AFTN ЖЕЛІСІНДЕГІ ХАБАРЛАМАЛАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН НӨМІРЛЕНБЕГЕН СИГНАЛДАР
ADS (АДС) - адрес;
DUPE (ДУПЕ) - қайта;
EXP - күтілген;
CFM (ЦФМ) - растау;
CH (ЦХ) - тексеру;
CNL - жою;
COR (ЦОР) - түзету;
LC (ЛС) - соңғы жіберілген;
LR (ЛР) - соңғы қабылданған;
MIS (МИС) - жоқ;
MSR (МСР) - жіберілді;
NNNN (НННН) - хабарлама соңының сигналы;
NO - жоқ;
OGN (ОГН) - дереккөз;
QJH - сынама;
QSP - беру;
QTA (ЩТА) - күші жойылды;
R (Р) - қабылданды;
RPT (РПТ) - қайталаңыз;
RQ - өтініш;
SVC (СЖЦ) - қызметтік;
VVV (ЖЖЖ) - аралау сигналы;
ZCZC (ЗЦЗЦ) - хабарламаның басы
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
11-қосымша
Кідірістің немесе хабарламаны алмаудың себептерін тексеру тәртібі
Тексеру AFTN станцияларында қоса берілетін алгоритмдердің біреуіне сәйкес жүргізіледі.
Хабарламалардың жету мерзімін Станциялардың жұмыс режімі технологиясының 18-тармағын, 30-тармағын 2) тармақшасы мен 108-тармағын, желінің қолданыстағы сұлбасын ескере отырып, AFTN станциялары анықтайды. Осылайша, КК шұғылдық индексі бар көлемі 160 белгіге дейінгі хабарламаның екі қайта тарату AFTN станциялары арқылы өту уақыты 50 минутты құрайды.
Хабарламалардың кідіру себептерін тексеру хабарламаны алушының өтінімі бойынша межелі AFTN станциясында жүргізіледі.
Хабарламаны алмау себептерін тексеру жіберушінің өтінімі бойынша жіберетін AFTN станциясында жүргізіледі.
Кідірістердің және хабарламаларды алмау себептерін тексеруге өтінімдер «Кідірістің және хабарламаларды алмаудың себептерін тексеру журналына»жазылып, AFTN станциясында сақталады.
Тексеру жргізуге берілген сауалдар және тексеру нәтижелерінің жауаптары қызметтік хабарламалар ретінде ресімделуі керек. Осы қызметтік хабарламаларда тексерілетін хабарламаға берілетін сілтеме тарату мен дереккөз белгілерінің тиісті топтары арқылы жүргізіледі.
Тексеру жүргізуге берілген сауал СЖЦ (SVC) қысқартудан басталуға тиіс, бұдан кейін сауалдың мазмұнына түсінік беретін ерікті мәтін жазылады. Тексеруге қатысатын барлық станциялар, қажет болған жағдайда, үшінші станцияға сауал жіберуі керек, ал сауалдың көшірмесін – тексеруді бастаған станцияға жібереді (осы станцияның адресі келіп түскен сауалдың мәтінінен КӨШІРМЕ сөзінен кейін анықталады).
Сауалдың мысалы:
КК УАААЫФЫЬ УАРРЫФЫЬ
121350 УАТТЫФЫЬ
КӨШІРМЕ УАРРЫФЫЬ
СЖЦ 121100 УАААЗТЗЬ ҚАБЫЛДАНДЫ АТА437 1345 ЖІБЕРІЛДІ АРА223 1346
АДРЕСАТ ҮШІН УАРРЗТЗЬ
КІДІРІС СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН
Тексеру бойынша жауап мәтіні СЖЦ (SVC) қысқарған сөзінен басталуы, одан кейін сұратылатын хабарлама жүру кезіндегі ақау себептерін нақты түсіндіретін ерікті мәтін жазылуы керек. Жауаптың пішімі:
КК УАРРЫФЫЬ
121440 УАААЫФЫЬ
СЖЦ 121100 УАААЗТЗЬ ҚАБЫЛДАНДЫ АДА112 1102 ЖІБЕРІЛДІ АТА437 1345
АДРЕСАТ ҮШІН УАРРЗТЗЬ
КІДІРУ СЕБЕПТЕРІ - АЛМАТЫ ХТО ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ
Өтінімді алған AFTN станцияларында дереу тексеру амалдары басталуға тиіс.
AFTN станцияларындағы тексеру амалдары сауалкеліп түскен сәттен бастап бір сағаттан артық уақыт жүргізілмеуі керек.
Тексеру амалдарының нәтижелері, сол өтінім келіп түскен AFTN станциясында «Кідірістің және хабарламаларды алмаудың себептерін тексеру журналында» тіркеледі.
Өтінім келіп түскен станция, қажет болған жағдайда, сұратылатын хабарламаның жүру бағыты бойынша кез келген станцияға қызметтік хабарлама жіберуі мүмкін.
«Кідірістің және хабарламаларды алмаудың себептерін тексеру журналының» үлгісі
ДӨтінім берілген күні мен уақыты
|
Өтінім мазмұны, оны берген тұлғаның тегі және телефоны
|
Өтінімді алған тұлғаның лауазымы және тегі
|
Тексеру нәтижелері
|
Нәтижелері туралы хабарланды:
|
Ккімге
|
Кқашан (күні, уақыты)
|
хабарлаған тұлғаның қолы
|
Кідірістің немесе хабарламаларды алмаудың себептеріне тексеру жүргізудің алгоритмі
Кідірген хабарламалар бойынша Алынбаған хабарламалар бойынша
Получатель
Жіберуші
Жіберу AFTN станциясы
Межелі AFTN станциясы
Жіберу AFTN станциясы
Межелі AFTN станциясы
Транзиттік
станция
Транзиттік
станция
Транзитная
станция
Транзиттік
станция
Транзиттік
станция
Транзиттік
станция
Хабарламаны алушы
Белгіленген авиациялық электр байланысы
желісіндегі жұмыс технологиясына
12-қосымша
ХАБАРЛАМАЛАРДЫҢ ПІШІМІ
Адрес индекстерінің болуы мүмкін үлгілері
(Нұсқаулықтың 29-тармағы 1) тармақшасы):
УАААЗТЗЬ УААА-дағы әуеайлақтық диспетчерлік пункт (ЗТЗ)
УАЦЦЫМЫА УАЦЦ-дағы метеорологиялық органның (А) секциясы (ЫМЫ)
УАТЕКЗКБ УАТЕ-дегі КЗК ұшу-пайдалану агенттігінің (Б) бөлімі
УАААЫЫЫЬ УААА пунктіндегі ұшу-пайдалану агенттігі, бұның атауы хабарлама мәтінінің басында көрсетілген
УАТТЗЗЗЬ (УАТТ) авиациялық станциясы осы хабарламаны авиациялық жылжымалы қызмет арқылы әуе кеменің бортына қайта жіберуге тиіс, бұның тану индексі хабар мәтінің басында көрсетілген.
ICAO-ның ЗЗЗ (ZZZ) үш әріптік шартты белгісі
(осы Технологияның 29-тармағы 1) тармақшасы)
GABCD әуе кемесіне UATT авиациялық станция арқылы жіберілген және NZZC аудандық диспетчерлік станциясынан шыққан хабарламаның пішімі мынадай:
(Адрес) FF UATTZZZX
(Дереккөз) 031451 NZZCZRZX
(Мәтін) GABCD CLR DES 5000FT HK NDB
Орамдық (парақтық) телетайпта басылған хабарламаның тақырыбы мен соңы бұл жағдайда көрсетілмеген.
Әуе кемесінің бортынан берілген хабарламаның пішімі
((Нұсқаулықтың 29-тармағы 2 тармақшасы):
UATT авиациялық станциясы арқылы CZEG аудандық диспетчерлік станцияға бағытталған KLM153 әуе кемесінің бортынан хабар жіберілген жағдайда, бұл хабар осы станцияда өңделеді, оның түрі мынадай:
(Адрес) FF CZEGZRZX
(Дереккөз) 031821 UATTZZZX
(Мәтін) KLM153 [қалған мәтін әуе кемесінің бортынан алынған түрінде көрсетіледі].
Орамдық (парақтық) телетайпта басылған хабарламаның тақырыбы мен соңы бұл жағдайда көрсетілмеген.
Кірістіру пішімі
(Технологияның 63-тармағын қараңыз)
ITA-2 кодында:
<≡ТЕКСЕРІЛСІН (ТЕКСЕРІҢІЗ)
МӘТІН
ЖАҢАЖАЛҒАУ ҚОСЫЛДЫ УАААЫФЫЬ<≡
≡≡≡≡≡≡≡НННН
Немесе
<≡CHECK
TEXT
NEWENDINGADDEDUAAAYFYX<≡
≡≡≡≡≡≡≡NNNN
IA-5 кодында:
<≡ТЕКСЕРІЛСІН (ТЕКСЕРҢІЗ)
МӘТІН
ЖАҢАЖАЛҒАУ ҚОСЫЛДЫУАААЫФЫЬ<≡
(VT)(ETX)
Немесе
<≡CHECK
TEXT
NEWENDINGADDEDUAAAYFYX<≡
(VT)(ETX)
Ерікті үлгідегі қызметтік хабарламаның пішімі (Технологияның 68-тармағын қараңыз)
ФФ УАААЫФЫЬ
121314 УАРРЫФЫЬ
СЖЦ ҚАЙТАЛАҢЫЗ 140018 УАААЫМЫЬ УАРРЫМЫЬ АДРЕСІ ҮШІН
Немесе
FF UAAAYFYX
121314 UARRYFYX
SVC REPEAT 140018 UAAAYMYX FOR ADDRESS UARRYMYX
Результаты согласования
20.8.2013: Авдеев О. А. (Авдеев О. А.) - - cогласовано без замечаний
Достарыңызбен бөлісу: |