Әдістемелік бірлестіктің Ережесі
1.1. Әдістемелік бірлестік оқу-тәрбие, әдістемелік, тәжірибелік- эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстың бір немесе бірнеше өзара байланысы бар ұқсас оқу пәндердің білім беру мекемесіндегі негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады.
1.2. Әдістемелік бірлестіктер мектепте бір пәннен кемінде 3 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестік құрамына бір-бірімен шектес және жақын пән мұғалімдері кіреді. Білім беру мекемесінде сонымен қатар тәрбиешілердің де әдістемелік бірлестіктері құрылады.
1.3. Әдістемелік бірлестіктің саны білім беру мекемесінің алдына қойған кешенді міндеттеріне байланысты анықталып, директордың бұйрығымен бекітіледі.
1.4. Әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасарының ұсынысымен білім беру мекемесінің директоры әдістемелік бірлестікті ашады, қайта құрады, таратады.
1.5. Әдістемелік бірлестік тікелей директордың әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасарына бағынады.
1.6. Оқу-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының Конститутциясын және қолданыстағы Заңдарын, оқушыны оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен айналысатын барлық деңгейдегі білім басқармасы ұйымдарының және мектептің Жарғысы мен директордың бұйрықтарын басшылыққа алады.
ІІ. Әдістемелік бірлестік қызметінің бағыты мен міндеттері
Мектептегі әдістемелік бірлестік білім беру мекемесіндегі белгілі бір міндеттерді шешу үшін құрылған құрылымдық бөлім. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы мұғалімнің кәсіби потенциалын тиімді қолдану және тиісті оқу пәндерінің оқыту әдісін жетілдіруді үйлестіріп дамыту және осының негізінде – білім беру үдерісін жақсарту.
Әдістемелік бірлестік:
оқушының оқу мүмкіндігін, білім беру үдерісінің нәтижесін, сонымен бірге пән бойынша оқудан тыс жұмыстарды талдайды;
білім беру үдерісін қажетті әдістемелік - бағдарламалық кешенмен қамтамасыз етеді;
пән мұғалімдеріне нақты әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлайды;
әдістемелік семинарды және әдістемелік жұмыстың басқа да формаларын ұйымдастырады;
пән кабинеттерінің жабдықталуын жоспарлайды және талдайды;
оқушылардың аттестация аралық материалын келіседі;
қажет болған жағдайда оқушының білімділік нәтижесіне оқу материалының минимум көлемі мен мазмұнына қойылатын талапты келіседі;
мұғалімдердің оқу бағдарламасына енгізетін алғашқы сараптау өзгерісін жүргізеді;
пәнді оқыту тәжірибесін зерттейді және жинақтайды;
оқушылардың пән бойынша сыныптан тыс жұмысын ұйымдастырады;
мұғалімге көмек ретінде әдістемелік ұсынысты дайындауға шешім қабылдайды;
оқушыларға және оның ата-аналарына тиісті пәнді жақсы меңгеру, оқу еңбегінің мәдениетін арттыру мақсатында әдістемелік ұсыныс жасауды ұйымдастырады;
мұғалімдерге кәсіби біліктілігін арттырудың әртүрлі формасын ұсынады;
іс тәжірибесі аз және жас ұстаздарға тәлімгерлер жұмысын ұйымдастырады;
сайыс, олимпиада, пән апталығының (айлық) ережесін жасап және оның өткізілуін ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |