімділігі.

  6. агрессивті орта сипатының артықшылығы:

а) ортаның физико-химиялық табыиғаты және оның агрегатты күйі, олардың шекарасында коррозияның әртүрлі фазаларының бар болған кезде ереже бойынша тасымалдануы.

б) электролиттердің қасиеті, диссоциация дәрежесі, ортаның

рН-ы, электролиттің электр өткізгіштігі және

концентрациясы, электролиттердің тотықтыру қасиеттері

және түзілген коррозиялық өнімдердің сипаттамасы.

в) электролиттердің тазалығы және химиялық табиғаты, олардың коррозиялық активтілігіне қоспалардың әсері.

Конструкциялық материалды таңдағанда конструкцияның

типін және дайындау әдісін, пайдаланау шарттарын білу қажет:



  1. конструкцияның артықшылығы.

  2. термиялық қайта өңдеудің түрі және сипаттамасы.

  3. материал бетінің жағдайы, дайындау әдісі және оның тазалық дәрежесін таңдаумен шартталған.

  4. қоршаған коррозиялық ортаның температурасы, қысымы және жағдайы ( қозғалыссыз немесе қозғалыста)

  5. механикалық кедергілердің созылуы, қысылу белгісі өзгерісті гидродинамикалық үйкеліс кезіндегі кернеудің әсер етуі.

  6. әртүрлі материалдардың контактісі.

  7. тұрақты электр тогының әсері және пайда болу мүмкіндігі

  8. микробиологиялық факторлар.

  9. радиациялық әсер.

Микроорганизмдердің әсер етуі.

Микроорганизмдер жердің қатты қабатында, сұйықта және теңіздік немесе топырақты сулы коррозияда болуы өте қауіпті. Анаэробты микроорганизмдердің тіршілігі оттегі жоқ жағдайда жиналуы және коррозияны күшейтеді. Бұл биокоррозия микробтардың сульфат сульфидке дейін және күкіртті сутекке дейін немесе нитраттар мен нитриттердің азотты қышқылдарға дейін тотықсыздандыра алатын қабілетінің нәтижесі болып табылады. Мұндай процестер жүрген кезде ортаның рН-ы және электролиттегі металдың электрод потенциалын өзгертеді, микроорганизмдер коррозияның электрохимиялық кинетикасында әсерін тигізеді.


2.8.1 Коррозияға төзімді материалдар
Тамақ өнеркәсіптері жоғары лигирленген болат, альюминий, мысалы: титан балқымаларынан жасалған аппараттармен қамтамассыз етіледі. Жоғары лигирленген болаттар көптеген тамақ өнімдеріне инертті, берік және төзімді болады. Тамақ өнеркәсібіндегі құрал-жабдықтар үшін мортенситті, мортенситті-ферритті, аустенитті болаттардың спирт өндірісі үшін маңызы зор. Олардың артықшылығы механикалық қасиеті жоғары, коррозияға төзімді. Аустенитті болаттарды спирт өндірісінде қолданады. Мұнда спиртті таситын цистерналарды Х14АГ14; 10Х17Н13М2Т; Х18АГ15Л; ОХ23Н28М2Т; ал құрал-жабдықтар үшін О8Х17Н5М3; Х16Н16; 12Х18Н10Т аустенитті болаттарды қолданады. Жоғары лигирленген болаттар, түсті металлдар және балқымалардың дефицитті және аәасының қымбаттығы оларды кең масштабта қолдануға мүмкіндік бермейді. Одан тиімдісі көміртекті болаттарды жұқа мысты лигирленген болаттармен, сонымен қатарметаллдың қаптамалармен плонирлеу және қаптау үшін қолайлы О1 және О2 маркалы қаптамалар қолданылады. Соңғы жылдары металдарды коррозиялық - механикалық бүлінулерден қорғау үшін металлополимерлі қаптамаларды қолданады, олардың полимерлі қаптамадан айырмашылығы металды бөлшектері полимерге дайын түрінде енбейді, ол полимер ортасында формаланады.

Металлополимерлі қаптамалар төзімді, термотұрақты болады, сонымен бірге жоғары электр және жылу өткізгіштігі қасиеті бар. Тамақ өнімдері мен полимерлі қаптамалар контактіленетін физико-химиялық талаптарды қанағаттандыру қажет. Тамақ өнеркәсібіне келесі полимерлі қаптамаларды жібереді, өнімнің ішкі түрін, оның түсін, мөлдірлігін өзгертпейтін, өнімге бөгде иіс, дәм бермейтін.

Тамақ өнеркәсібінде аппараттың ішікі бетін коррозиядан қорғау үшін келесі полимерлі қаптамаларды қолданады: фторпласты, сополимервинилхлоридті, полиоргенді кремний-органикалық, каучукты. Тамақ өнеркәсібінде құрал-жабдықтарды, құбыр өткізгіштерді коррозиядан қорғау үшін органикалық емес шыны эмальды, шынылы, цементті қаптамаларды қолдану әдісі тиімді. Ішетін суды транспорттайтын құырда қаптамаларды қолдану, термотұрақты арнайы қаптамаларды қолдану құрал-жадықтарды коррозиялық бүлінуден сақтайды. Ауаның жоғары ылғалдылығы, тұрақты төмен температуралар, қоректік ортаның болуы тамақ өнеркәсібінің технологиялық цехтарында микроорганизмдердің дамуына жақсы жағдай туғызады, ал ол микроорганизмдер қорғағыш қаптамалардың, металл және бетон коррозиясының бұзылуына әкеледі. Осы микромицеттер қарсы қолданылатын тиімді қаптама фунгицидті қаптамалар болып табылады. Құрал-жабдықтарға қапталған бұл пленка қаптама құрал-жабдықтарды ыстық сумен жуғанға және щеткамен ысқылағанға төзімді. Тамақ өнеркәсібінде металлдардың сыртқы бетін қайта өңдеу үшін токсикалық компоненттері жоқ топты өзгергіштер қолданылады: Н3, П-1т, АПРП-2, 2ВА-01ГИСИ және комбинирленген метализацияланған полимерлі қаптамалар қолданылады.

2.9 Технологиялық есептеулер
2.9.1 Жұмыс уақыты мен қондырғылардың санын есептеу
Өнімнің жылдық шығымы 12000 тонна

Ашытқылар шығымы 75%

Жұмыс режимі үздіксіз

Жылдамдығы жұмыс күні 300 күн

Тауар ферментер көлемі 100 м2 (В сатысы)

Егіс ферментердің көлемі 30 м2 (Б сатысы)

Ткал=365 күн

Т = Ткалжөнд=365-65=300 күн


Ашытқы алу тауарлы сатыда үздіксіз, сатыларда периодты. В сатысында культивирлеу ұзақтығы 19 сағат, Б сатысында 10 сағат Б және В сатыларындағы ферменттер үшін цикл аралық уақыты 5 сағат.
Қондырғы санының есебі
Р тәу =
40 тонна ашытқы алу үшін тәулікке алмастыру керек
Z=40/10 =4 цикл

Мұндағы:


Z-цикл саны

N= τ-Ферментердағы процесс ұзақтығы

τ 1-Цикл аралық уақыт


NБ=
3 ферментер қабылдаймыз.
NВ= 4 ферментер қабылдаймыз.
2.9.2 Материалды баланс
46% мелассаның тәуліктік шығымы
Мтәу=
D- тәуліктік өнімділік

В-ашытқы шығымы 75%


Мелассаның салыстырмалы шығыны
Мсал = (1)
11 кесте - Тауарлы ашытқыларды өсіру сатысы бойынша техникалық көрсеткіштер есебі


Саты

Саты

бойынша


ашытқы

шығымы


Орташа сағат өсу коэф-т

Процесс ұзақтығы

Ашытқы сеперация

сы


В-жинақтау периоды

В-ағып кету периоды

В-процесс бойынша бәрі

Б-егістік



74
77

75*

72,5



1,17
**

***


1,175

6
12

19

10



Жоқ
Бар

Бар


Жоқ

* - процесс бойынша толығымен ашытқылардың жалпы шығымы көрсетілген

** - ағым периодындағы сағаттың өсу коэффициентін жинақтау процесінің көрсеткіштерін есептегеннен кейін шығарады.

*** - процестегі толығымен сағаттық өсудің коэффициентін жинақтау және ағын периодындағы шарты орташа шама ретінде анықтайды.



Зауыттағы мәліметтер бойынша жинақтау периодының соңындағы биомасса мөлшері 3400 кг, сонда ағын периодында жиналады.
10000-3400=6600кг
Тауарлы ферментаторға егуге қажетті ашытқы мөлшерін анықтайық, Дб
Dб=D/aτ
Dб=

жүктеу 7,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау