«ПЕДАГОГИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КУРСЫНАН МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Педагогиканы оқытудың мазмұны оқу пәні ретінде
Педагогика ғылымының пәні ретінде және оқу пәні ретінде. Педагогиканы оқытудың байланысы мектеп психологының практикалық басқа жұмыс түрлерімен оқу пәні ретінде.
Мектептегі оқытудың ерекшеліктері
Оқыту шығармашылық үрдіс ретінде. Оқу үрдісінің құрылымы. Оқытудың дәстүрлі формалары.Оқытудың инновациялық үлгілері.
Оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың педагогикалық негіздері
Оқу пәні мазмұнын таңдаудың негізгі принциптері.Меңгеруді ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері. Педагогикалық білім обьектісінің мазмұны және құрылымы.
Педагогика бойынша сабақтарды өткізу әдістемелері
Сабақтың құрылымы. Сабақты өткізудің жалпы схемасы.Сабақтың педагогикалық талдануы.
Педагогика бойынша сабақ және оның негізгі ерекшеліктері
Сабақтың типтері.
Педагогика курсындағы көрнекілік
Көрнекілік принципінің мәні. Педагогиканы оқытудағы көрнекілік. Оқу көрнекілігінің түрлері.Көрнекі материалдың қызметтері.
Педагогика бойынша лекция-әңгімені өткізудің әдістемесі
Аудиовизальдық және көрнекі құралдарды қолдану. Материалдың түсініктілі принципінің педагогикалық ерекшеліктері. Сабақтағы оқушының іс-әрекетін белсендіру. Лекцияға оқу мазмұнын таңдау.
Мектептегі педагогиканы оқытуды бақылау және бағалау
Сұрау оқу іс-әрекетінің сәттілігін бағалау формасы ретінде. Тікелей сұрау арқылы оқушылардың білімін тексеру. Сұраудың типтері. Бақылау жұмысын өткізудің әдістемесі.
Сабақта оқушының жұмысын белсендіру
Оқу іс-әрекетінің белсендіру формалары. Кәсіпорындардағы өндірістік тәжірибені ұйымдастыру ерекшеліктері.Оқыту әдістемелерін жаңғырту бағытында онлайн-жүйелерін дамыту жолдары.
«6М010300 Педагогика және психология»мамандығы
«Педагогиканы оқыту әдістемесі» курсынан магистратураға қабылдауға арналған емтиханның тест сұрақтары
1. Оқу-тәрбие үрдісінің тиімді жаңа жолдарын жасау – бұл:
2.Жинақталған тәжірибені жүйелеу, әдістемелік нұсқаулар дайындау - бұл «Педагогиканы оқыту әдістемесінің...
3. Жеке тұлға, оның дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі, білім алуы, тәрбиесі – бұл:
4.Педагогикалық процесті ұйымдастыруда тұлғаның интегративтік (тұтастық) сипаттарына бағдар жасауды талап ететін әдіснамалық принцип:
5. Теория мен практиканың жиынтығы ретінде педагогиканы оқыту процесін, оқытудың мазмұнын, формасы мен әдістері педагог пен білім алушы әрекетінің бірлігі ретінде қарастыратын пән – бұл:
6. Оқыту заңдылықтары мен принциптерін, оның формалары мен әдістерін, болашақ педагогтың кәсіби деңгейін қалыптастыру – бұл педагогиканы оқыту әдістемесінің...
7. Әдістеме қанша бөлімнен тұрады?
8. Педагогиканы оқытудың әдіснамалық және жалпы теориялық мәселелері қарастырылады:
9. Педагогикалық технология педагогика ғылымындағы бағыт ретінде:
10. Студенттердің жалпыбілімдік, интеллектуалдық дамыту, кәсіби бағдарлау тұлғасын қалыптастыру – бұл «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқытудың...
11. Педагогикалық ғылымның даму бағыты - дамушы адамның шығармашылығын жетілдіру мен қалыптастырудың ғылыми негіздері мен нақты жолдарын жасау – бұл, «Педагогиканы оқыту әдістемесінің ...
12. Жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану – бұл ... әдіснамасының объектісі.
13. Мектепте және басқа да оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдысымен болашақ педагогтарды қаруландыру үшін оларды оқыту әдістерін, формаларын таңдайды және жүйелейді – бұл, «Педагогиканы оқыту әдістемесінің...
14. Жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары – бұл:
15. Педагогтың шығармашылығын жетілдіру, ынталандыру - бұл «Педагогиканы оқыту әдістемесінің...
16. Педагогика адамды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары мен мақсатты бағытталған тәжірибесін зерделейтін ғылым:
17. Педагогика ғылымының нысаны:
18. Болашақ педагогқа білімді меңгеруге, олардың кәсіби бағытталуын белгілеуге, құлықтық, эстетикалық және дене тәрбиесінің деңгейін көтеруге жол ашу - бұл «Педагогиканы оқыту әдістемесінің...
19. Жүйелілік, біртұтастық, тұлғалық, әрекеттік, мәдениеттанымдық, этнопедагогикалық, антропологиялық – бұл әдіснамалық ...
20. Салыстырмалы жеке компоненттер бөлек-бөлек емес, олардың өзара байланысында, дамуы мен қозғалысында қарастырылатын әдіснамалық принцип:
21. Тұлғаның әлеуметтік әрекеті және шығармашылық мәні туралы көзқарасты бекітетін діснамалық принцип:
22. Оқытудағы әрекетті мақсатты бағыттау мен жоспарлауды, оны ұйымдастыру, реттеу, бақылау, әрекет нәтижесін өзіндік талдауды және бағалауды талап ететін әдіснамалық принцип:
23. Басқа адамдармен диалог арқылы қарым-қатынас орнату негізінде жүзеге асырылатын әдіснамалық принцип:
24. Жастардың өз ұлттық дәстүріне, этникалық салтына сүйене отырып, әлемдік педагогикалық мәдениетке шығуын жүзеге асыратын әдіснамалық принцип:
25. Тәрбиенің құралы ретінде адам жөніндегі ғылымдар мәліметін жүйелі қолдануды және педагогикалық процесті ұйымдастыруды жүзеге асыратын әдіснамалық принцип:
26. Антропологиялық тұрғыдан қарастырудың алғаш негізін салып, өңдеген педагог:
27. Әрекеттің өзара байланысты үш қырын: аксиологиялық (құндылықты), технологиялық және тұлғалық шығармашылықты құрайтын әдіснамалық принцип:
28.Педагогикалық процесті жеке тұлғаның құндылық бағдарларын зерттеу мен қалыптастыру бағытында ұйымдастыруды қамтамасыз ететін мәдениеттанымдық принцип қыры:
29. Мәдениетті жеке тұлғаның меңгеруі практикалық әрекет құралдарын меңгеру болып табылатын мәдениеттанымдық принцип қыры:
30. Адамда мәдениетті меңгеру арқылы болатын өзгерістер және оның шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуын көрсететін мәдениеттанымдық принцип қыры:
31.Психология, адам физиологиясы, анатомиясы, патологиясы, логика, философия, география, статистика, саяси экономика, тарих – бұл ... ғылымдар қатарына жатады:
32. К.Д.Ушинский бойынша педагогиканың дамуының кезеңдер саны:
33. Неміс педагогы Франц Хофман бойынша педагогиканың дамуының кезеңдер саны:
34. К.Д.Ушинский бойынша педагогиканың дамуындағы бірінші үлкен кезеңді көрсетіңіз:
35. К.Д.Ушинский бойынша педагогиканың дамуындағы екінші үлкен кезеңді көрсетіңіз:
36. Неміс педагогы Франц Хофман бойынша педагогиканың дамуындағы бірінші кезеңді көрсетіңіз:
37. Неміс педагогы Франц Хофман бойынша педагогиканың дамуындағы екінші кезеңді көрсетіңіз:
38. Неміс педагогы Франц Хофман бойынша педагогиканың дамуындағы үшінші кезеңді көрсетіңіз:
39. «Адам негізінің дамуының негізгі факторлары – оның табиғи факторлары» деген философиялық тұжырымдама жасаған философтар:
40. «Адамның дамуын, тәрбиеленуін, ең алдымен, қоршаған орта және сыртқы жағдайлар белгілейді» деп философиялық тұжырымдама жасаған философтар:
41. «Ғылыми педагогиканың қалыптасуының маңызды кезеңі - халық педагогикасы» деп есептеген педагог:
42. «Бастауыш мектептегі сабақ» атты еңбек авторы:
43. «XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ойлар» еңбегінің авторы:
44. «Қазақстан мектептерінде оқыту мазмұны мен әдістерінің мәселесі» еңбегінің авторы:
45. Г.А.Умановтың «ғылыми мектебі» зерттеген мәселені көрсетіңіз:
46. Педагогикадан ең алғаш бағдарлама жасалынды:
47. Педагогикалық техникум және педагогикалық жоғарғы оқу орнына арналған бағдарлама енгізілді:
48. Ғалымдардың педагогикаға деген көзқарастары үш түрлі тұжырымдамаларға бөліп қарастырылған. Бірінші бағыттың өкілдері педагогиканы - ... деп қарастырған:
49. Ғалымдардың педагогикаға деген көзқарастары үш түрлі тұжырымдамаларға бөліп қарастырылған. Екінші бағыттың өкілдері педагогиканы - ... деп қарастырған:
50. Ғалымдардың педагогикаға деген көзқарастары үш түрлі тұжырымдамаларға бөліп қарастырылған. Үшінші бағыттың өкілдері педагогиканы - ... деп қарастырған:
51. Әдістеме педагогиканы оқыту процесінің ерекшеліктерін анықтайтын бұл - ... кезең:
52. Педагогикалық зерттеулер жүргізілетін бұл - ... кезең:
53. Педагогикалық процесті, оқытушы мен студенттің іс-әрекетін белгілі бір дәрежеде құратын формаларды, әдістерді, құралдарды таңдау жүргізіледі – бұл ЖОО-ның педагогикалық процесіндегі педагогиканы оқыту әдістемесінің ...
54. Білім беру, оқыту, тәрбие сияқты үш негізгі іргелі категория анықталатын ғылым:
55. Мемлекеттің, қоғамның, тұлға қызығушылығының мақсатты тәрбиелеу және оқыту процесі болып табылатын әлеуметтік құбылыс - бұл:
56. Оқушы мен оқытушының өзара қарым-қатынасы арқылы білім, білік, тәжірибені меңгеру процесі - бұл:
57. Қоғам талабына сай адам дамуын, оның көзқарасын, органикалық, ақыл-ой және құлықтық қасиетін тұлға ретінде қалыптастыру - бұл:
58. Оқушының өз іс-әрекеті арқылы тәжірибені қабылдауы, меңгеруі, қолдануы - бұл:
59. Оқушы мен оқытушының дамуына қажетті жағдай жасау, әрбір оқушының ішкі әлеуметін толық пайдаланудың, педагогтың кәсіби шеберлігін дамыту – бұл педагогикалық технологияның ... қызметі.
60. Арнайы ұйымдастырылған, білім алу, білік пен тәжірибені меңгерумен және тұлғаның психологиялық, денелік дамуымен мақсатты бағытталған педагогтар мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті процесі:
61. Тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру, қарым-қатынас – бұл ... ғылымының пәнаралық түсініктері:
62. Адам қажеттілігімен қызығушылығын қалыптастыру мен тәжірибе жүзінде іске асыруға бағытталған іс-әрекет жиынтығы:
63. Адамның денелік және рухани күшінің жүйелі сандық және сапалық өзгерісінің объективті процесі:
64. Адамның қоршаған ортадағы өз орнын, қызметін, міндетін білуі, қызметтік жетілдіру процесі:
65. Қатысымға түсетін адамның мінез-құлық, эмоционалды ерікті, танымдық, мотивациялық аймақта өзгерістерге қол жеткізуде ықпал етудің әртүрлі шарттары көмегімен жүзеге асатын іс-әрекет процесінде адамның өзара әсерлесуі - бұл:
66. Адам білімін, дағдысын, біліктілігін тереңдету мақсатындағы іс-әрекет - бұл:
67. Қоғам талабына сәйкесті адам бойында жағымды сапаларды қалыптастыру және теріс сапалардың алдын алуға мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет - бұл:
68. «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол бәрінен бұрын оны барлық жағынан білуі керек» деп есептеген педагог:
69. Әрдеңгейлі білім беру жүйелері, олардың қызметіндегі сабақтастық – бұл үздіксіз білім берудің біртұтас жүйесінің ...
70. Жоғары білімнің жалпылығының күшеюі – бұл жоғары білім берудің дамуының бірінші...
71. Жоғары білім берудің жаҺандануы – бұл жоғары білім берудің дамуының екінші...
72. Білім берудің ашықтығы мен вариативтілігінің күшеюі – бұл жоғары білім берудің дамуының үшінші...
73. Жоғары білім берудің диверсификациясы – бұл жоғары білім берудің дамуының төртінші...
74. Жоғары білімнің коммерциализациясы – бұл жоғары білім берудің дамуының бесінші...
75. Жоғары білім беру гуманизациясы және оның гуманитаризациясы құраушы бөлігі – бұл жоғары білім берудің дамуының алтыншы...
76. Оқу үрдісінің интенсификациясы – бұл жоғары білім берудің дамуының жетінші...
77. Жоғары білім берудің бейімделгіштігін арттыру – бұл жоғары білім берудің дамуының сегізінші...
78. Жоғары білім берудің интегративті тенденциялары – бұл жоғары білім берудің дамуының тоғызыншы...
79. Жоғары мектепті дараландыру – бұл жоғары білім берудің дамуының оныншы...
80. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бірінші сатысы (1991-1994ж)айқындайды:
81. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалаудың екінші сатысы (1995-1998ж)айқындайды:
82. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалаудың үшінші сатысы (1999-2000ж)айқындайды:
83. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалаудың төртінші сатысы (2001-2004ж)айқындайды:
84. Ақпараттық, әдістемелік, оқыту, дамыту, тәрбиелеуші – бұл ... мазмұны:
85. Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты, ұлттық аймақтық компонентті білім беру стандарты, нақты мамандықтардың оқу жоспарлары, жеке пәндердің оқу бағдарламалары – бұл ... мазмұны:
86. Білім беру кеңістігінің бірлігін сақтау, үздіксіз білім берудің мүмкіндігі, академиялық ұтқырлық, қаржы және материалдық ресурстарды рационалды жұмсау – бұл:
87. Тек орта жалпы білім беру базасында экономика, құқық, экология, әлеуметтану, психология, медицина, ақпараттық технологиялар және инновациялық менеджмент саласындағы қызмет көрсету басқару еңбегінің орта буын мамандарын даярлау жүзеге асырылатын білім берудің орта жүйесінің жаңа сатысы – бұл:
88. Педагогикалық бейімделген білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі, шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық-құндылықтық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның дамуына жағдай жасайды – бұл:
89. Білім берудің тұлғалық-бағдарлы мазмұны қарастыратын педагогикалық білім берудегі өзара байланысты және өзара толықтырушы бағыттар саны:
90. Педагогикалық білім берудегі пәндік дайындықтың орны және рөлін қайта ойластырумен байланыстылық – бұл білім берудің тұлғалық-бағдарлы мазмұнының ... бағыты:
91. Студенттің өзіндік оқу әрекеті және оның тұлғалық педагогикалық ұстанымының құрылу қажеттігі арасындағы қарама қайшылықтарды жеңу жолдарын қарастыратын – бұл білім берудің тұлғалық-бағдарлы мазмұнының ... бағыты:
92. Педагогикалық білім берудің түрлі сатыларында оқытушының іс-әрекетінің өзгерісін талап ететін мазмұн – бұл білім берудің тұлғалық-бағдарлы мазмұнының ... бағыты:
93. Ғылымилық, бірізділік, тарихилық, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, білім алушылардың дайындық деңгейіне және жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сейкестігі, түсініктілік – бұл білім беру мазмұнын қалыптастыру ...
94. Қоғам сұранысына сәйкестігі, оқытудың мазмұндық, процессуалдық жақтарының бірлігі, жалпыдан жекелікке қозғалысы, білім мазмұнының қалыптасуындағы құрылымдық бірлігі – бұл білім мазмұнын қалыптастырудың:
95. Адам өмірі, бостандық, отбасы, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, мәдениет, денсаулық, заңдылық – бұл ... құндылықтар.
96. Мәдениет, әдебиет, тарих, тіл, дін, діл, ар, ұят, намыс, абырой, дәстүр, әдет-ғұрып, салт, ұлттық дүниетаным, туыстық қатынастар, Отан, Ана, Жер, т.б. – бұл ... құндылықтар.
97. Жоғары оқу орны түлегінің білімі мен біліктеріне қойылатын қажетті талаптардың минимальды жүйесі – бұл:
98. Белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімдердің негізін баяндайтын – бұл:
99. Жаңаны игеріп қана қоймай, сондай жаңаны шығара алатын жаңашыл маманды қалыптастыру – бұл инновациялық білім берудің ...
100. Педагогикалық іс-әрекеттің жүйе құраушы қызметі – бұл ... білім берудің мақсаты:
101. Үкімет құжаттарында, Мемлекеттік білім беру стандарттарында анықталатын бұл – жалпы ... мақсаттар:
102. Оқу орнының түрін, мамандандыру саласы мен оқу пәнін, студенттердің даму деңгейі мен педагогтардың даярлығын ескере отырып, педагог-практиктер мен студенттердің өздері жасайтын тікелей мақсаттар:
103. Оқу соңында маманнан шешуді қажет ететін міндеттер тізімі, ол маман модельдері(профильдері) деп табылатын бұл:
104. И.В.Кузьмина бойынша білім алушының білім, білік, дағдысын қалыптастырудағы әдістемелік, психологиялық-педагогикалық, дифференциалды-психологиялық, кәсіби құзіреттіліктер бұл – педагогикалық қызметтің негізгі ...
105. Біліктіліктен және пәнді, оқытуды жүргізілетін мамандық саласындағы өндірістік қызмет тәжірибесінен: нақты өндіріспен байланысты техникалық, шығармашылық міндеттерді шеше білуден тұратын құзіреттілік:
106. Педагогикалық диагностиканы игеруден, оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас құра білуден, тұлға аралық, қарым-қатынас психологиясын, таңдаған кәсіптеріне, деген қызығушылықтарынан құралған құзіреттілік:
107. Жеке ерекшеліктерді анықтай білуден, оқушылардың бағытталуынан, адамдардың эмоциялық жай-күйін анықтаудан, жетекшілермен, әріптестер және оқушылармен сауатты өзара қарым-қатынас орната білуден тұратын құзіреттілік:
108. Өз құрылымында қабілеттер, тұлға сапасы, қызметке дайын болу, психофизиологиялық дайындық және білім, білік және дағды, өз кәсібін маман және тұлға ретінде тану маңызды компоненттері болып табылатын құзіреттілік:
109. Жоспарлау, дайындық, ұйымдастыру, түзету, қорытынды шығару – бұл ... кезеңдері.
110. Педагогикалық мақсат, міндетке байланысты жоспарлау бейімділігімен, жоспарлармен, бағдарламасымен, басқа да құжаттардың негізін есепке алу – бұл педагогикалық процестің ... кезеңі.
111. Оқу бағдарламасына, құжаттың жоспарына сүйеніп бөліктерді модельдеу – бұл педагогикалық процестің ... кезеңі.
112. Прогрессивті-педагогикалық технология мен әдістемелерді негізге алып, бағдарлама, жоспар, тұжырымдаманы жүзеге асыру – бұл педагогикалық процестің ... кезеңі.
113. Оқу-тәрбие процесінің компоненттерін түзету – бұл педагогикалық процестің ... кезеңі.
114. Педагогикалық процестің нәтижелі-талдау қызметін, жетістікті диагностикалау, міндеттердің ауытқуын, табыс пен сәтсіздіктің себебін анықтауға мүмкіндік беретін – бұл педагогикалық процестің ... кезеңі.
115. Оқыту поцесінің жалпы мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкес мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен әдістерді анықтайтын базистік жағдайлар – бұл педагогиканың оқыту ...
116. Педагогикалық ойдың тарихында ең бірінші болып оқыту процесінің құрылуын анықтайтын оқыту принциптерінің жүйесін жасаушы педагог:
117. Оқыту процесінің принциптік негізі білім алушының табиғатпен тікелей жанасуы деп есептеген:
118. Ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білім принциптерін ұсынушы:
119. Оқытудың саналылығы және белсенділігі, оқытудың көрнекілігі; жүйелілігі, ғылым негіздерін берік меңгеру принциптерін ұсынушы:
120. Білім алушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап ететін, сондықтан оқу жоспарлары, оқу бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізілетін, оларды меңгеру үшін пәнаралық байланыстар енгізілетін оқытудың принципі:
121. Білім алушының білімі берік болу үшін, оның санасында қоршаған дүниені бейнелеу, ғылыми білімдер жүйелі және білім алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай берілетін оқытудың принципі:
122. Өмір және білім алушыларға дұрыс бағыт беретін, белсенді іс-әрекетке әзірлейтін оқытудың принципі:
123. Сезім мүшелері, сыртқы тітіркендіргіштерді көру мүшелері арқылы қабылдауы, ақпараттардың білім алушылардың есінде жақсы сақталуын көрсететін оқытудың принципі:
124. Білім мазмұны мен білім алушылардың танымдық күштерін дамытып, оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктердің, оқу материалын түсініп есте сақтауын қалыптастыратын оқытудың принципі:
125. Білім алушының өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімі, іскерлігі, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінетін, алдымен қарапайым, содан кейін күрделі оқу материалдары оқытылатын оқытудың принципі:
126. Оқуға, білімге, педагогтың жеке басына деген, оқу жұмысының әдістеріне, түрлері мен нысандарына білім алушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болатын оқытудың принципі:
127. Білім алушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап ететін оқытудың принципі:
128. Оқу үрдісінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап ететін оқытудың принципі:
129. Жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескерілетін маңызды оқытудың принципі:
130. Интеграция ұғымының «өзара орнаникалық байланыстағы білімдердің бір-бірімен кірігуі, білім алушының ғылымды біртұтас түсінуіне қол жеткізу» деген жұмыстық анықтамасы ЮНЕСКО сессиясында қай жылы берілді?
131. Өзінің әмбебаптық және үйлесімділіктің органикалық бірлігіне сүйенетін тұтас адам тұжырымдамасы негізінде «интегралдық бейінді» маман моделін – тұлғаның кәсіби қалыптасу негізін ұсынушы:
132. Дидактикалық үрдістің нәтижесін анықтау – бұл:
133. Білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалар жиынтығы – бұл:
134. Ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу, арнайы қабілетті тестілеу, үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер, жеке сапаларды, есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер – бұл тестілердің ...
135. Білім, ептілік және дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартатын диагностикалаудың маңызды бөлігі...
136. Білім, ептілік және дағдылардың игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет-қимылдар жүйесі әрі диагностикалаудың маңызды бөлігі...
137. «Білім беру технологиясы – қатыстырушыларға комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нәтижеге жетудегі ұйымдастыру, бағалау, корреляциялаудағы педагог пен білім алушының бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі» деген пікір білдіруші:
138. Білім беру практикасындағы «педагогикалық технология» ұғымының өзара бағынышты деңгейлерін көрсетіңіз:
139. Белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы, оқытудың білім деңгейіндегі тұтас білім беру үрдісін сипаттайтын «педагогикалық технология» ұғымының өзара бағынышты деңгейі – бұл:
140. Бір пән, сынып, шеберхана аясында оқыту мен тәрбиенің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыруда қолданылатын әдіс, құралдар жиынтығын сипаттайтын «педагогикалық технология» ұғымының өзара бағынышты деңгейі – бұл:
141. Оқу-тәрбие үрдісінің кейбір бөліктерінің технологиясы, жеке дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешуді сипаттайтын «педагогикалық технология» ұғымының өзара бағынышты деңгейі – бұл:
142. Педагогикалық технологияның қызметтері: ұйымдастырушылық іс-әрекеттік, дәйектілік, дамытушылық, рефлекциялық, ...
143. Тұжырымдамалық негіздің болуы, жүйелілік, басқарушылық сипаты, тиімділік, қайта өндірілуі бұл - педагогикалық технологияға қойылатын негізгі әдіснамалық ...
144.Дәстүрлі дәрістік оқыту, аудиовизуальды техникалық құралдар көмегімен оқыту, «кеңесші» жүйесі, оқулық көмегімен оқыту, «шағын топтар» жүйесі, компьютерлік оқыту бұл - ... бойынша педагогикалық технология түрлері:
145. «Тұлғалық бағдарлы білім беру» ұғымы педагогика ғылымына ... енгізілді:
146. Оқытуды ұйымдастырудың сынып-сабақ жүйесінің негізгі компоненті – бұл:
147. Аяқталған мәндік, уақыттық және ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту үрдісінің кесіндісі (кезеңі, буыны, элементі) – бұл:
148. Оқытудың сынып-сабақтық жүйесін сақтай отырып, оқушыларды қабілеттеріне, интелектуальды даму мен дайындық деңгейіне қарай саралап оқыту – бұл жүйе:
149. Сыныптың мұғалім басшылығымен жаппай атқаратын оқытудың іс-әрекет формасы – бұл … жұмыс.
150. Оқушылардың дара дайындығы мен мүмкіншілігіне қарай әр оқушының өздігінен жұмысын белгілейтін оқытудың іс-әрекет формасы – бұл … жұмыс.
151. Мұғалімнің психологиялық, дидактикалық, технологиялық дайындығын, алгоритмдік білімін қажетсінетін 4-6 адамнан жеке бірлесіп жұмыс атқаратын оқытудың іс-әрекет формасы – бұл … жұмыс.
152. Уақыттың 40% - үлкен топтарда, (100-150)адам мен 20% - кіші топтарда (10-15) сабақ беруді үйлестіру және 40% - жеке оқуға арналады – бұл оқыту формасы:
153. Мұғалім уақыты екіге бөлінеді: біріншісі сыныппен ұжымдық, екіншісі жеке оқушымен жұмыс жасайды. Тереңірек білім алғысы келген қабілетті оқушымен мұғалім, орта оқушылармен көмекшісі жұмыс жасайды – бұл ... оқыту формасы:
Достарыңызбен бөлісу: |