Оңтүстік облыстар мен Астана және Алматы қалаларындағы мектепке дейінгі ұйымдардың барынша толық болуы және балаларды қамтудың төмендігі халық санының өсуінің жоғары қарқынына байланысты.
Өңірлерде орта білімге қолжетімділік пен оның сапасын арттыру бойынша белсенді шаралар қабылдануда.
Қазіргі уақытта республикада 7 564 жалпы орта білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 2 685 063 адам оқиды, оның ішінде күндізгі жалпы орта білім беру мектептері – 7 222 (2 615 898 адам).
2012-2014 жылдар аралығындағы кезеңде күндізгі жалпы білім беру мектептерінің саны шағын жинақталған мектептердің жабылуы есебінен 180 бірлікке қысқарды. Бұл ретте осы кезеңде оқушылардың саны
122,4 мың адамға ұлғайды.
Орта білім беру инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, қазіргі уақытта 136 күндізгі жалпы білім беру мектебі авариялық жағдайда тұр, 95 мектепте оқыту үш ауысыммен жүргізіледі.
Қазіргі уақытта республикада ТжКБ 820 оқу орны жұмыс істейді, оларда 531,4 мың адам оқиды. Кадрларды даярлау 183 мамандық және
463 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
ТжКБ жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақталуы кадрларды даярлаудың сапасын қамтамасыз ете алмайды. Республиканың 23 ауданында оқу орындары мүлдем жоқ, оқитындардың 30%-ы жатақханаға мұқтаж. Соңғы үш жылда 6 заманауи оқу орны енгізілді. ТжКБ-ның оқу орындарының 60%-ы ескірген жабдықтарды пайдалана отырып жұмыс істейді.
Халықтың қалың бұқарасына жоғары сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету мен емдеудің болуы қазіргі қоғамның базалық шарттарының бірі болып табылады. Елдегі медицинаның даму деңгейі қоғам тіршілігінің барлық салаларына тікелей ықпал етеді.
Негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер – туу, өлім және өмір сүрудің орташа ұзақтығы соңғы жылдары тұрақтанып, жақсарды. Жұқпалы аурулар азайған. Алайда, жалпы алғанда, ел халқының денсаулық жағдайының сапалық сипаттамасы ауқымды және маңызды жақсартуды талaп етеді.
2014 жылы республиканың денсаулық сақтау жүйесі жалпы саны
105,2 мың кереуеттік 912 стационарлық аурухана ұйымдарын,
3162 амбулаториялық-емханалық ұйымды қамтыды.
Халықтың аурухана кереуетімен қамтамасыз етілу көрсеткіші
2009 жылы 10 мың адамға 74,8-ды құрады, 2014 жылы аталған көрсеткіш
10 мың адамға 60,4 төсекке дейін төмендеді.
2009-2014 жылдар аралығындағы кезеңде дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың адамға шаққанда 37,4-тен 39,5-ке өсті, ал медициналық орта білімі бар мамандармен қамтамасыз етілу тиісінше 10 мың адамға 85,5-тен 91,9-ға өсті.
Сонымен бірге кадр әлеуетінің өңірлер және елді мекендер бойынша біркелкі бөлінбеуін сипаттайтын медициналық кадрлар теңгерімсіздігі байқалады. Ауылдық жерлерде дәрігер кадрлармен қамтамасыз етілу көрсеткіші қалаға қарағанда 4 есе төмен. Қазақстан өңірлері бойынша дәрігер кадрларды бөлудегі әркелкілік өте жоғары болып сипатталады және 10 мың адамға шаққанда Алматы облысында 23,4-тен Астана қаласында 85-ке дейінгі көрсеткішті құрайды.
Ауылдық жерлерде медициналық ұйымдар орта медициналық персоналмен толық қамтамасыз етілгенімен, дәрігерлермен жасақталуы төмен болып отыр.
12-кесте – Аурухана кереуеттерімен және медициналық персоналмен қамтамасыз етілу көрсеткіштері, 10 мың адамға шаққанда
Өңірлер
|
Аурухана кереуеттерінің саны
|
Дәрігерлер саны
|
Орта медициналық персоналының саны
|
2009 ж.
|
2014 ж.
|
2009 ж.
|
2014 ж.
|
2009 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан
|
74,8
|
60,4
|
37,4
|
39,5
|
85,5
|
91,9
|
Ақмола
|
95,8
|
69,6
|
29,6
|
30,2
|
92,2
|
92,8
|
Ақтөбе
|
72,5
|
54,9
|
44,9
|
45,0
|
78,1
|
84,4
|
Алматы
|
41,6
|
47,2
|
19,5
|
23,4
|
53,0
|
64,4
|
Атырау
|
70,8
|
57,0
|
29,6
|
29,1
|
77,1
|
83,8
|
Шығыс Қазақстан
|
90,6
|
69,7
|
41,1
|
42,2
|
97,6
|
103,9
|
Жамбыл
|
66,0
|
55,5
|
25,9
|
27,2
|
85,1
|
93,9
|
Батыс Қазақстан
|
82,7
|
68,4
|
32,0
|
30,6
|
101,3
|
102,0
|
Қарағанды
|
98,6
|
74,7
|
46,8
|
46,2
|
96,7
|
99,3
|
Қостанай
|
82,1
|
59,5
|
25,4
|
26,1
|
84,7
|
80,8
|
Қызылорда
|
83,4
|
69,7
|
31,5
|
28,6
|
109,2
|
107,3
|
Маңғыстау
|
68,4
|
45,3
|
32,5
|
29,0
|
80,6
|
88,7
|
Павлодар
|
87,7
|
72,2
|
39,0
|
39,3
|
90,9
|
93,0
|
Солтүстік Қазақстан
|
93,5
|
71,3
|
27,8
|
30,3
|
107,4
|
111,4
|
Оңтүстік Қазақстан
|
53,7
|
46,4
|
28,5
|
33,3
|
75,9
|
86,8
|
Астана қаласы
|
82,9
|
70,9
|
78,7
|
85,0
|
95,2
|
116,8
|
Алматы қаласы
|
87,7
|
66,9
|
74,9
|
73,8
|
94,2
|
97,1
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Республикада сәбилер өлімінің көрсеткіші төмендеу үрдісіне ие. Айталық 2009 жылы бұл көрсеткіш 1000 туылғанға шаққанда 18,23-ке тең болса, 2014 жылы ол 9,72-ге дейін төмендеді.
Ана өлімі көрсеткішінің 2000 жылы 100 мың туылғанға шаққанда
60,9-дан 2009 жылы – 36,8-ге және 2014 жылы – 11,7-ға дейін айтарлықтай төмендегені байқалады. Ана өлімінің негізгі себептерінің бірі әйелдер денсаулығының төмен индексі болып табылады.
Соңғы жылдары медициналық көмек сапасын және оның қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бірқатар жұқпалы және басқа аурулар бойынша халық денсаулығының жағдайын жақсартуда оң үрдістерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, алдағы кезеңде денсаулық сақтау саласында шешуді талап ететін міндеттер ішінде мыналарды бөліп көрсеткен жөн:
дәрігерлермен қамтамасыз етілудің төмен болуы байқалады. Солтүстік облыстарда дәрігерлермен қамтамасыз етілудің төмен болуы олардың басқа елдерге көшіп кетуімен, ал оңтүстік облыстарда табиғи өсім есебінен халық санының жылдам өсу қарқындарымен түсіндіріледі. Бұл ретте, орта медициналық персоналмен ең аз жасақталу Алматы облысында да байқалады (10 мың адамға 64,2).
Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында ана өлімінің жоғары деңгейі сақталып отыр;
мүгедектерге денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер жасау қажеттілігі.
Әлеуметтік салада анықталған проблемаларды ескере отырып, бірінші кезекте білім берудің және денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын жақсарту, сондай-ақ елдің сапалы педагогикалық және медициналық мамандармен қамтамасыз етілуін арттыру қажет.
Қазіргі уақытта тұрғын үйдің болуы қазіргі заманғы қоғамның негізгі қажеттіліктерінің бірі болып табылады, сондықтан мемлекет бұл мәселеге үнемі аса жоғары мән береді.
Тұтастай алғанда Қазақстанда тұрғын үй қорының жалпы ауданы
2014 жылдың соңына қарай 339 млн. ш. метрді құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 25,1%-ға (немесе абсолютті мәнде 68,1 млн. ш. метрге) ұлғайды.
Жыл сайын шамамен 6,5 млн.ш. метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл ретте құрылыстың неғұрлым жоғары қарқыны Астана және Алматы қалаларына тиесілі.
Бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу
2009-2014 жылдары 16,7 ш. метрден 21,1 ш. метрге дейін өсті. Алайда, осыған қарамастан, аталған көрсеткіш дамыған елдердегі ұқсас көрсеткіштен 2-3 есе төмен. Айталық, АҚШ-та тұрғын үймен қамтамасыз ету шамамен
75 ш.м/адам, Ұлыбританияда – 62 ш.м/адам, Германияда – 45 ш.м/адамды құрайды. БҰҰ әлеуметтік стандарттары бойынша бір тұрғынға кемінде 30 ш.м келуге тиіс.
13-кесте – Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі
Өңірлер
|
Тұрғын үй қорының жалпы ауданы, мың ш. метр
|
Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, ш.м/адам
|
2009 ж.
|
2014 ж.
|
2009 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан
|
270 923
|
338 999,9
|
16,7
|
21,0
|
Ақмола
|
13 263
|
16 262,2
|
18,0
|
21,4
|
Ақтөбе
|
11 853
|
15 285,9
|
15,5
|
20,4
|
Алматы
|
23 623
|
29 219,4
|
12,9
|
17,3
|
Атырау
|
7 258
|
11 472,8
|
13,9
|
19,9
|
Шығыс Қазақстан
|
26 343
|
26 819,0
|
18,8
|
19,4
|
Жамбыл
|
15 918
|
16 635,2
|
15,4
|
15,6
|
Батыс Қазақстан
|
9 906
|
11 875,6
|
16,4
|
19,2
|
Қарағанды
|
26 991
|
28 520,8
|
20,0
|
22,4
|
Қостанай
|
17 229
|
18 010,3
|
19,5
|
21,6
|
Қызылорда
|
10 440
|
13 029,0
|
15,2
|
19,3
|
Маңғыстау
|
6 106
|
10 042,1
|
12,1
|
20,4
|
Павлодар
|
14 691
|
16 070,2
|
19,7
|
22,6
|
Солтүстік Қазақстан
|
12 193
|
12 424,9
|
20,6
|
20,8
|
Оңтүстік Қазақстан
|
43 506
|
54 795,4
|
17,3
|
21,0
|
Астана қаласы
|
10 696
|
20 238,6
|
16,5
|
27,8
|
Алматы қаласы
|
20 907
|
38 298,6
|
15,0
|
27,5
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Өңірлік бөліністе тұрғын үймен ең жоғары қамтамасыз етілу Астана мен Алматы қалаларында (тұрғын үйдің белсенді салынуына байланысты), сондай-ақ солтүстік пен шығыс өңірлерде (халық санының қысқаруына байланысты) байқалады.
Тұрғын үймен ең төмен қамтамасыз етілу оңтүстік өңірлерде байқалады. Орташа республикалық деңгейден артта қалу құрылыс қарқынының осы өңірлердегі халық өсімінің жоғары деңгейіне жете алмауына байланысты.
Тұтастай алғанда қарастырылып отырған саладағы басты проблемалар тұрғын үй салу қарқынының жеткіліксіздігі және оның құнының жоғарылығы болып табылады. Халықтың басым бөлігінің, әсіресе, жастар мен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының жеке тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі жоқ.
Осыған байланысты Қазақстанда заманауи тұрғын үй салуды жеделдету қажет.
3. Өңірлерді экономикалық мамандануы, қоныстандыру жүйесі және экономикалық байланыстар сипаты бойынша жіктеу және талдау
Елдің өңірлік дамуының маңызды стратегиялық мәні бар. Орасан зор және адамдар сирек қоныстанған аумағы бола тұра Қазақстанда өңірлер арасында дамуда біршама теңгерімсіздік бар. Қазақстан Республикасы өңірлерінің экономикалық даму деңгейлерін салыстыру бір жағынан аса ірі агломерациялар (Астана, Алматы) мен негізгі мұнай өндіруші өңірлердің және екінші жағынан, елдің қалған өңірлерінің арасындағы ЖӨӨ жан басына шаққандағы көрсеткіштерінің айтарлықтай айырмашылығын көрсетеді.
Жан басына шаққанда ЖӨӨ Қазақстан өңірлерінің экономикалық дамуы тұрғысынан ең көрнекі өлшемдердің бірі болып табылады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің тым әркелкі деңгейі халықтың ақшалай табысына және оның әлеуметтік жағдайына келеңсіз әсер етеді.
Қазақстан Республикасы өңірлерінің даму деңгейлерінің саралануы өте жоғары және орнықты. Мұны өңірлердің жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіштерін ел бойынша он жылдан астам кезеңдегі орташа көрсеткішпен салыстыру көрсетіп отыр. Бұл ретте жетекші мұнай өндіруші өңірлердің жоғары көрсеткіштері әзірге өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды түрткіге айналмады, себебі мұнай-газ бизнесінен түсетін табыстың негізгі бөлігі ең ірі агломерацияларда шоғырланады және өндіруші өңірлердің өзінде сұраныс көзіне айналмайды.
Қазақстан өңірлерінің даму серпіні жан басына шаққандағы ЖӨӨ тұрғысынан ең бәсекеге қабілетті өңірлер Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында болып табылатынын көрсетеді. Аталған өңірлерде жан басына шаққандағы ЖӨӨ республика бойынша орташа деңгейден асып түсетіні байқалады.
Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының табиғи ресурстарға, яғни мұнайға, табиғи газға, металдарға бай болуына байланысты аталған өңірлердің ЖӨӨ елдің жан басына шаққандағы ЖІӨ-сінен жоғары. Алайда, бұл өңірлерде бәсекеге қабілетті соңғы өнім мүлдем дерлік жоқ. Бұдан басқа, Қазақстан мұнайы мен металдары басқа көптеген елдердің мұнайымен және металдарымен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болып келеді, бірақ олар әлемдік нарықта сұранысқа ие.
ЖІӨ өндірісінің құрылымы өңірлік сәйкессіздіктермен, ел аумағы бойынша өндірістік күштерді орналастырудың әркелкілігімен және өңірлерді дамытудың әртүрлі деңгейімен айқындалады.
Қазақстан бойынша ЖӨӨ серпіні оның көлемінің 2000 жылға дейін бүкіл реформалау жылдары төмендегенін көрсетеді, дегенмен жекелеген өңірлерде (Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы) ол оң нәтиже көрсеткен. Осы
6 өңірде 2000 жылы елдің ЖІӨ-нің 55,7%-ын, ал 2014 жылы 55,2%-ын өндірді.
Тәуелсіздік жылдары мықты минералдық-шикізаттық базасы бар өңірлер елдің ЖІӨ-де өз үлесін ұлғайтты, ал ауыл шаруашылығы өнімін, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіруге маманданған облыстардың (Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары) үлес салмағы барынша төмендеді.
2000 және 2009 жылдары ЖӨӨ ең жоғары мәнінен (Алматы қаласы) айырмашылық айқын болды. Мәселен, ең аз айырмашылық Атырау облысы бойынша байқалды (Алматы қаласы ЖӨӨ деңгейінен тиісінше 47,5 % және 42,6%) және ең үлкен айырмашылық Жамбыл (тиісінше 100% және 100%) және Қызылорда облыстарында (тиісінше 100% және 89,6%) орын алды.
2009-2014 жылдары Жамбыл облысы айырмашылықты 97,5%-ға дейін қысқартты. Алайда осы кезеңде өңірлер бойынша ең жоғары мәннен айырмашылықтың ұлғаюы Солтүстік Қазақстан (100%), Ақмола (96,5%), Қостанай (92,4%), Қызылорда (92%), Павлодар (86,7%), Алматы (85,9%) және Ақтөбе (85,5%) облыстарында байқалады.
14-кесте – Өңірлер бойынша ЖӨӨ-нің ең жоғары мәнінен айырмашылық, %
Өңірлер
|
2000 ж.
|
2009 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Ақмола
|
-92,9
|
-93,8
|
-96,6
|
-96,5%
|
Ақтөбе
|
-83,1
|
-82,1
|
-81,3
|
-85,5%
|
Алматы
|
-81,3
|
-85,0
|
-84,0
|
-85,9%
|
Атырау
|
-47,5
|
-42,6
|
-49,6
|
-55,4%
|
Шығыс Қазақстан
|
-49,3
|
-77,5
|
-77,2
|
-80,2%
|
Жамбыл
|
-100,0
|
-100,0
|
-98,0
|
-97,5%
|
Батыс Қазақстан
|
-83,0
|
-83,2
|
-80,8
|
-84,7%
|
Қарағанды
|
-32,2
|
-58,7
|
-66,1
|
-70,0%
|
Қостанай
|
-71,7
|
-86,7
|
-90,2
|
-92,4%
|
Қызылорда
|
-100,0
|
-89,6
|
-89,1
|
-92,0%
|
Маңғыстау
|
-79,9
|
-73,1
|
-80,2
|
-80,4%
|
Павлодар
|
-69,3
|
-81,8
|
-86,2
|
-86,7%
|
Солтүстік Қазақстан
|
-96,2
|
-98,1
|
-100,0
|
-100,0%
|
Оңтүстік Қазақстан
|
-66,0
|
-79,6
|
-77,0
|
-78,4%
|
Астана қаласы
|
-78,4
|
-63,8
|
-56,4
|
-56,6%
|
Алматы қаласы
|
0,0
|
0,0
|
0,0
|
0,0%
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері негізінде есептелген.
Өңірлердің нарыққа әртүрлі бейімделуі салдарынан өңірлер арасында сараланудың күшеюі жалғасуда. Өңірлік сәйкессіздіктер жан басына шаққандағы ЖӨӨ өндірісінде де байқалады.
15-кесте – Өңірлердің жан басына шаққандағы ЖӨӨ-сінің орташа республикалық деңгейге қатынасы, %
Өңірлер
|
2000 ж.
|
2009 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Ақмола
|
61,1
|
68,0
|
64,4
|
64,4
|
Ақтөбе
|
100,7
|
106,5
|
112,9
|
101,2
|
Алматы
|
45,8
|
40,1
|
42,2
|
40,7
|
Атырау
|
316,4
|
360,2
|
321,8
|
312,7
|
Шығыс Қазақстан
|
91,1
|
67,0
|
73,9
|
71,7
|
Жамбыл
|
33,6
|
32,1
|
40,0
|
40,4
|
Батыс Қазақстан
|
112,5
|
129,8
|
148,7
|
135,9
|
Қарағанды
|
125,7
|
107,2
|
98,7
|
96,5
|
Қостанай
|
94,7
|
78,1
|
74,7
|
68,8
|
Қызылорда
|
55,0
|
88,7
|
93,4
|
82,8
|
Маңғыстау
|
231,8
|
209,9
|
160,9
|
166,0
|
Павлодар
|
124,0
|
110,4
|
102,8
|
104,6
|
Солтүстік Қазақстан
|
57,9
|
64,9
|
65,3
|
62,8
|
Оңтүстік Қазақстан
|
49,9
|
35,1
|
37,9
|
38,2
|
Астана қаласы
|
175,3
|
201,5
|
200,3
|
210,9
|
Алматы қаласы
|
210,3
|
217,5
|
215,8
|
234,4
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері негізінде есептелген.
Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орташа республикалық өндірісінен асып түсуі бойынша Атырау облысы басым позицияға
(2000 жылы – 316,4%, ал 2014 жылы – 312,7%) ие болып отыр. Аталған көрсеткіш бойынша екінші орынға Алматы қаласы шықты (2000 жылы – 210,3%, ал 2014 жылы – 234,4%). Аталған көрсеткіш бойынша Жамбыл
(2000 жылы – 33,6%, ал 2014 жылы – 40,4%) және Оңтүстік Қазақстан облысы (2000 жылы – 49,8%, ал 2014 жылы – 38,2%) ең төмен деңгейге ие.
Елімізге өңіраралық байланыстардың бірнеше түрі тән. Олардың кейбіреулері әлемнің көптеген елдеріне тән (орталық-шеткері аумақ түріндегі байланыстар мен өнеркәсіптік және аграрлық өңірлер арасындағы байланыстар), ал басқалары халық тығыздығы төмен және әркелкі қоныстандырылған (белдеулік байланыстар) аумағы кең ел ретінде Қазақстан Республикасына тән:
1) орталық-шеткері аумақ: тұтыну (ең алдымен азық-түлік) тауарларын жеткізу және елдің ең ірі агломерацияларының (Астана және Алматы қалалары) ауқымды нарықтарына жұмыс күшінің келуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін (кәсіби, тұрмыстық, рекреациялық) ірі орталық қалалардан «екінші деңгейдегі» қалаларға тарату;
2) «индустриялық облыстар – аграрлық оңтүстік» байланыстары: өндірісі негізінен Қазақстанның солтүстігінде шоғырланған өңдеуші өнеркәсіп өнімінің (машина жасау, металл өңдеу, химия және т.б.), оңтүстік облыстардағы өткізу нарықтарына дистрибуциясы;
3) ірі тұтыну нарықтарының өнім жеткізуші өңірлермен көліктік байланысуының артықшылықтарын пайдалануға сүйенетін белдеулік өзара іс-қимыл. Екі ірі агломерацияны (Алматы мен Шымкент) бір-бірімен, сондай-ақ жаңа өсу аймағы («Қорғас» арнайы экономикалық аймағы) қалыптасып келе жатқан Қытаймен шекарадан бастап экономиканың өсуі трансшекаралық алмасумен, алайда көбіне бейресми секторда байланысқан Өзбекстанмен шекараға дейінгі шеткері аумақтарымен байланыстыратын көлік дәлізі шеңберінде оңтүстік даму белдеуі жақсы қалыптастырылған. Солтүстік белдеу әлдеқайда нашар дамыған;
4) экспорттық салалар шоғырланған аудандардың экспорттық ресурстарды қайта өңдеуді дамытуға және дайын өнім дистрибуциясы тетіктеріне сүйенетін ішкі тұтыну аудандарымен жаңа байланыстары. Мұндай байланысқа мұнай мен газ өндіретін батыс облыстарда қайта өңдеу қуаттарын құру және мұнай өңдеу мен мұнай химиясы өнімдерін Қазақстанның басқа өңірлеріне (жеткізу аймақтары), онымен бір мезгілде осы өңірлердің жаңа өңдеу өндірістеріне еңбек ресурстарының келуімен дистрибуциялау, сондай-ақ импорт алмастырушы машина жасауды дамыту үшін солтүстік және шығыс облыстарда өндірілетін металлургия өнімін пайдалануды кеңейтудің әлеуетті мүмкіндіктері мысал болып табылады.
Бұдан басқа, оңтайлы аумақтық даму саясатын жүргізу үшін келесідей Қазақстан Республикасындағы өңірлердің сыныптамасы қажет.
Макроөңірлер – өздерінің экономикалық, табиғи және әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша ұқсас өңірлер тобы.
Хаб-қалалар – ұлттық және өңірлік өзара іс-қимыл орталықтары: сауда-логистика және көлік, қаржы және кадр орталықтары, ақпарат пен технологияларды жеткізушілер.
Агломерация – тұрақты өндірістік, мәдени-тұрмыстық және өзге байланыстармен өзара біріккен, сондай-ақ аумақтық бірігу үрдісіне ие бірнеше ядроқалалардың (полиорталықты) немесе бір орталықтың (моноорталықты) айналасына жақын орналасқан елді мекендердің урбандалған шоғырлануы.
Осы мақсатта қалалардың мынадай санаттарын бөліп көрсетуге болады:
«бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар, хаб-қалалар);
«екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, облыстық маңызы бар ірі қалалар);
«үшінші деңгейдегі» қалалар (моно- және шағын қалалар).
Аймақтарға бөлудің үш өлшемшарты негізінде Қазақстан Республикасының алты макроөңірін бөліп көрсетуге болады:
16-кесте – Қазақстан Республикасының макроөңірлері
Макроөңір
|
Аймақтарға бөлу өлшемшарттары:
|
экономикалық мамандану
|
қоныстандыру жүйесі
|
экономикалық байланыстар сипаты
|
Оңтүстік:
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстары
|
Ауыл шаруашылығы (жұмысы қарқынды кіші салалар), тамақ өнеркәсібі; Қызылорда облысында – мұнай өндіру
|
Оңтүстігінде тығыз аграрлық қоныстандырылған және қалыптасу үстіндегі Шымкент агломерациясы бар шөлейтті аудандарда тығыз аграрлық қоныстандырылған полиорталықты аймақ
|
Сыртқы сұраныс көздеріне қол жеткізудің мүмкіндіктері шектеулі жергілікті нарықтарға бағдарлану (әсіресе, Қызылорда облысы үшін)
|
Солтүстік:
Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары
|
Металлургия (кен өндіру), ауыл (астық) шаруашылығы
|
Ірі қала орталықтары шағындау салыстырмалы түрде тығыз қоныстандырылған аумақ
|
Қала орталықтары тарапынан сұраныс әлеуетін шектеулі пайдалану (халық табысының төмендігі салдарынан)
|
Батыс:
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары
|
Мұнай-газ өндіру; Ақтөбе облысында да – түсті металл кенін өндіру, ауыл шаруашылығы
|
Әркелкі қоныстану, әлеуетті ірі қалалық агломерация ретіндегі Атырау (15-20 жылғы перспективада халықтың қарқынды көші-қоны ағыны жалғасқан кезде)
|
Тауар ағындарының төмен белсенділігі және моносалалық сипаты аумақтың жеткіліксіз инфрақұрылымдық байланыспен үйлесімде
|
Орталық-Шығыс:
Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары
|
Металлургия, көмір өнеркәсібі, электр энергетикасы
|
Өнеркәсіптік қалалар (әлеуетті – 15-20 жылғы перспективада – Павлодар – Ақсу агломерациясымен) мен сирек қоныстандырылған аграрлық шеткері аумақтардың үйлесімі
|
Қала орталықтары тарапынан сұраныс әлеуетін шектеулі пайдалану (халық табысының төмендігі салдарынан)
|
Астана:
Астана қаласы
|
Әкімшілік, іскерлік, қаржылық және білім беру қызметтері
|
Елорда орталығы сирек қоныстандырылған аграрлық шеткері аумақтардың жағдайында өнеркәсіптік маманданған екінші қатардағы орталықпен (Қарағанды) толықтырылады
|
Елорда агломерациясы тарапынан нарықтық сұраныстың орталық – шеткері аумақтар моделі
|
Алматы:
Алматы қаласы
|
Іскерлік, қаржылық және білім беру қызметтері; машина жасау; фармацевтика; ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі
|
Ең ірі агломерация және әлсіз дамыған (негізінен аграрлық) шеткері аумақтар
|
Алматы агломерациясы тарапынан нарықтық сұраныстың орталық – шеткері аумақтар моделі
|
Аумағының ауқымы мен халық тығыздығының төмендігі ескеріле отырып, Қазақстан экономикалық, табиғи және әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша ұқсас макроөңірлер бөлінісінде қарастырылады. Мысалы, елдің барлық оңтүстік облыстары (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл) халқының көптігімен және тығыз орналасуымен ерекшеленеді. Солтүстік облыстары (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан), керісінше, халық саны аз және халықтың тығыздығы төмен. Батыс облыстарға (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан) үлкен шикізат бағыттылығы тән. Елдің орталық-шығыс бөлігінің өңірлері (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары) дамыған өнеркәсібімен ерекшеленеді. Астана және Алматы қалалары дамудың салыстырмалы көрсеткіштеріне қарай жекелеген өңірлер ретінде бөлінеді.
Макроөңірлік кеңістік ерекше сапалы сипаттамалары бар өңірлердің шаруашылық кеңістіктерін біріктіреді.
Оңтүстік макроөңір мынадай ерекше сипаттамалары ескеріле отырып, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Қызылорда облыстарын қамтиды:
Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары тамақ өнеркәсібіне және құрылыс материалдары өндірісіне мамандандырылады;
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары мал шаруашылығына және мақта өндірісіне мамандандырылады.
Тірек қалалар: Тараз, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда.
Осылайша, оңтүстік макроөңір ең серпінді өңірлер қатарына жатады, ол қарқынды (әлеуетті) дамушы Шымкент агломерациясының болуымен және жеміс-көкөніс өнімі өндірісіне мамандандырылатын жоғары бәсекеге қабілетті кластерді құрумен айқындалады. Макроөңір индустриялық-аграрлық түрдегі байланыстар жүйесіне (ең алдымен солтүстіктің индустриялық өңірлерімен) белсенді қатысады. Шымкенттің айналасында орталық шеткері аумақтар байланыстарын қалыптастыру белсенді жүргізілуде. Макроөңір облыстарының өңіраралық ынтымақтастығын дамытуда, сол сияқты макроөңірдің өзін дамытуда да Алматы өңірімен (Алматы – Тараз – Шымкент бағыты) белдеулік байланыстарды одан әрі нығайту қағидатты мәнге ие, олардың көмегімен макроөңірдің ауылшаруашылық өнімі елдің ең ірі қалалық агломерациясына қол жеткізеді.
Солтүстік макроөңір Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтиды, себебі аталған өңірлер астық шаруашылығы мен мал шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылық техникасын құрастыруға мамандандырылған.
Тірек қалалар: Қостанай, Көкшетау және Петропавл.
Қазіргі уақытта солтүстік макроөңір индустриялық-аграрлық түрдегі байланыстар жүйесіне, сондай-ақ экспорттық салалар өнімін қайта өңдеуге сүйенетін байланыстарға белсенді қосылған. Екі жағдайда да оңтүстік макроөңірдің облыстарымен ынтымақтастық едәуір белсенді даму үстінде (машина-техника өнімі мен металл бұйымдарды, сондай-ақ ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін қайта өңдеу және экспорттау үшін астықты оңтүстік бағытта, ең алдымен Өзбекстан мен Ауғанстанға беру). Өңдеуші өндірістерді дамыту үшін Астана – Қостанай, Көкшетау – Петропавл, Петропавл – Астана белдеулері бойынша Астана өңірімен өзара іс-қимыл жасаудың қағидатты мәні бар. Тұтыну сұранысы шоғырланған аймақтардың рөлін атқаратын ірі қалалық агломерациялардың болмауының салдарынан таяудағы 10-15 жылда айқын орталық – шеткері аумақтар байланыстарын қалыптастыру мүмкіндігі төмен.
Батыс макроөңірі мынадай ерекше сипаттамалары ескеріле отырып, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын қамтиды:
Атырау және Маңғыстау облыстары мал шаруашылығына және мұнай-газ өнеркәсібіне мамандандырылады;
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары астық шаруашылығына, мал шаруашылығына, тамақ және мұнай-газ өнеркәсібіне мамандандырылады.
Тірек қалалар: Атырау, Ақтау, Ақтөбе және Орал.
Қазіргі уақытта батыс макроөңірі өңіраралық ынтымақтастық процестеріне, ең алдымен, энергетикалық ресурстарды беру жүйесі арқылы қосылған. Макроөңір ішінде өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі әлеуеті Атырау – Ақтау, Атырау – Орал бағыттары бойынша белдеулік байланыстарды қалыптастырумен байланысты, ал басқа макроөңірлермен ынтымақтастық жасасу тиісті өндірістерді қосылған құнның өңіраралық тізбектеріне қоса отырып, экспорттық салалардың ішкі сұраныс көздеріне өсіп келе жатқан бағдарлануы негізінде, ең алдымен мұнай-газ шикізатын (мұнайды қайта өңдеу, мұнай химиясы өнеркәсібі, тыңайтқыштар мен пластиктер өндірісі) қайта өңдеуді дамыту арқылы құрылады.
Орталық-Шығыс макроөңір Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарын қамтиды, себебі аталған өңірлер кен өндіруге, түсті металлургия өндірісіне, көмір өнеркәсібіне, мал шаруашылығына мамандандырылады.
Тірек қалалар: Өскемен, Қарағанды және Павлодар.
Ескі индустриялық аймақ пен астық тауары өндірісінің сипаттамаларын қамтитын макроөңір (Павлодар облысы) өңіраралық байланыстарды дамыту тұрғысынан барынша проблемалы болып табылады. Тұтыну сұранысының қуатты орталықтарының болмауына байланысты орталық-шеткері аумақтардың байланыстары әлсіз дамыған. Қазақстан Республикасында түсті металлургия өніміне елеулі сұраныстың болмауын, сол сияқты төмен бөліністі металлургия өндірістерінің ескірген технологиялық базасын ескере отырып, ықтималдығы аз индустриялық-аграрлық түрдегі байланыстарды қалыптастыру және экспорттық салаларды ішкі сұраныс көздеріне бағыттау. Павлодар – Семей – Өскемен бағыты бойынша белдеулік байланыстарды қалыптастыруға негізгі үміт артылып отыр. Алайда, бұл белдеу макроөңір ішінде тұйықталғандықтан, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту үшін мықты ынталандырма бола алмайды (ол үшін оны Орталық-Шығыс макроөңір бағытымен Астанаға қарай жалғастыру қажет).
Алматы қаласы
Алматы қаласында Алматы – Тараз – Шымкент белдеулік бойымен оны Оңтүстік макроөңірмен байланыстыратын орталық – шеткері аймақ байланыстары жақсы дамыған. Орта және ұзақ мерзімді кезеңде тиісті байланыстарды дамыту серпіні ең алдымен Алматы агломерациясының даму қарқынымен айқындалатын болады, олар басым түрде инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге (энергиямен, сумен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы), сапалы көрсетілетін қызметтер секторын қалыптастыруға (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және рекреация, заманауи сауда және қоғамдық тамақтандыру нысандары) және аумақты тиімді пайдалану мақсатында сапалы қалалық жоспарлауға тәуелді болады. Алматы қаласы үшін байланыстардың басқа түрлерін 2030 жылға дейін қалыптастыру күтілмейді.
Астана қаласы
Астана қаласында серпінді астана агломерациясының өсу үстіндегі сұранысына негізделетін мықты орталық – шеткері аймақ басым. Сонымен бір мезгілде, Астана Орталық-Шығыс және Солтүстік (Астана – Қостанай және Көкшетау – Петропавл), ал ұзақ мерзімді перспективада (15-20 жыл уақыт шамасында) Алматы (Астана – Қарағанды – Алматы) макроөңірлерін де біріктіретін белдеулік байланыстарды қалыптастырудың неғұрлым перспективалы орталығы ретінде әрекет етеді. Қала үшін 2030 жылға дейін басқа байланыс түрлерін қалыптастыру күтілмейді.
Макроөңірлер арасындағы айырмашылықтар орнықты сипатқа ие және бір макроөңірге кіретін өңірлер арасында және әртүрлі макроөңірлерге жататын өңірлер арасында экономикалық өзара іс-қимыл ерекшелігін айқындайды.
17-кестеден көріп отырғанымыздай, елдің оңтүстігі халық көп қоныстандырылған макроөңір болып табылады, бұл ретте мұнда жан басына шаққандағы ЖӨӨ ең төмен. Елдің солтүстігінде тұратын халықтың саны бәрінен төмен. Макроөңірдің елдің ЖІӨ-дегі үлесі ең төмен. Орталық-Шығыс макроөңір халықтың деңгейі бойынша үшінші орында, бірақ мұнда ел ЖІӨ-нің бесінші бөлігі өндіріледі. Батыс өңірі халық саны бойынша үшінші орында тұр, ол жан басына шаққандағы ЖӨӨ ең жоғары бола отырып, елдің ЖІӨ-ге салымы бойынша көш басында тұр. Алматы және Астана халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі бойынша көш бастап тұр.
17-кесте –Қазақстан Республикасы макроөңірлерінің 2014 жылғы негізгі көрсеткіштері
Макроөңір
|
Халық
(млн. адам)
|
Елдің ЖІӨ-сіндегі үлесі, %
|
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ (АҚШ доллары)
|
Оңтүстік
|
6,5
|
16,9
|
25266,5
|
Солтүстік
|
2,1
|
8,3
|
24486,3
|
Батыс
|
2,5
|
25,8
|
76801,7
|
Орталық-Шығыс
|
3,5
|
18,1
|
34081,1
|
Алматы
|
1,5
|
20,7
|
29286,2
|
Астана
|
0,8
|
10,2
|
26353,6
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Елдің макроөңірлерін дамытуда мынадай негізгі үрдістерді бөліп көрсетуге болады.
Оңтүстік макроөңір
Елдің оңтүстік өңірлерінің демографиялық жағдайы тұрақты жоғары табиғи өсімімен (1000 тұрғынға 19-24 адам), өмір сүру жасының күтілетін орташа және жоғары ұзақтығымен (шамамен 70 жас) сипатталады.
Барлық өңірлердегі халық саны айтарлықтай өсіп келеді.
2009-2014 жылдары оңтүстіктегі төрт өңірдің жалпы халық санының өсуі 576,7 мың адамды құрады.
Сондай-ақ халықтың көшіп кетуінің жоғары екені байқалады.
2014 жылы Қызылорда облысында көші-қонның теріс сальдосы 2,5 мың адамды, Оңтүстік Қазақстан облысында – 12,2 мың адамды, Жамбыл облысында – 8,0 мың адамды, Алматы облысында – 5,1 мың адамды құрады.
Оңтүстік макроөңір урбандалу деңгейінің төмендігімен сипатталады. Мәселен, Алматы облысында қала халқының үлесі бар болғаны 24,2%-ды құрайды.
Тұтастай алғанда Оңтүстік макроөңір өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың ең жоғары үлесімен сипатталады. Мысалы, Жамбыл облысында өз бетінше жұмыспен қамтылу деңгейі 2014 жылы 48,1%-ды, Оңтүстік Қазақстан облысында – 45,1%-ды, Қызылорда облысында – 28,6% құрады.
Сондай-ақ Алматы облысында қала және ауыл халқының жұмыспен қамтылу деңгейі арасында біршама сәйкессіздік байқалады.
Бұдан басқа, оңтүстік макроөңірдің барлық төрт өңірінде номиналды ақшалай табыстар мөлшері орташа республикалық деңгейден төмен. Оңтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш орташа республикалық мөлшердің небәрі 61,1%-ын құрады, Жамбыл облысында – 63,4%, Алматы облысында– 77,8%, Қызылорда облысында – 85,5%.
Оңтүстік Қазақстан облысында елдегі барлық кедейлердің шамамен 32,3%-ы тұрады. Бұл ретте кедейлік деңгейі 0,7%-ды құрайды (республикада 1-орын).
Жамбыл және Алматы облыстары тұрғын үймен қамтамасыз етілу бойынша соңғы орындарда: бір тұрғынға тиісінше небәрі 15,6 және
17,1 ш.метр.
Оңтүстік макроөңір облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйімен (Алматы облысында жолдардың 40%), өңірлік әуе кемелерінің ескірген паркімен және әуежайларда ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау қажеттігімен сипатталады.
Электр энергетикасы саласында электр энергиясының көптеп шығындалатыны байқалады (Алматы облысында – 2013 жылы 2 094,2 млн. кВТ/сағ). Сондай-ақ, Оңтүстік макроөңірде өңірлік электр желілері компанияларының электр желілерінің тозу дәрежесінің жоғарылығын атап өткен жөн (~ 65-70%). Алматы облысына сумен жабдықтау желілерінің жоғары авариялығы тән – 3403 бірл., Оңтүстік Қазақстан облысында –
2332 бірл., Қызылорда облысында – 990 бірл. Осындай жағдай су бұру желілерінде де байқалады (Алматы облысында – 1488 бірл., Қызылорда облысында – 233 бірл.). Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы аталған макроөңірде 2013 жылдың қорытындылары бойынша 60-65%-ды құрайды (Алматы облысында 60%-дан асады).
Солтүстік макроөңір
Халықтың табиғи өсімінің деңгейі төмен. 2014 жылы аталған өңірлерде халықтың табиғи өсімінің коэффициенті Солтүстік Қазақстан облысында 1000 адамға 2 адамнан бастап Ақмола облысында 1000 адамға 7 адамға дейін құрады.
Халықтың көшіп кету деңгейі жоғары. Мәселен, 2014 жылы солтүстіктің үш өңірінде теріс көші-қон сальдосы жиынтығында шамамен 12,5 мың адамды құрады. Бұл халықтың төмен табиғи өсімімен бірге
2009-2014 жылдары халық санының 21,4 мың адамға азаюына алып келді.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы төмен. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында өмір сүру жасының күтілетін ұзақтығы ең төмен болып келеді – тиісінше 69,8 және 69,9 жас (республика бойынша орташа – 71,6 жас).
Бір ай ішіндегі халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстар деңгейі республикалық деңгейден төмен (2014 жылы республикалық деңгейден Солтүстік Қазақстан облысында – 81,6%, Қостанай мен Ақмола облысында – 85,4%).
Бұл макроөңірде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар деңгейі жоғары. Айталық, барлық үш облыста өз бетінше жұмыспен қамтылу деңгейі
2014 жылы шамамен 35%-ды құрады.
Солтүстік макроөңір облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйімен сипатталады. Өңірлік әуе кемелерінің ескірген паркі және ұшу-қону жолағының нашар жай-күйі халықаралық ұшу деңгейіне шығуға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ елдің батыс және орталық өңірлерімен арада тікелей автомобиль қатынасы жоқ. Сумен жабдықтау желілерінде ең жоғары авариялылық Қостанай облысында байқалады –
2316 бірл. немесе республикалық деңгейдің 12%-ы, Ақмола облысында орташа авариялылық – 891 бірл. немесе 4,6%, Солтүстік Қазақстан облысында төмен авариялылық байқалуда – 463 бірл. немесе 2,4% (республика бойынша – 19 177 бірл.). Жылумен жабдықтау желілеріндегі авариялар бойынша республикада Ақмола облысы Павлодар облысынан кейінгі 2 орынды алады (68 бірл. немесе 25,9%), Қостанай облысында орташа авариялық (17 бірл. немесе 6,5%), Солтүстік Қазақстан облысында
2013 жылы авариялар тіркелмеген (республика бойынша – 263 бірл.).
Тұтастай алғанда, солтүстік макроөңір сумен жабдықтау және су бұру, жылумен және энергиямен жабдықтау желілерінің жоғары тозуымен ерекшеленеді. Ақмола облысының аумақтарды дамыту бағдарламасының деректері бойынша жылумен және электрмен жабдықтау желілерінің тозуы орташа есеппен 55% -ды құрайды, Қостанай облысында – 62,5% , Солтүстік Қазақстан облысында – 70%.
Батыс макроөңірі
Батыс макроөңірі халықтың ең төмен тығыздығымен сипатталады: шаршы километрге 3,9 адам ғана.
Макроөңір халықтың табиғи өсімінің жоғары көрсеткіштерімен (Батыс Қазақстан облысында 1000 адамға 11 адамнан Маңғыстау облысында
1000 адамға 27 адамға дейін) сипатталады.
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында халықтың көшіп кетуі шамалы.
Тұтастай алғанда аталған макроөңір халықтың жоғары табысымен сипатталады. Мысалы, Атырау облысында номиналды ақшалай табыс мөлшері республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары.
Әлеуметтік салаға өңір бюджетінің 53%-дан астамы тиесілі болғанына қарамастан, әлеуметтік инфрақұрылымның жетіспеушілігі байқалады. Атап айтқанда, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 78,6% -ды ғана құрайды.
Батыс Қазақстан облысында өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санының көптігі байқалады – 38%. Сондай-ақ Маңғыстау облысында
15-24 жастағы жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі сақталған – 6,4% (Қазақстан Республикасы өңірлері арасында 2-орын).
Батыс макроөңірінде қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының ең төмен тығыздығы байқалады (Маңғыстау облысында 1000 ш.км-ге 14,5 км, Ақтөбе облысында 1000 ш.км-ге 18,2). Облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайы қанағаттанарлықсыз. Елдің солтүстік және орталық өңірлерімен арада тікелей автомобиль қатынасы жоқ. Қазақстандық кеме жөндеу базаларының болмауы Батыс макроөңірдегі тағы бір проблема болып табылады. Бұл кеме жөндеу базасын салу қажеттілігіне алып келеді, себебі Каспий теңізінің қазақстандық секторын (бұдан әрі – КТҚС) игеру кезінде мұнай операцияларын жүргізу үшін әртүрлі типтегі 75 кеме Түпқараған бұғазында тұрақтаған. Негізгі кеме жөндеу базалары Астрахань, Махачкала, Баку порттарында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |