Қазақстанда халық тығыздығы өте төмен. 2014 жылдың соңында ел ауданының бір шаршы километріне небәрі 6,4 адамнан келді. Ең жоғары халық тығыздығы Алматы (4105,8 адам/ш. км) және Астана
(1218,4 адам/ш.км) қалаларында байқалады.
Қалған өңірлер арасында оңтүстік өңірінде негізінен Оңтүстік Қазақстан облысының есебінен халық тығыздығы неғұрлым жоғары. Халық тығыздығының ең төмен көрсеткіші елдің батыс өңірлеріне тиесілі.
4-сурет. 2009 –2014 жылдардағы халық тығыздығы, адам/ш. км.2
Достарыңызбен бөлісу: |