Достижение высокого уровня выработки продукции (оказания услуг) отдельными работниками за счет применения по своей инициативе новых приемов труда и совершенствования рабочих мест не является основанием для пересмотра ранее установленных норм труда.
4.10. Контроль за состоянием нормирования труда, правильностью применения норм труда в целом осуществляется службой (специалистами), занимающейся вопросами нормирования и оплаты труда у работодателя (или уполномоченным органом).
На основе оценки качества норм делаются выводы о прогрессивности сложившихся в организации организационно-технических условий работы, отражении в нормах необходимых затрат труда применительно к этим условиям.
Эти сведения используются как исходный материал при выборе объектов, для которых должны разрабатываться мероприятия, обеспечивающие повышение производительности труда и установлении новых норм, соответствующих прогрессивным условиям производства и труда.
5. Регламентация вопросов нормирования
5.1. По мере развития рыночных отношений, в условиях существования различных форм собственности, вопросы нормирования труда должны находить широкое отражение в отраслевых соглашениях и коллективных договорах.
5.2. В трудовых коллективных договорах и (или) актах работодателя регламентируются вопросы нормирования труда. При этом включенные положения по нормированию труда не могут ограничивать права работников, ухудшать условия труда и нарушать гарантии, установленные законодательством.
5.3. Для выполнения работниками норм выработки работодатель обязан обеспечить нормальные условия труда.
Нормы выработки для работников моложе восемнадцати лет устанавливаются исходя из общих норм выработки для взрослых работников пропорционально сокращенной продолжительности рабочего времени для лиц, не достигших восемнадцати лет, в соответствии с трудовым договором.
33. Применительно к вопросам нормирования труда конкретизируются обязательства сторон по повышению эффективности производства и труда в части снижения трудоемкости и увеличения объема выпуска продукции, определяются виды работ, на которые предусматривается совершенствование условий производства, введение новых и замена действующих норм, категории персонала, для которых вводятся пониженные нормы и размеры их снижения. При этом, обеспечивается с учетом сложности выполняемых работ и квалификцаии работников правильное присвоение наименований профессий рабочих и должностей служащих и отнесение по категориям и квалификцаионным разрядам профессий рабочих и должностей служащих на основе единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих, квалификационного справочника должностей служащих.
Кроме того, в трудовом договоре устанавливается порядок нормирования труда в период освоения производства.
___________________________________________________
Еңбекті нормалауды ұйымдастыру
жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жыл 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 10-тармағы 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Еңбекті нормалауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры (А. Ә. Сарбасов) осы бұйрықты Министрліктің веб-сайтына жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Еңбекті нормалауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2000 жылғы 22 маусымдағы № 152 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Г. Әбдіқалықова
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 402- ө бұйрығымен
бекітілген
Еңбекті нормалауды ұйымдастыру
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Осы Әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және Еңбекті нормалауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін айқындайды.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты кез келген меншік нысанындағы және ұйымдық басқару құрылымындағы кәсіпорындардың (ұйымдардың) персоналының еңбегін нормалау мәселелерін шешуді нормативтік-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпы ережелер
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының қажетті шарты экономиканың әлеуметтік бағыттылығын күшейтіп, адамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларындағы оның ішінде, бірінші кезекте – еңбек саласындағы мүдделерін анағұрлым толық ескере отырып, экономиканың тиімділігін арттыру болып табылады.
Еңбек нормасын жан-жақты негіздеу қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың пәрменді құралы болып табылады, ол еңбекті шектен тыс интенсификациялаудың алдын алуға және осы негізде еңбек қызметінің барлық кезеңі кезінде олардың жұмысқа қалыпты қабілеттілігін сақтауға ықпал етеді.
Еңбекті нормалауды жақсарту еңбек шығындарын қысқартуға ықпал етеді және сонымен бір мезгілде, өнім бірлігіне (жұмыстардың, қызметтердің) кететін шығындардың, ресурстардың аса маңызды түрлері бойынша - негізгі қорға, отынға, электр жеткізушілерге арналған шығындардың төмендеуін қамтамасыз етеді, сөйтіп ақы төлеумен байланысты шығыстардың үлесі шамалы кезде де, өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына елеулі әсер етеді.
Жаңа экономикалық жағдайда еңбекті нормалауға қойылатын талаптар да өседі, бұл мыналардан көрінеді:
еңбекті нормалау саласын, барлық қызмет түрлері кезінде және орындалатын әр түрлі жұмыс кезінде оңтайлы интенсивтілігі мен қалыпты еңбек жағдайлары шегіндегі еңбек шығындарын өлшеуді және бағалауды қамтамасыз ететіндей ұлғайту;
белгіленетін еңбек нормаларының сапасын арттыру, оларды қажетті шығындарға барынша жақындату;
еңбек нормаларының ұйымдық-техникалық сияқты, экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік факторларды да барынша толық ескеру негізінде ғылыми негізделуі.
Көрсетілген талаптардың іске асырылуы, барлық деңгейлердегі басқару органдарының еңбекті нормалау кезінде бірыңғай әдістемелік қағидаттарды қамтамасыз ету, еңбекті нормалау үшін әлеуметтік әріптестер әзірлейтін салааралық және салалық нормативтік материалдарға қатысты шешім қабылдау функцияларын күшейту қажеттігін туындатады.
1. Еңбекті нормалауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері
1.1. Еңбекті нормалау дегеніміз өндірісті басқару функцияларының жұмысты орындауға кететін қажетті еңбек шығындарын (уақытты) айқындау бөлігіндегі құрамдас бөлікті білдіреді және қызметкерлерді әлеуметтік қорғау үшін шектен тыс психофизикалық жүктемелердің алдын алу мақсатында, адамның еңбек қызметінің барлық кезеңі кезінде олардың жұмысқа қалыпты қабілеттілігін сақтауға ықпал ететін, еңбек шығыны мен қызметкердің біліктілігі деңгейін регламенттеудің, бағалаудың негізі болып табылады.
1.2. Еңбекті нормалау талап етілетін қызметкерлер мен жұмыс орындарының санын айқындаудың, қызметкерлердің еңбек өнімділігінің қол жеткен деңгейін және оның өсу резервтерін бағалаудың, еңбекақы деңгейінің орындалатын жұмыстың немесе функциялардың саны мен сапасына барабарлығын қамтамасыз етудің құралы болып табылады.
1.3. Еңбек нормалары, шығарылатын өнімнің өзіндік құнын айқындау кезінде аса маңызды көрсеткіштердің біреуі болып табылатын оңтайлы технологиялық және еңбек процесін таңдау үшін, қызметкерлер мен өндірістік жабдықтың санын айқындаудың құралы ретінде қызмет етеді.
1.4. Еңбек нормалары еңбек шығындарының өлшемі болып табылады және оны қызметкерлерге техниканың, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес жұмыс беруші белгілейді, яғни бұл тиісті мамандығы, кәсібі мен біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жекелеген жұмысты, операцияларды немесе функцияларды орындауы жөнінде белгіленген тапсырма.
Жан-жақты негізделген еңбек шығындарының нормасы заманауи менеджменттік ажырамас бөлігі ретінде өндірісті оңтайлы ұйымдастыруға, қызметкердің жеке еңбек үлесін әділетті бағалауға және оғын тиісті еңбекақы белгілеуге мүмкіндік береді.
1.5. Нарық жағдайында еңбекті нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі жұмысты жұмыс беруші жүргізеді. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын (тарифтерін) төмендетудегі нормалар рөлінің артуына, нормаларды қызметкердің мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне бағдарлаудың қажеттігіне байланысты бұл жұмыс мынадай принциптермен құрылуға тиіс:
жалпыға ортақ, яғни өндірісте жұмыс істейтіндердің барлық санаттарының еңбек шығындарының әділетті бағалануын қамтамасыз ету мақсатымен, жұмыстың барлық түрлеріне арналған еңбекті нормалау саласын ұлғайту;
теңдей қауырттылығы, яғни қоғамдық қажетті еңбек шығындарын көрсетуге және ұқсас ұйымдық-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстар үшін бірізді болуға тиіс;
ғылыми негізділігі, яғни адамның еңбек қабілеті мен денсаулығын сақтау мақсатында, оның еңбек және демалысының негізделген режимдері негізіндегі әлеуметтік, психофизиологиялық және басқа да факторларды ескергенде, нормалардың негізді болуы;
прогрессивтілігі, яғни ғылым мен тәжірибенің озық жетістіктері ескерілуі қажет;
серпінділігі, яғни еңбек шығындарын үнемдеуге мақсатты әсер етуі талап етіледі.
Еңбекті нормалаудағы бұл принциптерді іске асыру жұмыс берушіге өнім өндіру кезіндегі жиынтық шығындарды (шығыстарды) объективті бағалауға мүмкіндік береді.
1.6. Еңбекті нормалауға қойылатын негізгі талаптар:
еңбекті нормалаудың қызметтің барлық түрлері мен орындалатын жұмыстың әртүрлі болуы кезіндегі еңбек шығындары өлшеу мен бағалауды қамтамасыз ететін саласын барынша ұлғайту;
еңбек нормаларының жоғары сапасы, оларды қажетті шығындарға барынша жақындату;
ұйымдық-техникалық сияқты, экономикалық, психологиялық және әлеуметтік факторларды барынша толық ескеру негізінде, еңбек нормаларының жан-жақты (ғылыми) негізділігі;
еңбек нормаларын еңбектің қалыпты интенсивтілігі жағдайында қызметкердің үйлесімді дамуына ықпал ететін, оның шығармашылық, өндірістік және материалдық қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыратындай гуманизациялау.
2. Еңбекті нормалауға арналған нормалар мен
нормативтік материалдар жүйесі
2.1. Еңбекті нормалау жекелеген қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін жасауға) кететін қажетті еңбек (уақыт) шығындарын анықтауды және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеуді қамтиды.
Еңбек пен демалыстың ғылыми негізделген режимдері сақталған жағдайда, өндірістің нақты жағдайлары үшін еңбек және материалдық ресурстарды тиімді пайдалануға сәйкес келетін шығындар қажетті шығындар деп танылады.
2.2. Қызметкерлердің еңбегін нормалау кезінде еңбек нормалары: уақыт нормасы, өнім шығару нормасы, қызмет көрсету нормасы, адам санының нормасы (нормативі), нормаланған тапсырмалар, бірыңғай және үлгілік нормалар қолданылады, олар жабдықтың жұмыс режимінің, жекелеген элементтерді (кешендерді) орындауға, жабдық бірлігіне, жұмыс орнына, бригадаға, құрылымдық бөлімшеге қызмет көрсетуге кететін еңбек (уақыт) шығынының, жұмыстағы үзіліс уақыттарының және т.б., сондай-ақ, өндірістік, басқарушылық функцияларды немесе нақты ұйымдық-техникалық жағдайлар мен өндіріс факторларына қарай өлшем бірлігіне алынған жұмыс көлемінің регламенттелген мәні (шамасы) болып табылады.
Уақыт нормасы – белгілі ұйымдық-техникалық жағдайларда, тиісті біліктілігі бар қызметкердің немесе қызметкерлер тобының (бригаданың) жұмыс бірлігін орындау үшін белгіленген жұмыс уақыты шығынының шамасы.
Өнім шығару нормасы - белгілі ұйымдық-техникалық жағдайларда, жұмыс уақыт бірлігінде, тиісті біліктілігі бар қызметкер немесе қызметкерлер тобы (атап айтқанда, бригада) орындауға (жасауға, тасымалдауға және т.б.) міндетті жұмыстардың белгіленген көлемі (өнім бірлігінің саны).
Қызметкерлер санының нормасы - белгілі ұйымдық-техникалық жағдайларда, нақты өндірістік, басқарушылық функцияларды немесе жұмыс көлемін орындау үшін қажетті белгілі бір кәсіптік-біліктілік құрам қызметкерлерінің белгіленген саны.
Қызмет көрсету нормасы - белгілі ұйымдық-техникалық жағдайларда, тиісті біліктілігі бар қызметкер немесе қызметкерлер тобы (атап айтқанда, бригада), жұмыс уақытының бірлігі ішінде қызмет көрсетуге міндетті өндірістік нысандардың (жабдық бірлігінің, жұмыс орнының және т.б. ) саны.
Мерзімді еңбекақы төленетін қызметкерлердің еңбек тиімділігін арттыру мақсатында, оларға жоғарыда көрсетілген еңбек нормалары түрлерінің негізінде нормаланған тапсырмалар белгіленуі мүмкін.
Нормаланған тапсырмалар – бұл мерзімді еңбекақы төленетін жұмыстардағы қызметкер немесе қызметкерлер тобы жұмыс ауысымында немесе өзге де жұмыс уақыты бірлігінде орындайтын жұмыстың белгіленген көлемі.
Бірыңғай еңбек нормалары экономикалық қызметтің бір немесе бірнеше түрлеріне арналған өндірістің ұқсас жағдайларында бірдей технология бойынша орындалатын жұмыстарға әзірленеді және оны жұмыс берушілер тиісті жұмыс түрлеріндегі қызметкерлердің еңбегін нормалау кезінде эталон ретінде қолданады.
Бірыңғай еңбек нормаларын бекіту кезінде олардың қолданысқа енгізілу мерзімі, жұмыс берушінің көрсетілген уақыт ішінде өндіріс пен еңбектің нақты жағдайларын бірыңғай нормалар есептелгендермен сәйкестікке келтіре алатындай етіп белгіленеді.
Үлгілік еңбек нормалары, осы жұмыс түрлері бар ұйымдардың көпшілігінде немесе бөлігінде қолданылып жүрген ұтымды ұйымдық-техникалық жағдайларды (осы өндіріске арналған) ескере отырып, үлгілік технология бойынша орындалатын жұмыстарға арналып әзірленеді. Үлгілік жобалар өндірістің ұйымдық-техникалық жағдайлары, олар есептелген деңгейге әзірше сәйкес келмейтін ұйымдар үшін эталон ретінде ұсынылады.
2.3. Еңбек нормалары жекелеген операцияға (операциялық норма) және өзара байланысты операция топтарына, аяқталған жұмыс кешеніне (ірілендірілген кешенді норма) белгіленеді. Нормаларды саралау дәрежесі өндіріс үлгісімен, өндіріс көлемімен, шығарылатын өнімнің ерекшелігімен, өндірістің ұйымдық нысанымен айқындалады.
Ірілендірілген кешенді нормалар өнімнің (жұмыстың, қызметтің) бірлігіне, әдетте аяқталған бұйымға, торапқа, бригада жиынтығына, техникалық айрықшаланған қайта бөлуге, ауыл шаруашылық жұмыстары көлеміне, құрылыс сатысына немесе нысанына белгіленеді.
2.4. Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар қолданылу аясына қарай салааралық және салалық болып бөлінеді.
Салааралық бірыңғай және үлгілік нормалар мен нормативтерді ғылыми-зерттеу институттары мен салааралық сипаттағы жұмыстарға еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеумен айналысатын басқа да ұйымдар әзірлейді.
Салалық бірыңғай және үлгілік нормалар мен нормативтерді тиісті салааралық нормалар мен нормативтер болмаған кезде, ғылыми-зерттеу институттары мен салааралық сипаттағы жұмыстарға еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеумен айналысатын басқа да ұйымдар әзірлейді.
Жекелеген жұмыс түрлеріне арналған еңбек нормаларын тиісті салааралық және салалық нормативтік материалдар болмаған жағдайларда, сондай-ақ ұйымдарда еңбекті нормалауға арналған қолданыстағы салааралық және салалық нормативтік материалдарды әзірлеу кезінде ескерілгендермен салыстырғанда анағұрлым прогрессивті ұйымдық-техникалық жағдайлар жасау кезінде әзірленеді.
2.5. Ұйымдық-техникалық жағдайлары бойынша тұрақты жұмыстарға арналып белгіленген нормалармен қатар уақытша және біржолғы нормалар қолданылады.
Уақытша нормалар еңбекті нормалауға арнап бекітілген нормативтік материалдар болмаған кезде, сол немесе өзге жұмысты игеру кезеңіне, бірақ 3 айдан аспайтын мерзімге белгіленеді.
Біржолғы нормаларды жұмыс беруші біржолғы сипаттағы (жоспардан тыс, авариялық ) жекелеген жұмыстарға белгілейді.
2.6. Қызметкерлердің еңбегі, негізінен техникалық негізделген нормалар бойынша нормалануға тиіс.
Техникалық негізделген деп осы жұмыс бірге болатын техникаға және технологияға қатысты еңбек шығындары шамасын кешенді негіздеу негізінде талдама әдісімен белгіленген нормалар түсініледі. Техникалық негізделген нормалар жабдық жұмысының прогрессивті режимін, еңбектің тиімді тәсілдері мен әдістерін, жұмыс орындарын ұйымдастыруды және оған қызмет көрсетуді, қызметкерлердің тиімді жұмыспен қамтылуын қарастыруға және жұмыс орындарының мүмкіндіктерін барынша пайдалануды, өнімнің жоғары сапасын, қызметкерлердің денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау, олардың еңбек процессінде үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге тиіс.
3. Еңбекті нормалау жұмыстарын ұйымдастыру
3.1. Еңбекті нормалауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы заңнамасымен, экономика салаларының уәкілетті органдарының шешімдерімен, сондай-ақ ұжымдық шарттармен регламенттеледі.
3.2. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
еңбекті нормалау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
экономикалық қызметтің тиісті салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарының қатысуымен еңбекті нормалау бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) шеңберінде еңбек жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлеу бойынша халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді;
экономикалық қызметтің тиісті салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарына еңбекті нормалауды ұйымдастыру жұмыстарының еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу және жетілдіру жөніндегі салалық бағдарламаларды келісуге қатысты бөлігін үйлестіруге жәрдемдеседі;
еңбекті нормалауға арналған салааралық нормативтік материалдарға және оларды әзірлеу жөніндегі бағдарламаларға келісім береді;
еңбек жөніндегі нормалар мен нормативтердің республикалық банкін қалыптастырады;
экономикалық қызметтің тиісті салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарының мониторингтік тексеруінің деректері бойынша еңбек жөніндегі нормативтік базаның жай-күйіне талдау жүргізеді;
еңбекті нормалау жөніндегі ұйымдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
Тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары:
еңбекті нормалау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, талқылауға және сараптауға қатысады;
еңбекті нормалау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді сала ұйымына жеткізеді;
саладағы еңбек жөніндегі базаның жай-күйіне талдау жүргізеді, ұйым үшін жаңа еңбек нормасын белгілеу және қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындайды;
салааралық нормативтік материалдарды және оларды әзірлеу жөніндегі бағдарламаларды бекітеді.
3.4. Экономика саласының ұйымдары:
Мынадай бағыттар бойынша еңбекті нормалау жұмыстарын жүргізеді:
орын алған кемшіліктерді анықтау мақсатында еңбектің қалыптасқан ұйымдастырылуы мен қолданыстағы нормаларды талдайды және еңбек шығындарын қысқарту, өндіріс тиімділігін арттыру, еңбектің қалыпты қарқындылығы мен шарттарын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу үшін нысан таңдауды жүзеге асырады;
жұмыстарды орындаудың жаңа ұйымдық-техникалық жағдайларын жобалайды және оларға сәйкес нормаларды белгілейді;
еңбек өнімділігін арттыру, өндірістер мен жаңа нормаларды игеру жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
еңбектің тиімділігінің салалық шығындармен және озық ұйымдардың деңгейімен салыстырғанда ұйымда қалыптасқан еңбек шығындарының көлеміне қатысты бөлігін бағалайды және болашақта еңбек шығындарын қысқарту шараларын әзірлейді;
еңбекті нормалауға арналған нормативтік базаны дамытады және жаңартады.
3.5. Нормаларды қайта қарау жөніндегі ұйымдастырушылық жұмыс қолданыстағы нормалардың сапасын тексеруден, нормаларды ауыстырудың және қайта қараудың күнтізбелік кестесін әзірлеуден, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбекті нормалауды жақсарту бойынша өзара міндеттемелер қабылдауынан тұрады;
3.5.1. Ұйымдық-техникалық іс-шараларға жаңа жабдықтарды енгізу және қолданыстағы жабдықтарды жаңарту; анағұрлым прогрессивті технологияны енгізу, техникалық және ұйымдастырушылық жабдықтарды, құралдарды жетілдіру; бұйымның құрылысын жақсарту; өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру; жұмыс орындарының ұйымдастырылуын жетілдіру, оларды оңтайландыру; материалдардың, шикізат пен жанармайдың жаңа түрлерін пайдалану; еңбек жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстарды, салааралық, салалық нормалар мен нормативтерді енгізу кіреді;
3.5.2. Нақты еңбек шығындарын талдауды жүзеге асыру жұмыс уақыты фотографиясы мен хронометраждық бақылаулар жүргізумен қамтамасыз етіледі. Хронометраж жүргізу кезінде орындаушының жұмыс қарқыны бағаланады. Фотография жүргізген кезде бос тұру және жұмыстарды орындау кезінде жұмыс уақытын тиімсіз шығындауды анықтауға ерекше назар аударылады. Осы деректердің негізінде олардың пайда болу себептері белгіленеді және жұмыс уақытының нақты шығындануын қысқартуды қамтамасыз ететін ықтимал шаралар айқындалады;
3.5.3. Талдау деректерінің негізінде жұмыстарды орындаудың жаңа ұйымдық-техникалық жағдайларын жобалау жүзеге асырылады – анағұрлым өнімді жабдықтарды, прогрессивті технологияны пайдалану, еңбекті өзгерту және еңбектің тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту арқылы өндіріс пен еңбекті жаңа тиімді ұйымдастыруды енгізу;
3.5.4. Жаңа ұйымдық-техникалық жағдайларға сәйкес келетін нормаларды әзірлеу және бекітуден кейін жұмыс орындарында олардың сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүзеге асырылуға, сондай-ақ барлық қызметкерлердің енгізілетін нормаларды игеруі жұмыстарын жүргізілуге тиіс.
3.5.5. Жаңа өнімді өндірудің еңбек нормалары осы өнім өндірісінің жобаланатын ұйымдық-техникалық жағдайларына және белгіленген жобалау еңбек сыйымдылығына сәйкес технологиялық процеспен бірге бір уақытта әзірленеді.
4. Еңбек нормаларын енгізу, ауыстыру, қайта қарау және тексеру тәртібі
4.1. Нормаларды енгізу алдында қызметкерлерге жұмыстарды орындаудың анағұрлым тиімді тәсілдері мен әдістері оқытылуға және нұсқау берілуге тиіс, бұл ретте оларды өткізудің жеке және топтық нысаны да қолданылуы мүмкін.
4.2. Нормаларды игеру жұмыстарын жүргізу кезінде нормаларды орындау туралы деректердің негізінде, сондай-ақ арнайы өткізілетін хронометраждық бақылаулардың нәтижесі бойынша әрбір қызметкердің жұмыстарды игеру дәрежесі талданады.
4.3. Жаңа техника мен технологияның енгізілуіне байланысты нормаларды игеру кезінде, қызметкерлердің тиімді еңбек тәсілдерін игерумен қатар, жаңа теориялық және практикалық білім игеруі қажет болған жағдайда, қызметкерлерді оқыту жүргізіледі.
4.4. Жаңа еңбек нормалары мен нормаланған тапсырмалардың енгізілуі туралы жұмысшылар мен қызметшілерге кемінде бір ай бұрын хабарлануға тиіс.
Операция сайынғы еңбек нормаларының негізінде белгіленген уақытша және бір реттік еңбек нормалары мен нормаланған тапсырмалардың енгізілуі туралы қызметкерлерге жұмыстарды орындау басталғанға дейін хабарлануға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |