Бекітілген қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін



жүктеу 7,84 Mb.
бет7/19
Дата26.02.2018
өлшемі7,84 Mb.
#10729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Электр энергетикасында өңірлік электр желісі компаниялары желілерінің жоғары тозу деңгейі байқалады (Батыс Қазақстан облысында электр желілерінің тозуы 79%-дан, ал ауылдық жерлерде – 90%-дан асады). Осыған ұқсас жағдай басқа коммуналдық желілер бойынша да орын алған:


  1. сумен жабдықтау желілерінің тозуы Атырау облысында 53,8%-ды, Батыс Қазақстан облысында – 51%-ды құрайды;

  2. Батыс Қазақстан облысында жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 52%-дан асады;

  3. кәріздік сорғы станцияларының тозу деңгейі жоғары (Батыс Қазақстан облысында – 75%).

Аталған макроөңірге сумен жабдықтау желілеріндегі жоғары авариялық тән (Ақтөбе – 896 бірлік, Батыс Қазақстан – 447 бірлік).
Орталық-Шығыс макроөңірі

Орталық-Шығыс макроөңірінің демографиялық ахуалы халықтың көптеп кетуімен және халықтың табиғи өсімінің төмен көрсеткіштерімен сипатталады. 2014 жылы үш облыс халқының көшіп кетуі 94,3 мың адамнан асты. Халықтың табиғи өсімінің коэффициенті орта есеппен 1000 тұрғынға


8 адамды құрады.

Орталық-Шығыс макроөңірдің барлық үш өңірінде өмір сүру жасының күтілетін төмен ұзақтығы қалыптасқан: Қарағанды облысында – 70,3 жас (республикада 14 орын), Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – 70,8 жас (республикада 12 орын) болып айқындалды.

Шығыс Қазақстан облысында еңбек нарығы өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесінің жоғары болуымен сипатталады – 31,2% немесе
220 мың адам.

Орталық-Шығыс макроөңірі облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйімен сипатталады. Елдің батыс және солтүстік өңірлерімен арада тікелей автомобиль қатынасы жоқ. Өңірлік әуе кемелерінің ескірген паркі көлік инфрақұрылымы проблемаларының бірі болып табылады. Семей, Аягөз, Зайсан қалаларының әуежайларында ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау қажет.

Бұл ретте Павлодар облысында электр энергиясы шығындары жоғары және 17482 млн. кВт/сағ құрайды, Қарағанды облысында – 450,82 млн. кВт/сағ. Жылудың көп шығыны Қарағанды – 2125,7 мың Гкал, Шығыс Қазақстан – 950,2 мың Гкал. облыстарында анықталды. Аталған макроөңірде сумен жабдықтау желілерінде (Қарағанды облысында – 1934 бірл., Шығыс Қазақстан облысында – 1414 бірл., Павлодар облысында – 1034 бірл.); су бұру желілерінде (Қарағанды облысында – 2182 бірл., Шығыс Қазақстан облысында – 674 бірл.) және жылумен жабдықтау желілерінде (Павлодар – 59 бірл., Қарағанды – 34 бірл., Шығыс Қазақстан облыстарында – 12 бірл.) жоғары авариялылық байқалады. Тұтастай алғанда сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу дәрежесі жоғары.
Астана қаласы

Халықтың жоғары және бақыланбайтын көші-қон ағыны салдарынан елордада әлеуметтік инфрақұрылымның тым жетіспеушілігі қалыптасып отыр.

Астана қаласындағы 15-24 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының деңгейі салыстырмалы түрде жоғары: 8,0% (республикада 1-орын).

Халықтың тұрғын үймен ең жоғары деңгейде қамтамасыз етілуіне (бір адамға 27,7 ш. метр) қарамастан, көші-қон ағынының жоғары деңгейіне және қаланың астана ретіндегі жоғары мәртебесіне байланысты қалада тұрғын үй бағасы өте жоғары және тиісінше халықтың қалың бұқарасы үшін тұрғын үйге төмен қолжетімділік қалыптасты.

Астанаға көлік инфрақұрылымында жол кептелістері проблемасы мен жолдардың жүктемесін азайтатын көлік айрықтарының, көпірлердің жетіспеушілігі тән. Келесі проблема – бұл жол жабыны сапасының төмендігі және қаланың шетіндегі жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі. Бұл ретте Астанада тұрақ орындарының тапшылығы бар.

Энергетика саласында электр энергиясының шығыны көп екені байқалады: 1250 млн. кВт/сағ. Астана сумен жабдықтау желілеріндегі авариялылықтың жоғары дәрежесімен ерекшеленеді: 868 бірл.


Алматы қаласы

Демография саласында халықтың табиғи өсімінің төмен деңгейі байқалады: табиғи өсім коэффициенті – 1000 адамға – 11,66 (Қазақстан Республикасы өңірлері арасында 10-орын).

Алматы қ. Қазақстан Республикасы өңірлері арасында ең жоғары жұмыссыздық деңгейі: 5,5% (44,8 мың адам), сондай-ақ 15-28 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі: 8,2% белгіленді.

Алматыға да көлік кептелістері проблемасы мен жолдардың жүктемесін азайтатын көлік айрықтарының, көпірлердің жетіспеушілігі тән. Сондай-ақ қала шетіндегі жолдардың жай-күйі қанағаттанарлықсыз. Энергетикада электр энергиясының үлкен шығындары (1585 млн. кВт/сағ) және жылудың көп шығыны байқалады (1102,2 мың Гкал.). Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы өте жоғары.


4. Елдің аумақтық даму ерекшеліктері

Қазақстанның тәуелсіздік алғанға дейінгі аумақтық дамуы бұрынғы КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы кешенінің шеңберінде айқындалды және орталықтандырылған директивті жоспарлау негізінде жүзеге асырылды.

Нарықтық экономиканың жұмыс істеуі жағдайында экономикалық әлеуетті дамыту мен орналастыру және халықты қоныстандыру мәселелері негізінен нарық тетіктерімен айқындалады.

Негізінен кеңестік кезеңің өзінде қалыптасқан елдің экономикалық әлеуетін орналастыру сақталып қалған ішкі экономикалық кеңістіктің ықпалдастырылмауы, экономика құрылымының қалыпсыздануы салдарынан оның дербес экономикалық жүйе ретінде тұрақты дамуының қазіргі заманғы қажетті талаптарына сай келмейді.

Бұдан басқа, елімізге әлемдік және өңірлік еңбек бөлінісінде бір бағыттағы мамандану және көптеген өңірлердің бір бейінділігі, құрылымның қалыпсыздығы және экономиканың сақталып отырған ықпалдастырылмауы тән. Экономикада бір-бірімен салалық аспектіде де, аумақтық аспектіде әлсіз байланысқан экспорттық шикізат бағытының оқшауландырылған секторларымен және бәсекеге қабілеттілігі төмен өңдеуші өнеркәсібі бар биполярлық құрылым қалыптасты.

Оның негізгі себебі, елдің аумақтық дамуының экстенсивті дамуға тәуелділігі, яғни ресурстық-табиғи әлеует барынша пайдаланылады – бұл әлемдік нарықтың Атырау және Маңғыстау облыстарында өндірілетін көмірсутекті шикізатқа деген үлкен сұранысы және солтүстік пен оңтүстік астаналардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше жағдайлары.

Нарық талап ететін табиғи-шикізаттық ресурстардың Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында болмауы бәсекеге қабілетті адами капиталды, білімді, технологияларды құру үшін ұйымдастырушылық әлеуетті қалыптастыру қажеттігіне алып келді.

Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында көмірсутекті шикізаттың ірі қорлары бола тұра өңірлік факторды жалпы барынша пайдаланудың алғышарттары жасалмаған (табиғи ресурстардың көп құрауыштылығы, көпсалалық ауыл шаруашылық өндірісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау), бұл әлеуметтік-экономикалық дамудың барынша төмен деңгейін айқындады.

Экономикалық жүйелердің өңіраралық саралануын тереңдету қоғамда әлеуметтік шиеленіс туғызып, күшейтеді, нәтижесінде кейіннен өңіраралық алмасу жүйесінен шыға отырып, ресурстар мен соңғы өнімдердің таза тұтынушыларына айнала отырып, оларды ұстап тұру үшін бюджет шығыстарының өсуіне әкеле отырып, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың депрессивті өңірлерден кетуі байқалады.

Өңірлердің аумақтық дамуының басты ерекшелігі жүйелік сипатқа ие мынадай элементтер болып табылады:



  1. елдің негізгі экономикалық орталықтары арасындағы айтарлықтай арақашықтықтар, бұл көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуымен бірге өңіраралық тасымалдардың жоғары көлік шығындарын туғызады;

  2. көптеген облысаралық шекаралар бойынша тауар алмасуды дамыту әлеуетін барынша қысқартатын экономикалық шаралардың және көбіне шектес өңірлердегі экономикалық мамандану құрылымының саралау әлсіздігі;

  3. жергілікті компанияларға (ең алдымен, шағын және орта бизнес субъектілеріне) бәсекеге қабілеттілікті арттыру және елдің басқа өңірлерінің нарықтарына шығу үшін өндіріс ауқымы әсерін пайдалануға мүмкіндік бермейтін астаналық агломерациялардан тыс өңірлік нарықтардың шектелген сыйымдылығы;

  4. қазақстандық экономиканың көптеген салаларының негізгі әріптес елдермен (Қытай, ЕО елдері, Ресей және Беларусь) салыстырғанда төмен бәсекеге қабілеттілігі, бұл тұтыну мен инвестициялық сұраныстың негізгі сегменттерінде импорттың басым болуын негіздейді және қазақстандық компанияларға ішкі нарықтың қолда бар әлеуетін пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Осылайша, Қазақстан Республикасы өңірлерінің даму деңгейлерінің саралануы өте жоғары және тұрақты. Бұл өңірлердің ЖӨӨ жан басына шаққандағы көрсеткіштерінің он жылдан астам кезеңде ел бойынша орташа көрсеткішпен салыстыруды көрсетеді. Бұл ретте жетекші мұнай өндіруші өңірлердің жоғары көрсеткіштері өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға әзірше айтарлықтай түрткі бола алмады, себебі мұнай-газ бизнесінен түсетін кірістердің негізгі бөлігі ең ірі агломерацияларда шоғырландырылады және өндіруші өңірлердің өзінде сұраныс көзі болып табылмайды.
18-кесте – Халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысының орташа республикалық деңгейге қатынасы, %-бен

Өңірлер

2001 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Қазақстан Республикасы

100

100

100

100

100

100

100

Ақмола

73,7

82,9

81,4

88,2

87,2

84,4

85,4

Ақтөбе

107,7

98,3

100,0

97,8

102,4

101,5

99,6

Алматы

61,1

65,9

70,3

76,2

78,0

79,4

77,8

Атырау

254,4

236,7

230,2

232,8

221,8

206,9

216,4

Шығыс Қазақстан

107,2

87,8

88,0

89,8

91,2

92,3

90,2

Жамбыл

52,2

68,8

74,4

67,4

67,8

65,9

63,4

Батыс Қазақстан

121,2

112,9

117,1

108,7

109,2

105,7

103,7

Қарағанды

114,2

109,3

108,5

112,3

111,6

111,7

108,5

Қостанай

81,3

78,6

81,0

86,2

86,9

87,0

85,4

Қызылорда

73,2

90,9

93,3

88,1

87,5

85,7

85,5

Маңғыстау

246,2

162,9

162,6

159,3

159,3

158,5

171,5

Павлодар

112,9

103,5

101,3

106,9

108,3

108,7

108,3

Солтүстік Қазақстан

79,8

80,0

82,9

87,9

84,5

83,4

81,6

Оңтүстік Қазақстан

48,4

61,9

62,4

60,9

64,3

62,9

61,1

Астана қаласы

185,8

194,7

179,8

175,2

175,2

175,5

182,2

Алматы қаласы

188,8

207,1

181,9

187,0

184,5

186,6

183,9

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері негізінде есептелген.

Республика бойынша орташа деңгеймен салыстырғанда халықтың жан басына шаққандағы ең жоғары деңгейі елдің мұнай өндіретін екі өңірі мен ірі қалаларында қалыптасқан: Атырау (216,4%), Маңғыстау облыстарында (171,5%), Алматы (183,9%) және Астана қалаларында (182,2%). Ол жоғары экономикалық әлеуеті бар және экономиканың салыстырмалы әртараптандырылған құрылымы бар өңірлерде айтарлықтай төмен, олардың ішінде Қарағанды (108,5%), Павлодар (108,3%), Батыс Қазақстан (103,7%) облыстары. Орташа республикалық деңгейден төмен (75-тен 100%-ға дейін) жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысқа Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының халқы ие, орташа республикалық деңгейдің 75%-ынан төмен деңгейге Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары ие.

Бұдан басқа, халықтың табысы саласының жай-күйі туралы қоғамның әлеуметтік-экономикалық саралану дәрежесін көрсететін көрсеткіштер мен индикаторлар бойынша пайымдауға болады, олардың шамадан тыс артуы әлеуметтік жіктелудің күшеюіне және қоғамда тұрақтылықтың төмендеуіне алып келеді. Ең жиі қолданылатындарына табыстарды шоғырландыру коэффициенті (Джини индексі), халықтың ең жоғары қамтамасыз етілген 10%-ы мен ең төмен қамтамасыз етілген 10%-ының табысын және кедей тұрғындардың үлесін саралау коэффициенті жатады.

Осы әлеуметтік индикаторлардың сандық мәндері. Халықаралық ұйымдар қоғамның әлеуметтік дамуы үшін ең оңтайлы деп таныған бұлар: табыстар шоғырлануының коэффициенті – 0,250–0,260-тан аспауға тиіс.


0,4–0,5 шегіндегі Джини индексінің мәні қоғамда табыстар бойынша үлкен теңсіздік индикаторы болып есептеледі, табыстарды саралаудың децильді коэффициенті – 7-8 есе.
19-кесте – 10 пайыздық (децильді) топтар бойынша Джини коэффициенті (индекс)

Өңірлер

2001 ж.

2009 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Қазақстан Республикасы

0,366

0,267

0,276

0,278

Ақмола

0,344

0,252

0,267

0,277

Ақтөбе

0,382

0,269

0,259

0,261

Алматы

0,331

0,227

0,245

0,247

Атырау

0,372

0,200

0,206

0,213

Шығыс Қазақстан

0,348

0,272

0,281

0,280

Жамбыл

0,310

0,195

0,217

0,225

Батыс Қазақстан

0,321

0,253

0,284

0,267

Қарағанды

0,333

0,264

0,289

0,287

Қостанай

0,370

0,247

0,268

0,269

Қызылорда

0,280

0,228

0,225

0,223

Маңғыстау

0,385

0,159

0,194

0,203

Павлодар

0,318

0,248

0,227

0,224

Солтүстік Қазақстан

0,295

0,250

0,285

0,287

Оңтүстік Қазақстан

0,313

0,223

0,202

0,197

Астана қаласы

0,345

0,288

0,231

0,232

Алматы қаласы

0,309

0,235

0,250

0,250

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

2001-2014 жылдары ел бойынша табыс топтарының децильді


(10%-дық) аралығымен табыстарды шоғырландыру коэффициентінің мәні едәуір теңсіздікті сипаттайтын 0,366-дан қалыпты теңсіздік 0,278-ге дейін қысқарды.

Осылайша, табыстар бойынша салыстырмалы теңсіздік Қарағанды (0,287), Солтүстік Қазақстан (0,287), Шығыс Қазақстан (0,280), Ақмола (0,277), Қостанай (0,269) , Батыс Қазақстан (0,267) және Ақтөбе облыстары (0,261) бойынша байқалады.

Өңірлердің даму деңгейі және олардың ел экономикасындағы рөлі бірдей емес. Өңірлердің салық салынатын база мөлшерінде елеулі айырмашылықтары бар және сондықтан бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруда әртүрлі мүмкіндіктерге ие. Осыған орай, Қазақстан өңірлерінің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру мақсатында қолданыстағы бюджет жүйесінде облыстар арасында, республикалық және облыстық бюджеттер арасында кірістерді қайта бөлуді болжайтын бюджеттік теңестіру тетігі жұмыс істейді.

Теңестірудің қолданыстағы тетігінің тиімділігін айқындау үшін жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіштері мен бюджет кірістері бойынша дисперсиялар есептелген. Бюджет кірістері бойынша дисперсия көрсеткіші жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша дисперсия көрсеткішінен 2,2 есе төмен. Бұл ЖӨӨ-мен салыстырғанда бюджет кірістерінің барынша қалыпты бөлінуін білдіреді.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші орташа республикалық деңгейден жоғары өңірлер үшін бюджет кірістері республикалық деңгейден жоғары болып қалып отыр. Атырау облысы бюджетінің кірістері орташа республикалық деңгейдің 147%-ын, Батыс Қазақстан облысы –
103,8%-ын, Алматы қаласы – 131,7%-ын, Астана қаласы – 207,5%-ын, Маңғыстау облысы – 109,1% -ын құрады.

ЖӨӨ-мен салыстырғанда бюджет кірістерін бөлу бірдей емес және біршама ауытқуларға ие, яғни аталған көрсеткіштер арасында сәйкессіздік байқалады.





жүктеу 7,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау