24
Дағдысы болу керек –
АБЖ монтаждау және дұрыстау бойынша
автоматтандырудың әр түрлі нысандарын басқару жүйелерін құрастыру.
Кафедра: инженерлік кибернетика.
БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ МИКРОПРОЦЕССОРЛЫҚ
КЕШЕНДЕР
Қайта деректемелер: Cызықты автоматты реттеу жүйелері, Автоматика
элементтері мен құрылғылары, Сандық техникаларды және басқару
микробақылауыштарын программалау, PLC программалық жасақтамасы,
электроника, Өлшеудің техникалық құралдары, Технологиялық өлшеулер және
аспаптар, Микроэлектрондық құрылғылар, Автоматтандырудың техникалық
құралдары.
Кейінгі деректемелер: Басқарудың программа-техникалық кешендері, SCADA-
жүйелерді құру негіздері.
Оқытудың мақсаты: микропроцессорлық жүйедегі басты элементтерді оқу,
микропроцессорлық бақылауыштың құрылымын құрастыру, микропроцессорлық
жүйелердің программа-техникалық кешендерінің жобасын және программасын
құрастыруда білімді бекіту.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): еркін программаланатын логикалық
бақылауштар түсінігі (ЕПЛБ). ЕПЛБ ның кіріс шығыс түрлері. Өндірісті басқару
жүйесіне ЕПЛБ-ны енгізу. Siemens фирмасының ЕПЛБ–ның программалық
жабдығы. ЕПЛБ-ның жады аймағы. Орталық процессордың регисторы.
Ассемблер инструкциялар тізімі – STL тілінде программа жазу ережелері.
Микропроцессорлы құрылғылардың даму беталыстары. Siemens фирмасының
қазіргі уақытқа сәйкес программалық және жергілікті автоматика комплексінің
өнімдері.
Оқытудың нәтижесі:
Білуі керек – микропроцессорлық жүйелердің аппараттық өнімдерін жобалау,
микропроцессорлық жүйелерді программалық қамтамасыз етуді жобалау
принциптерін .
Істей алуы керек – микропроцессорлық жүйелерді жобалау, құру;
микропроцессорлық бақылаушының аппараттық тілінің негізі; SCADA
программалары негізінде диспетчер пунктерін жобалау принциптері.
Дағдысы болу керек –
нақты бір технологиялық процеске арнап ЕПЛБ таңдау
және оның тиміділігін бағалау; басқару жүйесіне ЕПЛБ енгізу; ЕПЛБ басқару
программасын құру және оны өңдеу.
Кафедра: инженерлік кибернетика.
ТАРАТЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Қайта деректемелер: Cызықты автоматты реттеу жүйелері, Автоматика
элементтері мен құрылғылары, Сандық техникаларды және басқару
микробақылауыштарын программалау, PLC программалық жасақтамасы,
электроника, Өлшеудің техникалық құралдары, Технологиялық өлшеулер және
аспаптар, Микроэлектрондық құрылғылар, Автоматтандырудың техникалық
құралдары.
25
Кейінгі деректемелер: Басқарудың программа-техникалық кешендері, SCADA-
жүйелерді құру негіздері.
Оқытудың мақсаты: таратылған басқару жүйелерінің (ТБЖ) заманауи
компоненттерімен таныстыру, ТБЖ компоненттерінің негізінде технологиялық
процесстерді автоматтандырудың тиімді жүйелерін құру әдістерін оқу.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер):
ТБЖ терминдерінің анықтамасы; ТБЖ
дауының болашағы; ТБЖ компоненттері: PLC, SCADA-программалар, өндірістік
желілер; сипаттамалары; ТБЖ компоненттерінің мүмкіндіктері; ТБЖ әрекеттесу
жағдайлары; шешетін есептері; ТБЖ жалпы құрылымы және функционалдық
мүмкіндіктері - Plan Sceip, Ovasion, PCS-7.
Оқытудың нәтижесі:
Білуі керек – өндірістік ТБЖ құру принциптері, өндірістік желілер, PLC – дің
ТБЖ- дағы мүмкіндіктері. Заманауи технологиялық ТБЖ құрылымы және
функционалдық мүмкіндіктері.
Істей алуы керек - басқару жүйелерінің типтік функцияларын іске асыру үшін
PLC программалау, заманауи ТБЖ басқару жобаларын құру.
Дағдысы болу керек – заманауи ТБЖ техникалық
құралдарын қолданып
басқару жүйелерін құру.
Кафедра: инженерлік кибернетика.
БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ ӘДІСТЕРІ
Қайта
деректемелері:
информатика,
Программалау
технологиялары,
Алгоритмдеу және программалау, Мәліметтер қорларын басқару жүйелері,
Нысанды-бағытталған программалау, Мәліметтер қорларын жобалау, Ақпаратты
жинау және тарату негіздері.
Кейінгі деректемелері: Программалық жасақтаманың инженериясының
негіздері, Басқару жүйелерінің сенімділігінің негіздері, Жылутехникалық
жабдықтарды қорғау әдістері және құралдары.
Оқытудың мақсаты: компьютер жүйелерiнде ақпаратты қорғаудың негiзгi
принциптерiн үйрену, ақпаратты, мәліметтер қоймасын және программаларды
қауiпсiз сақтауды қамтамасыздандыру. Көрсетiлген мақсатқа программалық және
аппараттық жабдықтардың бiрiккен жұмысын үйрену арқылы ғана жетуге
болады.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер):
корпоративті ақпаратқа рұқсатсыз қол
жеткізуден қорғау; симметриялық және ассиметриялық криптографиялық
жүйелерде
қолданылатын
криптографиялық
алгоритмдерді
оқу,
қолданушыларды, ашық байланыс каналдарымен берілетін хабарлама мен
мәліметтердің идентификация және аутентификация тәсілдері, корпоративті және
жергілікті желіні қорғау әдістері мен құралдары.
Оқытудың нәтижесі:
Білуі керек – қорғаныс құралдарына қойылатын талаптарды, олардың
сипаттамаларын, функциялары, классификациясын; рұқсат етілмеген қосылудан
қорғау бойынша терминдер мен анықтамаларды, ақпаратты жүйелердің
қауіпсіздігіне қатерлердің негізгі түрлерін.