Бекітілген Инженерлік факультетінің деканы



жүктеу 239 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі239 Kb.
#5823
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бекітілген

Инженерлік факультетінің деканы

_______________ Н.Абдильдин

«___» ________ 2014 ж.
6М071800 «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша магистратураға тапсырылатын емтихандардің

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ, 2014

АҚПАРАТТЫҚ ӨЛШЕУ ТЕХНИКАСЫ
1 Өлшеу құралдарының сипаттамасы

1.1Өлшеу құралдарының сипаттамалары. Өлшеу құралдардының статистикалық және динамикалық сипаттамалары. Өлшеу құралдарының сипаттамалары. Өлшеу құралдарының қателіктері. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.

1.2.Физикалық ( электірлік және электірлік емес ) шамаларды өлшеу түрлендіргіштері. Өлшеу түрлендіргіштердің құрылымы. Өлшеу түрлендіргіштердің классификациясы.Резистивті, пъезоэлектірлік, электростатикалық, электромагниттік, гальваномагниттік, түрлендіргіштердің қолдану аймағы, қасиеттері және жұмыс істеу принципі.

1.3.Физикалық ( электірлік және электірлік емес ) шамаларды өлшеу түрлендіргіштері. Электрохимиялық, жылу және оптоэлектірлік түрлендіргіштердің қолдану аймағы, қасиеттері және жұмыс істеу принципі.

1.4.Электр шамаларды өлшеу құралдары. Аналогтық түрлендіргіш және өлшеу құралдары. Сандық түрлендіргіш және құралдар. Ток және кернеуді өлшеу құралдары.

1.5.Электр шамаларды өлшеу құралдары. Тұрақты болып келетін тізбек параметрлерін өлшеу құралдары. Энергия, қуат және қуат коэффициентін өлшеу құралдары.

2 Өлшеу құралдарында ақпаратты тіркеу құралдары

2.1 Ақпаратты визуалды қалпына келтіру құрылғысы. Индикацияның аналогтық және цифрлық құрылғысы.

2.2 Өлшеу ақпаратын құжат түрінде тіркеу құрылғысы. Тіркеудің аналогты және сандық әдістері.

2.3 Өлшейтін ақпараттық жүйелер туралы негізгі түсініктер.

2.4 Өлшейтін ақпараттық жүйелер элементтері. Автоматтандырылған деректер жүйесі.

2.5 Өлшеу жүйелерінің интерфейстері. Интерфейстердің стандартталуы, интерфейстердің типтері мен құрылымы.


Әдебиет:

Негізгі


1.Атамалян Э.Г. Методы и приборы измерения электрических величин . – М.: Высш.шк., 1989. – 289 с.

2.Харт Х. ВВедение в измерительную технику. – М. : Мир. 2000.-37с.

3.Классен К.Б. Основы измерений. Электронные методы и приборы в измерительной технике. – М.: Постмаркет. 2000. -56с.
Қосымша

4.Федеров А.М., Цыган Н.Я., Мичурин В.И. Метрологическое обеспечение

электронных средств измерений электрических величин: Справочник. –Л.: Энергоатомиздат, 1988. -386 с.

5.Олейникова П.Д. Единицы физических величин в энергетике: Справочное пособие. –М.: Энергоатомиздат, 1983. -200 с

6.Евтихеев Н.Н. Купершмидт Я.А. Папуловский В.Ф., Скугоров В –М.: Энергоатомиздат, 1990. -156 с

7.Ә.Берікұлы. Техникалық электроника. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.–Алматы, «Білім», 1995.– 200с .


ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРЫ
1.Электр машиналары

Трансформаторлар. Кернеу трансформаторларының арналымы және пайдалану саласы. Бір фазалы трансформатордың құрылысы. Трансформатордың магнит өзектері, материалы және оны дайындау технологиясы. Болат шығыны және оны азайту тәсілдері.

Трансформатор орамдары және олардың арналымы. Материалы және оны дайындау технологиясы. Бір фазалы трансформаторлардың белгіленуі және маркіленуі.

Бос жүріс кезіндегі бір фазалы трансформатордың жұмыс істеу принципі. Жүктелген кездегі бір фазалы трансформатордың жұмыс істеу принципі. Трансформатор орамының ЭҚК. Трансформатордың бірінші және екінші орамдарының электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Трансформатордың актив кедергісінің және индуктивті шашыраңқы кедергісінің физикалық мәні.

«Келтірілген» трансформатордың физикалық мәні және оның магниттеуші күші. «Келтірілген» трансформатордың параметрлері, «келтірілген» трансформатордың эквивалентті орынбасар электрлік сұлбасын ауыстыруын негіздеу. ЭҚК, токтың және электр кедергінің физикалық мәні. Трансформатордың Т-тәрізді орынбасар сұлбасы. Контурларға арналған кешенді түрдегі Кирхгоф теңдігі және оның трансформатор орамдарының электрлік тепе-теңдік теңдеуінен өзгешелігі. Трансформатордың бос жүріс режимі және жүктемелік режимі үшін векторлық диаграммасы. Трансформаторлардың энергетикалық балансы. Трансформатордың бос жүріс және қысқа тұйықталу тәжірибесі, қысқа тұйықталу кернеуінің негізгі параметрлерін анықтау. Трансформатордың эксплуатациялық көрсеткіштері. Жүктеменің шамасына және сипаттамасына қарай трансформатордың екінші кернеуінің өзгеруі. Трансформатордың сыртқы сипаттамасы.

Үшфазалы трансформаторлар. Олардың магнит өзегі конструкциясының ерекшеліктері және орамдағы асимметрия топтарына әсері. Трансформатордың орамдарын олардың жалғану сұлбасы және топтардың белгіленуі. Үшфазалы трансформаторлардың үшбұрыш және жұлдызша жалғанудың жетістіктері мен кемшіліктері. Трансформатордың параллель жұмысы. Трансформатордың параллель жұмысқа қосылудың керектілігі және қосылу шарты. Трансформатордың кернеуін реттеу. Симметриясыз жүктемедегі үшфазалы трансформатордың жұмысы. Үш орамды трансформаторлар. Автортрансформаторлар. Арнайы трансформаторлар. Кернеу мен токты өлшегіш трансформаторлар. Олардың конструкциялы және эксплуатациялық ерекшеліктері. Балқытып қосу трансформаторлары.

Асинхронды машиналар. Айнымалы ток машиналарының арналымы және пайдалану аймағы. Асинхронды қозғалтқыштар. Асинхронды қозғалтқыштың статоры мен роторының конструкциясы. Материалы және оларды дайындау технологиясы. Асинхронды қозғалтқыштың статор мен роторының орамдарының типі және олардың негізгі параметрлері. Асинхронды қозғалтқыштың электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру принципі. Асинхронды күштің магниттеуші күштері. Асинхронды қозғалтқыштың статоры мен роторындағы индукцияланатын электр қозғаушы күші. Асинхронды электр қозғалтқышы электрлік тепе-теңдігінің теңдеулер жүйесі. Трансформаторға келтірілген асинхронды қозғалтқыш. Асинхронды электр қозғалтқышының роторы қозғалмай тұрғандағы электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Келтірілген асинхронды қозғалтқыштың Т-тәріздес және Г-тәріздес орынбасар сұлбасы. Асинхронды қозғалтқыштың энергетикалық диаграммасы. Асинхронды қозғалтқыштың моменті. Асинхронды қозғалтқышты электромагниттік моментінің жалпы көрсетілуі. Асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс сипаттамасы.

Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштар және олардың пайдалану саласы. Конструкциялық ерекшеліктері. Жұмыс принципі.

Синхронды машиналар. Синхронды машиналардың арналымы, типі және құрылысы. Айқындалған полюсті және айқындалмаған полюсті синхронды машиналар. Синхронды генератормен айналатын біліктің механикалық энергиясы. Электр энергияға түрлену принципі. Якорь реакциясының ұғымы. Айқындалмаған және айқындалған полюсті синхронды генератордың электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Айқындалмаған полюсті және айқындалған полюсті синхронды генератордың орынбасар эквивалентті сұлбасы және олардың параметрлері. Синхронды генератордың сипаттамасы. Бос жүріс, қысқа тұйықталу, жүктемелік, сыртқы және реттейтін сипаттамалары. Синхронды машинаның қысқа тұйықталу қатынасы. Синхронды генераторлардың жүйемен параллель жұмыс істеуі. Шарты және оның қосылу тәсілі. Үшфазалы синхронды қозғалтқыш. Синхронды қозғалтқыштың электр энергиясының айналатын біліктің механикалық энергиясына түрлену принципі. Асинхронды қозғалтқыштың алдында синхронды қозғалтқыштың жетістігі мен кемшілігі. Синхронды қозғалтқыштың электромагниттік қуаты және моменті. Синхронды қозғалтқыштарды жүргізу тәсілі. Синхронды қозғалтқыштың реактивті қуаттың компенсаторы режиміндегі жұмысы.

Тұрақты ток машинасының арналымы және пайдалану саласы. Тұрақты ток машинасының құрылысы. Тұрақты ток машинасының конструкциялық элементтерінің арналымы. Тұрақты ток генераторы мен қозғалтқышының жұмыс істеу принципі. Тұрақты ток машинасының магнит тізбегі. Магнит тізбегінің негізгі есептеулері. Тұрақты ток машинасының негізгі орамы. Тұрақты ток машинасындағы якорь реакциясы. Геометриялық және физикалық нейтралды ұғымы. Машинаның жұмысына якорь реакциясының әсері. Тұрақты ток машинасындағы коммутация және оның пайда болуы. Коммутациялық процестің мәні. Коммутацияны жақсарту тәсілдері. Тұрақты ток машинасының қоздыру жүйелері. Тұрақты ток генераторы. Тұрақты ток машинаның якорь орамындағы индукцияланатын электр қозғаушы күші. Генератордың электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Әртүрлі жүйедегі қоздырғышты генераторлардың электрлік сипаттамалары.

Тұрақты ток қозғалтқыштары. Тұрақты ток қозғалтқышының электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Тұрақты ток қозғалтқышының жылдамдық сипаттамасы. Момент теңдеуі. Әртүрлі жүйедегі қоздырғышты тұрақты ток қозғалтқышының якоры мен түзілген электромагнитті момент. Әртүрлі жүйелі қыздырғышты тұрақты ток қозғалтқышының механикалық сипаттамасы. Тұрақты ток қозғалтқышының жүргізу реверс принциптері және айналу жылдамдығын реттеу.

Әдебиет:

Негізгі


  1. Костенко М.П., Пиотровский Л.М. «Электрические машины», ч.1,2 М.: Энергия, 1972.1973

  2. Вольдек А.И. Электрические машины. Л.: Энергия, 1978

  3. Электротехнический справочник. В трех томах. М.: Энергия, 1980

  4. Тихомиров П.М. Расчет трансформатора. М.: Энергия, 1970

  5. Жерве Г.К. Расчет асинхронного двигателя при перемотке. Л.: Энергия, 1967г.

  6. Сергеев П.С., Виноградов Н.В., Горяинов Ф.А. Проектирование электрических машин. М.: Энергия, 1969

  1. Калыков Б.Р., Омирзаков Ш.О., Сылкин М.И., Электрмашиналары Алматы 2005г.

Қосымша


1.Проектирование электрических машин (под общей редакцией

И.П. Копылова) М.Высшая школа 2002 г.

2.Попов В.И., Ахупов Т.А., Макаров Л.И. Современная серия асинхронных электрических машин. Новая российская серия R.A. М. Энергоатомиздат 1999г.

3.Гольдберг О.Д. Переходные процессы в электрических машинах и аппаратах и вопросы их проектирования. (Под редакцией Гольдберга О.Д.) М. Высшая школа 2001г.


ЭЛЕКТР ТЕХНИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ ТАНУ
1.Заттың құрылысы туралы жалпы мағлұматтар

Электр техникалық материалдардың жіктелуі, материал танудың физикалық негіздері, заттардың құрылысы туралы негізгі мағлұматтар, химиялық байланыс түрлері, кристаллдық пен аморфтық заттар және олардың қасиеттері, кристаллдық торлардың типтері, кристаллдық торлар құрылысының дефектілері және олардың заттар қасиеттеріне тигізетін әсері.

2.Диэлектриктер

Диэлектриктік материалдардың электрлік сипаттамалары, диэлектриктің полярлануы, диэлектрлік өтімділік және оның полярлану процесімен байланысы, әртүрлі диэлектриктердің түрлері үшін температуралық және жиіліктік сипаттамалар, диэлектриктердің электр өткізгіштілігі, газ тәрізді, сұйық және қатты диэлектриктердегі электр өткізгіштіліктің табиғаты, көлемдік және беттік өткізгіштілік, температурадан, жиіліктен және ылғалдылықтан өткізгіштіліктің тәуелділігі.

3. Диэлектриктік шығындар

Диэлектриктік шығындардың табиғаты, әртүрлі диэлектриктердің түрлері үшін температурадан, жиіліктен диэлектриктік шығындардың тангенс бұрышының тәуелділігі, диэлектриктердің тесілуі, қатты диэлектриктердің тесілу түрлері, диэлектриктердің физикалық-химиялық, жылулық, ылғалдылық, механикалық және радиациялық қасиеттері.

4. Электр оқшауламалық материалдар

Диэлектриктердің жіктелуі, газ тәрізді диэлектриктер, электр энергетикалық жүйелерде және құрылғыларда қолданылатын электр оқшауламалық сұйықтар, мұнайлық электр оқшауламалық майлар және синтетикалық сұйықтар, шәйірлер, өсімдік майлары, лактар, эмальдер, компаундтар, талшықтылықтар, тоқымалар, қатпарлар және каучуктар, қатты бейорганикалық материалдар, слюда, шыны, керамика, асбест, бейорганикалық қабыршықтар, қасиеттері, қолданылу саласы, өндіріс технологиясы.

5. Өткізгіштік материалдар

Өткізгіштік материалдардың жіктелуі, өткізгіштіліктің табиғаты, өткізгіштердің негізгі сипаттамалары.

6. Жоғары өткізгіштілік материалдар және аса өткізгіштер

Мыс, оның негізгі қасиеттері және қолданылу саласы, мыстық қоспалар, алюминий, оның қасиеттері және қолданылу саласы, алюминий негізіндегі қоспалар, жоғарғы кедергілі қоспалар, түйіспелік материалдар, аса жоғары өткізгіштер және криоөткізгіштер, олардың қасиеттері, қолданылуы.

7. Жартылай өткізгіштер

Жартылай өткізгіштің жіктелуі, электр өтікізгіштіліктің табиғаты және жартылай өткізгіштердің негізгі сипаттамалары, параметрлердің температураға, электр өрісінің кернеулігіне, жарықтыққа тәуелділігі.

8.Жартылай өткізгіш материалдарды алу технологиясы

Жартылай өткізгіш материалдарды алу және ұқсастыру технологиясына жалпы шолу, германий, кремний, олардың қасиеттері және қолданылу саласы, күрделі жартылай өткізгіштер, жартылай өткізгіштерді қолдану артықшылығы.

9. Магниттік материалдар

Магниттік материалдардың жіктелуі, магниттелудің табиғаты, магниттік материалдардың негізгі сипаттамалары.

10. Магниттік шығындар

Магниттік шығындар және оларды азайту жолдары, магниттік жұмсақ және магниттік қатты материалдар, олардың қасиеттері және қолданылу саласы, арнайы арналымды материалдарға жалпы шолу.



Әдебиет:

Негізгі


1. Богородицкий Л.П., Пасынков В.В., Тареев Б.М., Электротехнические материалы. 2-е изд. – Л.: Энергоатомиздат, 1985. -304 с.

2. Корицкий Ю.В. Электротехнические материалы. 3-е изд. - М.: Энергия, 1985. -319 с.


Қосымша

1. Алиев И.И., Калганова С.Г. Электротехнические материалы и изделия. Справочник. - М.: РадиоСофт, 2005. - 351 с.

2. Антипов Б.Л., Сорокин В.С., Терехов В.А Материалы электронной техники. Задачи и вопросы, - М.: Высшая школа,1990. - 208 с.

3. Бекмагамбетова К.Х. Электротехническое материаловедение. –Алматы: «Галым», 2000. - 256 с.

4. Ларионов В.П. и др. Техника высоких напряжений. - М.: Энергоиздат, 1982.

5. Пасынков В.В., Сорокин В.С. Материалы электронной техники. – М.: Высшая школа,1990. - 306 с.

6. Серебряков А.С. Электротехническое материаловедение. Электроизоляционные материалы. - М.: Маршрут, 2005. - 280 с.

7. Справочник по электротехническим материалам. Под ред. Ю.В. Коририцкого. Т.1-3 – М.: Энергия, 1987.

8. Чайкина Л.П. Техника высоких напряжений. - М.: Маршрут, 2005.
ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА

1.Қалыптаспаған жөне қайта жаңғыртылатын энергия көздері

Өндірілмейтін энергоресурстарды пайдалану-жел, күн сәулесі, мұхиттар энергиясы, термальдік сулар. Жер шарының жел энергоресурсы, Қазақстанның жел кадастрі, желэлектрстанцияларының конструкциясы және принципиалды сұлбасы.

2. Релелік қорғаныс және автоматика.



Релелік қорғаныстың мақсаты және оның энергожүйедегі алар орны. Элементтік базаның конструктивті дамуының кезеңдері және оның даму тенденциясы. Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар және негізгі қасиеттері.

Энергожүйенің магистралді желілерінің және тарату тораптарының негізгі қасиеттері. Энергожүйенің қалыпсыз жұмыс режимдері және зақымдану түрлері.

Релелік қорғаныстың элементтік базасы. Өлшеуіш, логикалық, сигналдық және орындаушы мүшелері. Оперативті ток көздері.

Тарату тораптарының релелік қорғанысының сұлбалары. Жоғары және аса жоғары кернеудегі күштік және коммутациялық құралдардың конструкциялық ерекшеліктері.

Жоғарыжиілікті қорғаныстар туралы жалпы түсінік. Жоғарыжиілікті трактіні қосу және өңдеу қондырғылары. Релелік қорғаныс және автоматика техникасы.

Апатқа қарсы автоматика көмегімен апаттық бүлінулердің дамуын алдын алу, апатқа карсы автоматиканың қызметтік мақсаты.

Апатқа қарсы автоматгы басқару жүйесінің құрылымы. Апатқа қарсы автоматиканың техникасы, ЖЖ арна бойынша апатқа қарсы автоматиканың командаларын жеткізетін аппаратура туралы жалпы түсінік.

3.Электрмен жабдықтау

Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың анықтаушы сапасы,

көрсеткіштері, тербелісі, ауытқуы және кернеу бейсимметриясы, электрмен жабдықтаудың сенімділігі. Электр энергиясы тұтынушыларының әртүрлілігі, өнім шығару кезінде энергия шығынын нормалау, заводтың жалпы құнындағы электр
жабдықтау құны, өнім құнындағы энергетикалық компонентінің шамасы. Реактивті қуатты өтемдеу.

Сыртқы және ішкі электрмен жабдықтау сұлбасы. Өндіріс кәсіпорындары тораптарының кернеу режимдері. Кернеу деңгейі, кернеу ауытқуының себептері.Өндіріс көсіпорындарының электр тораптарында кернеуді реттеу.

Ауылшаруашылық өндірісін электрлендіру және автоматтандыру.



4.Электр энергия жүйелері және тораптары

Электр энергия жүйелері жекелеген элементтердің өзара байланысы, ол дегеніміз электрэнергиясын өндіру, түрлендіру, жеткізу, тарату және пайдалану үшін арналған. Бірлескен энергожүйенің техникалык және экономикалық артықшылықтары. Электр тораптарының мақсаты және оларға тән ерекшеліктер.

Электрэнергетика жүйелерінің элементтерінің негізгі конструктивті



орындалуы және жұмыс принциптерінің негіздері. Электрэнергияны жеткізуге байланысты көкейкесті мәселелер. Электр желісінің қалыпты жұмысы, электр энергиясын алыс қашықтыққа жеткізу. Озық технологияларды қолдану негізінде энергияны жеткізудің жаңа тәсілдерін жобалау және іске асыру. Тұрақты токты тасымалдау туралы негізгі түсініктер, өткізгіштік қабілеті, жоғары компактілі желілер, электр энергиясын өткізгішсіз жеткізу.

Энергожүйенің режимдерін басқару. Электрлік жүйе және
электрлік тораптарды автоматты басқару жүйесі (АЖДВ) электр
энергетикалық жүйелерде және тораптардағы апаттың сипаттамасы және
себебі.

Электр энергиясын жеткізудегі экологиялық проблемалары,


қоршаған ортаға әсері. Қазақстан республикасы және шет елдегі электр энергетикалық
және тораптардың даму перспективалары және күйі.

5.Электрлік станциялар және қосалқы станциялар

Электрэнергияның ерекшеліктері, тауар ретінде және оны өндіруге байланысты көкейкесті мәселелері. Электрэнергияны алудың негізгі тәсілдері, электрстанциялардың типі және электр станциялардың электр энергиясын өндіру үрдісінің технологиялық ерекшеліктері.

Отын-энергетикалық кешендері, олардың қызмет атқару ерекшеліктері. Электр станциялар энергожүйенің негізгі элементі. Электр станциялардың энергожүйеде параллелді жұмыс істеу шарты.

Электр станциялардың негізгі қондырғылары, конструкциялық
ерекшеліктері. Негізгі қондырғыларды пайдаланудағы негізгі мақсат. Электр
станциялар және қосалқы станцияларлардың коммутациялық және қосымша
қондырғылары, олардың жұмыс жөне пайдалану ерекшеліктері.

Электр станцияларын жобалау және есептеудің негізгі сұрақтары.
Электр станцияларын салу және пайдалануда туындайтын экологиялық
проблемалар.

Жылу электр станциялары, атомдық энергетика, суэнергетикасы және
Қазақстан Республикасы және әлемдегі электр энергиясын өндірудің басқа да
тәсілдерінің күйі және даму перспективалары.
Әдебиет:

Негізгі


  1. Веников В.А., Путятин Е.В. Введение в специальность.- М.: Высшая
    школа. Электрэнергетика, 1988. - 239 с.

  2. Васильев А.А. Электрическая часть станций и подстанций.-М.:
    Энергоатомиздат, 1990.

  3. Неклепаев Б.Н. Электрическая часть станций и подстанций.-М.:
    Энергоатомиздат, 1986.

  4. Электрическая часть станций и подстанций / под ред. Усова С.В, -
    Ленинград. Энергоатомиздат, 1987.

  5. Блок В.М. Электрические сети и системы.- М.: Высшая школа, 1986.

  6. Идельчик В.И. Электрические системы и сети.: Учебник для ВУЗов.-М.: 1989.

  7. Евдокунин Г.А. Электрические системы и сети: Учебное пособие для электрэнергетических специальностей. - СПб: Издательство Сизова М.П., 2001.

  8. Болотов А.В., Шепель Г.А. Электротехнологические установки.- М.:
    Высшая школа, 1988.- ЗЗбс.

  9. Липкин Б.Ю. Электроснабжение промышленных предприятий и
    установок. -М.: Высш. шк., 1990.

  10. Шабад М.А. Расчеты РЗ и А распределительных сетей: Монография.-
    СПб.: ПЭИПК,2003.- 350с.

  11. Чернобровов Н.В., Семенов В.А. "Релейная защита энергетических
    систем: Учебное пособие для техникумов".- М., Энергоатомиздат, 1998.-798с.

Қосымша


  1. Кудрин Б.И. Электроснабжение промышленных предприятий.- М.:
    Энергоатомиздат, 1995.

  2. Басс Э.И., Дорогунцев В.Г. Релейная защита электроэнергетических
    систем./ Под ред. А.Ф. Дьякова.- М.:Изд. МЭИ, 2002.- 295 с.

  3. Овчаренко Н.И. Автоматика электрических станций и
    электроэнергетических систем. Москва:-" Издательство НЦ ЭНАС", 2000.-503с.

  4. Шабад М.А. Сто лет релейной защите. Сборник материалов.- СПб.:
    ПЭИпк, 2001.-65с.

  5. Овчинников В.В. Защита электрических сетей 0,4-35кВ. ч.1,ч.2. -М.:
    Издательство редакции журнала "Энергетик" , 2002.

  6. А.А. Окин, В.А. Семенов "Противоаварийное управление в ЕЭС
    России".- М.:издательство МЭИ, 2004.

  7. Конихова Е.А. Электроснабжение объектов. - М.: Издательство
    «Мастерство», 2002.

  8. Непорожний П.С., Обрезков В.И. Введение в специальность:
    гидроэлектрэнергетика. - М.: Энергоатомиздат, 1990. - 352 с.

  9. Дукенбаев К.Д. Энергетика Казахстана. Движение к рынку. - Алматы.: Ғылым, 1999. - 582 с.


ЭЛЕКТР МЕХАНИКАСЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚ
1. Электрмеханика, технологиялық кешендердің автоматизациясы және электр жетегі.

Энергияның электрмеханикалық және электрлік түрленуі. Электр энергетикасының негізі электрлік машиналар. Тұрақты және айнымалы ток электр машиналарының пайдаланылу аумағы. Техникалық прогресстегі электрлікмашина құрастырудың атқаратын маңызды ролі.

Энергияның түрлену үрдісінің математикалық жазылуы. Жалпыланған электрмеханикалық түрлендіргіш. Тұрақты және айнымалы ток электр қозғалтқыштарының электрмеханикалық қасиеттері. Энергияның түрлену режимдері. Электрмеханотроника – электрмеханикалық, электрондық және компьютерлік құрылғылардың бір жүйеге қосылуы. Электромеханотронды жүйелердің құрылғысы және құру принциптері, түрлері, пайдалану аумағы. Энергияның электрмеханикалық түрлену процесстерін басқару.

2. Электрлік оқшаулама және кабелді техника.

Электрлік оқшаулама. Электрмеханикалық бұйымдар мен құрылыстарды өндірудегі электрлік оқшаулама материалдардың мәні. Диэлектриктер мен басқарылатын диэлектриктер, электрфизикалық сипаттамалары бойынша классификациялануы. Электрлік оқшауламаның жұмыс істеу жағдайы. Оқшауламаға әсер ететін жүктемелердің классификациялануы – электрлік, температуралық, механикалық және т.б.

Жоғары вольтты оқшауламалы конструкциялар. Жоғары вольтты изоляторлардың, электр машиналардың, трансформаторлардың, конденсаторлардың классификациялары және оларға қойылатын талаптар.

Электрмагниттік энергияны тасымалдаудағы - кабелдік бұйымдар. Конструктивтік элементтер құрамы бойынша, оқшаулама материалы мен тағайындалуы бойынша және пайдалану аумағы бойынша кабелдердің классификациялануы. Кабелдердегі электрлік, жылулық және электрмагниттік өрістер. Кабелдерге пайдаланылатын материалдар.
3. Электртехникалық қондырғылар және жүйелер

Электртермиялық құрылғылардағы жылу тасымалдау теорияла-рының негіздері. Жылу техникалық материалдар. Физика – техникалық негіздері және кедергілердің электртер-миялық құрылғылаының классификациясы. Индукциялық қызудың физикалық негізі, индукциялық қондыр-ғылар классификациясы. Индукциялық қондырғылардың қорек көзі. Индук-циялық қондырғылардың автоматты басқару жүйесі. Диэлектриктерді жоға-ры жиілікпен қыздырудың физикалық негізі. Диэлектрикті қыздыру қондырғысы және сұлбасын тұрғызудың принципі. Электрдоғалық разрядтың қасиеті және теориялық негізі. Электр доғаның тұрақтылығы және параметрлерін реттеу. Доғалық пеш-тердің классификациясы. Доға пештерінің негізгі электржабдықтары. Доға пештерінің сипаттамалары және жұмыс режимдері. Электрлік доғамен балқытып біріктіру қондырғысы. Доғалық қондырғыларды автоматты басқару. Электролиздің физикалық және энергетикалық негіздері. Элек-тролизді өндірістік қондырғылар. Металдарды электрхимиялық және элек-трофизикалық өңдеу тәсілдері. Электргидравликалық өңдеу қондырғылары. Ультрадыбысты электртехнологиялық қондырғылар. Магнитті және магнитті импульсті өңдеу құралдары. Төмен температуралы плазма алу үшін қондырғы және олардың қолдану аумағы. Плазмалық өндірістік қондырғылар. Элетронды-сәулелі қыздыру қондырғылары. Оптикалық кванттық генераторлар (лазерлер). Электронды-ионды технология. Электрстатикалық өндірістік қондырғылар.

Электрлік жетектің жұмысы және оған қойылатын талаптар. Автоматтандырылған электр жетектің өндірістегі алатын орны. Автоматтандырылған электр жетектің құрылымдық сұлбасы. Электр жетектердің классификациялануы. Электр жетегіне әсер ететін моменттер мен күштер.Электр жетектегі қозғалтқыштар және өндірістік механизмдердің сипаттамалары.Электр жетегінің механикалық бөлігінің кеңейтілген есептік сұлбасы. Электр жетегінің қозғалыс теңдеуі. Электрмеханикалық жүйелердің статикалық және динамикалық қасиеттері. Электр жетектің координаттарын реттеу. Реттелетін электр жетектің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері. Тұрақты және айнымалы ток қозғалтқыштарын реттеудің тәсілдері. Өндірістік механиздер үшін электр жетек жүйесін таңдау. Электрмеханикалық жүйелерді автоматты түрде басқару. Басқарудың релелік-түйіспелік сұлбасы. Автоматты басқарудың тұйықталған және ажыратылған жүйелері. Электрмеханикалық жүйелердің энергетикасы. Энергия шығыны және реактивтік қуатты түтыну. Шығынды төмендету әдістері. Электр жетегінің жұмыс режимдері. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және қайталанбалы-қысқа мерзімді жұмыс режимдеріне қозғалтқыштардың қуатын таңдау. Автоматтандырылған электр жетектің жетілдірілген жүйелері және олардың келешектегі дамуы. Тұрақты және айнымалы ток машиналарын күштік түрлендіргіштік басқарудың құрылысы. Электр жетектерін элекиронды және компьютерлік басқару. Электрлік көлік. Қалалық электрлік көлік, метрополитен. Өндірістік электрлік көлік.

4. Жарықтехникасы және жарық көздері

Спектрдің оптикалық аумағының сәуле шашуы. Материалдар-дың оптикалық және жарықтехникалық сипаттамалары. Жылулық, люми-несцентті және еріксіз сәуле шығару. Сәуле шығаруды түрлендірудің негізгі заңдары. Түс және түсті есептеу. Геометриялық оптиканың негізгі заңдары. Фотометрияның метрологиялық негіздері. Сәуле шығаруды қабылдағыштар және фото-метриялық қондырғылардың оптикалық жүйесі. Фотометрияның әдістері. Сәуле шығару көздері. Оптикалық сәуле шығарудың жылулық көздері. Оптикалық сәуле газоразрядты көздері. Жарықтың импульсті көздері. Лазерлер. Жарық аспаптары. Элементарлы шағылысу теориясы. Жарық аспаптарының жылулық есебі. Жарық аспаптарының жарық күшінің қисығы. Жіберуді реттеуші аппараттар. Газоразрядты лампалардың электр тізбегінің элементі ретіндегі сипаттамасы. Жұмыс режимін тұрақтан-дыру шарты. Газоразрядты лампалардың жұмысын тұрақтандыру және жағу сұлбасы. Жарықтехникалық қондырғылар. Жарықтандырушы қондырғы-ларды ормалау. Жарық беру сапасы. Жарықтехникалық есептеудің негізгі ережелері. Жарық беруші тораптың конструктивті орындалуы және қорек-тендіруші сұлбасы. Жарық беруші қондырғыларды пайдалану. Өндірістік ғимараттардың өндірістік бөлмелерін жарықтандыру. Қоғамдық ғимараттарды жарықтандыру. Қалалық сыртқы жарықтандыру және ғимарат сыртындағы жарықтандыру жұмыстары. Спорттық және ойын-сауық ғимараттарды жарықтандыру. Аэропорттардың, мұхиттың, теміржолдың және автотранспорт-тардың жарық қондырғылары.
Әдебиет:

Негізгі


    1. Копылов И.П. Электрические машины. М.: Высшая школа, Логос, 2000.

    2. Проектирование электрических машин. /Под общей редакцией И.П.Копылова.-М.: Энергия, 2002.

    3. Шоланов К.С. Основы мехатроники и робототехники. Алматы, Эверо, 2005.

Богородицкий Н.П. и др.- Электротехнические материалы: Учебник-Л.: Энергоатомиздат,1995.-304 с.

4. Привезенцев В.А.,Ларина Э.Т. Силовые кабели и высоковольтные кабельные линии.-М.: Энергия,1986.-424 с.

5. Ильинский Н.Ф. Основы электропривода. – М.: Изд. МЭИ, 2003.

6.Жилинский Ю.М., Кумин В.Д. Электрическое освещение и облучение. – М.: Колос, 1982. – 272 с.

7.Козинский В.А. Электрическое освещение и облучение. – М.: Агропром-издат, 1991. – 239 с.

8. Баев В.И. Практикум по электрическому освещению и облучению. – М.: Агропромиздат, 1991. – 197 с.

9. Өтешев Ө., Сейітов І.А. Электрлік жарықтандыру. – Алматы: Қазмемагру, 2000. – 180 бет /Оқу құралы Ө.Өтешевтің редакциясымен.

10. Болотов А.В., Щепель Г.А. Электротехнологические установки: Учебеник для вузов. – М.: Высш.шк., 1988. -336с.

11. Автоматическое управление электротермическими установками: Учебник для вузов /Под ред. А.Д.Свенчанского. – М.: Энергоатомиздат, 1990.

12. Электротермическое оборудование: Справочник /Под ред. А.П.Альтгаузена. – М.: Энергия, 1980. – 487 с.

13. Өтешев Ө.Ө., Жексембиева Н.С. Электр-технологиялық қондырғылар: /Оқу құралы Ө.Өтешевтің редакциясымен. – Алматы: 2008. – 130 бет.
Қосымша


    1. Брагин С.М. Электрический и тепловой расчет кабеля.-М.: Госэнергоиздат,1990.-325 с.

    2. Капунцов Ю.Д. Елисеев В.А., Электрооборудование и электропривод промышленных установок. – М. ВШ, 1979.

    3. Кацман М.М. Руководство к лабораторным работам по электрическим машинам и электроприводу. – М.: ВШ, 2001.

4.Сылкин М.И. Электропривод в сельском хозяйстве. – А-А, Кайнар, 1987.

  1. Сылкин М.И., Калыков Б.Р. Электрические машины, 2004.

  2. Қалықов Б.Р., Өмірзақов Ш., Сылкин М.И. Электр машиналары.- Алматы, 2006.

7. Утешев У., Жексембиева Н.С. Электротехнологические установки. – Алматы: КИМЭП, 2007. – 89 с.

Бағдарламаға жауапты:

«Энергия үнемдеу және автоматика»



Кафедра меңгерушісі Алиханов Д.М.
жүктеу 239 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау