Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Қ.C.Әбдиев
2014 ж. «___»_____________
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» пәні бойынша
«5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
мамандығына арналған
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тестке «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.
№
|
Мазмұны
|
Тақырыптың еңбек сыйымдылығы, сағаттық бірлікте
|
1
| Кіріспе |
1
|
2
|
Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы
|
1
|
3
|
Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі
|
2
|
4
| Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі |
2
|
5
|
Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі
|
2
|
6
|
Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі
|
3
|
7
|
Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу әдістемесі
|
2
|
8
|
Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі
|
2
|
9
|
Балалардың сауатын ашу
|
2
|
10
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуды диагностикалау
|
3
|
11
|
Тіл дамыту жұмысын жоспарлау және есепке алу
|
2
|
12
|
Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық
|
3
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
25
|
Тапсырма мазмұнының сипатамасы:
Келешек жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу ғылымы. Балалардың сөйлеу тілін, олардың сөздерді және сөйлемдерді байланыстыра сөйлеуіне, грамматикалық формада дұрыс сөйлеуінде, сондай-ақ, тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге баулиды. Міне, осындай міндеттерді қарастыра отырып, болашақ маман кадрларға жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдіс-тәсілдері мен жолдарын үйретеді. Олардың тілін дамсыту әдістемесінің мазмұныны, мақсаттарын қарастырады. Студенттердің теориялық білімдерін практикамен байланыста жүргізу мақсатын көздейді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |