69
S – бөлменің жарықтану аймағы, м
2
;
Z – жарықтанудың әркелкі коэффициенттері (Z=1.1
1.2);
n – шамдағы лампалар саны;
Ф
л
–лампаның жарық ағыны.
дана
N
4
80
,
0
2340
2
2
,
1
12
5
,
1
200
ЛВО01 типті бір шамның ұзындығы
м
L
СВ
2
,
1
ЛД-40 типті лампамен
қосқандағы жалпы ұзындығы:
8
.
4
4
2
.
1
СВ
L
N
м
Осыған байланысты бір қатарға аралығы 1,2 метр болып келетін екі
шамды орнатамыз. Жалпы нормаланған 200лк жарықтықты қамтамасыз ету
үшін 50 Вт қуатты 4 ЛД лампасын орнатамыз.
1- шамдар.
3.2 Сурет – Бөлмедегі шамдардың орналасуы.
70
4 ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
4.1 Жоба маңызы
Микропроцессорлық технологияның күрт өсуі, сымсыз технология
құнының түпкілікті төмендеуі және олардың эксплуатациялық параметр
дәрежесінің көтерілуі мәлімет алмасу және диагностика, басқару жүйелерінде
сымды және сымсыз желілерден бас тартуға мүмкіншілік береді.
Сымсыз желілер иілмелі архитектуралы болғандықтан қолдану және
орнату кезінде аз мөлшерде шыған кетіреді. Маңызды аспектілері болып
мәлімет жіберу кезіндегі стандартизация протоколы болып келеді, себебі өлшеу
жүйесі басқа жүйелерге қарағанда ашық және өзге өндірушілердің
құрылғыларына сай келеді. Қазіргі кезде маңызды деп саналатын
тақырыптардың бірі өндірістік телеметрия жүйесі және үй ішілік автоматизация
кезінде мәлеметтерді жақын қашықтыққа жіберу. Көптеген инженер, ғалымдар
ұқсас проектерді жобалау кезінде көптеген талаптарға мән береді:мобильді
диагностикалық құрылғылардың болуы және де монтажға шығынның аз болуы.
Осындай жағдайда оларға көмек ретінде жаңа сымсыз мәлімет жіберу ZigBee
технологиясы келеді, бұл технологияның артықшылығы ол екі автономды
құрылғылар мен абоненттік құрылғы арасындағы байланыс.
ZigBee спецификациясы әлемдік бір 802.15.4 стандартына сай келетін
сымсыз желілік шешімді қабылдауға әсерін тигізеді, негізінде стандарт 250
Кбит/с дейінгі жылдамдықпен мәлімет жіберу, төмен дәрежедегі энергоқолдану
және де жүйенің сенімділігі мен мәліметтердің қорғанысына жауапты болып
келеді.
Стандарт көп ұяшықты топологиялы желі құруға әсерін тигізеді, осының
негізінде мыңдаған түйіндер күтіледі және де күшейткіштерге қосымша шығын
келтірмей - ақ байланысты алыс қашықтыққа үлкейте алады. Zigbee
технологиясы Wi-Fi немесе Bluetooth секілді мәліметтірде үлкен көлемде
жібере алмайды. Ал мысал ретінде датчиктердің көрсеткіштерін жіберетін
болсақ , ол көп дегенде он байттан аспайды , бастапқы орында
энергоқолдану,бағасы және сенімділігі алдынғы орында тұрады.
ZigBee спецификациясы арзан келген сымсыз және электроқолданысы аз
келетін желілерді құрастыруға арналған. Осындай желілерді қолдану аймағы
болып:
1. Автоматтандырылған коммерциялық құрылыстардағы температура,
ылғалдылық , жарық және вентиляция датчиктерін байланыстыру үшін
қолданылатын ZigBee технологиясы;
2. Индустриялдық басқару және автоматтандырылған өндірістік
процестер жүйесі;
3. Үй автоматизациясы және “Умный Дом” жүйесі;
4. Күзет және өрт қауіпсіздігі жүйесі.
71
4.2
Жоба сипаттамасы
ZigBee — индустриялдық сымсыз стандартты жүзеге асырудың жақсы
үлгісі, осы стандарт арқылы біздің өміріміз бен жұмысымыз жеңілдейді.
Бұл дипломдық жобаның мақсаты болып Zigbee технологиясын өрт
қауіпсіздігі жүйесін ғимараттарда қолдану болып табылады.
Дипломдық жұмыс көбінесе теориялық түрде болғандықтан,алдымен
жүйені ұйымдастыруға кеткен шығынды есептеуіміз қажет: комплектілік
заттардың бағасын,көліктік қызметтер,желіні қалпына келтіру және т.б. Ол
үшін тақырыппен бекітілген техникалық - экономикалық жұмыс дәлелдемесін
құрастыру қажет.
4.3 Маркетинг
Кішігірім көлемдегі мәліметтерді орташа қашықтыққа берудегі негізгі
есеп ZigBee көмегімен шешіледі. ZigBee арналған спецификациясы қабылдау-
таратқыш құрылғының аз мөлшерде энергоқолдану болып табылады. IEEE
802.15.4 және ZigBee арқылы сапалы түрдегі ағынды аудио немесе жоғары
анық видео жіберілу мүмкін емес , алайда күрделі монитортингтік сұлба және
әр саладағы тәжірибелік басқаруды ұйымдастыруға болады.
Ал енді ZigBee технологиясының бағалық саясаты – технологияны өте
иілмелі қылып жасауға тырысады, яғни алыс қашықтыққа мәлімет
жіберу,сонымен қатар сапалы ағындық аудио және анық видеоны күрделі
мониторинг сұлбасына және басқаруына әсер етпей мәлімет жіберу.
4.4 Өндірістік жоспар
Осы берілген кезеңде керекті көлемдегі негізгі өндірістік фондтарды,
еңбектік ресурстар және қаржылық құралдардың жүйеге енгізуін анықтайды.
Жүйені эксплуатацияға енгізу үшін алдымен бірнеше жұмыс қатарларын
енгізу керек. Ең алғашқы кезекте жүйені есептеу керек. Содан соң есептеліп
алынған мәліметтерге сәйкес қажетті құрылғылар сатып алып, қондырып және
олардың жарамдылығын және жүйенің сенімділігін тексеруіне байланысты
бірталай тәжірибелерден өткіземіз. Осыдан кейін жобаны эксплуатацияға
енгізуге болады.