Беттер Кесте Сурет Әдебиеттер


Отандық ашытқы өндірісінің технологиялық сызба-нұсқасы



жүктеу 3,94 Mb.
бет22/41
Дата26.11.2023
өлшемі3,94 Mb.
#44460
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Дип.-Ашытқы-саңырауқұлақтарын (1)

2.4.2 Отандық ашытқы өндірісінің технологиялық сызба-нұсқасы

Ашытқыларды өсірудің технологиялық процесі келесі негізгі этаптардан тұрады: қоректік ортаны дайындау, ашытқыларды өсіру, бөлу, формалау, престелген ашытқыларды буып-тұю, кептіру, кептірілген өнімді буып-түю.


Бұл схема 5-суретте көрсетілген. Қою мелассаны сақтау орнынан 1 өндіріс ыдысына ауыстырады 3, таразыда 4 өлшейді. Меласса ерітіндісін жинағышта 6 дайындайды, стерилизаторда 7 стерильдейді де, кларификаторда 8 қалдырады, 12 сыйымдылығы арқылы ашытқы өсетін 14,15,16,17,22,23 аппараттарына келіп түседі.
Ашытқыларды өсіру процесі маткалы және тауарлы ашытқы алудан тұрады. Маткалы ашытқыларды алдымен лабораториялық заводтарда, цехта ашытқы өсіретін аппаратта алады: 14 – бірінші деңгей, 15 – екінші деңгей, 16 – үшінші деңгей, 17 – төртінші деңгей. Тауарлы ашытқыларды мына аппараттардан алады: 16-бірінші деңгей, 17-екінші деңгей. Тауарлы ашытқыларды алу бір немесе екі деңгеймен жүреді (22-бірінші деңгей, 23-екінші деңгей), ол заводтағы технологияға байланысты.
Ашытқы өсіретін аппарат 24 таңдамалы боып келеді. Оны тауарлы ашытқы алуда қолданылады. Бұл аппаратта ашытқының пісуі жүреді. Азот және фосфор тұздарын суда 9,10,11 сыйымдылықтарында ерітеді. Бұл 13 сыйымдылық арқылы 14,15,16,17,22 жәіне 23 ашытқы өсіретін аппаратқа келіп түседі.
Өскен ашытқыларды культуралды ортадан 18,25 сепараторлар арқылы бөліп алады. 19 және 26 сыйымдылықтарда жуады да, қоюлатып алынған ашытқы сүтін 20,21 және 27 сыйымдылықтарға жібереді (тауарлы ашытқылар). Ашытқыларды соңғы рет сұйықтықтан бөлу 28 вакуум – фильтрлерде жүргізеді. Алынған ашытқыларды формалап, буып, мұздатқыш камерасына 33 жібереді. Кептіру агрегаттарында 30 кептірілген ашытқыларды автоматтарда 31 буып-түйіп, мұздатқыш камерасына жібереді.

8 сурет - Нан ашытқысын өндірудің технологиялық процесінің жалпы сызба-нұсқасы




2.5 Негізгі және көмекші құрал - жабдықты таңдау

Сепараторлар ашытқы өсірілетін аппараттан өсірілен ашытқыларды бөліп алуға арналған аппараттар. Сұйықтық орталық сепараторлар орталық күш алаңында сұйық суспензияларды бөліп алуға арналған ашытқы өндірісінің аппараты. Сепараторлардың жұмыс органы (тарелкалы барабан) – ротор, оған 0,4-1,5 мм жұқа қабаттарда сұйық потокты бөліп алу үшін конусты тарелкалы пакет кигізілген. Сепарилдеудің мақсаты оның дисперсиялық бөліктерінің құралатын тарелкалар мен потокпен айнала қозғалып, оларды потокты пакеттен шығарғанша бетіне шығып үлгеруі керек. Сепараторлар құрылысы жағынан ашық, жартылай жабық, герметикалық болып бөлінеді.


Ашық сепараторларда барабанға сұйық қоспаны берумен және сұйық бөлек фракцияларды қайтару кету ашық потокпен іске асырылады. Бұл кезде ашу мен ашытқы сүті сепаратордан шығар кезде ауамен қосылысады.
Жартылай жабық сепараторларда сепарирленетін сұйықтық жабық потокпен келіп түседі де, ал ашытқы сүті ашық потокпен келіп түседі. Ашу жабық трубалармен қысым астында жүреді.
Герметикалық сепараторларда сұйық қоспасы мен ашытқы сүтін қайтару және ашу оттегісіз, қысым астында, жабық өткізгішпен өтеді.
Қоюланған ашытқы суспензияларын қабылдауға арналған сепараторларға СОС-501К-01, СОС-501Т-2 және СОС-501К-3 маркалы сепараторлар жатады. Бұл өздері арасынан ротордың диаметрімен, орындалу материалымен ерекшеленеді. Сонымен қатар оларға ДСГ-35, ДСГ-50 және ВСЖ-2 маркалы сепараторлар жатады.
ДСГ-35 маркалы сепараторлар құрылымы компакты және ашық типті сепараторларға жатады. Ол фундаментальды плитадан, алып келу механизмінен, барабаннан, сепарирленетін өнімдердің келуі мен қайтарылуының жиынтықтарынан, майлы картерлерден тазалық счетчигінен тұрады.
Сепараторлар 20 кВт жеке индивидуалды күшпен жұмыс істейді. Сепараторлардың өндірушілігі 35 м3/сағ, ашытқы суспензиясына келіп түсетін ашытқы концентрациясы 3-4%.
ДСГ-35 сепараторына концентрациясы бойынша жақыны ДСГ-50 маркалы сепараторы. ДСГ-50 және ДСГ-35 маркалы сепараторлар электрожүргізушілермен және вертикальды айналу валымен айрықшаланады.
Өніммен қосылатын сепаратор валдары коррозияға ұшырамайтын Х15Н9Ю және Х18Н10Т бөлшектерден тұрады. Сепаратордың электрожүргізушілерінің күштілігі 30 кВт.



жүктеу 3,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау