52
Енді абонент төлем жасау парақшасына кіру арқылы өзінің пайдаланған
қызметіне берілген айда онлайн төлем жасай алады.Абонент төлем жасау үшін
бірінші өзінің есептік шотын енгізуі керек және телекоммуникация жүйесінің
өзінің ұсынған шарты бойынша әрбір абоненттің есептік шоты алты таңбалы
сан, сондықтан бұл бағдарламада енгізілетін есептік шот алты таңбадан кем
болмасын деген шарт міндетті түрде қойылады (Сурет 3.7, Сурет 3.8,Сурет 3.9).
Сурет 3.7 – Төлем жасау парақшасы
Сурет 3.8 – Төлем жасау парақшасының жалғасы
53
Сурет 3.9 – Төлем жасау парақшасының есептік шотты енгізгеннен кейінгі түрі
Төлем жасау барысында абонентпен төленетін қаражат мөлшері 500
теңгеден кем болмауы қажетда (сурет 3.10 да көрсетілген ).
Сурет 3.10– Төлем жасау парақшасының төленетін сумма 500 теңгеден кем
болғандағы түрі
54
Бұл жерде абонентпен төленген қаражат бірден аударылып, деректер
қорынан сол айдағы төленуі тиіс қаражат бірден өшіріледі (Сурет 3.11).
Сурет 3.11 – Төлемді қабылдау
Ең соңында абонент өзінің ой пікірін қалдыруына мүмкіндік бар, ол үшін
ой пікір парақшасына кіруі керек (Сурет 3.12).
Сурет 3.12 – Ой пікір қалдыру
55
4 Өміртіршілік қауіпсіздігі
4.1 Еңбек шартының анализы
Эвакуация уақытын есептеу және кондиционерлеуді есептеу
Оператордың жұмыс орны деп іскердің өндірістік процесті жүргізу және
бақылау мақсаты үшін жабдықталған кеңістік бөлігін айтады. Сонымен қатар,
жұмыс орны болып, оның еңбек қызметін іске асыратын және басқару органы
мен қосымша жабдықпен, ақпаратты көрсету құралдарымен жабдықталған
жүйедегі орыны саналады. Оператордың жұмыс орынын құрастырғанда келесі
шарттардың маңызы зор.
Мекеменің орналасқан орны
Операторлар Алматы қаласында орналасқан «Қазақтелеком» акционерлік
ұйымында Телекоммуникация жүйелерінің қызметін онлайн-төлем жасауға
арналған web-қосымшасын жасау үстінде. Бағдарлама жасау кезінде дербес
компьютерді және электронды құрылғыларды қолданамыз.
Жұмысшылар саны
Қарастырылып отырған бөлмеде 3 оператор жұмыс атқарады, олардың әр
қайсысының жеке жұмыс істеу орны бар.
Жұмыс уақыты
Бағдарламаны қамтамасыз ету және жасау кезінде, басты рөлді жұмыс
істеу орнына бөледі, себебі операторлар аптасына 5 күн жұмыс істейді, 8
сағаттан, яғни олар компьютердің алдында аптасына 40 сағат жұмыс істейді,
оған табиғи жарықты және жасанды жарықты түсу нормаларын ескеру қажет.
Жұмыстың ауырлық деңгейі
Бөлмеміз жұмыс үстеу шарты бойынша, жеңіл жұмыс категориясына
жатады ( физикалық жеңіл, категориясы Iа, жұмысты отырып істейді және
физикалық ауыр жұмыс атқармайды), осы стандарт (ГОСТ 12.2.032-78
жұмыстың ауырлық деңгейін анықтау стандарты);
Микроклимат
Жұмыс бөлмесін талдау барысында жұмыс аумағының қалыпты
микроклиматтық шарттарын міндетті түрде қарастыру қажет.
Микроклиматтың күйін қадағалау оператор залында қолайлы жағдайды
орнатуға көмектеседі. Ал жұмыс орнының қолайлы жағдайларында
адамдардың жұмыс істеу қабілеттері жақсарады, жұмысшылардың ауруға
шалдығуы азаяды сонымен қатар, еңбек өндірісі артады. Жұмыс орнындағы
нормаланған климаттық параметрлер к е с т е 4.1 де келтірілген.
56
К е с т е 4.1 – Нормаланған климаттық параметрлер
Жыл мезгілі
Жұмыс
категориясы
Ауа
температурасы, °С
Салыстырмалы
ауа
ылғалдылығы,
%
Ауа
қозғалысының
жылдамдығы,
м/с
Суық
Жеңіл – 1а
Жеңіл – 1б
22-24
21-23
40-60
40-60
0,1
0,1
Жылы
Жеңіл – 1а
Жеңіл – 1б
23-25
22-24
40-60
40-60
0,1
0,2
Бөлмеде қысқы кезеңдерде ауаның температурасы +18 до +20°С болады,
ал жазғы ауқыт кезеңдерінде ауаның температурасы +25°С-ге дейін көтеріледі.
Жарықтандыру жүйесі
Бөлмеде күндіз табиғи жарық көзі ретінде екі терезе бар және жасанды
жарықтандыру орнатылған, оның көмегімен түнде және күнде жұмыс істеуге
болады. Жасанды жарықтандыру ІІІ дәрежелі өте үлкен дәлдікпен жұмыс істеу
талабына сай болып келеді. Жасанды жарықтандыру 2 шамдал екі
люминесцентты шамы арқылы жүзеге асады.
Өрт қауіпсіздігі
Электротехникалық жабдық, ең бірінші өрт көзі болып табылады және
қауып тудырады. Жұмыс уақыты біткеннен кейін барлық электротехникалық
жабдықтарды өшіруіміз қажет.
Бөлме өрт қауіпсіздігінің жөн-жоба талабына сай 100 м
2
-қа ОУ-5 көмір
қышқылыды өрт сөндіргішпен жабдықталдануы керек. Бөлменің орта ауданы
24 м
2
болғандықтан, бір ғана көмір қышқылыды өрт сөндіргіш орнатылады.
Электрқауіпсіздігі
Берілген бөлмеміз барлық электр қауіпсіздігін қанағаттандырады, яғни
бөлме ылғалдылығы 60% аспайды, тақтай еденнен жасалған. Жерге тұйықтау
және
нөлдеу
сымдарының
қимасы,
олардың
қосылыстары
мен
жалғанымдарының бүтіндігі және беріктігі тексерілген. Аппаратты жерге
тұйықтау контурымен қосатын жерге тұйықтау сымдарда үзілу және көзге
көрінетін ақаулар болмауы тиісі ескерілген. Дәнекерлеу жұмысының
сенімділігі балғамен соғып тексерілген.
Шу көзі
Қарастырылып отырған жұмыс орындағы бөлмеміз, ғимаратта
орналастырылған және ғимарат теміржол магистралінде немесе жүкті
автомагистралінде, аэропорт және тағы басқа орындарда орналаспаған. Соған
байланысты жұмыс істеу процессіне сыртқы шудың көзі жоқ.